Материалдар / Ас атасы нан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ас атасы нан

Материал туралы қысқаша түсінік
Ас атасы нан туралы тәрбие сағаты оқушылармен өткізген. Оқушылар нан туралы өз ойларын қайдан алынатыны туралы ой пікірлерін айтты. Сабақ қызықты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
620
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нанның қадірі мен қасиеті

Нанның қадірі мен қасиеті туралы өткен тәрбие сағатының -

Мақсаты: оқушыларды Отанын, елін, жерін, еңбек адамдарын, еңбекті сүюге, нанды қастерлеуге. адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нанға байланысты көрнекті етіп жазылған мақал-мәтелдер:

«Бар байлыктың басы — нан», «Нан— бақыт». «Алтын-күмістас екен, арпа, бидай ас екен», «Дастарханында наны жоқтың тамағының сәні жоқ», «Ақ бидайдың қадірін ашыққанда білерсің», «Нанның түйірі — өмірдін тұйіні».

Халық қағидасы: «Қуыс ұйден құр шықпа!»

Ұннан жасалған тағамдардын түрлері.

Жұмбақ:

Егер «Н»-дан бастасаң, ел қадірлейтің тағаммын, Егер «А»-дан бастасаң, ел қадірлер адаммын.

Шешуі: нан, ана.

Оқушы: Біздің ата-бабаларымыз табиғатқа таң қалып, астық тұқымдастардың масақтарына алғаш рет еңкейгеннен бері қаншама уақыт өткенін айту қиын. Немесе оның жерге дән тастап, көктеп шыққан соң, өнім күткенін, жинап алып тұңғыш рет нан пісіргенін анықтау оңайға түспесе керек.

Ғалымдардың айтуынша, адам нанға шамамен 17000 жыл бұрын жол ашыпты. Ертеде адамдар алдымен суға жібітілген шикідәндерді пайдаланған екен. Алғашқы нан қатты, тұщы, құм мен күл араласқан жұқа нан болып шыққан, ол ұзақ сақталған. Сонымен адам «егер наны болса, аштан өлу каупі төнбейтінін» түсінген.

Оқушы: Бірақ жабайы өсетін астық тұкымдастар жиі кездеспеді, ал үнемі тамақ ішу қажет болды. Сондықтан олар дәндер үйдің жанында өсірілуге тиіс деген ойға келеді. Алғашкы дәнді-дақылдар — бидай мен арпа Таяу Шығыста шамамен 7-8 мыңжыл бұрын егіп өсіріле бастаған. Үйде нан пісіру осы кезден басталды деген жорамал бар.

Оқушы: Нанды бүкіл дүние жүзінің халықтары жоғары бағалайды. Ол енбектің, бейбітшілік, бақытты өмірдің бейнесі ретінде қабылданды. Нанның тарихы жорамалдың, тапқырлықтың, жаңалық ашудың, сенім мен түңілудің, бақыт пен қайғының, бейбітшілік пен соғыстың, ашаршылық пен астық бітік шыққан жылдардың ғасырлар бойы жолы. Сондықтан біз өткенді есте сақтап, қазіргіні бағалауға, келешекті ойлауға тиістіміз.

Оқушы:

Нан тағамды бастайды,

Наннан бәрі аспайды.

Шыққан адам құранға,

Нанды бірақ баспайды.

Оқушы: Дінді уағыздаушылар: «Құран — қасиетті кітап, бірақ нанға қолың жетпесе, оның үстіне шығып алуға болады. Ал нанды аяққа басуға ешқашан болмайды», — дейді.

Оқушы: Ұлылық бар бұл қанда бас иетін,

Жылылық бар бұл нанда тас иетін.

Ашаршылық жылдарды есіңе алсаң

Білесің сен сонда оның қасиетін.

Оқушы: Біздің ата-бабаларымыз нантапшылығын көріп, тұрмыстын азабын тартып өсті. Бір тілім нан үшін біреудің есігіне жалданғандар да болған. Немесе қарлы күзде жал-жалда қалған масақты теріп, қапшық сүйреткендер де болған. 1932 жыл аштықты азабын тартқандар шет елдерге үдере көшті.

Оқушы: Ас біткеннің ардақты анасы — нан.

Нан көрінер бар астық арасынан.

Қоқымын да түсірмей қорға оны

Артық көріп көзіңнің қарасынан.

Оқушы: Қариялардың нанды тураған кезде, оның үгіндісін аузына салып жатқанын көргеніміз бар.

Оқушы: Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне қарағанда, күні бүгін дүние жүзінде 400 млн-нан астам адам аш-жалаңаш. Ал Халықаралық банк эксперттерінің есебі бойынша 1 миллиардтай адам өлмешінің қүнін кешуде.

Оқушы: Нан — тіршіліктін көзі. Планетамызда 100 мыңдаған музей бар. Бәрі бірдей сияқты. Бірақ жер шарының еш түкпірінде жоқ жалғыз дара музей бар екен. Ол — Нан музейі. Музей Әзірбайжан Республикасындағы Ағдам қаласында орналасқан.

Оқушы: Ленинград қоршауда 900 күн болды. Қоршаудағыларға күніне 120 гр, нан берілді. Адамның өмірі 120 гр. нанмен өлшеніп, 120 гр. нанға ғана ілініп, сүйеніп тұрған.

Окушы: Ленинградтағы «Қорғаныс» музейінде шыны астында тақтай тәрізді бір тілім нан жатыр. Бұл бір кездегі қоршаудағы қала тұрғындарының бір тәулікте жейтін нормалы наны екен. «Оның өзі қапқара ұннан гөрі суы басым, пышаққа жабысып, айрылмайтын дүние еді», — деп еске алады музей қызметкері.

Оқушы: Қарт жауынгердің естелігінен: «Бірде Ленинградта тұратын соғыста бірге болған жолдасым 9 май мерекесін бірге тойлауға шақырды. 9 май күні «Бауырластар» зиратына бардық. Еліміздің түпкір-түпкірінен келген ұлты баска бүлдіршіндер, қыз-жігіттер, үлкен адамдар қабірлерге гүл шоқтарын қойып жатыр. Анадайда қарт ана қабірлерге гүлге ұксамайтын әлдене қойып жатты. Әлгіге зер салып қарасам, бір жапырақ нан екен. Қабірге нан қою өте сирек кездесетін кұбылыс.

Артымда келе жатқан адам: «Мына қарт кісінің қос боздағы бүгінгі бейбіт күн үшін қоршау күндері аштықтан көз жұмған. Ол әр келген сайын қабірге бір тілім нан әкеліп қояды»,- деді.

Оқушы: Ас біткеннің ардақты анасы — нан.

Қандай дәмнің таласы бар осыған.

Нанның иісі аңқиды күллі әлемге

Қазақтың кең Сарыарқа даласынан.

Оқушы: Дүние жүзіндегі ең астықты ел Канада, Америка, Қазақстан. 1954 жылы Қазақстанда тың көтерілді. Тың эпопеясы жазылып, Қазақстан бірнеше жүз миллиардтаған тонна астық жинады.

Оқушы: Ойға қанат бітіріп, бойға қуат беретін — нан. Ғарышта да нансыз күн көру мүмкін емес. Олар алатын сіріңке корапшасының жартысындай ғана болатын әр тоқаштың салмағы 4,5 грамм. Космос сапарынан оралған ғарышкерлердің астықты аймаққа қонатындары қаншама.

Оқушы: Адамзат баласы нанды төбесіне көтеріп қастерлейді. Аталарымыз ұзақ сапарға шықса бірінші қолына нан алады. Бейтаныс жолаушы немесе көрші-колаң есік ашып, табалдырық аттаса «Қуыс үйден кұр ауыз шықпа!» деген ниетпен нан ұсынады.

Оқушы: Біз аштықтың, жоқтықтың не екенін білмейміз. Бірақ бұдан нанның қадірі кетпеу керек.

Нанды аяқ асты етіп қорламау керек.

Нан болмаса бағыңның кетері бар,

Нанмен ғана өмірдің өтері бар.

Жолда жатса егер де бір үзім нан

Арланбай-ақ сен оны көтеріп ал.

Корытынды: Астық — жер бетіне өзі шығатын гүл емес. Әр түйір нанды біздің қолымызға жеткізгенге дейін адам күніне сан миллион рет еңкейіп нанға тәжім етеді екен. Ал біздің нанға төлеген 40-45 тенгеміз оны егіп, жинап, ұндатып, пісіріп, дүкенге түсіргенге шейінгі шығарған шығынды өтейді. Нанды қадірлемеген адамды адамгершілікті қастерлейді деп күту қиын. Ол ата-ананың еңбегін, Отаныңды қадірлемеу. Сондықтан да біздер еңбек адамдарын, олардың еңбегін құрметтеуге тиіспіз.

Дүниеге келгеннен қартайғанға дейінгі асыраушымыз — нан. Жер-ананың асыл жемісі нанның дәмі мен кадір-қасиеті туралы көптеген өлең-жырлар, әңгімелер, аңыздар жазылған.

Бір аңызда көпті керген адам былай дейді:

«Мен ұзақ өмір сурдім.

Бидай масағынан артық ешбір гүлдің болмайтынын білемін.

Самал желден бидай масақтары жайқалып тұрған егістіктен артық бақ жоқ.

Пештен жаңа ғана суырып алынған нанның иісінен артық хош иіс жоқ.

Бидай дәнінен артық дән жоқ.

Дүние жүзіндегі ең әдемі гүлді,бидай масағын,

өсірумен айналысудан артық іс жоқ!»

«Менің К,азақстаным» әні хормен орындалады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!