Ашу ызамен қалай күресуге
болады ?
Мақсаты: агрессиядан арылу, ашуды жеңу
техникаларымен таныстыру Көрнекілігі: ұсыныс жазылған қағаздар,
таза А4 қағазы, әр түрлі түсті қарындаштар немесе
фломастерлер.
1.Сергіту
«Біз ұқсаймыз?..» жаттығуы
Мақсаты: топтың ұжымшылдығын арттыру, жеке тұлағалық қарым-қатынас
кезінде бір-біріне ұқсастықтарын танып білу.
Жүргізуші қоршаған адамдарына екі сөйлем айтып бөлменің ішінде
жүруді ұсынады: «Сен маған ... ұқсайсың» және «Мен сенен ...
ерекшеленемін».
2.Негізгі бөлім
«Тыныштандыру ойы» техникасы
Мақсаты: Агрессиядан арылу, тыныштандыру ойына үйрету.
Жүргізуші: «Ашу – бұл эмоция барлық адамның басынан өткізетін. Адам
өмірінде қуаныш, бақытты, жылауды өткізетіні сияқты ашу да болып
тұрады. Ашуды басынан өткізудің ешқандай әбестігі жоқ. Тек адам
ашуланғанда қатты ашуланып, ашудан жарылып кетпей өз-өзін ұстай
білу керек.
Ашумен күресудің екі жолы бар:
1. Ашуды ішіне жасыру.
2. Ашуды сыртқа төгу.
Бірінші жағдайда адам ішіне ашуды жинап-жинап бір күні жарылады
немесе ауырып қалады. Екінші жағдайда ашуын сыртқы қоршаған
адамдарға көрсете берсе оны дұрыс адам деп санамайды.
Бірақ үшінші жол бар, ол мүлде ашуланбау. Міне
біз осыдан бастағанымыз жөн.
Сіздер «Сен менің ашуыма тиіп
отырсың, сен менің жүйке жүйеммен ойнап отырсың» деген сөздерді жиі
айтасыздар. Бірақ бұл өз-өзін алдау болып саналады, бөтен
адамдар ешкімді ашуландыра алмайды.
Сіздерді ешқашан ешкім ренжітпейді. Ең ащы
шындық бұл сіздер өз-өздеріңізді ренжітесіздер.
Көз алдыңызға жаңбыр астында тұрған екі адамды елестетіңізші.
Өзіңіз көріп тұрғандай жаңбыр ол екі кісіге екі түрлі эмоциялық
жағдай туғызады. Олардың біреуінде бақыт сезімі, ал екіншісінің
көңілі түсіп қалды.
Екеуі де малмандай су болды. Бірақ олардың беттеріне қараңызшы.
Олар екі түрлі эмоция көрсетеді. Неге?
Бірақ айырмашылық бар, ол екі адамның жаңбыр туралы екі түрлі
ойлауы.
Сіздер қалай ойлайсыздар, егер екінші адам өз ойын өзгертсе, оның
сезімі өзгере ме?
Енді біз түсінеміз біз қалай ойласақ сезіміміз де солай өзгереді.
Егер біз жағымсыз эмоциядан арыламыз десек, онда біз ойымызға дұрыс
көңіл бөлуіміз керек.
3.«Ашушаңдықты қалай жеңуге
болады?»жаднама
1. Егер ашуланып бара
жатқаныңызды сезсеңіз, қызығушылығыңызды немесе жүрген ортаңызды
өзгертіңіз. Күнделікті тұрмыста жақын адамдарыңыз бен отбасыңыздың
жанында көбірек болуға тырысыңыз.
2. Тәтті естеліктерді еске
түсіріңіз. Әлеуметтік желідегі суреттеріңізге қарап, өміріңізде бір
кездері болған және бар адамдарды еске алыңыз. Өзіңізді жайлы
сезінген уақытқа оралыңыз.
3. Бес-алты жылға алға жылжып,
дәл қазір сізді ашуландырып тұрған нәрсе туралы ойланыңыз. Оның
болмашы дүние екені соншалық, күлкілі болып көрінуі мүмкін. Ал
мұндай болмашы дүниелерге бола мазасыздануға бола
ма?
4. Өміріңізді қызыққа
толтырыңыз. Сүйікті әуеніңізді тыңдап, тынышталдыратын ваннаға
түсіңіз, айнаға қарап, қолыңызда барды қанағат тұтыңыз. Қанағаттың
не екенін білген кезде ғана алып мақсаттарға ұмтыла алатынымызды
ұмытпаңыз.
Ең бастысы, сіз бақытты
болуға лайықсыз!
4.«Ашуыңды қағазға көшір»
жаттығу.
Мақсаты: оқушыларға сурет салу арқылы жағымсыз эмоциядан арылуға
көмектесу.
Оқушыларға таза қағаз, түрлі түсті қарындаштар
мен фломастерлер дайындайды.
Жүргізуші нұсқауы: «Өмірде болған жағдайды ойыңызға түсіріңіз,
өзіңіздің ашуланған, ызаланған кезіңізді ойыңызға түсіріңіз.
Өзіңіздің ашуыңызды салыңыз сызықша түрінде болсын, дақ түрінде
болсын өзіңіз қалай елестетесіз солай. Өзіңіздің сол кездегі
көңіл-күйіңізді қандай түспен бейнелейсіз солай салыңыз. Сіз
өзіңіздің ашуыңызды қағазға көшіріп жатырмын деп елестетіңіз.
Уақытты ойламай қанша уақыт салғыңыз келсе сонша салыңыз. Сосын
қағазды аударып, өзіңіздің көңіл-күйіңіз туралы бірнеше сөйлем
жазыңыз.
Сурет салып, сөздеріңізді жазып болған соң қағазды жыртып тастаңыз,
сосын оны қоқыс жәшігіне лақтырыңыз. Сіздің ашуыңыз қағазға көшіп,
ал сіз қағазды жыртып ашудан арылдым деңіз.
5. Жүректен
жүрекке.
Күн сайын биіктеген әр
сатымыз
Біздің бір тілегіміз
мақсатымыз
Әрдайым ашық болып
аспанымыз
Еңбекпен шыға берсін жақсы
атымыз.
Жүректің суретін салып өз
жүрегімізден шығатын жылы сөздерді жазу.