Материалдар / «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 6 сынып, Т2
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Астана – мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 6 сынып, Т2

Материал туралы қысқаша түсінік
«Астана – мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 6 сынып, Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым. Айтылым. Оқу мақсаты: 6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; 6.2.6.1 тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2021
1833
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Астана – мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым. Айтылым.

Оқу мақсаты:

6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;

6.2.6.1 тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру;

Бағалау критерийі

* Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды

* Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Орындау уақыты: 15-20 минут


Оқылым: Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орында.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді», – деген еді.

Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера » театры асқақ сән-салтанатымен көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады.

Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған. Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес.

2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара» операсымен салтанатты түрде ашты.


1-тапсырма. Берілген сөздерді аудармасымен сәйкестендіріңіз. 2ұпай

1

Г

аумағы,көлемі

А

привлекает

2

В

таң қалдырады,таңдай қаққызады

Б

занавес

3

Б

шымылдығын

В

удивляет

4

А

көз тартады

Г

объем



2-тапсырма. Сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз: аумағымен, шымылдығын, сән-салтанатымен 3ұпай

1.Сол жақ жағалауда тұрғызылған «Астана Опера» ерекше .................................................. көркем.

2. «Астана Опера» өзінің .............................................. қатар көркем сәулетімен де таңдай қаққызады.

3. «Біржан – Сара» операсы салтанатты түрде театрдың ........................................................... ашты.


3-тапсырма.Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз. 1ұпай

1. «Астана Опера»

2. Елбасы

3. салынды

4. «Біржан – Сара» операсы

5. ашты


4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз. 2ұпай

1.«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры қай жылы салынды?

2010-2013 жылдары

2. «Астана Опера» Есілдің қай жағалауында орналасқан?

Есілдің сол жағалауында орналасқан

5-тапсырма. Берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетін 2 дұрыс тұжырымды анықтаңыз. 2ұпай

Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс

1

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен салынды.

+


2

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 2010-2013 жылдары салынбады.



3

«Астана Опера » театры Есілдің сол жағалауында орналасқан.

+


4

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Абзал Мұхитдиновтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды.





Айтылым.

6-тапсырма. Суреттер мен тірек сөздерді қолданып «Театрда өзіңді қалай ұстау керек?» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз. 6ұпай

Т ірек сөздер: театр, мәдениет сақтау, қағида, қойылым, уақыт, кешікпеу, киім, ұялы телефон, қошемет.










Бағалау критерийі

тап

сырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы


Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды

1

Берілген сөздерді аудармасымен сәйкестендіре алады.

2

2

көп нүктенің орнына сөйлем мазмұнына сай қажетті сөзді орналастырады;

3

3

Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жаза алады

1

4

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаза алады

2

5

Берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетін 2 дұрыс тұжырымды анықтай алады

2

Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырады

6

Сурет пен тірек сөздердің көмегімен әңгіме құрастыра алады


5


Әңгіме құрылымын сақтай алады

1

Барлығы

16



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!