Материалдар / Асқар Сүлейменов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Асқар Сүлейменов

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2018
3831
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Созақ ауданы

Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат – лицей







Сынып сағаты

Тақырыбы: «Асқар Сүлейменов»





Сынып жетекші: Ж.Сүгірбаева

Сынып: 6«а»











Шолаққорған

2018-2019 оқу жылы


Күні: 24.09.2018 жыл

Сынып: 6 «а»

Тақырыбы: «Асқар Сүлейменов»
Мақсаты: Асқар Сүлейменовтың өмірбаянымен, еңбек жолымен, шығармаларымен таныстыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, фото суреттер

Әдісі: баяндау, әңгіме
Барысы:

Асқар Сүлейменов (1938–1992)  29 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Шорнақ ауылында туып, Созақ ауданында орта мектепте оқыған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін және сол институттың аспирантурасын бітірген. «Жұлдыз» журналында, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында, «Парасат» журналында қызмет істеген.   «Бесін», «Адасқақ», «Бесатар» прозалық кітаптардың, әдебиет және өнер жайлы жазылған көптеген мақалалардың авторы. «Арғымақ пен шабандоз», «Құлагер» киносценарийлерін жазды. «Кек», «Жазушымен жүздесу», «Жетінші палата» драмалары, «Болмыс пен бетпе-бет», «Кек» (2001) кітаптары жарық көрді. Ол Б.Брехтің, Е.Шварцтың пьесаларын аударған. 1996 жылы «Ситуациялар» триптихы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Жазушы туралы «Парасат падишасы» атты кітап шықты. Созақ және Сарыағаш аудандарында мектептерге ол кісінің есімі берілген.




Өмірбаяны

1959 жылы ҚазПИ-дің әдебиет-тарих факультетін(қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.

1962 жылы ҚазПИ-дің (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) аспирантурасын бітірген.

1961 жылы алғашқы сын мақаласы “Жол басы” “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде жарияланған.

Шығармалар

Бесін” (1970)

Адасқақ” (1988)

Бесатар” (1996) прозалық шығармалары

Кек” (2001) драмалық жинағы

Болмыспен бетпе-бет” (2001) сыни-эстетикалық, өнертанушылық жинағы

Төрт томдық шығармалар жинағы (2007-2009)

Арғымақтар мен адамдар” деректі фильмінің (1977),

"Ас" ("Құлагер") көркем фильмінің (1976) сценаршысы

"Баянел" ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу") сценарийін жазған

"Кек" драмасы Шымкент (қазіргі ОҚО) облыстық драма театрында (1980, режиссері Қ.Жетпісбаев)

"Төрт тақта-жайнамаз" (1989), "Жетінші палата" (1993), (Қыздай жесір-штата қысқарту" (1994) драма-диалогтары

Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. Режиссері Ә.Рахимов.

Сүлейменов жаңа идеяларды генерациялауға, қоғамға, ұлтқа қызмет етуге, идеяшылдықтан азат жаңа әдебиет жасауға ұмтылды, өз идеалы үшін күресті. Сүлейменов шығармаларын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады:

Сыншылық кезең. Алғашқы кезеңде ол көркем сын жанрына жекелік сипат дарытуға ұмтылды, көркем шығарманы көркем мәтін қағидасынан тыс талдады. “Түр туралы бірер сөз” (“Жұлдыз” журналы, 1963) мақаласымен әдеби ортада үлкен айтыс тудырған Сүлейменовтің көркемдік-эстетикалық ұстанымдары негізінен осы кезеңде қалыптасып айқындалды. “Өнердің өмірден айырмашылығы – өнер өмірден үйренбейді. Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамикасы бар. ...Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді” деп түсінген суреткер сыншы ретінде көркем шығармаға қояр биік талабын проза мен драматургияда жүзеге асырды. Ойы құнарлы, көркемдік құрылымы айрықша шығармалар туындатты.

Прозалық кезең. Прозалық кезеңде Сүлейменов шығармаларында XX ғасыр прозасының қағидалары толығымен дерлік көрініс берді, ол модернистқаламгер саналды. Қазақ әдебиетінде құбылыс ретінде бағаланған “Бесатар” повесі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Созақ көтерілісін соны көзқараста зерделеді.

Драматургиялық кезең. Суреткердің драмалық кезеңіндегі шығармалық жаңа өнер философиясы аясында талдауды талап етеді. Ол С.Ахмадтың “Келіндер көтерілісі”, М.Булгаковтың“Жендеттер”, Б.Брехттің “Сычуанның мейірі”, Э.Хемингуэйдің “Бесінші колонна”, Т.Уильямстың “Әйнек айуанхана”, т.б. пьесаларын қазақ тіліне аударған.

Марапаттары

Ситуациялар” үштағаны үшін (“Жетінші палата”, “Қыздай жесір – штат қысқарту”, “Төрт тақта жайнамаз” драма-диалогтары) Сүлейменовке ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді (1996).

Асқар Сүлейменовтің құрметіне

Сүлейменов есімі Созақ ауданындағы өзі оқыған мектепке (1994)

Сарыағаш қаласындағы бұрынғы Ильич атындындағы мектепке (1999) берілген.

Асқар Сүлейменовке арналған ескерткіш жазушының туған жері - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында оның атындағы мектеп алдына 2011 жылдың 21 желтоқсанында орнатылды. Ескерткіш жазушының жақын досы Ө.Исаевтың ұлы, белгілі кәсіпкер К.Исаевтың демеушілігімен орнатылды. Ескерткіштің ашылуына А.Сүлейменовтің отбасы, туыстары, достары, пікірлестері, аудан зиялылары жиналды. Жазушының туған жерінде оның есіміне аса құрметпен қарайтынын айта кету керек.

А.Сүлейменов туралы кітаптар

Ө.Қырғызбаев. "Асқар ұшқан ұя”. Деректі повесть. (1997)

Парасат падишасы”. А.Сүлейменов туралы естеліктер кітабы (1998)

Д.Тұрантегі. "Асқар әлемі". (2004)

А.Қалшабек. “А. Сүлейменов шығармашылығындағы рухани-көркемдік ізденістер”. Зерттеу.(2006).

Ә.Рахимов. "Пьесадан спектакльге дейін". (2011)

Т.Әсемқұлов. "Кемеңгер өмірінен бір үзік сыр". Эсселер. (2012)

Шығармашылығы ғалымдар Р.Сыздықова, Б.Құндақбаев, М.Қойгелдиев, Г.Пірәлиева, Ж.Жарылғапов, т.б.,

сыншылар Т.Тоқбергенов, З.Серікқалиұлы, С.Жұмабек, Б.Сарбалаев, Ә.Бөпежанова, т.б. еңбектеріне арқау болды.

Өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан беріде Асқар Сүлейменов өз шығармашылығымен замандастарына үлкен әсер етті. Оның әдебиеті бостандыққа, тарихи тамырларды, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтап қалуға шақырды. А.Сүлейменовтің әдеби мұрасында көптеген көркем аудармалар бар. Оның аудармалары арқылы оқырмандар Т.Карлейль, Мольер, Э.Хемингуэй, М.Булгаков, Б.Брехт, Т.Уильямс шығармаларымен таныса алды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!