Материалдар / Әскери қызметіндегі ғылымдар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әскери қызметіндегі ғылымдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Әскери қызметтегі ғылымдар туралы қысқаша түсінік. Әскери ғылым— әскери өнері мен жауынгерлік даярлық мәселелерін зерттейтін ғылымдар. Жалпы әскери істі, жүріп жатқан немесе болуы мүмкін соғыстың әскери-стратегиялық сипаты мен заңдылықтарын, соғысушы немесе соғысуы мүмкін қарсылас жақтардың мақсатын, әскери күш-қуатын, құрамын, әскери-техникалық, саяси-моральдық ахуалы мен соғыс жүргізу тәсілдерін тағы басқа әскери мәселелерді зерттейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2022
548
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Семей қ. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі білім беру ұйымдары студенттері арасында

«Әскердегі және менің мамандығымдағы физика және математика»атты Семей қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушыларын шақыра отырып қашықтықтан өтетін қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция













Асхарбеков Жалғас Кенжебекұлы

«Әскер қызметіндегі нақты ғылымдар»

Ғылыми жетекшісі:Сулейменова Жанат Мендыгалиевна





Ғылыми дәрежесі:Радиотехника және байланыс колледжінің 2курс студенті

Лауазымы:Студент

Мекеменің толық атауы:Радиотехника және байланыс колледжі

Семей қаласы

E-mail:askarbekovzhalgas2005@mail.ru











«Әскер қызметіндегі нақты ғылымдар»

Әскери ғылым— әскери өнері мен жауынгерлік даярлық мәселелерін зерттейтін ғылымдар. Жалпы әскери істі, жүріп жатқан немесе болуы мүмкін соғыстың әскери-стратегиялық сипаты мен заңдылықтарын, соғысушы немесе соғысуы мүмкін қарсылас жақтардың мақсатын, әскери күш-қуатын, құрамын, әскери-техникалық, саяси-моральдық ахуалы мен соғыс жүргізу тәсілдерін тағы басқа әскери мәселелерді зерттейді. Әскери ғылым — соғыс кимылдарын жүргізу құралдары мен тәсілдерін, соғыс өнері мен заңдарын зерттейтін ғылым саласы. Ол Қарулы Күштердін құрылысы мәселелерінің теориялық негіздерін және практикалық нұсқамаларын жасайды, әскери өнердің принциптерін анықтайды. Қазіргі заманғы әскери ғылымның құрамдас бөлімдері соғыс өнерінің теориясы (стратегия, оперативтік өнер және тактика), Қарулы Күштер құрылысының теориясы, саяси жұмыс теориясы, әскери экономика теориясы және т.б. болып саналады. Ол, сондай-ақ, Қарулы Күштер құрылымының теориялық негіздері мен тәжірибесін қалыптастырады, соғыс өнерінің даму бағдарын анықтайды, Қарулы Күштер түрлері әскери іс-қимылдарының мейлінше тиімді әдістері мен формаларын іздестіреді және олардың жан-жақты қамтамасыз етілу мәселелерін қарастырады. Саяси мақсат-мүдделерге байланысты қарсыласқа айналуы ықтимал жақтың және өз Қарулы Күштері мен одақтастарының әскери күш-қуатын, ғылыми-техника жетістіктері мен экономика мүмкіндіктерін сараптайды.

Қазіргі әскери ғылымның негізгі құрамдас бөліктері мыналар болып табылады: ұрыс қимылдарын жүргізудің, әскери техникаларды қолданудың теориясы мен іс-тәжірибесін қамтитын әскери өнері [2](тактикастратегия тағы басқа); қарулы күштердің ұйымдастырылуы және азаматтардың әскери даярлығы мәселелерімен шұғылданатынәскери құрылыс теориясы; Қарулы Күштердің жауынгерлік құрамын әскери оқыту-үйрету және тәрбиелеу теориясы (әскери педагогикаәскери психология); Қарулы Күштерді материалдық-техника жағынан жабдықтау және қаржымен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын әскери экономика теориясы; соғыстар мен соғыс өнерінің тарихын зерттейтін әскери тарих; әскери іс-әрекеттер аймағы, кейбір елдердің географиялық орналасу ерекшеліктерінің соғыс қимылдарын жүргізудегі маңызын, әскери топография мәселелерімен шұғылданатын әскери географияәскери қызметшілер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау, соғыста жараланған және ауырған адамдарға көмек беру, Қарулы Күштерді медицина жабдықтау және оның жауынгерлік құрамына медициналық жәрдем беру ісін ұйымдастыру, әскери денсаулық сақтау саласының теориясы мен іс-тәжірбиелерін зерттеу және жетілдіру ісімен айналысатын әскери медицина; әскери іс-қимылдардың демографиялық дамуға қатысты мәселелерін қарастыратын әскери демография және тағы басқа әскери ғылымның жетістіктері мемлекеттік әскери доктринасын жасау барысында пайдаланылады. Қазақ халқының дәстүрлі әскери өнерінен және қазіргі заманғы отандық қолбасшылар мен ғалымдар (қ.Бауыржан МомышұлыЛ.Қ. Бақаев) еңбектерінен бастау алатын қазақ отандық төл әскери ғылым 20 ғасырдың ақырында ғана қалыптаса бастады. Республикада ғалым Л.Қ. Бақаев әскери ғылым саласында алғашқылардың бірі болып, докторлық диссертация қорғаған (1997).

Әскери тарих —әскери істің ежелгі уақыттан бастап қазіргі кезге дейінгі даму

қарулы күштердің өткені мен соғыстарды зерделейтін ғылым, сондай-ақ, әскери қайратқерлердің іс-тәжірибесі, тарих ғылымының бір саласы болып табынады. Әскери тарихтың құрамды бәлімдеріне кіретіндер: соғыстар тарихы, қарулы күштер құрылысының тарихы, әскери техника тарихы, әскери ойлар тарихы. Әскери тарихтың арнайы саласы әскери тарихнама, әскери-тарихи деректеметануәскери археографияәскери археология және әскери статистика болып табылады. Әскери өнер мен соғыс тарихы әскери тарихтың жетекшісі, сондай-ақ ол әскери ғылыммен тығыз байланыста болады. Әскери стратегия (Военная стратегия) — ел мен Қарулы Күштерді соғысқа дайындау теориясы мен тәжірибесін, стратегиялық операцияларды және тұтастай соғысты жоспарлау мен жүргізуді қамтитын әскери өнердің құрама бөлігі, оның ең жоғарғы саласы. Әскери стратегия теориясы соғыстың зандылығы мен сипатын, әны жүргізу тәсілдерін зерттейді, стратегиялық операцияларды және тұтастай соғысты жоспарлаудың, дайындаудың және жүргізудің теориялық негіздерін жасайды. Әскери стратегия Қарулы Күштердің стратегиялық міндеттерін және оларды атқару үшін кажет күштер мен құралдарды анықтаумен, Қарулы Күштерді, Әскери іс-қимыл театрын, экономиканы және халықты соғысқа дайындау бойынша шараларды жасау және жүзеге асырумен, стратегиялық операцияларды жоспарлаумен, Қарулы Күштердің жазылуын ұйымдастырумен және соғыс барысында оларды басқарумен, сондай-ақ ықтималды қарсыластың соғыс және стратегиялық операцияларды жүргізу бойынша мүмкіндіктерін зерттеумен айналысады. Әскери стратегия саясатпен байланысты және оның мүддесінде қызмет етеді. Соғыс уақытында саясат пен әскери стратегияның әзара байланыстылығы әскери-саяси басшылықтың бірыңғай органдарын құруда көрінеді. Әскери стратегияның сипаты мен мәніне мемлекеттің экономикасы және әлеуметтік-саяси құрылысы айқын әсер етеді. Әскери педагогика (Военная педагогика) — Қарулы Күштердің әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің зандыkықтарын зерттейтін педагогика саласы. Әскери педагогика әскер жағдайында жеке құрамды әскер ісіне үйретуге, саяси санасын арттыруға, олардың жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттерін дамытып, нығайтуға негізделеді. Әскери педагогика өз міндеттерін орындауда қазіргі Қарулы Күштер мен соғыс міндеттерінен туындайтын әскерлерді оқыту мен торбиелеу жүйесінің бірыңғай принциптерін басшылыққа алады, әскерлердің ұрысқа дайындығын жетілдіреді. Қарулы Күштердін әскери және саяси дайындығы принциптерімен қатар, Әскери педагогика жалпы педагогиканың ғылыми принциптерін ұстанады. Ол принциптер мыналар: көрнекілік, оқыту, саналылық пен үйренушілердің белсенділігі, алған білімнің беріктігі, әқытудың жүйелілігі мен бірізділігі, үйренушілермен жеке жұмыс жүргізу

Әскери психология — әртүрлі әскери іс-әрекеттердің психологиялық мәселелерін, оның әлеуметтік тарихи жағдайларға сәйкес даму деңгейлерін, жауынтерлердің жеке басының даярлығын, әскери ұжымдардың жауынгерлік қабілетін, саяси қырағылығы мен әзірліктерін зерттейтін психология ғылымының арнаулы саласы. Кеңес үкіметі тұсында әскери психология Кеңестік армия құрылуымен қатар пайда болып, мемлекеттің қарулы күиггерін және Отан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында дамып келді. Әскери психологияның ғылыми астары оның теориясы мсн практикасын жетілдіру, әскери қызметтегілерді оқыту, тәрбиелеу, оларға ақыл-кеңес беріп, солдаттардың жауынгерлік рухын көтерудің психологиялық аспектілерін зерттеуге арналады. Әскери психологияның негізгі мәселелері: әлеумет, еңбек, инженерлік және педагогикалық психологиямен байланысты. Әскери психология: әскери-әлеуметтік, әскери-авиациялықәскери-теңіз психологиясы салаларына бөлінеді. Бұл салалар ерекше жағдайлардағы (экстремалдық) әскери құрамалардың тыныс-тіршілігінде туындап отыратын құбылыстар мен зандылықтарды зерттейді. Әскери психология дербес ғылым ретінде бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында дүниеге келді. Онда ірі әскери құрамаларға басшылық ету, ұрыс даласында жеңісті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Егеменді, тәуелсіз Қазақстан жағдайында әскери қызметтің сан саласында әскери психологияның іргесін қалаушы Бауыржан Момышұлы болды. Ол қазақ, орыс тілдерінде "Соғыс психологиясы" еңбегін жазды.

Қорытындылай келе Әскер қызметіндегі ғылымдар «Әскер» сөзінің мағынасын терең жеткізілуін қамтамасыз етеді.Әрбір ғылым ол жетістікке бір қадам.Жас сарбаздарды әскери ғылымдармен оқытып,түсіндіріп,көрсете

алсақ,қазақ жері үшін күресетін патриоттарды тәрбиелей аламыз!!!!

































Қолданылған әдебиеттер

  1.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Ме

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!