Ашуды қалай басуға болады-

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашуды қалай басуға болады-

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл психопрофилактикалық сабақ.Мектеп психологтарына көмекке арналған.Қазір мектеп оқушылары арасында ашушаң,агрессивті балалар көптеп кездеседі.Қазіргі қатігез заманда балалар бір-біріне ашуын білдірген кезде өздерін тежей алмай өкінішті жағдайларға ұшырап жатады.Немесе қатты көңіл қалу жағдайлары болады.Сондай-ақ ренжіген адамдарын кешіре алмай өздеріне ауырлық ұстайды.Ұсынылып отырған сабақтағы ойын-тренингтер баланың ашуын басуға ,қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Асан Тайманов атындағы №34мектеп-гимназия педагог-психологы Муратова Светлана Мусаевна.

Тақырыбы:«Ашудан қалай құтылуға болады?»-психопрофилактикалық сабақ

Мақсаты: Оқушыларды өз ашуын басқаруға және эмоциялық тепе теңдігін сақтап,өзін-өзі реттей білу дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

Қолданылған құрал-жабдықтар: шар,қалам,қағаз,картон,түсті бор,тұз.

Жүру барысы: 1. Сәлемдесу тренингі.

2«Бәрібір де сен жақсысың,өйткені...» –жаттығуы

3. «Ашулы шарлар» жаттығуы.

4. «Негативті портреттер галереясы»жаттығуы

5.Ашудың хаты.

6.Арттерапия.

7. «Қарша қыз »-релаксациялық жаттығуы

8.Психолог кеңесі

1.Сәлемдесу тренингі.Балалар біз қазір күндегіден өзгеше амандасатын боламыз.Екі-екіден жұптасып төмендегіше амандасамыз:оң қолдарымызбен,сол қолдарымызбен,оң иық,сол иықтарымызбен,оң тізе,сол тізелерімізбен,маңдаймен,мұрынмен.Талдау:ұнады ма?

2.«Бәрібір де сен жақсысың,өйткені...» –жаттығуы.

Қатысушылар кезекпен өз бойындағы кемшілігін айтады.Мысалы: «Мен ашушаңмын ..т.б.Ал екінші қатысушы: «Бәрібір де сен жақсысың,өйткені...деп оны мақтау керек.

Талдау:

-Не қиын болды:Өз кемшілігіңді айту ма,сыныптасыңды мақтау ма?

-Біреу сені мақтаған кезде қандай сезімде болдыңыз?

Қорытынды :Бұл жаттығуды өткізу барысында оқушы өз кемшілігі туралы ойланады,

сыныптасының бағалауы арқылы өзіндік бағалауы жоғарылайды.

Осылай барлық қатысушы айтып шығады.

3. «Ашулы шарлар» жаттығуы. Ортаға екі оқушы шығып естеріне қатты ашуланған кездерін естеріне түсіріп шарды үреді.Бірінші оқушы шарды жарады,ал екінші оқушы жаймен шардың ауасын шығарады.Талдау: 1.Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?2.Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма ?Шар жарылған кезде қатты дыбыс шығарып басқаларды шошытып мазасын алды.Бұл агрессия – ашуды шығарудың қатерлі жолы.Ал екінші шардың ауасын жаймен шығарған кезде ешкімге зиянын тигізбеді.Егер ашуды бақылап шығарса ешкімді ренжітпеуге болады.

4.«Негативті портреттер галереясы»жаттығуы

1.Баладан ыңғайлы отырып ,көзін жұмып,денесін босаңсуын ,3-4рет терең демалуы сұралады.Содан соң көз алдына кішкентай көрме-галереяны елестетуін өтіне отырып, «Онда сені ренжіткен адамдардың портреті қойылған »деп айтылады. 2.Көрменің ішінде әрлі –берлі жүріп портреттерді қарап ,оған көңіл аудару керек.Кез-келгенін таңдап ,оның қасына барып тоқтаңыз.Осы адамның портреті саған қалай әсер етеді?

3.Портретке ойша өз сезіміңізді білдіріңіз.Сезіміңізді ұстап қалмай ,не айтқың келсе,соның бәрін айтыңыз.Енді портретке не істегіңіз келсе соны істеңіз.

Осыдан кейін жаттығуды орындар кездегідей 3-4рет терең дем алып,көзіңізді ашыңыз . Талқылау:

-Бұл жаттығуды орындау кезінде не істеу оңай болды,не қиын болды? -Галереядан кімді көрдің? Кімді таңдадың? Кімге тоқтадың? - Жағдайың өзгерді ме? (балалар өз қалауы бойынша талқылайды) 5.Ашудың хаты.

1.Балаға ашуландырған немесе жек көретін адамы туралы ойлау сұралады. 2.Осы адамға хат жаз деп тапсырма беріледі.Бала өзінің хатында ол адамды көргенде не айтқысы келсе соны жазуға болады.Балаға іштегі сезімдерін шығару ,одан құтылудың маңызды екені айтылады және оның хатын ешкім оқымайтыны ескертіледі. 3.Бала хатты жазып болған соң оны жұмарлап жыртып тастауға,лақтырып жіберуге,ұшырып жіберуге болатыны айтылады. Талқылау: -Хат жазу қиын болды ма? -Ойыңдағының бәрін айта алдың ба? -Хат жазып болғаннан кейін өзіңді қалай сезініп тұрсың ?

6.Арттерапия.

Оқушылардың алдына тұз шөкімі,түсті бор беріледі.Нұсқау:Оқушылар тұзды түрлі түске бояйды.Боялған тұзды әр оқушы психолог ұсынған құтыға құяды.Әртүрлі түстің кезектесіп келуін бақылау керек. Бұл жаттығу оқушыларды тыныштандырады,жағымды-қуаныш сезімге бөлейді.

7. «Қарша қыз »-релаксациялық жаттығуы.Балалар аулада қарша қыз жасап жатқандай болады.(Балалар көз алдына елестетеді)Оның басы,денесі,екі қасы,екі аяғы.Түнде салқын жел соқты,біздің қарша қызымыз тоңды.Әуелі басы тоңды(балалар басы мен мойнын қатайту керек),сонан соң иығы(балалар иықтарын қатайтады),содан соң денесі тоңды(денесін қатайтады).Ал жел бірте-бірте күшейе түсті,қарша қызды бүлдіргісі келеді.Қарша қыз аяқтарымен жерді тіреп алған(балалар аяқтарын ширықтырады),сондықтан жел қарша қызды ұшырып әкете алмады.Жел басылды .Күн шығып қарша қыз ери бастады.Әуелі басы(басын төмен түсіреді)содан соң иықтары(иықтарын босаңсытады),денесі ери бастады(денесі алға бүгіледі),аяғы еріді(аяқтарын тізеден бүгеді),отырады.Қыз еріп кетеді(балалар денелерін түгел босатады).

8.Психолог кеңесі.Психолог оқушыларға өз ашуын басқаруға,эмоциялық тепе-теңдікті сақтап,өзін-өзі реттей білу дағдыларын үйрету мақсатында кеңестер береді. -Іс-әрекетке кіріспес бұрын ,өзіңе «Тоқта»,-деп айт. -Іс-әрекетке кіріспес бұрын,жұдырығыңды қатты түйіп-жаз.Осыны 10рет істеу керек -Іс әрекетке кіріспес бұрын,тоқтап,не істегің келгенін ойлан.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2018
1024
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі