Материалдар / "Асқабақтың түрлері"ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Асқабақтың түрлері"ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Көкеністер туралы мектеп оқушыларынан бастап ересектерге дейін білуі тиіс, өйткені оның пайдалы не пайдасыз жағын бііп түсініп өзіне керектілерін алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2021
615
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ
азақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті






Асқабақтың түрлері.



















Мамандық: 5В060700 Ғылыми биология

Курс: 3

Группа: 305

Студент аты-жөні: Бектен Азиза


Мазмұны:

  • Аңдатпа

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Асқабақтың шыққан жері.

  • Асқабақтың түрлері.

  • Асқабақ тұқымын үй жағдайында отырғызу

  • Асқабақтың денсаулыққа пайдасы.

  • Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

































Аңдатпа

Асқабақтың табиғи және биологиялық құрамын анықтай отырып, оның пайдалы жақтарына зерттеу жүргізу арқылы нәтижелерді практикалық қолдану, салаларын анықтау.

Қазақ дастарханында асқабақтан пісірілген тағамдар қойыла бермейді. Оның еті мен дәнінен, пілегінен емдік дәрілер жасалатынын, халық медицинасында бауыр ауруы емінің бірден-бір шипасы асқабақ жеу екенін біле бермейтіндер де көп. Және де базарларда асқабақтың бағасы қымбат болғандықтан, оны күнделікті ас мәзірінде қолдану үшін сатып алушылар да аз. Осы асқабақ қандай өсімдік, қазақ жеріне ол қайдан әкелінді, оны қандай ауруларға пайдалануға болады, құрамында нендей дәрумендер бар, бұл жөнінде де нақты деректерді табу қиын. Сол себепті, бау-бақша өсірушілермен, халық емшілерімен, асқабақты зерттеушілермен ақылдаса отырып, біз бүгін мың бір дертке дауа асқабақ туралы әңгіме қозғамақшымыз.


Кіріспе.

Асқабақ (cucurbita) – асқабақ тұқымдастарына жататын бір және көп жылдық шөптесін, қолдан өсірілетін өсімдік, усыз, дәмді жеміс. Ол біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болып, 15 ғасырдың соңында Мысырға әкелінген. Асқабақ Қазақстанның барлық өңірлерінде, әсіресе, оңтүстік аудандарында көбірек өсіріліп, тағамда, мал азығында пайдаланылады. Бір және көп жылдық өсімдік – асқабақтың қазақ жерінде 13 түрі өсіріліп келеді. Оның 60-80 келілік ірі жемісті мал азығына, мускатты тәтті, хош иісті түрлері тағамда пайдаланылып, дәмді де нәрлі құнарлылығымен қазақтарға да ежелден белгілі болып отыр. Яғни, асқабақтар: асханалық, мал азығындық. Ал, мұның сыртында түрі де, түсі де әртүрлі келетін сәндік асқабақтар да бар. Сондай-ақ, асқабақтың шөлмекке ұқсаған сорттары да кең тараған. Мұндай асқабақтардың қабығы қатты болғандықтан, оңтүстік өңірде ондай асқабақтан сұйық заттар мен сусымалы ұсақ заттар сақтайтын ыдыстарды жасайды.Асқабақты пісіріп те, қуырып та шикілей де ем үшін тартылған етке қосып тұшпара жасап та жеуге болады. Асқабақтың піскен піспегенін сабағына қарап айырады. Асқабақтан диеталық тағамдар да әзірленеді. Пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі Асқабақтың жемісінің құрамында: 15-18 пайыз құрғақ заттар, 8-10 пайыз сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибафлавин бар. Дәніндегі май мөлшері: 20-40 пайыз және асқабақтың құрамында 90,3 пайыз су белок,клетчатка, күл де кездеседі.адам денсаулығына . Асқабақ майында омега-3, омега-6 май қышқылдары на өте бай. өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге ерекше бай. Олар: С, В1, В2, В5, Е, РР және ағзадағы зат алмасу процесін жеделдетін Т, қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері және калий, калций, темір. С дәрумені – 8 мг. Қабығынан тазартылған (кілегей қабығымен бірге) тұқымы ішек құртына қарсы (қоймалжың, қайнатылған түрде) қолданылады, асқабақтың жемісінен (ұрығынан) каротин (А провитамині) алынады. Асқабақ майы. Ол –денсаулыққа пайдалы табиғи өсімдіктегі зат .Асқабақтың майы 90 пайызға жуық қанықпаған майларды 45-60 пайызға дейін линолді қышқылды құрайды. Пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге ерекше бай.


Негізгі бөлім.

Асқабақтың сабағының ұзындығы 2-10 метр, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек тәріздес, гүлі қос жынысты, ірі, сарғыш түсті, тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге шырмалып өседі, жемісі ірі, пішіні дөңгелек, сопақша, түсі әртүрлі, шырыны жұмсақ, дәмді. Мінеки, асқабақтың негізгі сипаты осындай. Ол – экологиялық таза өнім. Тұрмыста асқабақ майы қуырылған асқабақтың дәнінен сығып алынады. Осы майдың өзіне тән ерекшеліктері: түсі – қошқыл жасыл немесе қою қоңыр, иісі өткір, хош иісті, дәмі тәтті. Яғни, асқабақ майы – биологиялық белсенді зат. Құрамындағы белсенді май қышқылдары: пальмитин, стеарин, олеин, линол қышқылдары, стериндер, фосфолипидтер, каротинойдтар; дәрумендер мен микроэлементтерге де бай. Асқабақ майында қанықпаған майлар бар, ол тағамның сіңіп, жеңілдеп, зат алмасуының тездеуіне жәрдемдеседі. Соның нәтижесінде, ағзадағы асқорыту, зәр шығару мүшелерінің жұмысы күшейеді. Қазір дамыған елдерде асқабақ майы биологиялық белсенді зат – фитопрепарат ретінде қолданылып жүр. Бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған асқабақ көкөнісі адам денсаулығына пайдалылығы жағынан өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге аса бай.


Асқабақтың шыққан жері.

Асқабақ- қияр, қарбыз, қауын сынды бақша көкөністерінің туыстасы. Асқабақты жеуге жарамды және техникалық (түтікше және музыкалық аспаптар жасалатын) деп екіге бөледі. 


Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады екен. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейтіндігін білдім. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. 

А
сқабақ
асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка


Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990  ISBN 5-89800-008-9


Асқабақтың түрлері.


Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралыпты. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі екен.


Асқабақтың азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсірілетіндігін түсіндім. Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді - түкті келеді. Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары болады екен.


Барлығының шамамен 20 түрі бар. Жабайы түрлер Азия, Африка және Американың жылы аймақтарында кең таралған; көптеген түрлері сәндік (мысалы, «бұйра асқабақ») ретінде немесе жеуге жарамды жемістер үшін өсіріледі. Асқабақтың ауылшаруашылық жануарларын азықтандыру үшін қолданылатын арнайы жемдік сорттары да бар.


Көпжылдық түрлердің ең көп тарағаны:

Cucurbita ficifolia Bouché - інжір жапырақты асқабақ [син. Cucurbita melanosperma A. Braun ex Gasp.], Жапырақтары інжір ағашының жапырақтарына ұқсас, және ірі (қалыңдығы 40 см-ге дейін) дөңгелек-жұмыртқа тәрізді түрлі-түсті жемістермен, тәтті целлюлоза және қара тұқымдармен;

Cucurbita foetidissima Kunth - сасық асқабақ [син. Cucurbita perennis E. James], негізінен Солтүстік Америкадан шыққан, биіктігі 10 м-ге дейін жабысатын сабақты дамытады, етті, күл-сұр, қатты-түкті, тұтас тар-үшбұрышты жапырақтары бар, ұсақ (тауық жұмыртқасының мөлшері) дөңгелек, қою жасыл өте ащы жемістер ...

Ж
ыл сайынғы түрлердің ішінде көбінесе қарапайым немесе асүйде өсірілетін асқабақ (Cucurbita pero L.) (син. Cucurbita verrucosa L., Cucurbita pyxidaris DC. Және басқалары); бұл асқабақтың үлкен қатты жапырақтары мен әр түрлі пішіндегі және мөлшердегі жемістері бар сабағы бар; мәдениетте бұл түрдің 100-ге дейін сорты


https://stan.kz/wpcontent/uploads/2016/12/PX3jA2E0k5rp4ezV-lg.jpg


бар, олардың отаны белгілі (Солтүстік Америка); сорттары жемістердің пішіні, мөлшері және түсі бойынша ерекшеленеді, олардың кейбіреулері жеуге жарамды жемістер береді, ал басқалары сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі («фигуралы асқабақ» деп аталады), мысалы:


Cucurbita pepo var. гиромонтия - ұзын, цилиндрлік немесе конус тәрізді жемістері бар, асқабақ, оның ішінде цуккини деп аталатын көкөніс, тегіс немесе кесек немесе бойлық қырлы.

Cucurbita pepo var. клипеата немесе депресса - сәндік асқабақ, бойлық қырлы, қатты былғары жемістері бар.

Басқа түрлері:

Cucurbita maxima Duchesne - алып асқабақ (әйтпесе, жемістерге байланысты, Cucurbita turbaniformis, pileiformis және т.б.), мысалы, Cucurbita turbaniformis Aief., Жемісі тақияға ұқсайтын жемістермен, әртүрлі пішіндер мен мөлшерде жеміс береді («) турбан асқабақ «), Cucurbita ecoronata (мысалы, жүз фунт асқабақ, мамонт, бадам, булон асқабақ және т.б.) - орталықта өсіп-өнбейтін жемістер және т.б.; бұған бұтақ асқабақ деп аталатын ұзын өрмелейтін өсінділері жоқ («кірпік жоқ», «мұртсыз») жатады.

Cucurbita moschata Duchesne - Баттернут асқабағы немесе мысырлық асқабақ, жылы елдерде өсірілген, мускус иісі бар.

Cucurbita palmata S. Watson - пальма тәрізді асқабақ

  • Cucurbita digitata Grey-саусақты асқабақ.[2]” Фурса Т. Б., Филов А. И. Культурная флора СССР / Ред. тома О. Н. Коровина, Т. Б. Фурса. — М.: Колос, 1982. — Т. XXI. Тыквенные (арбуз, тыква). — С. 145—261. — 279 с. — 2000 экз.





























Асқабақ тұқымын үй жағдайында отырғызу.




Асқабақ тұқымын отырғызу үшін мен 3 тәсілді қолдандым.


  1. Мақтаны ылғалдандырып, тұқымды мақтаға салып қоямыз.

  2. Кран суына тұқымды салып қоямыз.

  3. Шірінді немесе қара шіріндіні суға араластырып, тұқымды суға саламыз.

Осы үш тәсілмен үй жағдайында асқабақ көшеттерін өсіретін боламыз. Мен көшет

өсіруге қарапайым сары(ашық сары) асқабақтың тұқымын алдым.


  1. К
    ран суы

2.Шірінді немесе қарашірінді қосылған су









3.Ылғалды мақта




Б
әрін егіп жылы жерге қойып қойдым. Енді тұқымның өнгенін күтеміз.








Асқабақтың денсаулыққа пайдасы.

Асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі екен. Сонымен бірге жүрегі әлсіздерге, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден - бір пайдалы ас. Асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» күйген денеге таңуға да болады екен. Интернеттен халық емі ретінде отқа, ыстық суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сары етін алып таңса күйіктің ыстығын алып тез жазылуға себеп болатынын оқыдым. Пікір білдіргендердің ішінде мұны дәрігерлер де мақұлдапты. Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін емес. Сонымен қатар ол:

асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қан аздықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.

Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп - жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жоятын қасиетке ие дейді.

Сонымен қатар, мал шаруашылығына пайдасы өте зор екен. Сиыр малының сүйіп жейтін азығы, асқабақты жем ретінде берсе сиыр малының сүті мол, майлы және де тәтті болады. Оның дәлелі ауылда апамның замандас досы Бейсен апа деген кісі Ержан атаның ғана үйінен сүт алып ішетінін, сиырларының сүті магазиннің «айналайын» деген сүтіндей екенін айтып отырғанын естідім.Асқабақ майының пайдалы қасиеттері.
Орта ғасырларда - ақ асқабақ тұқымдарының пайдалылығы оның мәйегінен кем емес екені мәлім болған, олардың құрамында 40% дейін аса пайдалы тағам майы бар екен. Асқабақ тұқымынан алынатын майдың емдік қасиеттерін құрметтегін соншалық, Австрияда (бұл елде асқабақ майын қолмен өндіру тарихы басталған), австриялық азаматтардың денсаулығы үшін аса пайдалы болатын асқабақ тұқымының майы тек қана дәрізат ретінде қолдану керек, сондықтан оны тек қана дәріхана дүңгіршектерінде сатуға болады деген арнайы жарлық шығарылыпты.. Сол баяғы кездерде осы өсімдік өнімінің қымбаттылығы туралы Еуропада асқабақ майының 200 грамдық бөтелкесінің құны « салмақты алтын жүзіктің бағасына тең болатын» деген факті айқын дәлелдейді.


Асқабақ майының ас қорыту жүйесіне әсері.

Асқабақ майы бұрыннан бері халық медицинасында бауыр мен өт қабының жұмысын жақсартатын құрал ретінде пайдаланылады. Өйткені асқабақ майының құрамына кіретін табиғи фосфолипидтер, қанықпаған май қышқылдарының, флавоноидтар, Т, А және Е дәрімендерінің кешені өт шығу үдерісін реттейді, бауыр құрылымын қалпына келтіреді де, оны май басудан қорғайды. Сондықтан, асқабақ майын жүйелі түрде тамаққа қолдану өт қабына тас байлану ауруы, бауырдың май дистрофиясы, вирустық гепатит сияқты ауруларда өте пайдалы болады.

Асқабақ майының құрамындағы пайдалы заттар

Асқабақ майы көптеген басқа астық майларынан аса бай минералды құрамымен ерекшеленеді, оның ішінде жетекші орынды мырыш, магний, кальций, фосфор, темір және селен алады.

Мырыш адам ағзасындағы көптеген үдерістерде маңызды рөл атқарады.

Магний де, мырыш сияқты, ағзамен инсулинді шығаруға қатысады, және де жүйке, бұлшық ет, жүрек - тамырлық және несеп шығару жүйелерінің қызметін реттейді. Ағзаға магнийдің жеткілікті түрде кіруі қуық безі ауруларының, бүйрекке тас байлану ауруының, атеросклероз бен қант диабетінің пайда болу тәуекелін төмендетеді.

Селен — темір қан ақуызы гемоглобиннің синтезінде маңызды рөл атқарады; кальций және фосфор сүйек және сіңір ұлпасының толыққұнды қалыптасуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті. Май бактерицидтік және жараларды жазатын қасиеттері бар хлорофиллге өте бай көрінеді.[3]”

Бернардино де Саагун. Общая история о делах Новой Испании. Книги X-XI: Познания астеков в медицине и ботанике / Ред. и пер. С. А. Куприенко. — Киев: Видавець Купрієнко С. А., 2013. — 218 с. — (Месоамерика. Источники. История. Человек). — ISBN 978-617-7085-07-1.



АPicture 1 сқабаққа сипаттама


Асқабақ бүкіл әлемде құнды өсімдік өсімдіктері ретінде танымал. Асқабақтан алынатын ыдыстар оңай сіңіріледі, құрамында көптеген пайдалы заттар бар және өте қол жетімді. Асқабақты дәнді дақылдарға қосып, дәмді шырын немесе қыша шығаратын үй шаруасындағы әйелдердің көпшілігі де, бағбандар да әртүрлі қызықты мәдениеттер бір атпен біріктірілгенін білмейді.

Сонымен қатар, бұл өсімдіктер әр түрлі түрлерге ғана емес, сонымен бірге мүлдем басқа мақсаттарға ие





Түрлері


C. digitata - fingerleaf gourd

C. ficifolia - figleaf gourd, chilacayote

C. foetidissima - stinking gourd, buffalo gourd

C. maxima - winter squash, pumpkin

C. mixta - pumpkin

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!