"Ашу-- дұшпан, ақыл--дос " тренинг. Ата-анамен жұмыс.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ашу-- дұшпан, ақыл--дос " тренинг. Ата-анамен жұмыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды сынып жетекшісі ата анамен жұмыс ретінде пайдалануына болады. Өте қызықты өтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:______________________________


Күні: 28.02

Тақырыбы: «Ашу—дұшпан, ақыл—дос.»

Мақсаты:Жас ұрпақты парасатты, ақылды, мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың ролін көрсету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланысын орнату.

Әдістері:пікір алмасу, сұрақ-жауап, ситуациялық тапсырмалар.

Ресурстар:Интерактивті тақта, слайдтар, бейнероликтер, стикерлер, түсті бояулар.

Тапсырмалар:

1.Топқа бөліну

2.Сұрақ-жауаптар

3.Талдау

4.Ситуациялық сұрақтар

5.Ой қорыту

Кері байланыс: Стикерлерге өз ой-пікірлерін жазу

Барысы:

Ұйымдастыру: 1.Танысу жаттығуы. Ата аналар бір біріне жақсы тілек арнап, қолындағы жүректі ұсынады.

Сұрақ: қандай әсер алдыңыз?

2. Тренинг “Ашу шығару”

Мұғалім қатысушыларға стол үстіндегі екі түсті шарларды алуды ұсынады. Осы шарлар арқылы екі топқа бөлінеді.

--Өздеріңізді қатты ашулымын деп ойлаңыз. Сол ашуыңызбен шарды толтырыңыз, яғни үрлеңіздер.

Тапсырма: 1-топ. Сіздер шардың аузын байлаңыздар.

2-топ. Жай ұстап тұрыңыздар.

1-топ.Шарды жарыңыздар. Осылаша ашуымды шығардым деп ойлаңыз.

2-топ. Шарды ұстап тұрып, желін жайлап шығарыңыз.

Сұрақ: қандай ой түйдіңіздер? Ата аналар тыңдалады.

Мұғалім қорытындылайды: бойдағы ашуды шығару керек. Екі жағдайда да ашу шығардық. Айырмашылық—бірінші жағдайда шу шықты. Айналадағыларға жайсыз әсер етті.

Екінші жағдайда ашуды шусыз басты. Ешкімге кедергі келтірген жоқ.

Әр уақытта ашуымызды ауыздықтай білейік деген қорытындыға келеміз.

Ой жинақтау: 1. Баланы теріс қылығы үшін жазалау керек пе? Қалай?

2.Мұғалім мен ата ана арасындағы байланыс қандай болу керек?

Жағдаяттар:

Әртүрлі жағдаяттар жазылған қағаздарды ата аналар алып, өз ойларын айтады.


1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» дегенбірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6 .Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

8 .Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

9 . Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

10.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?

11.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?


Тренинг. Балаңызға ұрысқанда қандай сөздер айтасыз. Соны стикерлерге жазып, жүрекке іліңіз.

Слайдтан «Сызат» бейнеролигін тамашалайды. («Сызат» бейнеролигі)

-Осы бейнеролик туралы қандай ойларыңыз бар, қандай әсер алдыңыздар, өз пікірлерімізді ортаға салайық, кұрметті ата-аналар. (Ата-аналар өз ойларын айтып шығады)


Ойын “Бақыт аралы”

Ойыншы келіп “Бақыт аралына” тұрады. Айтылған қиындық жағдайды қалайда жақсылыққа айналдырып айту керек.

  1. Жұмыстан қысқарып қалдыңыз. Керемет, енді бос уақытым көп болады.

  2. Айлық бір айға кешігетін болды. Урааа, келесі айда көп ақша аламын. т.с.с.


Кері байланыс.

Ата аналарға төмендегідей бланк таратылып, толтырылады.


Тренинг барысында түйгенім___________________________________________________________



Маған мына жаттығу ұнады_____________________________________________________________



Жүргізушіге ұсыныс___________________________________________________________________


Қорытынды:

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек.

Ия, баламыздың алдында қанша міндеттеріміз бар екенін түсінеміз.«Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы-ата-ана. Береке, бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар.






































Тренинг барысында түйгенім___________________________________________________________



Маған мына жаттығу ұнады_____________________________________________________________



Жүргізушіге ұсыныс___________________________________________________________________




Тренинг барысында түйгенім___________________________________________________________



Маған мына жаттығу ұнады_____________________________________________________________



Жүргізушіге ұсыныс___________________________________________________________________



Тренинг барысында түйгенім___________________________________________________________



Маған мына жаттығу ұнады_____________________________________________________________



Жүргізушіге ұсыныс___________________________________________________________________



Тренинг барысында түйгенім___________________________________________________________



Маған мына жаттығу ұнады_____________________________________________________________



Жүргізушіге ұсыныс___________________________________________________________________



Тренинг барысында түйгенім___________________________________________________________



Маған мына жаттығу ұнады_____________________________________________________________



Жүргізушіге ұсыныс___________________________________________________________________


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2020
1069
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі