Материалдар / Астрономиядан шығармашылық жоба "Күнмен айдың тұтылуы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Астрономиядан шығармашылық жоба "Күнмен айдың тұтылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күн туралы ақпарат,күнмен айдың тұтылуы туралы ақпарат
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы» тақырыбын оқыту әдістемесі


Жарық көздері – жарық шығаратын денелер. Ғаламдағы негізгі жарық көздері – жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн – бізге ең жақын жұлдыз. Күн кәдімгі жұлдыз, сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Күннің массасы Жердің массасынан 333000 есе үлкен.

Күн – өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді; оларды қыздырады, планеталар атмосферасына әсер етеді.  Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Күн энергиясының біраз бөлігі тас көмір, мұнай және басқа пайдалы қазбалар түрінде Жер астында сақталған.

Барлық жұлдыздар сияқты Күн – қызған газ шары негізінен, ол гелий қоспасы (10 пайыз) бар сутектен тұрады.

  • Ядролық белдеу – мұнда қысым мен температура ядролық рекциялардың

жүруін қамтамасыз етеді.

  • Сәулелік белдеу энергия қабаттан қабатқа электромагниттік энергия

кванттарын алма кезек жұту және шығару арқылы сырқа береді.

  • Конвекция белдеуі – «сәулелік» белдеудің үстіңгі жағынан Күннің дәл

көрінетін шекарасына шейінгі аралық. Мұнда температура Күннің көрінерлік шекарасына жуықтаған сайын тез кемиді де, соның нәтижесінде зат алмасу болып жатады (астынан жылытқан ыдыстағы сұйықтың қайнағаны сияқты)

  • Атмосфера – бұл бірден конвекциялық белдеуден басталады да, Күннің

көрінетін дөңгелек жүзінің шегінен аулаққа таралып кетеді. Атмосфераның төменгі қабатына газдардың жұқа қабаты кіреді, біз оны Күннің беті ретінде қабылдаймыз. Атмосфераның қалыңдығы 200-300 километр, ең терең қабаты-фотосфера. Хромосферадан жоғары Күннің 10 радиусындай аралықта Күн газдарының температурасы өзгермейді. Бұл сиретілген және ыстық қабық күн тәжі деп аталады. Күн тұтылу кезінде көруге болады. Күн тәжінің газы планетааралық кеңістікте таралып, Күннен тұрақты таралатын күн желі деп

аталатын ыстық сиретілген плазма ағыны. Күн тәжінде одан да керемет, әрекетті түзілістер протуберанцтер байқалады. Олар тәж затымен салыстырғанда тығыздау газдардың бұлттарының қозғалысы.

Соңғы мәліметтер бойынша Күннің жасы 5 000 000 000 жыл жасында.

Күн Жерде болатын құбылыстарға үлкен ықпалын тигізеді. Ол жер үшін негізгі жылу көзі болып табылады. Күн жерді жарықтандырып және жылытып қана қоймайды, сонымен қатар 11 жыл сайын болып тұратын күн белсенділігі – бірқатар геофизикалық құбылыстардың тууына жол ашады. Мысалы: Күннің қысқа толқынды сәуле шығару радиотолқындардың таралуына күшті әсер етеді, кей кезде радиобайланыс бұзылады.

Егер көз бен жарық көзінің арасына мөлдір емес нәрсе орналастырса, онда жарық көзі көрінбейтін болады. Бұл біртекті ортада жарық сызық бойымен – түзу сызықты тарайтынын түсіндіреді. Жарықтың таралу заңы дегеніміз осы. Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады. Берілген шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады.

Көлеңкенің пайда болуы – біртекті ортада жарықтың түзусызықты таралуымен түсіндіреді. Жарық көзінен жарық түспейтін мөлдір емес нәрсенің сыртындағы кеңістіктің бөлігін көлеңке деп атайды.  Ашық күндері адамдардың, үйлердің, ағаштардың және басқа да нәрселердің көлеңкелері анық көрінеді. Бұл құбылысты толығырақ қарастырйық. Ол үшін кішкене S жарық көзін алайық. Одан біршама қашықтықта экранды орналастырайық. Шам экранды жарықтандырады, яғни оның әр нүктесіне жарық түседі. Мөлдір емес кішкене Т шарды экранға түсетін жарық шоғы аймағына, яғни шам мен экранның арасына орналастырайық. Экранда қара дөңгелек түріндегі көлеңке пайда болады.  Егер S   және А нүктелері арқылы түзу жүргізсе, онда ол В нүктесінде жатады. Бұл жарықтың түзу сызық бойымен таралатынын дәлелдейді. Егер жарық көзі нүктелік деп есептеуге болмайтын үлкен шам болса, онда экрандағы толық көлеңкенің айналасында өте қараңғы емес екі аймақ – алакөлеңкелер пайда болады. Алакөлеңкенің пайда болуын, жарықтың түзу сызықпен таралу заңын растайды. Орасан зор масштабтардағы көлеңкелер мен ала көлеңкелер Күн мен Ай тұтылуларында  байқалады.

Күннің тұтылуы. Егер Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында Жер мен Күннің арасына келіп, Күнді жауып қалса, онда Күн тұтылады (11-сурет). Ай Жерге көлеңке мен ала көлеңке түсіреді. Жерге Ай көлеңкесі түскен нүктелерінде Күн толық тұтылады, Жер бетінің алакөлеңке аймағындағы нүктелерінде ол тұтылу жартылай болады. 

Сурет 1 – Күннің тұтылуы


Күннің тұтылуы таңғаларлық көрініс болып табылады. Аспанда қара дөңгелекті және оның айналасындағы тамаша шұғыла – Күн тәжін көреміз.  Ол күннің қатты қызған атмосферасының жарқыраған сыртқы бөліктері.  Күннің толық тұтылуы кезінде тез қараңғы түседі. Ауа температурасы төмендейді, тіпті шық пайда болады. Толық тұтылу көбіне 2-3 минутқа созылады және ұзақтығы 8 минуттан (7 мин 40 с) аспайды. Ол Жерде бір жарым жылда бір рет болады, бірақ Жердің бір орында қайтадан болуы өте сирек: шамамен 200-300 жылда бір рет болатын құбылыс.

Айдың тұтылуы. Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде, Ай тұтылуы басталады.  Ай тұтылу тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанның Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады.  Бұл уақытта Ай Жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен қарайды.   Егер толық Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында толығымен Жердің көлеңкесіне енсе, онда Айдың толық тұтылуы болады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады. Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады, екі сағат дерлік болуы мүмкін20.

Сурет 2 – Ай тұтылуы


Сабақтың тақырыбы: Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Күннің құрылысы, Күннің және Айдың   тұтылуы туралы мағлұмат беру, әлемнің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, білімдерін тереңдете түсу;

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Сыныпта жауапкершілікті сезіне  отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу;

Оқытудың нәтижелері:

1.Күн, жұлдыздар, жарықтың таралуы, Күннің және айдың тұтылуы жөнінде түсінік қалыптасады, оларды топта талқылау арқылы мәліметтерді саралауды үйренеді

2.Жарықтың таралуын, Күннің және Айдың тұтылуларын біліп, келесі Күн не Ай тұтылуын өз бетімен есептей алады.

3.Логикалық ойлауы дамиды, ғылыми есептеулер жүргізуге дағдыланады.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, математика

Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар: Блум таксономиясы, Сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту технологиясы, Джиксо әдісі, Венн диаграммасы

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

3.Сыныпты топқа бөлу

Білу

(5 минут)

Оқу материалымен танысып, мына сұрақтарға әр оқушы өз бетімен жеке-жеке жауап іздейді:

1.Жарық көздері деген не? Оларға нелер жатады?

2. Жарық сәулесі, жарық шоқтары деген не?

3. Күннің тұтылуы деген не? Күннің тұтылуы барысында атмосферада қандай өзгерістер орын алады

4. Айдың тұтылуы қалай болады?

Түсіну

(10 минут)

Джиксо әдісі арқылы үш топқа бөлініп;

1-топ – Жарықтың таралуы

2-топ – Күн тұтылуы

3-топ – Айдың тұтылуы

тақырыптарын жан-жақты зерттеп, мәлімет жинап, оны топпен қорғап, қарсы топтың оқушыларына сұрақтар дайындайды.

Қолдану

(10 минут)

Әр топ оқушылары өз тобымен бірге ең соңғы болған Күн және Ай тұтылуларын ескере отырып, келесі болатын Күн және Айдың тұтылуын дәл әрі нақты есептеуге тырысады.

Өздерінің жүргізген есептеулерін қарсы топтармен салыстырып, ақиқатқа жақын келетін жылын, тәулігін, сағаты мен минутын бекітеді.


Талдау

(10 минут)










Жинақтау

(5 минут)

Үш топтың оқушылары өз тақырыптарына қатысты соңғы жаңалықтар мен қызықты мәліметтер айтып жарысады. Мәселен:

1. Көзімізге күн сары секілді болып көрінгенімен, шындығында олай емес. Күннің түсі - ақ. Атмосфераның әсерінен ғана бізде күннің түсі сары болып көрінеді.

2. Күн - галактикамыздағы ең жарық жұлдыз ба? Жоқ, олай емес. Галактикамыздағы 15% жұлдыз күннен де жарық.

3. Барлығымыз галактикадағы барлық планеталар күнді айналып жүр, ал күн бір орында тапжылмай тұр деп ойлаймыз. Шындығында күннің өзі Құс жолы галактикасының ортасын айналу үстінде. Толық айналым уақыты - 225-250 миллион жыл.

4. Күн жер бетіндегі атом реакторы іспетті. Оның энергиясы сутегі мен гелийдің термоядролық синтезі әсерінен пайда болады.

5. Күннің сыртқы бетінің температурасы Кельвин шкаласы бойынша, 1 миллион градус болса, ішкі температурасы бар-жоғы 6 000 К.

6. Күннен шығатын ультрафиолет сәулелері антисептик болып табылады. Яғни, бұл сәуле түрлі инфекция тудыратын микроорганизмдерді өлтіреді.

7. Біз қолданып жүрген 24 сағаттық уақыт режимі ежелгі мысырлықтардың тарихынан алынған. Аңыз бойынша, күн құдайы Ра тәуліктің 12 сағатын жерде, 12 сағатын аспанда өткізетін болған.

8.  Ғалымдардың айтуынша, күн 4-5 миллиард жылдан кейін, жоқ болады. Күн алдымен ұлғайып, қасындағы планеталардағы барлық тіршілікті жойылады. Содан соң, бірте-бірте сөне бастайды-мыс.


Бағалау

(3 минут)

Кері байланыс жасау үшін БББ кестесін толтырады


Білетінім

Білгенім

Білгім келеді



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!