«Толғанай» I-ші кіші
тобының
ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Күні:18.10.2018
Тәрбиеші: Суюндикова
Н.С
Білім беру
саласы: «Таным»,
«Шығармашылық»
Пән:
Жаратылыстану, Сурет
салу
Өтпелі
тақырып: «Ас атасы –
нан»
Тақырыбы: «Ас атасы -
нан»
Мақсаты: Тәрбиелік: Нанды құрметтеуге
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Нан туралы мақал- мәтелдерді
айту арқылы баланың тілін дамыту.
Оқыту
Балаларға
нанды басқа тағамдарға қарағанда көбірек қолданатынымыз жөнінде
түсінік беру. Нанның дастарғанға қалай келетінін әңгімелеп,
үлкендедің еңбегін құрметтеуге
үйрету.
Тақырыбы:
«Бауырсақ»
Мақсаты: Тәрбиелік: таза, ұқыпты жұмыс жасауға
тәрбиелеу. Дамытушылық: саусақ, қол қимыл-
қозғалыстарының икемділіктерін дамыту.
Оқыту:
дөңгелек
пішінді бауырсақты бейнелеуді
үйрету.
Педагогикалық
технологиялар: ақпараттық технология, ойын
тех.
Ресурсты қамтамасыз
ету: нанның дастарғанға келуі
бейнеленген сурет, (құрастырма сурет) ұн, бидай, арпа,
бауырсақ.
Билингвальды
компонент: нан
–хлеб
I.Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы
Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Мақал:
Ас
атасы-нан,
Нан
атасы-дән.
II.Негізгі
бөлім
1.Әңгімелесу.
-Біз бүгін нанның дастарханға
қалай келетінін әңгімелейміз.
Нанның қандай түрлері бар
екен?
Айтындаршы?
-Дұрыс, балалар, нан ақ нан,
қара нан, батон нан, бөлке, бауырсақ, немесе тәтті бөлкелер,
тоқаштар болып бөлінеді екен.
Нанның неден пісіретінін
білесіңдер ме?
-Әрине, ұннан пісіреді. Ал
ұнды қайдан алады?
-Адамдар алдымен жерді
трактормен жыртады, кейін тұқым себеді. Оны суарады. Күзде егін
піседі оны комбайынмен жинайды. Диірменге апарады, бидайдан ұн
дайындалады. Енді ұнды қайда апарады деп
ойлайсындар?
-Наубайханаға апарады,
наубайыншылар ұннан неше түрлі нанды дүкенге
жібереді.
-Балалар, нан бізге оңай
жолмен келмейді екен, сол себепті нанды қастерлеуіміз
керек.
2.Тыйым
сөз: Нан қиқымын шашпа, қалдығын
тастама. Нанды бір қолмен үзбе. Нанды тауысып жеу
керек.
3.Ойын:
«Сары
бауырсақ».
4.Билингвальды
компонент: Нан
–хлеб
5.Сергіту
сәті.
Нан қиқымын
шашпандар,
Жерде жатса
баспандар.
Теріп алып
қастерлеп,
Торғайларға
тастандар.
6.Үлгі
жұмыс.
Қылқаламды үш саусақпен ұстап,
суға батырып, артық суды стақан ернеуіне сүйкеу арқылы қалдырып,
қалаған бояуымызға салып, қылқаламның ұшымен жоғарыдан төмен қарай
дөңгелек салып аламыз, дөңгелекті сары түсті бояумен толық бояп
шығамыз. Енді қылқаламды жуып, бауырсақтың көзін, аузын
саламыз.
7.Саусақ
жаттығуы.
Жалғыз саусақ тіпті
де
Ұстай алмас жіпті
де
Екі саусақ
бірікті
Ине қолға
ілікті
Үш саусағым
орамды
Жүгіртеді
қаламды
Өнерлі екен он
саусақ
8.Өзіндік
жұмыс: Балалар өз еркімен жұмыс
жасайды. (қадағалап, көмек көрсету)
III.Қорытынды
1.Көрме
ұйымдастыру.
2.Балаларды
мадақтау.