Асқорыту жүйесінің
дабылы.
Мақсаты: Адам
күш-қуатының әлсіреу жолдарын анықтайды, тамақтану тәртібін
сақтау қажеттілігін
түсінеді.
Астың
саяхаты. «Сиқырлы сандықша » ойыны арқылы асқорыту
мүшелерінің қызметіне сипаттама беру.
Сұрақтар қойылып, әр оқушының жауаптары
талқыланады. Сұрақтарға асқорыту кезеңдерінің сипаттамасын
қолдануға болады, мысалы,
1. Астың ұсақталуы, сілекеймен араласуы, мұнда
көмірсулар сіңіріле бастайды. – Ауыз қуысында
болады.
2. Астың түйіршік түрінде өтуі. –
Өңеште.
3. Астың механикалық тұрғыдан қайта өңделуі,
асқазан сөлімен араласуы, нәруыздар сіңіріле бастайды. –
Асқазанда.
4. Қоректік заттар қанға сіңіріле бастайды. –
Ашішекте.
5. Қорытылмаған тамақ
қалдықтары нығыздалады, сыртқа шығарылады. –
Тоқішекте.
Асқорыту жүйесіне ұқсас
мысалдарды айтуын сұраңыз (жол, туннель). Асқорыту жүйесіне ұқсас
нені айта аламыз? (Қала, зауыт, жеке бөліктерден тұратын
механизм.)
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы
бағалауы.
Зерттеу мәселесі.
Оқушылар зерттеу жұмысының мақсатын анықтайды.
Зерттеу сұрағын құрастырады. Мысалы:
-
Ас неліктен біздің ағзамызда осынша ұзақ жол
жүреді?
-
Ас асқорыту жүйесінде қалай
қозғалады?
Зерттеудің мақсаты:
Адам ағзасындағы асқорыту үдерісі ұзақ уақыт
алатынын түсінеді.
Ресурстарды
дайындау. Ас
қорыту жолына қатысатын мүшелердің суретін
салу
Модель жасау.
Оқушылар асқорыту мүшелерінің үлгісін жасайды.
Әрбір асқорыту мүшесіне ондағы асты қорытуға жұмсалатын уақытты
көрсетіп, белгілеу. Әр топ асқорыту үдерісін мысалмен бейнелеп
көрсету үшін азық-түлік түрін өздері
таңдайды.
Зерттеу барысы.
•
Асқорыту жолы қандай мүшелерден тұратынын
талқылау. Жакаптарымен бөлісу..
•
Асқорыту жолын көрсететін таспаға ауызды
белгілейді. Қағазға суретін салып, жапсырмаға жапсыру. 1 минут деп
түрлі түсті маркермен жазу.
•
Ауыз қуысынан өңешке дейін – 8
секунд.
•Асқазан – 3 сағат.
•
Он екі елі ішек.
•
Аш ішек– 4 сағат. Жапсырмаға
жазады.
•
Тоқішек. – 10 сағат.
Ойлан. «Мен журналистпін» ойыны арқылы оқушылардан суды қалай және
қай уақытта ішкен дұрыс екендігін талқылау. Оқушылардың жауаптарын
салыстырып, қорытынды
шығару.
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы
бағалауы.
Сен білесің
бе? Оқушылар астың осынша
ұзақ жолды жүріп өтуі кездейсоқ емес екенін талқылау. Біздің
асымызды құрайтын әртүрлі тағамдардың қорытылуы үшін көп уақыт
керек екендігін
қорытындылайды.
Сергіту сәті. Әуенімен қимылдау.
.
34-жұмыс парағы. «Асқорыту мүшелері»,
36-б.
Асқорыту мүшелерінің
қызметі. Асқорыту мүшелері мен
оның қызметін сәйкестендіруге бағытталған
тапсырма.
Критерийлер:
-Асқорыту мүшесінің
суретін анықтайды;
-Берілген суретті оның
қызметімен сәйкестендіреді.
Дескрипторы:
-
Ас сілекеймен араласып, майдаланатын қуысын анықтай
алады;
-
Ас қоймалжың ботқаға айналып қорытылатын қуысты
анықтайды;
-
Жұтқыншақты асқазанмен байланыстыратын мүшені
біледі;
-
Қорытылған астың қанға сіңіп, ағзаға тарауына көмектесетін
мүшені анықтайды.
ҚБ мұғалімнің жазбаша кері
байланысы.
|