Материалдар / Әсем қала - Алматы!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әсем қала - Алматы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Әсем қала - Алматы!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2024
217
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:____________________

Күні: 16.04.2024ж

Сынып: 7 «В»

Сынып жетекші: Садыкова Ж Ж

Сабақ тақырыбы:

Әсем қала - Алматы!

Жалпы мақсаттар, мен міндеттер:

Оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру. Оқушылардың танымын, ойын, тілін дамыту. Өз пікірлерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін, сөздік қорын байыту. Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің қалаларының өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактив тақта, слайд суреттер

Әдістері

Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын түрлері.

Кіріспе

Алматы (1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы)) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. 1921 ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деген жаңа атқа ие болды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін» деген бұйрық шығарды.

1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.

1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV-ші бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады.

Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түрксіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырында басталды.

1930 жылдың 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Осы арқылы Кеңестер Одағының екі ірі экономикалық ауданы Сібір мен Қазақстанды қосылды. 1-мамырда Түрксіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.

1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.

1930-1935 жылдары темірлі құйматастан, күйген кірпіштен құралған, жер сілкінісіне төзімді материадцардан салынған байланыс үйі, ішкі істер министрлігінің клубы,Түрксіб темір жолы басқармасы, "Ала­тау" кинотеатры, т.б. алғашқы ірі ғимараттар бой көтерді.

Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.

1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың күзінде қала тұрғындарының саны 100 мың адамға жетті.

Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн сом қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн сом қаржы бөлінді.

Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.

Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту көзделді.

1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдары қала көптеген өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы м жер берілді, көшіріліп әкелінген 26 мың адамды қабылдау үшін жер бөлінді. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. ЛенинградКиевМәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.

Со­ғыс жылдары Қазақ опера жөне балет театры (1941), ал 1950 жылы Қазақстан ғылым академиясының бас ғимараты мен Үкімет үйін салу қолға алынды.

Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы — 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды.

1949-1950 жылдары Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғау шаралары қолға алынды.

«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жылдары Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы м мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы м баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.

Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді. 1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

1998 жылдың 1-шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

Алматыда 1 897 143 адам тұрады (2019), 2023 ж санақ бойыншы 2 161 700 адам тұрады

Алматы қаласы 8 ауданнан тұрады:
    Алатау ауданы
    Алмалы ауданы
    Әуезов ауданы
    Бостандық ауданы
    Медеу ауданы
    Наурызбай ауданы
    Түрксiб ауданы
    Жетiсу ауданы


Өңдеу өнеркәсібінде өнім үлесі ең көп салалар:

  • Азық-түлік өнеркәсібі - 38,0%;

  • Көлік жасау - 15,4%;

  • Целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп және баспа ісі - 10,3%;

  • Кен өнеркәсібі - 10,3%;

  • Құрылыс заттарын өндіру - 7,6%

Театрлар

-Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры

-Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры

-М.Ю.Лермонотов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

-Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер және балаларға арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры

-Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театры

-Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры

-Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры

-Республикалық академиялық неміс драма театры

-«ARTиШОК» театры

-Республикалық қуыршақтар театры

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті:

Оқушы іс-әрекеті:

Қызықты деректер

1. Алматы қаласында орналасқан телевизиялық мұнараны қалаға келіп, көрмей қалу мүмкін емес. Биіктігі 372 метрді құрайтын бұл объект әлемнің ең биік мұнараларының қатарына кіреді. 1984 жылы қолданысқа берілген мұнараның құны — 600 млн рубльді құраған.

2. Алматы метросы — Қазақстандағы тұңғыш, Орталық Азиядағы екiншi, ТМД-дағы 16-жерасты жолы.

3. Алматы қаласында 1960 жылы Ұлы ақын Абай Құнанбаевқа ескерткіш қойылды. Биіктігі 13,7 метрді құрайтын Абай Құнанбайұлының мүсіні ақынға арнап қойылған тұңғыш ескерткіш ретінде ерекшеленеді.

4. «Қазақстан» қонақ үйі — Алматы қаласының символдарының бірі. Ол қаладағы жер сілкіну қаупі бар аймақта орналасқан, сейcмикалық жағынан берік, биіктігі 102 м алғашқы заңғар ғимарат.

5. «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешені әлемнің ең үздік трамплиндерінің қатарына кіреді.

Сұрақ жауап

-Алматы қандай қала?

-Алматыда қандай ірі мәдени орталықтар бар?

-Алматы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

-Сонымен, кім айтады, біздің бүгінгі тақырыбымыз не болмақ?

- Алматы қаласы бұрын қалай аталған?

- Алматыда қандай оқу орындары бар?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді


Қорытынды

Ал, балалар бүгінгі тәрбие сағаты өз мәресіне жетті, түсінбеген сұрақтарың болса сұраңдар, түсінгендеріңді ойларыңа тоқып, алдағы уақытта қолданады деп ойлаймын.
Әлі де білімдеріңді жетілдіріп отырыңдар. Алда Алматы қаласы сіздерді күтіп тұрған шығар.
Біздің тақырыбымызға араласып өздеріңнің білімдеріңді көрсеткендеріңе рахмет, сау болыңыздар!

Алматы қаласы Алатау ауданы № 182 ЖББМ







Сабақ тақырыбы: Әсем қала - Алматы!









Сынып жетекші: Садыкова Ж Ж





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!