Материалдар / «Аскөкті үй жағдайында өсіру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Аскөкті үй жағдайында өсіру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Аталмыш жоба «Валеология және экология» бағыты бойынша таңдалып алынды. Бұл сала бойынша зерттеу жұмысы жүргізілді. Яғни, аскөктің пайдасы, оның пайдалану аясы және үй жағдайында өсірудің тиімді әдісі мен оны күтуде қажетті жағдайлар тәжірибе арқылы анықталып қорытынды жасалды. Зерттеу барысында бақылау, зерттеу, жинақтау сияқты қарапайым әдістер пайдаланды. Нәтижесі анықталып, жобаны дамытудың жаңа кезеңдері мен мақсаттары анықталды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
1934
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі КММ











ҒЫЛЫМИ ЖОБА



«Аскөкті үй жағдайында өсіру»



Авторы: Тұрғанбекова Еркежан 4 «Б» сыныбы




Ғылыми жетекшісі:

бастауыш сынып мұғалімі

Киякпаева Шынар Казыркановна






2021 жыл

Түйіндеме

Аталмыш жоба «Валеология және экология» бағыты бойынша таңдалып алынды. Бұл сала бойынша зерттеу жұмысы жүргізілді. Яғни, аскөктің пайдасы, оның пайдалану аясы және үй жағдайында өсірудің тиімді әдісі мен оны күтуде қажетті жағдайлар тәжірибе арқылы анықталып қорытынды жасалды. Зерттеу барысында бақылау, зерттеу, жинақтау сияқты қарапайым әдістер пайдаланды. Нәтижесі анықталып, жобаны дамытудың жаңа кезеңдері мен мақсаттары анықталды.


Ғылыми жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Киякпаева Шынар Казыркановна


Зерттеу барысы: Аскөк туралы ақпарат көздерін, кітапханаларды, ақпараттық құралдарды пайдалана отырып мәліметтер жинақтап, көрнекілік материалдарды іздестірдім Осы тапқан материалдарды жинақтап, зерттеу барысында туған сұрақтарға жауап іздеп, қорытынды жасадым.

Зерттеудің болжамы: аскөктің медициналық және косметикалық пайдасын анықтау. Үй жағдайында өсірудің тиімді тәсілдерін таңдау.


Жұмыстың кезеңдері: 
Тақырыпқа қатысты материалдар жинақталып, жүйеленді.
Жинақталған мағлұматтар іріктелді, жұмыстың бағыт – бағдары айқындалып, жоспар құрылды.
Жұмыс жасалып, зерттеу бөлімі тиянақталды, қол жеткізген нәтижелер анықталды.

Зерттеудің әдістері: Жұмыста зерттеу, талдау, салыстыру және жинақтау, түрлі қызықты ақпараттар қолданылды.

Эксперимент әдістемесі:
Зерттеу барысында нысана туралы ақпарат алу үшін бақылау жасалып,тікелей сол тақырыпқа қатысты адамдармен сұхбат жүргізілді. Жаратылыстану пәнінде тәжірибе жасалды.

Зерттеудің мақсаты: Аскөк өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Аскөктен дайындалатын тұнбаларға сипаттама бере отырып, олардың жасалу жолдарына зерттеп танып-білу.

Міндеттері:

1. Аскөктің сан алуан қыр-сырын ашу;

2.Оның адамзат өміріндегі алатын орнын айқындап, маңыздылығын ашу;

3. Аскөктің медицинада қолданысы мен олардың адам ағзасына пайдасын зерттеп танып-білу;

4. Аскөктен дайындалатын тұнбалардың дайындалу жолдары мен оның емдік қасиеттерін көрсету.


Өзектілігі:


Аскөктің медицина және дұрыс тамақтанудағы пайдасы мен косметика саласына да кең қолданысқа ие болғанын атап көрсету, қол жетімді әдіс арқылы оны үй жағдайында өсіріп әр адам денсаулығын жақсартуға жағдай жасай алатындығына өз жеткізу.











МАЗМҰНЫ





І. Кіріспе …..............................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім

2.1   Аскөктің өсімдігіне сипаттама......................................................5

2.2  Аскөктің түрлері...............................................................................9

2.3  Аскөктің пайдасы мен емдік қасиеттері....................................14







ІІІ. Қорытынды ....................................................................................22

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................23

















I Кіріспе



Аскөк адамзат баласына қажетті өсімдіктің бірі. Адамзатты аскөксіз елестету мүмкін емес. Сондықтан аскөк денсаулыққа, тағамға және жан-жануарға қосарланып айтылған. Тіпті аскөксіз ешқандай тағамға дәм кірмейді деп айтуға болады. Өйткені ұлан-ғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындардың тағамы, дәрумені, денсаулығы осы аскөкке байланысты болады екен.

Етке деген тәбеті татымды қазекем көк шөпке мұрын шүйіре қарайтыны рас. Астың дәмін келтіретін түрлі көк шөптердің ағзаға пайдалы екендігін біле тұра, аса қолай көре бермейтіні тағы бар. Көк шөп түгіл, картоп пен қырыққабаттың өзін бертінде ғана ас мәзіріне әзер енгізгені де белгілі. Тағамның дәмін кіргізетін шөптің төркіні Қазақстан емес. Әрине, шетел. Бір бумасының өзі бүгінде 45-50 теңгеге, кей аймақтарда тіпті 100-150 теңгеге дейін шыққан шөпті өсіріп, шаш етектен табыс тауып отырған шаруашылықтар жетерлік. Расында, бір қарағанда майда-шүйде болып көрінсе де, көзін тапсаң, өкірте өнім береді. 

А скөктердің химиялық құрамы әртүрлі элементтерге бай келеді. Әрбір отбасының дастарқанын аскөксіз елестету қиын. Аскөк құрамындағы С витамині және В витаминдері, сонымен қатар кальций тұзы, калий, темір, фосфор қышқылдары кездеседі. Аскөк қасиеті ананың балаға беретін сүтінің құрамында болады екен. Сонымен қатар аскөк бас ауруына, ұйқы безінің жақсы жұмыс жасауына пайдасын тигіздеді. Аскөктің Өзбекстанда 243 түрі, Арменияда 269 түрлері бар. Осы түрлердің барлығы 5 сортты құрайды. Аскөк пайдасын осылай білуімізге болады.

Аскөктер біздің елімізде өте ертеректе алынып келген екен. Аскөк жер жүзіне кең тараған өсімдік. Әсіресе мына біздің Оңтүстік өңірлерде көптеп өсіріледі.


II.  Негізгі бөлім


2.1. Аскөк өсімдігіне сипаттама



Аскөк – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Шыққан жерлері Сирия, Түркия, Үндістан. Қазақстанда иісті аскөк өседі. Оның сабағының биіктігі  40-120 сантиметр болады, бұтағы тік келеді. Өткір хош иісті болады. Жапырақтары жіңішке, үшкір, көп тілімді, түсі жасыл. Гүлдері майда, ашық сары, қос жынысты. Тұқымдары ұсақ сопақша, түсі сұрғылт қоңыр, тұқымының айналасы жұқа қатпарлы қабатпен көмкерілген.

Аскөктің тағамды дәмдендіргіштік қасиетімен  қоса дәрілік қасиеті бар екенін біздің жыл санауымызға дейінгі адамдар жақсы білген. Оны көне Египетте бауыр сырқатын емдейтін дәрі деп қараған. Ол бүгінде әлем халықтарының барлығында қолдан өсіріліп, күнделікті қажеттіліктерін өтейді. Аскөк бір жылдық немесе екі жылдық болып келеді. Оның биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді. Жағдай талғамай еккен орынға жақсы жерсініп, бойлап өсе береді. Ол шатырша гүлділер тұұымдасына жатады.

Аскөк құнарлы топырақта екі, үш жыл бойы өседі. Жасыл жапырақтарында аскорбин қышқылы, каротин, хош иісті дәм беретін эфир майлары бар. Аскөк тұқымын күзде немесе ерте көктемде 10-12 күн аралығында, бірнеше қайталап себеді. Жапырақтарының биіктігі 15 см-ге жеткенде 25-30 күннен кейін, ал тұқымдарын 80-120 күннен кейін жинап алады.


Аскөкті тағамға көктей не өңделген түрде қосады. Көкөністерді тұздауға дәмдеуіш ретінде пайдаланады.

Аскөкті тұздау және кептіру жолымен мол етіп дайындауға мүмкіндік береді. Тұздау үшін гүлдеп үлгермеген жас аскөк іріктеліп, оның тамырын кесіп, жақсылап жуу керек. Содан кейін пышақпен немесе шапқымен турап кесіп, банкаға салады. Банкаға салған соң тұз сеуіп  (1 кг аскөкке 200 г тұз себеді) шырыны шыққанша нығыздау қажет. Екі күннен соң, яғни ол шөккеннен кейін тұздалған аскөкті салқын температурада тоңазытқышта немесе жертөледе сақтау оңтайлы.

Аскөк өсірудің әртүрлі жолдары бар. Аскөк жолдарда, өзен жағасында, ормандарда, таулы аймақтарда да кездеседі екен.


2. 2  Аскөктің түрлері


А скөктер көбінесе өте жылы климатты аймақтарда өседі. Көлдер, теңіздер, мұхиттар, өзендер жағалауында өседі. Таулы аймақтарда, орманды алқаптарда, жол жағалауында да өседі. Аскөктің көптипті, қысқа жасаушы, бір жылдық шөптесін түрлері, қолшатырлы және т.с.с. түрлері болады. Ерекше көп кездесетін түрі екпелі аскөк немесе бақшалы аскөктер. Сонымен қатар жабайы аскөктер де кездеседі. Жабайы түрлері Азияда, Африкада, Иранда, Гималай тауларында өседі. Аскөктер жылы, ыстық, күн шуақты аймақта өседі. Күн салқындаған сайын немесе қаракөлеңкелі жерде өсе алмайды.

Аскөктер ұрықты және көшетті болып бөлінеді және егіледі. Өте қарапайым, жеке өзі өсетін, биіктігі 40-120 см, ашық-жасыл түсті, жоғарғы жағы бұтақты түрлері кездеседі.

Аскөктің пайдасы мен емдік қасиеттері

  • А скөктер көбінесе тағамға қосуға пайдаланылады. Аскөк адамның тамаққа деген тәбетін кіргізеді. Аскөктер әртүрлі дәмді салаттар жасауға да қолданылады. Аскөктер өте күшті иісі мен дәмі арқылы ерекшеленеді. Жас аскөк жапырақтары приправалармен бірге ыстық, суық тағамдарға да қосылады. Қырыққабаттарды, қияр, қызынақтарды тұздауға пайдаланылады. Аскөктер адам организіміне өте пайдалы. Әртүрлі ауруларға емдік қасиеттері бар. Бауырға, бүйрекке, асқазан ауруларына пайдасы зор. Аскөк құрамында ( темір, калий, кальций, фосфор ) болады.

  • Аскөктер медицинада өте көп пайдаланылады. Олардың жапырақтарының гипертониялық ауруларға пайдасы зор. Аскөк ұрықтары бронхит ауруларына, аллергиялық және тері ауруларына, гемморой ауруларына да пайдасы бар. Қолшатырлы аскөктер көбінесе аптекалық дәрі дәрімек ретінде қолданылады. Адам ағзасының әлсіреуіне, көз жанарының жақсы көруіне, уақытша арықтауына да пайдасы көп тиеді. Сонымен қатар порфимериялық косметикаларды дайындауға да аскөктің пайдасы бар. Аскөктерден тіс тазалағыштар, крем, иіссулар жасауға пайдаланады.

Аскөктің пайдалану аясы.

1. Аскөктің ұнтақталған дәнінен бір шай қасықты бір стақан қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста бір сағат бұқтырады. Іш жүрмей қатып қалған кезде осыдан әр жолы 2 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді. Аталған ауруға арпа және аскөк тұқымынан алып, ұнтақтап, оған алоэнің кептірілген қабығынан қосып, соның бір шай қасығын бір стақан қайнап тұрған суға салып, жарты сағат жабық ыдыста бұқтырады. Осыны бір ас қасықтан ас алдында күніне 3 рет ішетін болса, ішек жұмысын реттейді.

2. Зәр жүрмей бегеліп қалса ұнтақталған аскөк тұқымынан 2 ас қасықты, ырғай тамырынан ұнтақталған 3 ас қасықты, жантақтың шөбінен бір ас қасықты, алоэнің құрғатылып, ұнтақталған жапырақ үгітіндісінен бір ас қасықты араластырып алады да осыдан бір ас қасықты 300 г қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста жарты сағат ұстайды. Дәрі дайын. Осыдан бір ас қасықты ас алдында, 3 күніне үш рет ішеді. Бір емделу барысы 15 күн.

3. Адамның ұйқысы қашып, көңіл-күйі бұзылған кезде бір стақан аскөк тұқымын ұнтақтап, оған екі ас қасық ұнтақталған шүйгін шөп тамырын қосады да, жарты литр таза кагор шарабына салып, 20 минут ақырын қайнатады. Осыны 2 сағат бұқтырып қойып, жатар алдында сүзіп, 50 грамнан ішеді. Бір емделу барысы 7 күн.

4 . Өт пен бүйрекке тас байланған кезде 2 ас қасық аскөк шөбін тұқымы, шөбі, жапырақтарын ұнтақтап, 500 г кайнап тұрған су құйып, су моншасында тағы 20-30 минут ұстайды. Осыны бұқтырып, салқындаған соң жылыдай ас алдында 3-4-ке бөліп ішеді. Бір емделу барысы 21 күн.

5. Зәр жолдарының ауруына, зәр бөгеліп, жолдары ашып ауырған кезде бір ас қасық аскөк тұқымын бір стақан қайнап тұрған суға 20-30 минут жабық ыдыста бұқтырып, сүзіп, бір ас қасықтан күніне 5-6 рет ішеді.

6. Қан қысымының өзгеруіне бір ас қасық ұнтақталған шөбін 250 г қайнап тұрған суына салып, 30 минут бұқтырады. Осыны астан бұрын жарты стақаннан ішіп, 10 күнге жалғастырады.

7. Аллергиядан тері бүлініп, қотырланғанда аскөк шырыны мен шөбін суға қайнатып алып, екеуін қосады да қотыр үстінен компресс жасайды.

8. Көздің көру қабілеті нашарлап, үстіңгі қабатына жұқа қабат өсіп шыққан кезде аскөк шырынына таза дәкіні батырып, көзге компресс жасайды.

9. Дене күйіп қалған кезде аскөк шырыны мен шөбінің қайнатындысын жылыдай көзге компресс жасайды.


Аскөкті өсіру үшін жеңілдеу субстраттарда қолданған жөн. Аязға сезімтал түрлерін алдымен қатпайтын жерлерде отырғызу керек. 15-ші мамырдан кейін ғана ашық аспан аясында отырғызған жөн.

Ыдысты 2 см қалатындай топырақпен толтыру қажет. Ұрықты ыдысқа бірқалыпты себу керек. Ұсақ ұрықтарда үстінен топырақ салмаған дұрыс. Ірі ұрықтарына үстіне жұқа қабатпен (0,5-1 мм) топырақ себу қажет.


Қорытынды

  • Сонымен қорытындылайтын болсақ, аскөктердің түрлерін, шығу тарихын, пайдасын білдік. Аскөктер жер шарының жобалай айтқанда 40 % өседі екен. Олар табиғат талғамайды, өзіне жағымды климатта мекендейді. Аскөктер сулы, таулы, құрғақты, аралас ну орманды және батпақты жерлерде мекендейді екен. Яғни күй талғамайды. Аскөктер медицинада, тағамтану ғылымында, жан жануарлар әлемінде де пайдасы зор. Өзінің мекен ету ортасына байланысты әртүрлі аттарға ие болады. Өзім аскөкті өсіріп көру арқылы оны қалай егу, қалай баптау, қалай суғару, қандай температурада сақтау қажет екендігін біліп түсініп алдым. Аскөктердің көптеген түрлерінің жоғалып кетпеуіне жол бермеу керек. Оларды күтіп баптау қажет екен.













Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»
(Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)
2. «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж
3. «Ботаника »сисметика растений. Москва «Просвещение »1975 г
( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)
4.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
5. Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 2012 05.06. № 6 басылым.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!