Тәрбие сағаты: Ас – адамның
арқауы.
Мақсаты: 1. Адамның өміріндегі астың
маңызды рөлін түсіндіру, дұрыс
Тамақтанудың денсаулық үшін пайдасын
түсіндіру.
2.Оқушылардың білімін , ой – өрістерін, тілдерін,
ойлау, таным-
дық
қабілеттерін дамыту.
3
.Денсаулық сақтауға, салауатты өмір сүруге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, кітапшалар,
брошюралар, журналдар, мақал – мәтел-
дер, оқушылардың салған
суреттері.
Әдіс
–тәсілдері: сұрақ – жауап, ойындар,
түсіндіру, топпен жұмыс, топтардың
презентациясы.
Барысы:
І Ұйымдастыру
Тренинг. Жақсы тілек
айту.
Оқушыларға денсаулық тілеу. Оқушылар да бір –
біріне жақсы тілектер айтады.
ІІ Негізгі бөлім
1. Қызығушылығын ояту.
Сұрақ қойылады:
Әр
бала өз пікірін айтып, ортаға салады.
2. Мағынаны тану.
1.Топтық жұмыс.
1-топ.Адам ағзасы, дұрыс тамақтанудың жолдары
туралы айтып, әңгімелейді.
2-топ.ХХІ ғасырдағы неше түрлі
аурулардың шығу себебін іздестіреді, өз ойларын айтып,
түсіндіреді.
3-топ. «Тісі ауырған бегемот» ертегісін ойдан
құрастырып, тісті күту жолдарын айтады.
Топта жазуға, сурет салуға немесе ауызша айтуға
дайындалады.
3.Ой толғаныс.
Топтардың презентациясы.
Әр
топ дайындаған жұмыстарын ортаға шығып қорғайды.
4.Ойын «Ұлттық тағамдар»
Ойынның шарты:
Балалар тағамдардың атын айтып, оның денсаулық
үшін қандай пайдасы және зияны бар екенін айтып беруі
керек.
Мысалы: ет, қазы, жал, жая, шұжық, қатық,
ірімшік, сүт, айран, шұбат, қымыз, сүзбе т.б.
ІІІ Қорыту.
Әр
бала бір мақал – мәтел айтып қорытады.
Ет етке, сорпа бетке.
Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа
қарама!
Ас тұрған жерде ауру
тұрмайды.
Өзі тоймастың көзі
тоймас.
Өле жегенше бөле же.
Ауру астан,
Дау қарындастан.
Тәні саудың жаны сау.
Көзің ауырса, қолыңды
тый.
Ішің ауырса, аузыңды
тый.
Ауру азығымен.
Әрдайым, балалар, дұрыс тамақтануды естен
шығармайық. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі екенін
ұмытпайық!