Материалдар / "Астана қаласына саяхат" ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Астана қаласына саяхат" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңаша бағытта бірнеше әдіс - тәсілдер арқылы құрылған ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
87
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітемін: ________________


Бөлім:

4 - бөлім: Астана – мəдениет пен өнер ордасы.

Лексика. Неологизм сөздер. Термин сөздер. Диалект сөздер.

Кəсіби сөздер

Педагогтің аты - жөні:


Күні:


Сыныбы: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Астана қаласына саяхат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.6.1 – коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен сөз тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;

6.4.3.1 – неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;

Сабақтың мақсаты:

Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен сөз тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады, диалогке қатысады, ойын анық жеткізеді;

Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата біледі;

Құндылықтарға баулу:

Тәуелсіздік және Отаншылдық;

Мемлекеттік тілді білу;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу;

Үй тапсырмасы және топқа бөлу.

«WORDWALL» платформасы арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын және топқа бөлемін.

Сәлемдеседі. «Додокэдр» әдісі арқылы бір – біріне тілек айтады;

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады;


«Додокэдр» әдісі




«Kaspi gold» әдісі

Жаңа сабаққа кіріспе

10 минут

Тыңдалым.

«Астана – болашақтың қаласы»

«Фри» әдісі арқылы өткен жаңа сабақты ашу мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау жүргізеді.


«Сағат дос» әдісі арқылы бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Төмендегі сұрақтарға жауаптар береді:

1. Астана қаласының бұрынғы атауы қалай аталды?

2. Астана қаласы қай жылы құрылды?

3. Астанадағы басты ғимарат өайсысы?

4. Астана қаласындағы қандай ғимараттарды білесің?

5. Астана қаласында қандай көрме өтті?

6. Астана туралы қандай өлең білесің?

7. Астана қай өзен бойында орналасқан?

8. Астана қаласында орналасқан «Бәйтерек» қандай ғимарат?

9. Астана күні қашан?

10. Астананың жасы нешеде?

11. Астана қаласының ауа – райы қандай деп ойлайсың?

12. «Астана – Қазақстан халқының мерейі мен мәртебесі» дегенді қалай түсінесің?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

https://youtu.be/gX_7BlOcXGQ


«Фри» әдісі

«Сағат дос» әдісі

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен

ынталандыру.

«Kaspi gold» әдісі

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


5 минут


1 – тапсырма:

Ребусты дұрыс шеш. Жасырынған сөзге сипаттама бер.

Астана 360 градус

Дескриптор:

- ребусты шешді

-анықталған сөзге сипаттама береді

- жаңа сөздерді анықтайды

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

https://youtu.be/MrtIVa5cysE


«Kaspi gold» әдісі


6 минут



















5 минут

Грамматикалық тақырыпты түсіндіру және ережені таныстыру. Тақтамен жұмыс.

4 - тапсырма:

Берілген сөздерге ұйытқы сөздерді қосып, жаңа сөздер жаса.

Жол, әуе, баян, келіс, жаға, жарыс, сүндет, зейнет, мүшел, сая, мәлім, көсем, сый, ашық, мерей.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым -айтылым дағдысы қалыптасады.

Сергіту сәті: «Қалам»

Жазылым - айтылым:











Оқушылар «Қалам» сергіту сәтін орындайды.

Дескриптор:

- Берілген сөздерге ұйытқы сөздерді қосады

- жаңа сөз жасайды












Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

60 – бет

«Kaspi gold» әдісі


3 минут














4 минут

ТЖ. 5 – тапсырма

Мәтінді оқып, неологизм сөздерді анықтайды

Оқушылар топта бірлесіп, кластер құрып, қорғайды.


Дескриптор:

- Мәтінді оқиды

- Неологизмдерді табады

- Кластер қорғайды

Оқулықпен дәптермен жұмыс

63 – бет

https://youtu.be/z2dlN1guso8

«Kaspi gold» әдісі

8 - тапсырма.

Төмендегі сөздерден неологизмдерді анықтап, көшіріп жаз.


Оқушылар дәптерге жаңа сөздерді көшіріп жазады.



Дескриптор:

-Неологизмдерді анықтайды

-Көшіріп жазады

Постер

Маркерлер

https://youtu.be/btRHJ3PGnV0

«Kaspi gold» әдісі

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 минут


«Астана» әні ойнап тұрады. «Бәйтерек» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын стикерге жазғызып, «Бәйтерек» монументіне жабыстыртады.

Оқушылар әнді хормен орындайды.


Үй тапсырмасы:

10 - тапсырма

Жеке жұмыс:

- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар

«Kaspi gold» әдісінің қорытындысы нәтижесінде 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




«Kaspi gold» әдісі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!