Материалдар / "Асқорыту мүшелері" 8 класс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Асқорыту мүшелері" 8 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар асқортыу мүшелері туралы толық мағтұматтар алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2018
918
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 21.02.12
Сынып: 8 Ә
Сабақтың тақырыбы: 45. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Ас қорыту мүшелерінің құрылсы туралы жалпы мағұлмат беру.
Сабақтың міндеттері:
а) білімділік: ас қорыту мүшелерінің құрылысы, ауыз қуысының құрылысы туралы айта отырып, олардың атқаратын қызметі жайында білімдерін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ауыз қуысы мүшелерінің атқаратын қызметі және құрлысын салыстырмалы түрде айта отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту.
б)тәрбиелік:ас қорыту мүшелеріміздің адам өміріндегі маңыздылығын айта отырып, оларды тазалыққа, ұқыптылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: практикалық−эвристикалық әдіс, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу, дәлелдеу.
Пән аралық байланыс: анатомия, медицина, валеология, дене шынықтыру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: тақта, таблица, оқулық, ауыз қуысының суреті, ас қорыту мүшелерінің құрылысының суреті.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру – 2 мин
2. Үйге берілген тапсырма – 15 мин
3. Жаңа сабақ – 20 мин
4. Жаңа сабақты бекіту – 4 мин
5. Үйге тапсырма – 2 мин
6. Қорытынды бағалау – 2 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылырмен сәлемдесу, түгелдеу, құрал – жабдықтарын тексеру.
2. Үйге берілген тапсырма
44. Ас қорытудың маңызы.
Оқушылардан сабақ сұрап, оларға қосымша сұрақ қоямын. Оқушыларды толық бағалау есебінде карточка беремін.
Берілетін сұрақтар:
1. Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процестері (ас қорыту)
2. Нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер неге жатады? (қоректік заттар)
3. Нәруыз текті зат (фермент)
4. Организмнің негізгі құрылыс материалы (нәруыздар)
5. Нәруызға тәуліктік қажеттілік (100г)
6. Организмдегі негізгі энергия өзі (көмірсулар)
7. Көмірсулардың тәуліктік қажеттілігі (400-500г)
Карточка сұрақтары:
1 карточка
1.Ферменттер дегеніміз?
2.Нәруыз дегеніміз?
2 карточка
1.Тамақ өнімдері мен қоректік заттар дегеніміз?
2.Көмірсулар дегеніміз?
3 карточка
1.Ас қорыту дегеніміз не?
2.Витаминдер дегеніміз?
4 карточка
1.Майлар дегеніміз?
2.Су мен минералды тұздар дегеніміз?
3. Жаңа сабақ
45. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.
Ас қорыту жүйесі ас қорыту жолы мен ас қорыту бездерінен тұрады. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы, шамамен, 8-10м. Ол ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, агш ішек және тоқ ішек, тік ішек болып бөлінеді. Ас қорыту жолы ұзына бойы кеңейіп қуыстар түзеді және тарылады. Ас қортыу жолының қабырғасы ішкі, ортаңғы және сыртқы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабатты эпителий ұлпасынан тұратын сілемейлі қабық болып табылады. Сілемейлі қабық жасушалары ішек арнасына сілекей бөледі, ал төмен орналасқан ұсақ бездер ас қорыту сөлін өндіреді. Ішкі қабатта қан тамырлары мен лимфа тамырлары көп. Ортаңғы қабат тамақтың ас қорыту жолымен қозғалысын қамтамасыз ететін бірыңғай салалы бұлшық еттен тұрады. Сыртқы беттен шажырқай бекінетін дәнекер ұлпалы сірнелі қабаттан тұрады.
Ауыз қуысының құрлысы: алдыңғы жағында ерін мен ұрт, жоғарғы жағы – қатты және жұмсақ таңдай, төмеңгі жағы – тіл мен ауыз түбінен, артқы жағы жұтқыншаққа өтеді. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлігі кішкене тіл түрінде болады.
Тіл сілемейлі қабықпен жабылған көлденең салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Ол мынадай аймаққа: түбір, дене және ұщы болып бөлінеді. Оның бетінде дәм сезу рецепторлары болатын пішіні әр түрлә бүртіктер орналасқан. Тіл түбірі – ащы, тіл ұшы – тәтті, ал бүйір жағындағы рецепторлар қышқыл және тұзды дәмге сезімтал. Тіл ернімен және жақпен бірге ауызекі сөйлеу функциясын атқарады. Ауыз қуысының бүйір және артқы жағында жұмсақ таңдай қатпарлар түзеді, олардың арасында таңдай бадамшасы орналасқан. Бадамша тіл түбірі мен аңқада бар. Бадамшада тіл түбірі мен аңқада да бар. Бадамшада тамақпен және ауамен енетін микробтарды фагоцитоздайтын лейкоциттер болады. Ауыз құысының артқы жағы ауызды өңешпен жалғастыратын шұңғыма тәрізді жұтқыншаққа өтеді.
Жұтқыншақ – ұзындығы 11-13см бұлшық етті мүше онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төмеңгі жағы таралып өңешке өтеді.
Өңеш – ұзындығы, шамамен, 25 см бұлшық етті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, XI кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.
Асқазан – ас қорыту жолының көлемді ұлғаюы. Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан. Пішіні сыйымдылығы 2-3 л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді. Асқазанда өңештің кіреберіс саңылауы мен ұлтабар басталатын шығу саңылауын ажыратады. Кішкене қарынның сілемейлі қабығы қатпарлар түзеді, олар тамаққа толғанда асқазанның созылуына мүмкіндік береді. Асқазан қабырғасының бірыңғай салалы бұлшық еттері асқазанды қозғалтатын сопақша, қиғаш және сақина тәрізді бұлшық еттерден тұратын үш қабат түзеді. Сақина тәрізді бұлшық еттер асқазанның ұлтабарға өтетін орнына сфинктер түзеді. Сфинктер тамақтың қоймалжың сұйық ботқасының асқазаннан ішекке өтуін реттейді. Асқазанның ортаңғы бөлігінде бездер болады. Олар не ферменттер, не тұз қышқылын, не сілемей бөлетін жасушаның үш түрінен түзілген. Тамақ асқазаннан аш ішекке түседі.
Аш (ащы) ішек – ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі. Оның ұзындығы 5-7 м және үш бөлікке: ұлтабар, аш ішек және мықын ішекке бөлінеді. Ұзынығы, шамамен, 25 см болатын ұлтабардың пішіні таға тәрізді, оған ұйқыбез бен бауыр өзектері ашылады. Аш және мықын ішектің сілемейлі қабығында ішек сөлін бөлетін түтік тәрізді көптеген бездер және жіңішке өсінділер – ішек бүрлері болады. Ішек бүрлерінің жалпы мөлшері 4 млн жетеді, бүр биіктігі, шамамен, 1мм, жалпы сіңіретін беті 250м. Ішек бүрлері бір қабатты эпителийден тұрады. Оның ортасынан қан тамырлары мен лимфа тамырлары өтеді. Ішек бүрлері рефлексті жиырылуға қабілетті. Аш және мықын ішекте астың қортылуы аяқталады да, негізінен, астың сіңірілуі жүзеге асырылады. Астың қортылмаған қалдығы тоқ ішекке өтеді.
Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 м және ол соқырішек, жиек ішек және тік ішекке бөлінеді. Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі ұзындығы 8-15см аппендиксі болады. Ол иммундық жүйенің мүшесі болып табылады. Оған қортылмаған ас қалдығы немесе ауру тудыратын микробтар түскенде қабыну процесі аппендицит пайда болады. Тоқ ішек қабырғасында бүрлер болмайды, аз мөлшерде сөл өндіретін бездер бар.
Ұйқыбез. Ұйқызбез асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан. Ұйқыбез өндіретін сілтілік реакция көрсететін ұйқыбез без сөлі ас қорыту да маңызды рөл атқарады. Ас қорыту қызметінен басқа ұйқыбез ішкі секрециялық қызметін де атқарады.
Бауыр – ең ірі без. Массасы шамамен, 1500 г. Ол қызыл қоңыр түсті. Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Бауыр күрделі түтікшелі без. Оның секреті өт.
Өт қабына бауыр үздіксіз өндіретін өт жиналады. Ас қорыту кезінде өт қабы және бауыр өзегі арқылы өт жалпы өт өзегіне ағады. Ол ұлтабар арнасына ашады. Бауыр көптеген улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады.
4. Жаңа сабақты бекіту
I. Жаңа тақырып бойынша оқушылардың қаншалықты игергенің тексеру сұрақтары.
1. Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
2. Ауыз қуысының құрылысы қандай?
3. Жұтқыншақ пен өңештің құрылысы қандай?
4. Асқазан құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
5. Аш ішек қандай бөлімдерден тұрады?
II. Жаңа тақырып бойынша тест сұрақтары
1.Адамда ас қорыту жолының ұзындығы?
а) 3-5м;
ә) 8-10м;
б) 15-18м.
2.Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
а) жұмсақ таңдайда;
ә) ұрттың сілемейлі қабығында;
б) тілде.
3.Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?
а) ауыз қуысында;
ә) жұтқыншақта;
б) өңеште.
4.Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады?
а) аш ішек;
ә) тоқ ішек;
б) ұлтабар.
5.Тоқ ішектің бөлімдері?
а) аш ішек, жиек ішек, тік ішек;
ә) соқырішек, тік ішек, ұлтабар;
б) соқырішек, жиекішек, тік ішек.
6.Аш ішек бөлімдері:
а) ұлтабар, тік ішек, аш ішек;
ә) ұлтабар, аш ішек, мықын ішек;
б) соқырішек, жиек ішек, тік ішек.
7.Ең ірі без
а) ұйқыбез;
ә) бауыр;
б) сілекей без;
8.Жұтқыншақ ұзындығы неше?
а) 3-5м;
ә) 8-10м;
б) 11-13м.
9.Өңеш ұзындығы қандай?
а) 25см;
ә) 8-10см;
б) 11-13см.
III.Дәптерлеріне кестені толтыру.


Ас қорыту жүйесі
Ас қорыту жолы
Ас қорыту бездері

ауыз қуысы
жұтқыншақ
өңеш
асқазан
аш ішек
тоқ ішек
сілекей бездері
бауыр
ұйқыбез


IV. Оқушыларға суреттің бетін жасырыам. Оны ашу үшін бетіндегі сұрақтарға жауап беру керек. Жасырылған суреттің ас қорыту мүшелерінде қандай қызмет атқарады соны айту керек.
1.Ауыз қуысының алдыңғы жағында не орналасқан? (ерін мен ұрт)
2.Тіл ерінмен және жақпен бірге қандай қызмет атқарады? (ауызекі сөйлеу фунциясын)
3.Ауыз қуысының бүйір және артқы жағында жұмсақ таңдай қатпарлар түзеді, олардың арасында не орналасқан? (таңдай бадамшасы)
4.Ас қорыту және тыныс алу жолдарында қиылысатын мүше? (жұтқыншақ)
5.Сақина тәрізді бұлшық еттер асқазанның ұлтабарға өтетін орнында не түзеді? (сфинктер)
6.Ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі? (аш ішек)
7.Тоқ ішекке қорытылмаған ас қалдығы немесе ауру тудыратын микробтар түскенде қандай процес пайда болады? (аппендицит)
8.Асқазанның астында екінші бел омыртқаның деңгейінде орналасқан без (Ұйқыбез)
9.Күрделі түтікшелі без (бауыр)
10.Массасы, шамамен, 1500г болатын без (бауыр)
5. Үйге тапсырма
45. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.
Оқып түсінік айту. Тақырып артындағы сұрақтарға жауап беру. Дәптерге термин сөздерді толықтай жазу.
6. Қорытынды бағалау
Сабаққа белсенді араласқан, үй тапсырмасына және сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!