Материалдар / Ас -адамның арқауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ас -адамның арқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар әрқашан ізденіс үстінде болуы кере, сондықтан да кішкентай болса да көмегім болсын деген мақсатпен!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2021
344
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 26.02.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Кенжебаева Мая Кыпшаковна

Пәні

Қазақ тілі

Сынып 7 «Ә»

Қатысқан оқушы саны 17

Қатыспаған оқушы саны 0

Сабақ 7

8-бөлім. Дұрыс тамақтану. Морфология

Сабақтың тақырыбы

Ас – адамның арқауы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Негізгі оқу мақсаты:

7.3.2.1 Жазылым. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушы үшін:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды ажыратады;

көркемдегіш құралдарды орынды қолданып шағын әңгіме құрастырады.

Бағалау критерийлері

-Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды анықтайды;

- көркемдегіш құралдарды қолданып шағын әңгіме жазады.

Тілдік мақсат

Тірек сөздер: ас, дәстүрлі дастархан, тәтті тағам, сүт қымыз, ас, нан, шұбат, денсаулық

Сыныптағы жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: одағай сөздер, тұрақты тіркестер, тура мағыналы сөздер

Бағалау үшін қолданылатын тілдік бірліктер: бұл тапсырманы орындауда маған қиындықтар тудырған....өйткені... айтар ойым.... түйген ойым.

Құндылыққа баулу

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік:

ынтымақтастық, ашықтық, азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Биология

Алдыңғы оқу

Астың адам өміріндегі маңызы туралы ойларын жинақтау

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Қалыптастырушы бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

ҰЖ: Сыныптың қалыпты ахуалын қалыптастыру мақсатында «Таңдау» әдісі бойынша оқушыларға қызыл, сары, көк түсті қима қағазды таңдау тапсырылады. Оқушылар таңдаған қима қағаздың астында жазылған қызыл алма, тәтті нан, табиғи шырын өнім атаулары бойынша топқа бірігеді. Сол атаудағы тамақтардан ауыз тиеді.


Қима қағаздар, алма, нан, сусын тағамдары

3 мин

ҰЖ:

«Ой тастау» әдісі бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сабақ тақырыбын айқындайды.

Сұрақтар:

-Не байқадыңдар? Кеше қандай бөлімді бастадық?

-Бұл ауыз тиген тамақтарыңның адам денсаулығына қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?

-дұрыс тамақтану

Мұғалім сабақтың мақсаты мен бағалау критерийімен таныстырады.



Сабақ ортасы

4 мин

Жазылымға дайындық кезеңі тапсырмасы:

Ұжымдық жұмыс: «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша білу деңгейіндегі сұрақтарға жауап алу.

-Қазақ тіл білімінде неше стиль бар?

-Әр стилге тән ерекшеліктерді кім айта алады?



10 мин

Бағалау критерийі:

Жазбаның жанры қай стильге тән екенін ажыратады.

Жазбаларды төмендегі кестеге орналастырады.

Топтық жұмыс: «Жасырын конверт» әдісі бойынша оқушыларға конвертте жасырылған жазба жұмыстары ұсынылады. Жазбаның жанры қай стильге тән екенін ажыратып, төмендегі кестеге орналастырады.

Тура және ауыспалы мағыналы сөздер, тұрақты тіркестер, синондік қатардағы сөздер, еліктеуіш сөздер, одағай сөздер қолданылып жазылған жазбалар:

мақала, әңгіме, хат, нұсқаулық, сұқбат.

Стилі

Ғылыми стиль

Көркем әдеби стиль

Публицистикалық стиль

Ауызекі сөйлеу стилі

Ресми ісқағаз стилі






Саралау: «Қолдау» әдісі бойынша бойынша көркемдегіш сөздерді анықтауда қиналатын оқушыларға көмек ретінде көркемдеуіш құралдардың анықтамасы мен мысалдар жазылған таратпа қағаздар беріледі.

Дескриптор:

-Берілген жазбадан көркемдегіш құралдарды ажыратады;

-жазбаның жанры арқылы стиль түріне ажыратады;

«Топтық бағалау» әдісі бойынша жүргізіледі. Топ топты бағалайды.

Жазбалар салынған конверт,

Флипчарттағы кесте, жазбалар жазылған таратпа

16 мин

Жазылым тапсырмасы:

Бағалау критерийі: көркемдегіш құралдарды қолданып шағын әңгіме жазады.

«Үштік» одақтағы жазба жұмысы:

«Сия ысыраптаушы» әдісі бойынша құрдастарына арнап «Ет тағамын жақсы көретін достар»,

«Сүт тағамының пайдасы»,

«Жеміс-жидек жеп үйрену керек!» тақырыбында көркемдегіш құралдарды және одағай сөздерді орынды қолданып, ой жүйелілігін сақтап, шағын әңгіме жазады.

Сөздерді орфографиялық нормаға сай сауатты жазу, тыныс белгілерді орынды белгілеу.

Құрылымы:


1.Кіріспе. Кіріспе бір азатжол көлемінде 1-2 жай сөйлемді қамтиды.

2.Негізгі бөлім. Негізгі бөлім 2-3 азатжолдан тұрады.Әр азатжолдағы сөйлем саны 2-4 сөйлем аралығында болуы мүмкін.

3.Қорытынды

Бір азатжол көлемінде 1-2 сөйлемді қамтиды

Одағай сөздер: пай-пай, шіркін, бәрекелді,

Көркемдегіш құралдар: шай қайнатым уақытта, ауыз тидік, кәделі асы, сыбаға , егіз қозыдай, «Бір дәнің мың дән болсын», «Ас атасы-нан, нан атасы –дән» қуанышым қойныма симай, жайқалған көк шалғындай, нарттай қып-қызыл алма, хош иіс, Алма тәтті де, сұлу жеміс-ау, ағаш бұтақтары желек киіп, жапырақтары желбіреп, өзінен –өзі сыңғырлап күй тартқандай боп тұр.

Саралау тапсырмасы: «Нәтиже» әдісі бойынша тапсырма бір болғанмен жауап әртүрлі болады. Барлық оқушылардың жазған шағын әңгімелеріндегі жұмыстарындағы әлсіз тұстарын дамыту көзделді. Соған орай мына сұрақтар қойылады:

1.Әңгімеде одағай сөздердің қандай түрлері қолданылған?

3.Әңгіменің негізгі оқиғасы не жайлы?

4.Оқырмандары толық жауап ала алды ма?

Дескриптор:

-көркемдегіш құралдарды қолданып, шағын әңгіме жазады.

-әңгіме құрылымын сақтайды.

-Кейіпкерге мінездеме береді.

«Екі жұлдыз бір тілек » әдісі бойынша бір-бірінің жазған жұмыстарының ұнағаны бойынша кері байланыс береді, ұнамаған болса, қалай дамыту керек жөнінде мұғалімнің көмегімен кері байланыс береді.

А3 парағы, маркер, қалам



















Сабақтың соңы

5 мин

Ұжымдық жұмыс: «Пайыз» әдісі арқылы сабаққа керібайланыс орнатады. Сыныптың әр бұрышына

30%, 50%,70%, 100% деген тірек сөздер ілінеді.

100% - сабақ тақырыбы мен оқу мақсатына толық жеткен оқушылар келіп тұрады.

70% - сабақ тақырыбын толық меңгерген оқу мақсатының біреуіне қол жеткізуде қиналған әңгімені жазған оқушылар келіп тұрады.

50%- сабақ тақырыбын толық меңгерген, оқу мақсаттарының біріне толық жетпеген оқушылар келіп тұрады.

30% - сабақ тақырыбын түсінген, оқу мақсаттарына аса жете қоймаған, әңгімені жазуда қиналған оқушылар келіп тұрады.



Пайыздар жазылған парақтар

1 мин

Үй жұмысы: «Ас атасы-нан» тақырыбына шағын жазба жұмысын жазу.









































ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ЖҰМЫСТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Дайындық

1.Мәтіннің мақсаты мен көзделген аудиториясы кім?

2.Жазба жұмыс не туралы болады? Тақырыбы қандай? Негізгі идеясы қандай?

3.Мәтіннің негізгі кейіпкері кім болады?

Жазу

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!