Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Астана-тәуелсіздік тұғыры! 9-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Мектеп: №23 мектеп-гимназия. |
|||||
Сабақ тақырыбы: Астана-тәуелсіздік тұғыры! |
|||||
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Ерқалым Б.Б |
||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны |
|||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
9.2.3.1 мақала құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; |
||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: мақаланың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады. Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпқа байланысты оқыған мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін ажыратады. Кейбір оқушылар: құрылымы мен рәсімделуін сақтай отырып, мақала дайындайды. |
||||
Бағалау критерийлері: |
|
||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану. Талдау. |
||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: Стильдік, жанрлық ерекшеліктер. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
1) Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана. Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, қазақстандық экономиканың локомотивіне айналды. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Тарих |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
PowerPoint таныстырылымы, оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, кері байланыс. |
||||
Алдыңғы оқу |
мақала, презентация құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады. |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
Басталуы 2 мин 4 мин |
Оқушылармен амандасамын. Топқа бөлінулерін сұраймын. Оқушыларды топқа бөлу. «Ханшатыр» тобы «Ақ орда» тобы «Бәйтерек» тобы (Оқушылар текшелерді таңдау арқылы топқа бөлінеді. Бұлай топқа бөлу себебім, топтың атаулары арқылы сабақ тақырыбын ашамын.) Үй тапсырмасын сұрау: «Ұшқыш кілемдер» әдісі арқылы сұрау. Әр топқа ұшқыш кілемдер барып қонады. Кілемде өткен тақырыпқа байланысты бекіту сұрақтары жазылады. Оқушылар, алдарыңызға келіп қонған «Ұшқыш кілемдерді» әдісі көрген шығарсыздар. Әр кілемде бірнеше сұрақтар жазылған. Сол сұраққа жауап берулеріңізді сұраймын. (Топтар кезегімен сұрақтарға жауап береді.) Кері байланыс: смайликтер арқылы, ауызша мадақтаулар арқылы бағалаймын
|
Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, Ұшқыш кілемдер смайликтер |
|||
Ортасы 2 мин 2 мин 14 мин 5 мин 2 мин 4 мин |
Тыныштық сәті. «Астана қаласына саяхат» - Балалар, денемізді тік ұстап,орындықта еркін отырамыз. Көзімізді жайлап жұмамыз. Өздеріңді ұшқыш кілемге отырып, «Басқа қалаға» сапар шегіп барамыз деп елестетіңдер. «Ұшқыш кілем» көкке көтеріліп барады. Алдымыздан қоңыр жел есіп тұрғандай. Ашық аспан биігінен қарасақ биік-биік таулар мен шексіз далалар, ну ормандар мен тоғайлар, көлдер артта қалып бара жатқандай. «Ғажайып қалаға» да келіп жеттік. Нұрдан төгілген жан жылулығы бой-бойымызға тарап бара жатқандай. Өйткені, еліміздің ғажайып қаласы достық-сыйластық пен жылылықтан құралған. Көзімізді ептеп ашайық. (Көздерін ашқанда тақтадан Астананың суреттері көрсетіліп тұрады. ) «Ой қозғау» әдісі. Жаңа тақырыпты ашу.
(оқушылар жауап береді.)
Сабақтың оқу мақсаты мен критерийлерімен таныстырамын
Оқылымалды кезеңі. Сұрақ-жауап әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсіріп, оқылым тапсырмасына дайындық жасаймын. - Мақаланың құрылымы мен рәсімделуі және жанрына тән стильдік-жанрлық ерекшеліктері туралы не білесіздер? - Мақала жанрының ерекшелігі қандай? Оқылым тапсырмасы. 1-тапсырма. Әр топқа әртүрлі жанрдағы мақала беріледі. Тапсырма «Ойлан/жұптас/бөліс» әдісімен орындалады. (Топқа берілген мақала нұсқасы әр оқушыға жеке таратылып беріледі. Оқушы мәтіндерді оқып, құрылымы мен рәсімделуін талдайды. Содан кейін жұбымен бірге талқылайды, топта нәтижемен бөліседі. Мұғалім жеке жұмыс жасауға 5 минут, жұппен жұмысқа 3 минут, топпен бөлісуге 2 минут уақыт белгілейді. Соңында ортақ шешім шығарып, басқа топтармен бөліседі.) 1-топ. «Ханшатыр» тобы Астанам – «Бас қалам»! Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар. «Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. Астана – Қазақстанның астанасы. Ал, Қазақстан – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
1830 жылдың өзінде Есіл өзені бойындағы Қараөткел
тұсында Астана қаласының ең алғашқы іргетасы қаланған болатын. 1832
жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланды. Сосын Орынбор
орталығымыз болды. Ал 1925 жылы Қазақстанның орталығы Орынбордан
Ақмешітке көшірілді. 1929 жылдары Верный (Алматы) қаласына
көшірілді. Содан соң Ақмола қаласы Астана болып 1998 жылы
жарияланды. Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі. Қала кешендерінің әрбірі бір тарих. Жеке-жеке тоқтала берсек, сөз жетпес. Күллі дүние есігін ашып қарап шыққандай әсер берген Астана төріндегі әрбір кешен – шығыстық, еуропалық құрылыс компазицияларынан үйлесім таба да, өзіне қараушыны табындыра да, сағындыра да алған келбетке ие болған. Егер карта бетіне қарап, геофизикалық өлшеммен алар болсақ, Астана батыс пен шығыс өлшемінің кіндік қаласы. 2-топ. «Ақ орда» тобы Мәжілісте жастар саясатын дамыту жұмыстары талқыланды Гүлмира Исимбаева білімді, бәсекеге қабілетті жастарды қолдау тәуелсіздік алғаннан бастап президент Нұрсұлтан Назарбаев саясатындағы негізгі бағыт екенін тілге тиек етіп, биылғы 2019 жылдың «Жастар жылы» болып жариялануының маңызын айтып өтті. Гүлмира Исимбаева 2018 жылы қазанда Мәжіліс өткізген «Жастарға инвестиция» халықаралық конференциясында әлемнің 35 елінен келген депутаттардың Қазақстанның 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы шешімін жоғары бағалағанын назарға алып, еске салды. Үкімет сағатында депутаттар Жастар жылын өткізу жөніндегі 80-нен астам түрлі іс-шарадан тұратын Жол картасын, оған жалпы алғанда шамамен 130 миллиард теңге жұмсау болжанып отырғанын талқыға салды. Жұмыссыздықты азайту мақсатында Жол картасында «Жас маман», «Жас кәсіпкер» сияқты бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарланған. 100 қажетті мамандық бойынша керекті мамандарды дайындау жоспарлануда. Еске сала кетейік, мемлекет тарапынан Жастар жылында түрлі шаралар мен форумдарға 675 млн теңге жұмсалатын болды. Қаулыны іске асыру Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылған. Вице-спикердің мәлімдеуінше, мемлекет қолдауымен кадр даярлауға қомақты қаражат бөлініп жатыр. Мысалы, керекті кадрларды даярлауға 2 жыл ішінде шамамен 234 миллиард теңге бөлініп, жыл сайын 300 мыңдай жас маман жоғары және кәсіптік техникалық білім алып шығады. Ресми статистикаға сүйенсек, жастар арасындағы жұмыссыздық бүгінде 82400 мың адамды құрайды. Ал Электрондық еңбек биржасы порталында жұмысқа орналастыру бойынша 34 мыңнан астам бос орын және жұмыс берушілерден 82 мыңнан астам сұраныс қарастырылған. Одан бөлек, отырыс барысында Мәжіліс депутаттары
жасөспірімдер мен жастардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын
алу бойынша жұмыстарды жетілдіру, азаматтардың жоғары сапалы
психологиялық және отбасылық кеңес беру мүмкіндігін кеңейту туралы
мәселелерге назар аударды. 3-топ. «Бәйтерек» тобы Қазақстандық ғалымдар бидайдың жаңа сортын шығарды А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы – еліміздегі егін және өсімдік шаруашылығы саласындағы ірі ғылыми орталық. Дәл осы институттағы Қатты бидай зертханасының қызметкеркерлері бидайдың жаңа сортын тәжірибеден өткізіп, нәтижесінде бұл тұқымнан гектарына 46,5 центнер өнім алды. Зертхана қызметкерлерінің мәлімдеуінше, бидайдың жаңа тұқымы «Дамсинская 20-17» деп аталады. Оның ерекшелігі – төзімділігінде. Қазақстанның солтүстік аумағында өсіруге арналған бидай ауа райын, топырақ жағдайын талғамайды. Топыраққа тез бейімделгіш келетін бидайды арнайы тыңайтқыштармен ылғалдандыру арқылы мол өнім алуға болады. «Дамсинская 20-17» экологиялық жаздық далалық түрге жатады. Ол шикі протеин мен ақуыздылығының тұрақты құрамымен ерекшеленеді. Бидайдан жасалған өнім стандартты көрсеткіштен асып түскен. Бұл сортты зерттеу үшін
ғалымдар 2015 жылдан бері түрлі тәжірибе жасаған. Тексеру жұмыстары
Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданы, Научный ауылында
жүргізілді. Нәтижесінде, былтыр жаздық бидайдың өнімділігі
2,5 есеге дейін артты. 2-тапсырма. Оқылым айдарында берілген мақала негізінде стилі мен жанрлық ерекшелігігін ажыратыңдар. Дескриптор:
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |