Материалдар / Ас қорыту жүйесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ас қорыту жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ас қорыту жүесінің аурулары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2024
124
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны


  1. Стоматит

  2. Фарингит, ангина

  3. Өңештің қабынуы эзофагит

  4. Өңештің түйілуі

  5. Өңештің бітелуі

  6. Өңеш параличі

  7. Өңештің тарылуы

  8. Өңештің кеңуі

  9. Жіті және созылмалы алдыңғы қарын атониясы (әлсіреуі)

  10. Қарынның жіті кебуі

  11. Қарынның созылмалы кебуі

  12. Қарын парезі іштің тырсиюы

  13. Жалбыршақ қарынның бітелуі

  14. Жарақатты ретикулит ұлтабар жарақаты

  15. Жылқы қарынның жіті кеңеюі пилороспазм, шамадан артық азықтандырудан болатын шаншу

  16. Ішектің кебуі – жел шаншуы, ішек метеоризмі

  17. Энтералгия

  18. Аш ішекте жынның іркілуінен болатын шаншу

  19. Тоқ ішекте нәжістің кептелуінен болатын шаншу

  20. Ішектің түйнелуі механикалық илеус

  21. Тромбо эмболдық шаншу
















Стоматит

Ауыздың кілегей қабығының қабынуы — стоматит. Стоматиттің катаралды, крупозды, дифтериялы, флегмонозды және гангренозды түрлері бар. Бірінші стоматитке катаралды, ал қалғаны екінші стоматитке жатады да, бұл басқа жұқпалы аурулардың аусылдың, дифтерияның, вирусты стоматиттің т. б. белгілері түрінде дамиды.

Ауру себептері. Ауыздын кілегей кабығын өте ірі азықтардың, мөрі дұрыс қажалмаған тістің, құрал - саймандардың, бөгде заттардың т. б. тітіркендіруі мен зақымдануы салдарынан болады.

Малға тітіркендіргіш дәрі - дәрмектер бергенде, сондай-ақ олар улы өсімтіктерді жегенде, сүртпе май жағылған денесін жалағанда, көгерген және шіріген азықтарды жегенде де бұл ауруға шалдығуы мүмкін.

Аурудың белгілері. Стоматитке шалдыққан мал азықты шайнай алмайды. Ауыздың кілегей қабығы кеберсіп, ісінеді (әсіресе таңдайы). Кейде тілі, ерні, жагы ісінеді. Тілінің үсті, көмейі, қызылиегі, ерні мен жағының кілегей қабығы базданып кетеді. Аузынан күлімсі иіс шығып, сілекейі шұбырады. Ауру аскынғанда сілекей бөлінуі күшейе түседі.

Екінші стоматитте малдың қызуы көтеріледі және ауруға тән басқа да белгілері байқалады.

Ауру барысы. Ауыздың кілегейлі қабығының катары әдетте 5—10 күнде жазылады.

Емі. Рационнан ірі азықтар мен тітіркендіргіш азықтарды шығарып тастайды. Шөп қоректі жануарларға буланған жұмсак шөп, пісірілген тамыртүйнек, шыланған ұн мен кебекті шошқаға сұйық азық, ботқа береді. Емдеу жұмысы ауру қатты асқынған жағдайда ғана қолданылады. Мұндайда ауыз қуысын 3 проценттік бор қышқылы ерітіндісімен, калий перманганаты ерітіндісімен, (1 : 1000—2000), 0,5 проценттік танин ертіндісімен, 3 проценттік екі көмір қышқылды натрий ерітіндісімен шайып, жара пайда болған жерін йодты глицеринмен майлайды.











Фарингит

Жұтқыншақтың қабынуы фарингит, ангина. Әдетте катаралды фарингит, кейде флегмолы және іріңді түрлері көбірек кездеседі. Бұл ауру жылқыда, шошкада және итте жиірек байқалады.

Ауру себептері. Малға суық тиюден, салқын су ішуден, малдың қар жеуінен немесе ертенгі шыққа жайылғаннан, буланған не пісірілген азықты ыстықтай бергеннен, малға дәрі-дәрмек бергенде жұтқыншақтың кілегей қабығының тітіркенуінен, жұтқыншақты тексергенде зақымданудан, ірі азық беруден болады.

Екінші фарингит жылқы сақау болғанда, оның жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда, ит обаға, ірі қара катаралды қызба, топалаң, оба, шошқа геморрагиялык септицемияға шалдыққанда дамиды.

Аурудың белгілері. Малдың жұтқыншағы ісінеді, сипап қарағанда мал қатты ауырсынады, басын кекшитіп жүреді, жеген азығын жұта алмайды, аузынан сілекей шұбырып, екі танауынан су ағады. Тәбеті сау кезіндегідей болады, бірақ азықты баяу шайнайды, жұтқанда қатты ауырсынатыны байқалады, мәселен, жылқы жеген азығын жұтқанда мойнын керіп жер тарпиды, кейде жөтеледі. Ангинаның ауыр түріне шалдыққанда мал жұтына береді, кейде жұтқан азығы танауынан шығып кетеді, немесе азықты мүлде жұта алмайды, бірнеше күн жемшөпке қарамайды. Аузына сілекейі мен жеген азығының калдығы толып кетеді. Жұтқыншақтың кілегей кабығы қызарып, тілінің түбі базданады, аузынан күлімсі иіс шығып, жақ астындағы лимфа түйіні ісінеді.

Екінші фарингитте денесі ысып, 2—3 градустай жоғарылайды. Қанын тексергенде лейкоцитоз, нейтрофилл белгілері байқалады.

Ауру барысы. Катаралды фарингитке шалдыққан мал әдетте 10—15 күнде жазылады. Флегмонозды фарингит бұдан гөрі ұзағырақ уақытта созылып, кейде асқына келе пневмонияға, плевритке, перикардитке, сепсиске т. б. ауруларға айналуы мүмкін.

Емі. Жұтқыншағы ауырған малдың рационына жұмсақ шөп немесе буланған шөп, шыланған ұн немесе жарма, шошқа мен итке — ботқа, сұйык тамақ, сүт береді. Малдың алқымын булаған, жылылап ораған, сондай-ақ Минин, соллюкс, УВЧ электр лампаларымен қыздырған да пайдалы. Малдың алқымын жылылау фарингиттің қандай түрінде болса да пайдалы, ал флегмонозды фарингитте бұл емді жұтқыншақтағы ірің жетілгенше қолданған жөн.

Фарингиттің ауыр түрінде әсіресе флегмонозды түрінде бұлшық етке пенициллин құйган жөн: 1 кг салмағына есептеп күніне 1—4 рет ірі қара мен шошқаға 2—3 мың ЕД, жылқыға 1—2 мын ЕД; венаға 300—400 мл 20—40 проценттік глюкоза ерітіндісін жібереді және новокаинмен емдейді. Сондай-ақ ауырған малды скипидардың, ихтиолдың, антибиотиктердің суға араластырылған буына немесе ұнтақталған сода ерітіндісімен ас тұзын демі арқылы енгізеді. Жұтқыншақтың кілегей қабығына арнайы бүріккіш арқылы су тегінің асқын тотығы, риванол, ас тұзы, ашудас, т. б. ерітінділерді бүркеді.

Ұсақ малдардың жұтқыншағы мен көмекейінің кілегей кабықтарын йодвазогенмен майлайды. Сульфаниламидті препараттар қолданылады, бұзау мен кұлынға әр 3—4 сағат сайын 0,5—1 грамм мөлшерінде этазол беріледі; вена ішіне 0,5 проценттік ихтарген ерітіндісінен 100 мл немесе 10 проценттік натрий салицилаты ерітіндісінен 100 мл құяды (сиыр мен жылқыға), организмнің әл- қуатын арттыру үшін ауру малдың өз қанын өзіне құйып емдейді (50—100 мл қанды тері астына жібереді). Екінші фарингитте, сонымен қоса арнайы ем қолданылады.


























Эзофагит

Өңештің қабынуы - эзофагит. Бұл шошқада, жылқыда және сиырда байқалады.

Ауру себептері. Кесек заттардың, қарын зондысының жарақаттануынан химиялық заттардың тітіркендіруінен ыстық азықтың күйдірінуінен болады. Екінші эзофагит мал аусылға, катаралды қызбаға және басқада ауруларға шалдыққанда пайда болады.

Аурудың белгілері. Эзофагитке шалдыққан мал қатты ауырсынып, өңеші таралады да, ол кері жиырылады (антиперисталька) жеген азығы өңешіне кептеліп, оны қанды ірің аралас күйінде құсып тастайды, зонд салғанда қатты ауырсынады.

Емі. Флегмонозды эзофагитке шалдыққан малға антибиотиктер мен сульфаниламидті препараттар қолданылады. Малды ұсақ мұз қосылған суық сумен суарады, 1 проценттік танин ерітіндісін 0,1 проценттік калий перманганаты ерітіндісін немесе ашудасты, 1-2 проценттік ихтиол ерітіндісін сияқты тұтастырғыш және дезинфекцияланғыш дәрі-дәрмектерді ішкізеді. Мал крупозды қабынуға шалдыққанда 1-2 проценттік натрий бикарбанаты ерітіндісін дезинфекциялайтын дәрі-дәрмек қосылған балық майын береді. Ауру зардабын басу үшін венаға 0,25 проценттік новокаин ерітіндісінен күніне бір реттен 300-400 мл мөлшерінде 3 күндей құяды. Мал мүлде жұтына алмай қалған жағдауда венаға глюкоза мен физиологиялық ерітіндісін жіберіп жасанды түрде қоректендіреді.





















Өңештің түйілуі

Малда сирек кездеседі.

Ауру себептері. Өңештің түйілуі мал эзофагитке шалдыққанда, өңешке жара шыққанда, оны әр түрлі кесек заттар жарақаттағанда; сіреспе, Ауески сиякты ауруларға шалдыққанда пайда болады.

Ауру белгілері. Ауырған мал тоқтаусыз жұтына береді, қатты ауырсынып, тынышы кетеді, бостан-бос күйсеп, аузынан сілекейі мен шайнаған азықтары бөлінеді.

Емі. Малға ауру жабысқан мезетте тері астына 0,02—0,25 грамдай күкірт қышқылды атропин, 0,015—0,04 грамдай платифиллин жібереді де, ауру бәсеңсіген кезде венаға 10 проценттік хлорлы кальций ерітіндісін немесе бромды препараттар құяды.




























Өңештің бітелуі

Өңештің бітелуі — көбінесе сиырда, кейде қой-ешкіде, шошкада, жылкыда байкалады.

Ауру себептері. Өңештің бітелуі малдың тамыр-түйнек жемістерді қомағайланып жеуінен болады. Шөп қоректі малдарда бұл ауру картоп, қызылша, шалқан, сондай-ақ жеміс жегеннен, итте — кесек етті, сүйекті, катты заттарды жұтқаннан болады.

Ауру белгілері. Өңештің бітелуі бірден байкалып, мал азыққа қарамай. тынышы кете бастайды. Кесек зат өңештің мойын тұсына бітелгенде, малдың сол жақ алқымы ісінеді, бірақ мал алғаш ауырсынбайды, тек келе-келе тынышы кетеді. Кесек зат кеуде тұсына бітелгенде мұндай белгілер байқалмайды, ал өңеш жарылған жағдайда, алдымен мойнында, сосын әукесінде, кеудесінде және төсінде тері асты эмфиземасы пайда болады.

Өңеш түгелдей бітелгенде мал бостан-бос күйсеп, жиі-жиі жұтынады, аузы көбіктеніп, жөтеліп, іші кебеді, ентігеді, кілегей қабықтары көгеріп кетеді.

Кесек зат өңешке жартылай бітелгенде малдың жұтынуы қиындап, ірі, құрғақ азықтарды жемейді, сұйық азықтарды ғана аздап жейді. Өңешке зонд сұққанда, оның төменгі ұшы қатты затқа тіреледі.

Ауру барысы. Жан-жақты емдеп, өңештегі бітелген затты алған жағдайда мал жазыла бастайды; ал өңеш жарылса онда мал іріңді пневмонияға, сепсиске айналып өліп кетуі мүмкін,

Емі. Ауру малға 300—500 миллилитрдей өсімдік немесе вазелин майын ішкізеді, қойыртпак қайнатпа береді; өңештік түйілуін басу үшін тері астына 0,02—0,03 грамм атропин сульфатын, 0,02—0,03 г платифиллин немесе малдын 1 кг салмағына 1,5—1,8 мг есебінде аминазин жібереді. Өңешке бітелген кесек затты алу немесе итеру үшін Черкасов түтігін не екі ілгекті Хохлов зондын пайдаланады. Кесек затты итеру үшін И. А. Каарденің әдісін де пайдалануға болады. Ол үшін серіппелі зондыны өңешке тығып, түтігіне насос арқылы екпіндете су жібереді. Егер малдың іші кеуіп тұншыға бастаса, онда малдың қарынын тесіп, оған 12—14 сағаттай гильза қойып бақылайды. Малдың жалпы күйіне қарай венаға ақ тамыр дәрінің тұнбасынан 1—2 миллилитрдей кұяды.







Өңеш параличі

Бұл ауру малда өте сирек кездеседі.

Ауру себептері. Шеткі өңеш параличі көбінесе малдың жарақаттануынан: орталық өңеш параличі ботулизм, кұтыру, Ауески ауруы, вирустық және улы энцефалит ауруы кезінде пайда болады.

Ауру белгілері. Шеткі өңеш параличінде малдың өңеші ауық-ауык бітеле береді де, жеген азығы аузы-мұрнынан шығып кетеді; орталық өңеш параличінде мал жеген азығын жұта алмайды, тілі де параличке шалдығып, астыңғы жағы салбырап кетеді.

Өңешке азық кептелгенде ол колбаса секілді ширатылып, құсқанда өңеш босап қалады.

Емі. Шеткі өңеш параличінде малға 1—2 күндей ешқандай азык бермей, оған массаж жасайды, денеге ауыспалы электр тогын жібереді (фарадизация), венаға глюкоза құяды; тері астына азот қышқылды стрихинин жібереді: жыл-

'Щ п—0,05—0,1 г, сиырға — 0,08—0,1 г. Стрихинин дәрісін арасына 2—3 күн салып бірнеше рет қайталайды; мұның аралығында тері астына вератрин құяды: жылкыға — 0,03—0,5 г, сиырға — 0,02—0,08 г. Орталық өңеш параличінде малды арнайы сывороткамен (ботулизм) емдейді.






















Өңештің тарылуы

Малда мүлде сирек кездесетін ауру.

Ауру себептері. Өңештің тарылуы калқанша без бен лимфа түйіндерінің үлкеюінен, ісіктен, өңеш қабырғасы қабынғаннан және күйгеннен, ісуден болады. Өңештің тарылуы операциядан кейін де болуы мүмкін.

Аурудың белгілері. Ауырған малдын бірте-бірте жұтынуы қиындайды, оқтын - оқтын өңеші бітеле береді де, тарылған жерден өрге қарай жеген азығы кептеліп, өңеш кері жиырылады, содан барып малдың іші кеуіп, күйіс қайыруы бұзылып, арықтай бастайды.

Емі. Тек бағалы малдарды ғана емдейді. Ауру пайда болған мезетте венаға 100—200 миллилитрдей 10 проценттік хлоралгидрат ерітіндісін, 100—200 миллилитрдей алкоголь немесе 10 проценттік магний сульфатын, ал тері астына — атропин немесе платифиллин құяды, тарылған өңешке алдымен жіңішке зонд, сосын жуан зонд сұғып тұрған да пайдалы.

























Өңештің кеңуі

Бұл ауру жылқыда болады.

Ауру себептері. Ауру көбінесе өңеш стенозынан, өңеш қабырғасының, тыртықты тканьнің, ісіктің тартылуынан пайда болады.

Аурудың белгілері. Ауырған малдың өңеші оқтын-оқтын түйіле береді, мал азық жеп тұрып кекіргенде жеген азығы аузынан шығып кетеді. Мойын тұстағы өңеш кеңігенде онда домбыққан ісік байқалады да, мал азық жегенде ол кеңейіп, массаж жасағанда кішірейеді не мүлде жоғалып кетеді, бірақ азық жегеннен кейін ісік қайтадан пайда болады.

Емі. Мұнымен ауырған малды тек бракқа шығарады, себебі өңеш қабырғасын тіліп операциялық ем жасағанмен өңеш тарылып кетеді.





























Жіті және созылмалы алдыңғы қарын атониясы (әлсіреу)

Мұндай ауру көбінесе сауын сиырды қорада баққанда байқалады.

Ауру себептері. Бұл ауру малға үнемі тойдыра жем, дән мен техника дақылдарының өңделген қалдықтарын (барда, бөртпе, мелясса, жом, күнжара, сабан, топан қалдықтары т. б.), адам жемейтін тағам мен овощтарды, сүрлемді, әсіресе оның бұзылғанын сондай-ақ шіріген және көгерген азықтарды бергеннен, малды серуенге шығарып тұрмағаннан, оны ұзақ уақыт тасығаннан және қара жолмен айдағаннан, үнемі сулы азық жеп жүрген малға бірден құрғақ азық беруден пайда болады.

Алдыңғы қарынның созылмалы түрде өтетін екінші атониясы бірқатар инфекциялық аурудан кейін, сондай-ақ организмде зат алмасу процесі бұзылғанда, жарақатты ретикулитте, ұлтабар жылжығанда және қабынғанда, бауыр, өкпе, жүрек т. б. мүшелер ауруға шалдыққанда байқалады.

Аурудың белгілері. Ауырған мал азықты онша көп жемейді самарқау тартып, әлсізденгені байқалады, табынға ілесе алмайды, бойкүйездік басады, жөнді күйсей алмайды, кейде аздап іші кебеді. Карынының қимылы қатты әлсіреп, әрең сезіледі, шегінің жиырылуы да өте баяу болады, іші қатады, тастаған нәжісі шырыштанып тұрады. Қанын тексергенде гипогликемия құбылысы және қанында, несебінде, сүтінде кетон денешіктерінің аздап көбейгендігі байқалады. Дене қызуы мұндайда бір қалыпты болады.

Екінші атонияда аурудың бастапқы процесіне қарай, әдетте малдың қызуы тез көтеріледі. Созылмалы атония ұзаққа созылып, мал бірде жазылып, бірде ауруы ұстап талаурай береді. Ауырған мал бірте-бірте арықтап, салмағы кеміп кетеді.

Ауру барысы. Жіті атония тез өтеді және ауырған мал 3—5 күнде жазылып кетеді.

Емі. Алғашқы екі күнде малды ашықтырады, бірақ суды үзбей беріп тұрады. Сонан соң жұмсақ шөп, аздап суға шыланған кебек, тамыр жемістілерден — сәбіз, ақ қызылша, картоп сияқтыларды шикілей береді. Ішетін суының дәмін кіргізу үшін бір шелек суға бір ас қасықтай сірке немесе тұз қышқылын қосады. Күніне 2—3 рет 10—15 минуттай қарынына массаж жасайды. Ішіне газ жиналып, мал улана бастаса (қарынға зонд жіберіп, іштегі жынның біразын алады да, малға сүт қышкылын - 1,0 проценттік формалин, ихтиол, резорцин дәрілерінің біреуін 8—10 г мөлшерінде береді. Малдың улануын азайту және алдыңғы қарынның жиырылу қызметін қалпына келтіру үшін 5—10 проценттік натрий хлоридінен — 300—500 мл, 0,25 проценттік глюкоза аралас новокаин ерітіндісінен — 300—400 мл мөлшерінде 3 күндей тәулігіне бір рет не күн аралатып венаға құяды. Сау малдың қарынындағы жыннан 2— 3 литрдей, және хлорлы кобальттан 20—30 мг алып оны сау малдың қарынына құю — карынның ас қорыту функциясын жақсарта түседі. Мал азықтан мүлде бас тартқан жағдайда, оған ащы дәрулер береді: көкгүл тамырынан — 20— 30 г, жусаннан — 30—50 г, ақ тамырдәрі тұнбасынан —10—15 мл, арақтан —

200—500 мл Соллюкс, сынап-кварц, диатермия лампаларымен сәулеге түсірген, клизма жасаған, ал іші қатқанда 2 рет жылы клизма жасаған пайдалы.











































Бауыр мен көк шандыр аурулары

Жіті паренхиматоздық гепатит. Аурудың негізгі сипаты - органның паренхимасында қабыну - дегенерациялық процестің дамуы.

Себебі. Гепатит кейбір вирустық, бактериялық, саңырау құлақтық, протозойлық, гельминтоздық шек-қарын аурулары, организмнің улануы, минералдық улар және ас тұзынан улану, бұзылған (шіріген, ашыған) жемшөп, улы өсімдіктер жеу салдарынан улану арқылы пайда болады.

Белгілері. Ауру мал әлсірейді, дене қызуы көтеріледі, тәбеті қашады, тамыры алғашқыда сирек соғады, кейін жиілейді. Бірнеше күннен кейін кілегей қабықтар қанталайды, мал еліккіш келеді, қышынады, кейде мұрнынан қан ағады. Қанда тіке реакция беретін билирубин болады, несепте-билирубин, уробилин, белок, цилиндрлер және бауыр эпителийлері пайда болады. Несеп азаяды, оның түсі-сары. Бауыр ұлғайған, зақымданған.

Емі. Аурудың шығу себептері жойылады; рационнан белок пен майға бай азық шығарылып тасталып, малға оның орнына жеңіл қорытылатын азықтар, әсіресе, углеводты азықтар беріледі. Өт жүргізетін және оны сұйылтатын дәрілер карлововар тұзының 10 процентті ерітіндісі, глаубер тұзының 5—10 процентті ерітіндісі ішкізіледі, ірі малға 10,0—50,0 глюкоза, уротропин, натрий салитсилаты, ірі малға 250—500 г күкірт қышқылды магнезий беріледі, аз мөлшерде (ірі қарадан басқасына) каломель, салол, хологон, гепалон, В, К, С витаминдері беріледі. Бауыр тұсына жылу ұстайды, мал мазасызданса нервті қалыпқа келтіретін дәрілер пайдаланылады. Шек-қарын, бүйрек, жүрек зақымдалса, бұл аурулардың белгілеріне қарай ем қолданылады.


























Қарынның жіті кебуі

Іш кебуі жай немесе қарапайым түрлері кездеседі. Мұндайда малдың ішіне газ толып, ол жеген азығымен араласып, көбікті массаға айналады. Жай іш кебу малды жайылымда баққанда, ал көбікті масса - малды қорада ұстағанда және үнемі жем бергенде байқалады.

Ауру себептері. Бұл ауру көбінесе малға бөртетін азықтарды көп беруден болады. Әсіресе малды бұршақ тұқымдас өсімдіктерге - бедеге, сиыржоңышқаға, қызылбас жоңышқаға жайған өте қауіпті. Іштің кебуі жаңа шабылған егістіктегі қайта көктеген шөпті, күздік көгін, капуста мен қызылша жапырағын, жаңа шабылған егістіктегі қайта көктеген жас өскінді, бұзылған азықтарды - шіріген тамыржемістілерді, үйген картопты, көп жатып қалған пішенді, шіріген шөпті жегеннен де болады.

Жаз айларында малдың жаппай іші кебуі байқалады.

Ауру белгілері. Іштің кебуі өте тез байқалады. Ауырған малдың аяқ астынан тынышы кетіп, азыққа қарамайды, екі бүйіріне қарай береді, белін бүкірейтіп күшене қайта қайта нәжіс тастайды, құйрығын сабалап, ішін тепкілейді. Малдың іші шартыйып, сол жағындағы аш бүйір білінбей, жамбас сүйегінің ұршық басымен, тіпті омырқаларымен теңесіп кетеді, іші әбден кепкенде бүйірінің бүлкілі де білінбейді.

Іші кепкен сайын малдың мазасы кетіп, қара терге түседі, тәлтіректеп тұра алмай құлап қалады, іші тоқтаусыз өтіп, ыңырана береді, тыныс алуы ауырлайды (минутына 60-80 рет). Көп ұзамай мал тұншыға бастап, аузы мұрны көгеріп, тілін салақтатып, ауызынан дем алады. Жүрегінің соғуы күшейіп, тамырдың соғуы 2-2,5 есе жиілейді. Ақыр аяғында малда атаксия (бұлшық еттің қалыпты жұмысының бұзылуы) пайда болып, тәлтіректейді, сонан соң аяқ астына құлап, ауа жетпей тыныс алуының қиындауынан жүрек параличіне не уланып өледі.

Іштегі азық көбіктеніп кепкенде малдың аздап қана тынышы кетеді. Кейде тіпті азықты да жей береді. Сол жақ аш бүйірі білінбейді, мал жиі нәжіс тастайды, кейде іші өтеді.

Ауру барысы. Малдың іші газға толып кепкенде (жәй түрі) ауру жіті түрінде өтеді. Іш кепкен мал кейде 2сағаттан кейін-ақ өледі, ал кейде ауру 5, 10, 15 сағатқа дейін созылады. Аурудың барысы көбінесе дер кезінде ем қолдануға байланысты.

Емі. Іші кепкен малдың аузына ширатылған сабынды көлденең тістету, тілін созу, көмейкейін жыбырлату, сол жақ бүйірін уқалап массаж жасау, әсіресе екі жақ кеудесіне массаж жасау, үстіне салқын су құю, кеудесін арқанмен көтеріп қою сияқты ем қолданады. Сонда мал кекіріп, іштегі желі шығады, ауру біраз саябырсиды. Іштегі желді, шығару үшін ішкі саңылауы 3-4 см келетін зондты пайдаланады. Емдік дәрі - дәрмектерден руминаторлық препараттарды қолданады.

Мал демігіп, әрі тұншыға бастаса хирургиялық әдісті қолданып, қарнын теседі.

Малдың іші көбіктеніп кепкенде де жоғарыда айтылған емдерді қолданылады, тек мұндайда қарынды тесуге болмайды. Өйткені малдың қарнын тескенде ондағы қорытылмаған азық құрсақ қуысына кетіп қалуы мүмкін. Іш көбіктеніп кепкенде малды кекіртетін амалдар қолданылады, сонымен қоса, жуан зондпен қарынды жуып, ондағы қортылмаған азықты шығарады. Мұнымен қатар іштің кебуін басатын дәрі-дәрмектер қолданылады (300 г өсімдік майына араластырылған керосин қоспасы, руминоторлық препараттар).

Сақтық шаралары. Малды жас көгі жайқалған шалғынға және жоңышқа егістігіне ұзақ жаймау керек. Әсіресе малды таңертең ұзақ жайған қауіпті, өйткені аш қарында мал көк шөпті тым көп жеп қояды. Малды таңертең өріске шығарғанда, оларды алдымен шөбі құрғақ шалғынға немесе шабылған шабындықтың орнына жайған жөн. Сондай-ақ қыстай қорада бағылған малды көктем шыға өріске шығарғанда тым ұзақ жаюға болмайды. Малды қорада ұстаған кезде балғын және сулы азықтарды шақтап беру шарт. Ескертпе кететін бір жәй, малды мұндай азықтармен қоректендірер алдында оларға аздап пішен несесе сабан жегізген жөн.


















Қарынның созылмалы кебуі.

Ауру себептері. Бұл ауру өңештің қабынуы, ісуі немесе лимфа түйіндерінің үлкеюі салдарынан өңеш тарылғанда пайда болады. Сонымен қоса, іштің кебуіне жарақатты ретикулит, ұлтабардың жылжуы мен қабынуы, алдыңғы қарын тесігінің жартылай бітелуі де себепші болады.

Емі. Алдымен іштің созылмалы қабынуна себепші болатын негізгі ауруларды емдейді. Аурудың жазылмайтыны белгілі болса, онда малды бракқа шығарады.

































Қарын парезі — іштің тырсиюы

Ауру себептері. Малға үнемі тек ірі азықтарды — сабан-топан, батпакпі - шенін немесе бұтақ азықтарын бергеннен, немесе сулы азықтарды — барданы, сірнені көп беріп, ірі азықтарды шақтап бергеннен болады. Сонымен қоса, қарын парезі малды жаңа қылтиып шыққан егіс көгіне жайғаннан, дәнді азықтарды көп бергеннен қызылша, мелясса, сірне сияқты азық қалдықтарын үнемі жегізгеннен де болады.

Ауру белгілері. Ауру негізгі себептеріне қарай жіті және созылмалы түрде өтуі мүмкін. Ауырған малдың мазасы кетіп, бүйіріне қарай береді, ыңыранып, белін бүкірейтіп, жата береді, терлейді. Онда демікпе пайда болады, аузы мұрны көгеріп, жүрек қызметі бұзылады. Сол жақ аш бүйірі білінбейді, бүйірін сипап карағанда жеген азығы кептеліп тұрғаны байқалады, қарынының қозгалысы баяулап не мүлде білінбейді. Аурудың жеңіл түрінде мал кекіріп, жеген азығын құсатын да кезі болады; ауыр түрінде - тыныс алуы ауырлап, аузы-мұрны көгеріп, тамыр соғуы жиілейді, осыдан барып малдың, әсіресе қойдың жаппай өлуі мүмкін.

Емі. Ауырған малдың қарнын тазалап, массаж жасайды; іштің кебуін болдырмау үшін малға ихтиол, нафталин, резорцин береді; қарынның жиырылып-созылуын күшейту үшін, сиырға ақ тамыр дәрісінен — 3—5—10 грамдай, құстырғыш тастан 1—2 грамдай береді немесе тері астына 0,02—0,03 грамдай вератрин, 0,002—0,004 грамдай карбохолин не 0,2—0,4 грамдай цилокарпин құяды; венаға гипертониялық натрий хлориді ерітіндісін жібереді, (малдың 1 кг салмағына есептеп 0,07—0,09 г құрғақ зат). Жүрек қызметін жақсарту үшін тері астына кофеин құяды да, мал әлсірегенде тамырына 30 проценттік шарап спиртінен 250—300 мл және глюкоза жібереді. Дәрі-дәрмектерден ешқандай кәмек болмаған жағдайда руменотомия әдісін қолданады.













Жалбыршақ қарынның бітелуі

Ауру себептері. Жалбыршақ қарынның алғаш бітелуі малға ұзақ уақыт бойы ұсақталған дән сағын, топан, масақ бергеннен болады. Жалбыршақтың екінші рет бітелуі де жиі байқалады. Оның басты себептері ұлтабардың әлсіреуінен, қабынуынан және жылжуынан, жалбыршақтың басқа бір органға жабысып бітуінен, қарын аралығына ірің толғаннан болады.

Ауру белгілері. Ауырған мал азыққа қарамайды, күйіс қайыруы мен қарыныныц жиырылып-созылуы бұзылады, іші қатады, қарны кебеді, жалбыршағы әлсірейді немесе оның дыбысы мүлде естілмейді, жалбыршақтың тұсын қолмен сипаганда және басқанда мал қатты ауырсынады.

Ауру барысы. Жалбыршақтың екінші рет бітелуі малға өте қауіпті, сол себепті кейде мал одан өліп те кетуі мүмкін.

Емі. Малдың құрсағын тесіп тікелей жалбыршақтың өзіне тұз ерітіндісін құяды; малга глаубер немесе карловар тұзын, минералдық және өсімдік майын береді; тері астына пилокарпин, ареколин, фурамон, ал венасына 5 проценттік натрий хлориді ерітіндісінен 200 мл кұяды,

Мал қатты ауырғанда, әсіресе асыл тұқымды малдарға хирургиялық ем қолдануға болады. Ол үшін алдымен жалбыршақтың тұсын тіліп, сосьш зондты қолмен, ұлтабар арқылы, тікелей жалбыршақка апарып, оны сумен жуады да, ондағы қорытылмаған азықты тазартады (А. А. Веллер).



















Жарақатты ретикулит

Жарақатты ретикулит – ұлтабар жарақаты. Жарақатты ретикулит деп үшкір металл заттарының ұлтабарды жарақаттап содан барып оның қабынуын айтады.

Ауру себептері. Малдың кесек заттарды (сымтемір,шеге,шаш,түйреуіш,ине т.б сынақтары) жұтуына: шалғында жайылымды және азықты түрлі металл заттардың болуы: малда минералдық заттардың жетіспеушілігі және оның авитаминозға шалдығуы: ірі қараның өзіне тән физиологиялық ерекшелігі, малдың әр түрлі заттарды жеуге әдеттенуі т.б себеші болады. Кесек заттар ұлтабарды тескенде: 1) ұлтабарға және оған жақын органдарға инфекция ұялайды, 2) жарақаттанған жердің органдары қабынып ауруға шалдығады.

Ауру белгілері. Ұлтабардың жарақаттануынан болатын кабыну процесі жіті түрінде өтеді де, мұның өзі әр түрлі ауру белгілерін аңғартады. Ең алдымен құрсақ іші ауырып,содан барып малдың тынышы кетеді, екі бүйіріне қарай береді, құйрығы дірілдейді.

Ауырған мал кілт бұрыла алмай,өрге қарай жүреді. Түрегеп тұрғанда : белі бүкірейіп, басын қақшитып, аяқтарын талтайтады. Мұндай мал ақырындап жатады,тұрарда алдымен кеудесін,сосын бөксесін көтереді. Бұлшық еттері жыбырлап, денесі дірілдеп, жүні ұйпаланып, тұмсығы кеберсиді. Денесінің әр жеріндегі қызу әр түрлі болады (құлағы, мүйізі және сирақтары салқын тартады) кейде дене қызуы 40,5-41,0 градусқа дейін көтеріледі, аздап демігеді,жүрегінің соғуы жиілейді (минутына 90-100 рет), әукесі, жағының арасы ісінеді.

Малда жіті ретикулиттен басқа, кейде ретикулиттің абортивті формасы да байқалады. Мұңдай мал оқтын-оқтын ауырады. Ретикулитті мұндай формасында ұлтабарға ұсақ заттар еніп, ол зат қайтадан ұлтабар қуысына түседі де, оны екінші рет жарақаттайды.

Ұлтабарды үшкір заттар (шеге сым темір сынығы т.б) тескенде ретикулит көбінесе диффузды перитонитке немесе жарақатты перикардитке айналады, малдың жүрек тұсын басып және сипап көргенде қатты ауырсынады, жүрек соғысы жөнді естілмейді, үлпершегінде сырыл байқалады, тамыры минутына 100 реттен астам соғады, малдың жалпы жағдайы нашарлай түседі.

Ауруды анықтау. Жарақатты ретикулитті анықтау, әсіресе мал көптен бері ауырып журген болса, өте қиын. Бұл анықтаудың көптеген әдістері бар, солардың ішінде көбірек қолданылатын мыналар: 1) малдың шоқтық терісін жиыру; 2) кеуде сүйегіндегі семсерше өсікті басу; 3) 9-шы қабырға тұсынан ұлтабардың екі жағын басу; 4) басы мен мойнын керіп тұрып оң жақ бүйірін басу; 5) холинергикалық затты тері астына құю; 6) зоңдты қарынға жіберіп ол арқылы сол жақ аш бүйірі толғанша ауа үрлеу т.б. Алайда жарақатты ретикулитте және ол асқынғанда гемотологиялық зерттеу әдісін қолданған әлде қайда тиімді. Әдетте жарақатты ретикулитте лейкоцитоз, лейкоцитралық формуланың нейтрофильді жылжу құбылыстары байқалып, соңғы РОЭ-сі 10,15,20 бөліндіге жетеді.

Емі. Жарақатты ретикулитті емдеудің ең тиімді әдісі - операция жасау мен консервативтік емдеу.

Операция жасау ретикулит оңша асқынбаған жағдайда, абортты (іш тастау) ретикулитте және шектелген жіті ретикулитте, жақсы нәтиже береді. Малдың дене қызуы 40,5 градустан жоғары болғанда, жүрек соғуы жиілеп,тамыры минутына 80-100 реттен астам соққанда, мал әлсірегенде,жиі ентіккенде, перикардит немесе диффузды перитонит белгісі байқалғанда операция жасауға болмайды.

Консервативтік емдеудегі негізгі мақсат - аурудың асқынуын тежеу және зақымданған органның жойылған функциясын қалпына келтіру. Осы мақсатта малды едені көлбеу оңаша қораға орналастырып,онда 2 аптадай ұстайды да, диеталық емдеу қолданылады, яғни малды 1-2 күндей ашықтырып, сосын быламық,суға езілген овощ,нан және сұлы береді де, ірі азықтарды шамалап жегізеді. Сонымен қоса,кілегейлі және бүркегіш дәрі-дәрмектер, өсімдің және минералдық майлар, парафинді лайқы (2г хинозол, 100 г парафин және 2л сүт) беріледі. Венаға глюкоза құйып, мал азықты жөнді жемегенде күніне 40 миллиграмнан хлорлы кобальт ішкізеді. Мал қызба болғанда антибиотиктерді, сульфаниламидті препараттарды, новокаин блокадасын (төменгі мойын тұсындағы венаға новокаин құю) қолданған пайдалы. Малдың іші тоқтағанда клизма жасайды; іш жүргізетін дәрілерді қолданудың кажеті жоқ. Ұлтабарды С.Г.Меликсетянның магнитті зоңдысымен тексереді де, оған магнитті шығыршық кигізеді.

Сақтық шаралары. Малдың іш құрылысымен ауық-ауық магнит зондысымен тексеріп, егер іште темір сынықтары болса,онда ұлтабарға магнит шығыршын немесе күшті магниттелмеген цилиндр енгізеді. Сондай-ақ малдәрігерлік ағарту жұмыстарын өткізіп, малға құнарлы азық беру және азықты металл сынықтарынан тазарту жұмыстарын ұйымдастыру керек.






Жылқы карнының жіті кеңеюі - пилороспазм, шамадан артық азықтандырудан болатын шаншу.

Қарынның жіті кеңеюіне қақпашығының түйілуі себепші болады да, соның салдарынан барып организмде реактивті (күшею) белгілері қан айналысында тыныс алу аппаратында т.б) пайда болады.

Ауру себептері мыналар: малға тез сіңе қоймайтын,бөртетін және бұзылған азықты бергеннен,тойып тұрған малды ауыр жұмысқа салғаннан,малдың жейтін азығын күрт өзгерткендіктен және азықтандырудағы басқа да олқылықтардан, малды күтіп бағу мен пайдалану жағдайында кездесетін кемшіліктерден пайда болады. Сонымен қоса малдың жебір болуы,тісі ауруы, шек паразиттері, қарын безінің секреция бөлінуің бұзылуы, гиперацидиттік гастрит сияқты кеселдер де осы ауруға апарып соғуы мүмкін.

Ауру белгілері. Ауырған малдың тынышы кетеді. Жылқы аяқ астынан құлап, түсіп қайта тұрады. Кейде мал алға қарай ұмтылуға тырысады, ит құсап шоқиып отырады т.б. Құрсағы сау қалпындағыдай, бірақ оның жиырылып созылуы баяулайды не мүлдем байқалмайды. Мал қайта-қайта нәжіс тастайды, несеп шығарады,кекіреді,лоқсып,кейде құсығы мұрнынан шығып кетеді. Аузынан ұнамсыз қышқыл леп шығарады. Ауру асқынған сайын малдың тыныс алуы жиілеп,көзінің дәнекер қабығы қанталап не көгеріп кетеді, жүрегінің қызметі нашарлайды, тамыры минутына 60-90 реттей соғады. Шеткі веналарын қан кернеп, білеуленіп тұрады. Мал сел-сел болып терлейді.Тік шекке қол сұғып тексергенде талағы соңғы қабырға тұсына дейін шегініп орналасқаны, шекті кейбір бунақ аралықтары кеуіп кеткені байқалады.

Қарын жыны - сұрғылт түсті, өткір иісті, сұйық, сыбағалы салмағы 1010-нан астам, үйіп қойғанда юаяу жайылады, ондағы тұңба заттары 50 проценттен көп. Жалпы қышқылдығы 60 ед көп. Қарын жынында бос тұз қышқылы мен өт пигменті болмайды.

Ауру барысы. Пилоросмазм өте тез өтеді. Ауырған малға дер кезінде көмек көрсетілсе жазылып кетуі де мүмкін,бірақ аурудың барысын болжауға өте сақ болған жөн.

Емі. Малдың ішіне зонд жібереді, әрі мұның өзі ауруды анықтаудың бірден-бір тәсілі деп есептеледі. Іштегі газ бен сұйықтықты зонд арқылы алғаннан кейін мал тынышталып, ентіккені басылады, жүрегінің қызметі қалпына келе бастайды. Мұнымен ауырған малдардың жартысына жуығы, осы аурудың зардабынан гиперацидидтік гастритке ұшырайтындығы байқалады.

Ішке зонд жіберу кейде қиынға соғады не ол мүлде жүрмейді (жүректің және өңештің төменгі тұсының түйілуінен). Мұндай жағдайда зонд арқылы шытыр гүлінің жылы тұнбасынан 100 мл жіберіп, зондының ұшын итжидек (белладон) майымен майлайды немесе тері астына күкірт қышқылды атропиннен 0,03 г құяды. Малдың тыныштығы кете бастаса венаға 15-20 грамдай хлоралгидрат немесе 25 проценттік новокаин ерітіндісінен 400-500 мл құяды да, тері астына аминазин жібереді.

































Шектің кебуі жел шаншуы, шек метеоризмі

Шектің кебуі - жылқыда жиі кездесетін аурудың бірі. Аурудың негізгі асқыну белгілері мыналар: 1) шекке келіп түскен азық тез ашып, онда көптеп газ жиналады; 2) жылқы қартасының түйілуінен шекте пайда болған газ кептеліп шықпай қалады (А. В. Синев).

Ауру себептері. Малға тез бөртетін және бұзылған азық бергеннен, бұршақ тұқымдас өсімдігі бар жерге жайғаннан, малдың жебір болуынан пайда болады.

Ауру белгілері. Мал қатты шанышқақтап ауырады. Денесі терге малшынып, көздің дәнекер қабығы қанталап, шектің кебуі күшейгенде көгеріп кетеді. Ауырған мал ентігіп, тыныс алуы ауырлайды да, ол минутына 50—70-ке дейін жиілейді, тамыры минутына 80—120 рет соғады. Құрсағы тырсиып, аш бүйірі мықынға қарай жылжыған. Ауру алғаш басталғанда ішінің жиырылып созылуы күшейіп, сосын бәсеңсіп, ал шектің кебуі асқынғанда мүлде білінбей кетеді. Іштің жиырылып созылуы әлсіресімен, малдың нәжіс тастауы да тоқталады. Мал күшенгенде, аяқ астынан жығылғанда ішінен кептеп газ шығады. Тік шегіне қол сұғып тексергенде, шектің барлық бөліктерінің қатты кепкендігі байқалады.

Шектің кебуіне көбінесе оның түйіліп, шатысуы себепші болады.

Ауру барысы. Шектің кебуі тез арада өтіп, ауырған малдын көбі толық жазылып кетеді. Малдың өліміне оның ауру зардабынан тұншығуы, бүйенінің, қартасының жарылуы, қартаның түйілуі, диафрагманың жарылуы, жүрек параличі себепші болады.

Емі. Ауырған малдың венасына 8, 12, 15 немесе 20 г мөлшерінде хлоралгидрат құяды, осыдан кейін мал жатып, ұйықтай бастайды, шегі газдан тазарады. Егер газ бөлінбесе онда қарта түйілген болып есептеледі. Малға 10 - 20 грамдай новальгин немесе 0,3 : 10 мөлшерінде папаверин ерітіндісін беру ұсынылады. Ауру алғаш басталганда малға іш жүргізетін және драстикалық дәрі-дәрмектер беріп, салқын клизма жасайды және малдың құрсағына салқын су бүркіп, массаж жасайды. Іштегі ашу процесін бәсеңдету үшін, малға 8—15 г ихтиол, 10—15 г креолин немесе лизол, 15 г 2 проценттік формалин срітіндісі, 2—3 г тимол немесе ментол, 8—10 г бетанафтол беріледі. Малдың шегі қатты кеуіп, тұншыға бастаса, бүйенді сыртынан немесе тік шек арқылы теседі.






Энтералгия

Энтералгия деп шек бунақтарының біреуінің не екіншісінің алма кезек түйілуін айтады. Шек бұлшық етінің қатты жиырылуы (түйілуі) шектің ауық-ауық түйіліп шаншуына себепші болады.

Ауру себептері - малдың жаурауынан салқын су ішіп шекке суық тигеннен, тоңазығынан азықты жегеннен, малды қарлатып немесе ертең шыққа жайғаннан болады.

Ауру белгілері. Малға ауық-ауық шаншу тиеді.Шаншу басылған аралықта мал мүлде сау сияқты көрініп тіпті азық жей бастайды. Шектің жиырылып созылуы күшейіп, кейде тоқтаусыз жиырылады. Ауру ұстағанда малдың нәжісі,несебі және газы бөлінеді. Нәжісі қышқыл реакциялы кілегейлі келеді, жеген дәні бітеудей түседі. Кейде малдың аздап іші өтеді.

Ауру барысы. Ауру тез басталып, тез басылады да, мал бірнеше сағаттан кейін жазылып кетеді.

Емі. Тері астына аминазин, атропин, папаверин немесе платифиллин құяды. Ауырған малды новокаиынмен емдейді, ауырған жерді жылылап орайды, жылы клизма жасайды, дезинфекциялайтын және азықтың ашуына қарсы қолданылатын препараттар береді, ромашка қосылған жылы су ішкізеді. Энтералгия – малды дұрыс азықтандырмаудан болса, іш жүргізетін дәрілер – косторка майымен тұзды ерітінді беріледі.




















Аш ішекте жынның іркілуінен болатын шаншу

Аш ішекте жынның іркілуін химостаз деп атайды. Химостаз тез аскынып, шектегі жын кептеліп, кейде мүлде жүрмей қояды. Химостаз—даму барысына - қарай он екі елі шек химостазы және мықын - ішек химостазы болып бөлінеді.

Ауру белгілері. Он екі елі шек химостазы көбінесе жас кұлынға ірі азықтар бергенде пайда болады. Бұл химостаздың ауру белгілері пилороспазма ауруындағыдай, яғни ауырған малға шаншу тиіп, қайта-қайта кекіріп, үсті-үстіне күшеніп, кейде құсады. Ішіне зонд сұққанда біраз газ бен сұйық жын шыққанымен, зонд сұққаннан кейін біраз уақыт өткен соң іші қайтадан газ бен жынга толып кетеді. Осыдан барып малдың халі қайтадан нашарлай түседі. Кейде ауырган мал 10—12 сағаттан кейін өліп қалады.

Мықын шек химостазы оның шығатын тесігінде пайда болады (бұл барлық шектің ішіндегі ең жіңішкесі).

Химостазбен ауырған малға ауық-ауық жеңіл шаншу тиіп, дірілдеп-қалшылдап бір орында тұра алмайды. Кейде шаншу қатты ұстайды. Кей кезде іші қатып қалады. Малдың химостазбен ауырғанын анықтау үшін тік шекке қол сұғып тексереді: бүйен мен байланысқан мықын шекті қолмен ұстағанда, онын білеудей болып ісіп кеткені сезіледі. Ауру 2—3 күнге созылады да, кейде ауырған малдың шегі жарылуы не асқынуы, улануы не тұншығуы салдарынан өліп кетуі мүмкін.

Емі. Он екі елі шек химостазында қарынға зонд сұғып, ішке кілегейлі қайнатпа не аздап минералдық май құйған жөн. Егер мүмкіндігі болса, онда шектін түйілген жерін тауып, оны тарқатып жібереді.

Мықын шек химостазасының спазматикалық формасында малға наркотик қолданылады. Ол үшін венаға спиртке араластырылған хлоралгидрат құяды.

Химостаздың басқа формасында малға кілегейлі қайнатпа, өсімдік немесе минералдық май беріледі, сондай-ақ тік шек арқылы мықын шекке массаж жасайды.









Тоқ шекке нәжістің кептелуінен болатын шаншу

Тоқ шекке нәжістің кептелуін копростаз деп атайды. Копростаз көбінесе үлкен тоқ шек пен соқыр шекте, кейде кіші тоқ шек пен тік шекте пайда болады. Бұл ауру үлкен тоқ шек пен соқыр шекте жайлап, бірнеше күнде тіпті бір аптаның ішінде қалыптасады.

Белгілері. Копростаздың қарын тәрізденіп кеңеюі баяу қалыптасады. Бұл параличті шаншудың ең жиі кездесетін түрі. Копростаз ауруы алғаш білінгенде мал кеудесін керіп, сол жак аш бүйіріне алақтап қарай береді. Ауру қабынғанда немесе кілегей қабығы некрозға шалдыққанда қатты шаншиды. Малдың тәбеті аурудың ақырына дейін сақталады. Шектің жиырылып-созылуы әлсіреп, нәжісі жүрмей қалады. Мал қатты күшенгенде және ауру зардабынан мазасы кеткенде нәжісін аз-аздап тоңғақтап тастайды.

Копростаздың қарын тәрізді кеңеюі тік шекке қол сұғып тексергенде анық білінеді. Шек қабырғасы бос, ал шектегі нәжістің қап-қатты екендігі аңғарылады.

Кіші тоқ шек копростазы өте қысқа уақытта қалыптасып, шек жолына нәжіс тез кептеліп қалады. Мұндайда мал катты шаншулап, нәжісі жүрмей, үнемі күшене береді. Сыртқы кілегей қабықтары қанталап, тамыр соғуы әлсірейді, яғни минутына 80—100 рет соғады. Тік шек арқылы тексергенде кіші тоқ шек желге толып, қатты ауырсынады, Шектің нәжіс кептелген орны жұдырықтай болып үлкейіп кетеді.

Соқыр шек копростазының қалыптасуы мен барысы баяу өтеді. Копростаздың алғашқы сатысында кейде малдың іші өтіп, артынан нәжісі тоңғақтап жүрмей қалады. Аурудың басқа белгілері кіші тоқ шектегі сияқты.

Тік шек арқылы соқыр шекті тексергенде, оның мықын жағындағы тұсы томпайып, қолмен басқанда қап-қатты болып тұрады.

Емі. Копростаздың қарын тәрізді кеңеюінде бүйрек маңына блокада жасайды. Ол үшін шек тампонаторымен шекке екі шелектей жылы су, ал мұрын - асқазан зондысы арқылы күніне 2 рет 500 грамдай глаубер тұзын береді және осымен бірге қарынға екі шелектей жылы су жібереді. Сонымен қоса, тері астына ареколин немесе карбохолин құйып, сыра ашытқысын береді. Осындай ем қолданылса мал 2—3 күнде жазылып кетеді. Малдың аурудан өлуі сирек кездеседі. Кіші тоқ шек копростазында малға өсімдік майын не минералдық май беріп, жылы сумен клизма жасайды, тік шекке жайлап массаж жасап, кептелген нәжісті не алға не артқа қарай итереді. Мұндай емнен ешқандай нәтиже шықпаса, онда операция жасауға тура келеді.

Соқыр шек копростазында кептелген нәжісті жұмсарту шарт. Ол үшін мұрын-асқазан зондысымен шек тампонаторымен немесе соқыр шекті тесіп орнатылғаи троакар гильзасымен шек-қарынға көптеп су құяды. Мұрын-асқазан зондысымен бір күнде (5—8 рет) 6—8 шелектей жылы су, троакар гильзасымен соқыр шекке 3—5 литрдей ас тұзының әлсіз ерітіндісін немесе глаубер тұзы ерітіндісін құяды. Тампонатор арқылы шекке су құярдан бұрын, тесетін жерді паралюмальмен жансыздандырған жөн. Осымен бір мезетте малға күніне бір рет 1—2 литрдей вазелин майын, іш жүргізетін дәрі ретінде орташа тұз, ареколин, фурамон беріледі. Сондай-ақ бүйрек маңына блокада жасалады.































Шектің түйнелуі — механикалық илеус

Механикалық илеус деп шектің толық тарылуын айтады.

Ауру себептері. Шектің түйиелуін: странгуляциондық илеус және обтурациондық илеус деп екіге беледі. Странгуляциондык илеус — шек өз осі арқылы айналғанда, шектің іші не сырты жарық болып қысылғанда, оның сіңірлері, дәнекер тканьдері, ен бауы қатты тартылғанда пайда болады. Странгуляциондық илеус — шек қуысына тас пен конкременттердің (ерімеген тұздың) кептеліп тұрып қалуынан, ал ірі қарада — минералдық және витаминдік заттардың жетіспеуінен әрі түрлі жұмсақ және қатты заттарды жұтуынан, қойда — жүнді жалмап, соның шекте домалақтанып қалуынан, итте — әртүрлі тығынды, ұсақ тастарды, биллиард шарын, балалар ойыншығьп т. б. жұтып қоюынан болады.

Ауру белгілері. Странгуляциондық илеус алғаш басталғанда малға қатты шаншу тиеді. Кейіннен шаншу басылып, мал тыныштала бастайды. Азық аш шектен мүлде жүрмей қалғанда малдың қарны қампиып, өзіне тән ауру белгісін аңғартады. Мұндайда нәжіс пен газдың шығуы мүлде тоқтап қалады.

Қарынға зонд сұққанда, одан едәуір жын алынады. Жынның сыбағалы салмағы 1006—1010 шамасында, түсі қоңырлау, күлімсі иісі болады; жалпы қышқылдылығы өте жоғары — 60 титр ед. Тұз қышқылының дефициті өте жоғары, өтке жасалған байқау (проба) жақсы нәтиже береді (положительный), кейде онда сүт қышқылы кездеседі.

Тік шекке қол сұғып тексергенде оның кілегей қабығы кеберсіген, бұдырлы екендігі, шектің кейбір бунақтарының кепкені, әрі қатты керіліп, араласып кеткені сезіледі. Кейде мұндай тексеруде странгуляция орны қолға жақсы білініп, шек бунақтарының колбаса тәрізді тырсиып кеткендігі, қолмен басқанда мал қатты ауырсынатыны аңғарылады.

Ауру малдың қанын тексергенде эритроцит саны 10—15 миллионға дейін, гемоглобин— 100—140 процентке, белок—10—14 миллиграмға дейін көбейіп, РОЭ-сі баяу жылжиды (15 минутта 2—5—10 бөлік).

Малдың бүйірін тескенде көптеген пунктаттар алынады, оның түсі қызғылт немесе қызыл, сыбағалы салмағы өте жоғары, құрамындағы белок 4 проценттен астам. Шекті тілгенде пунктатта азық немесе нәжіс массалары кездеседі.

Шектің іші бітелуі немесе обтурациондық илеус малдың барлық түлігінде кездеседі.

Ж ы л қ ы д а — үлкен тоқ шек пен кіші тоқ шек аралығындағы шек жолы таспен немесе конкрементпен бітелгендегі ауру белгілері, шектегі жынның қарын тәрізденіп бітелу белгілерімен бірдей, тік шекке қол сұғып тексергенде шектегі кептелген тас немесе конкремент анық байқалады. Кіші тоқ шек бітелгенде малдың қатты тынышы кетіп, тік тұра алмай тайғанақтай береді.

Ірі қарада, көбінесе жұмыршақ пен ұлтабардың арасындағы санылау бітеледі. Оған жүн, шуы, шүберек, орамал т. б. бітеліп қалуы мүмкін. Мұнымен ауырған ірі караның іші кеуіп, нәжісі жүрмей қалуы, артынан іші өтуі, азыққа тәбеті шаппауы, тез арықтауы мүмкін.

Ит ауырғанда құсады, азыққа тәбеті болмайды, іші қатады. Ішін басқанда қатты ауырсынады, кейде - іште кесек заттың бар екендігі сезіледі.

Аурудың барысы мен ақыры. Странгуляциондық илеус пен ауырған малдың кейбіреуі ғана жазылып кетеді. Шек ішінен бітелгенде, егер операция жасау қажет деп саналмаса, ауырған мал көбінесе аман қалады.

Емі. Странгуляциондық илеусті емдеудің сәтті аяқталуы өте сирек кездеседі. Асқынған илеусте әр 3—5 сағат сайын малдың ішіне зонд сұғып, қарынның қатты тырсиюуын басады. Организмдегі артық суды кетіру үшін, малдың венасына тәулігіне 2—3 реттен 1000 мл мөлшерінде изотониялық ерітінді құяды. Іш жүргізетін дәрі-дәрмек берудің қажеті жоқ. Ауру зардабын басу үшін тыныштандыратын дәрі-дәрмек береді. Шап және ұма жарығынан болатын илеусте шек бунақтарының түйілген жерін жазады.

Шек жолына тас, конкремент немесе басқадай заттар бітелсе, оның негізгі емі операция жасап алып тастау.



















Тромбо-эмбалдық шаншу

Тромбо-эмбалдық шаншу деп шектің белгілі бір бөлігіндегі артериясымен келген тығын (ұйыған қан) немесе эмболмен (қан ағысымен келген тығын) бітелуін айтады. Шек тромбо-эмболында шек жолы жартылай бітеліп қалады.

Ауру себебі. Шек эндотелийін қатты тұмсықты жәндіктің личинкасы (Delefondia vulgarus) жарақаттауынан болады. Осының салдарынан болатын эндоартрит ауруы тромбаның пайда болуына себепші болады.

Ауру белгілері. Малдың қан айналысының бұзылуына қарай аурудың жеңіл және ауыр түрі болады. Бұлардың әрқайсысы малға шаншу тиюден басталады. Шаншу тимеген уақытта мал тынышталып, жемшөп жеп, су ішеді. Кейіннен шаншу тию күшейіп, ұзаққа созылады, ауыр түрінде — үздіксіз шаншу ұстайды. Малдың тастаған нәжісі қалыпты, кейде ол сұйыктау, кей кезде оған қан араласады. Аурудың ақырында малдың іші қатады. Ауру асқынғанда малдың іші кеуіп, кейде зақымданған шегіне жыны кептеліп қалады.

Тік шекке қол сұғып тексергенде шектің кейбір бунақтарының кепкендігі, алдыңғы шажырқай артериясының кеңігендігі байқалады; ауру малдың нәжісіне қан араласады. Қарынды тескенде қанды экстравазат немесе таза қан шығады.

Тромбо-эмболиялық шаншуды («қан тамырлы шаншу») кейде энтералгиямен шатыстырып алады. Бұл ауруға тән белгілер мыналар: энтералгияға қарағанда, мұнда артерия қан тамыры едәуір кеңиді, мал шаншулайды қолқадан шығатын дыбыс өзгереді, ауру ұзаққа созылады (бір тәуліктен астам), мал ауырсынып, арқасынан жатады, нәжісі өзгереді және атропин нашар әсер етеді.

Емі. Шектегі қан айналысын қалпына келтіру үшін тері астына 15—20 грамдай камфара майын, кофеин құйып, венасына ас тұзының физиологиялық ерітіндісін жібереді. Ауру зардабын бәсендету үшін 25—50 грамдай хлоралгидратпен клизма жасайды; шек қатты кепкенде, оны тесіп, желін шығарады; нәжісі жүрмей қалғанда бүйрек тұсына блокада жасайды, іш жүргізетін тұз береді, шекке тампонада қояды (жара қуысын дәкемен тығындау).







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!