"Әртүрлі пішіндер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әртүрлі пішіндер"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық сыныптарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:

Білім беру саласы:

Бөлімі:

Тақырыбы: «Көпбұрыш. Дөңгелектенген және бұрышты пішіндер» «Сопақша»

Мақсаты: Сопақша және көпбұрышпен және олардың қасиеттерімен балаларды таныстыру; геометриялық пішіндер, оларды қоршаған орта заттарының арасынан көре білу дағдыларын бекіту; дөңгелектенген және бұрышты пішіндер туралы түсінік беру; Жыл мезгілдері және оның айларымен таныстыруды жалғастыру.

Қызмет

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу

ояту

Тақтада жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда -1 көк карточка.

-Жыл атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады?

-Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады?

-Оларды өз орындарына қойындар.

Қыс айларын атандар?

Балалар бір –біріне сұрақ қойындар.




-Көк.


-Желтоқсан, қаңтар.


Бір бала кез келген айды белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенің айтады. Келесі кезекте бала айды атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды көрсетеді.

Ұйымдастыру

іздену

Геометриялық пішіндермен жұмыс.

Геометриялық пішіндерді қайсысын қандай қағаз бетіне қоюды айтып, нұсқау беру.

Үстел үстінде балаларға таныс емес сопақша мен көпбұрыш ғана қалады. Қалған пішіндерді қағаздың ортасына қоюды сұраймын. Бір бала тапсырманы тақтада орындайды.

Пішінді атап, балалардан осыған ұқсас басқа фигураларды табуды сұраймын.

Егер балалар тіктөртбұрышпен ұқсастығын таба алмаса, тәрбиеші салыстыруды сұрап, оларды «сопақша да, тіктөртбұрыш та созылыңқы келеді» деген пікірге жетелеу керек.


Тақтаға геометриялық пішіндер- қызыл үшбұрыш, қызыл шаршы, қызыл сопақша, сары тіктөрбұрыш қойылған.

-Қай пішін артық?Неге?

-Біздің пішіндердің ағайындылары пайда болды (үш көпбұрыш қойылады).

-Олар ағайынды бола ала ма?

-Бұл пішіндер көпбұрыштар деп аталады. Қалай ойлайсыңдар,неге бұлай аталады?

-Осы пішіндердің барлығының бұрыштары бар, сондықтан олардың барлығы –бұрышты пішіндер деп атаймыз.

-Осы бұрышты пішіндерге дөңгелек пен сопақшаны жатқызуға бола ма? Неге?

-Бұлар дөңгелектенген пішіндер.

«Пішін қайда жасырынды?» ойыны.

Геометриялық пішіндерден тұратын 6 сурет қойылған. Әр балада бір геометриялық фигурадан бар. Балалар тауып өз суретінің қасына тоқтайды да, геометриялық пішіндерді атап, оның пішіндердің қандай түріне (бұрышты, дөңгелектенген пішіндер) жататынын атайды.

«Біреуі артық» дид.ойыны.

Мақсаты: «біреу-көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету.

1-сурет: бірнеше көпбұрышқа ұқсас, бір үшбұрышқа ұқсас заттардың суреті.;

2-сурет: бірнеше сопақша пішінді,бір шаршы пішінді зат;

3-сурет:бірнеше дөңгелек, бір шаршы пішінді зат.



Балалар тапсырманы орындайды.







Балалар дөңгелекті және төртбұрышты тауып, саусақтарымен дөңгелек пен сопақшаны, төртбұрыш пен көпбұрышты айналдыра сызып қорытындыларын айтады.




-Сопақша.






-олардың бұрыштары көп.

Балалар тәрбиешімен бірге көпбұрыштардың бұрыштарын санайды.


















Балалар артық бір затты таңдап, таңдау себебін түсіндіреді.

Рефлексті

түзету

-Бүгінгі сабақта жаңадан не білдік?

-Сендерге не ұнады?

-Сопақша, көпбұрыш....

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білу: геометриялық пішіндерді айыра білу.

Игеру: сопақша, көпбұрыш, дөңгелектенген және бұрышты пішіндер туралы игеру.

Меңгеру: пәшіндерді үлгі бойынша қоюды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
1082
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі