Материалдар / Ашык сабак
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашык сабак

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология 6 сыныпка арналган ашык сабак
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
565
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Қырықжапырақтардың, қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жалпы сипаттамасы, көбейуі және даму. Қырықжапырақтәрізділердің өткен замандарда өркендеп өсіп кең таралуы. Қазіргі қырықжапырақтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы Зертханалық жұмыс №19. Қырықжапырақтәрізділердің сыртқы құрылысы

Сабақтың мақсаты: Қырықжапырақ тәріздес өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, сыртқы құрылысымен оқушылармен бірге саралай отырып, бәріне ортақ даму процесі болатыны, ертедегі алғашқы тіршілік формаларының тас көмір түзілудегі,қазба түрлеріндегі көпшілігінің шөптектес өсімдіктер екендігі туралы ақпаратты жүйелеу.

Сабақтың құрал-жабдығы: Ұлғайтқыш қол әйнегі, Қырықжапырақтәріздестердің және қырықбуынтәріздес өсімдіктердің кеппешөптері, Қырықжапырақтәріздестердің демонстрациялық жинақтамасы.

Сабақтың пәнаралық байланысы: экология

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, тірек-сызбамен түсіндіру, кесте толтыру.

Модульдердің кіріктірілуі: СТО, көшбасшылық, дарынды балалармен жұмыс, бағалау

Ресурстар: Интерактивті тақта, стикерлер, маркерлер, А-4 парақтары

Болжамданған нәтиже: Қырықжапырақтардың табиғаттағы,адам өміріндегі маңызын оқыта отырып,тиянақты білім алады

Осы топқа жататын өсімдіктерді танып-біледі

Қырықжапырақтәрізді өсімдіктер туралы жан-жақты мәлімет алады

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау, таныстыру. Санау арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

Оқу құралдарын дайындау.

Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен танысады.

Оқушылар 3 – ке дейін санап, топқа бөлініп, әркім өз орнына отырады.

Ой қозғау әрі сергіту сәті

Білу

"Кім? Не? Қашан? Қайда?"

  1. Таллом дегеніміз не?

  2. Хроматофор деген не?

  3. Хламидомонаданың хлорелладан айырмашылығы

  4. Спирогира неліктен олай аталады?

  5. Қай балдыр ғарышқа ұшып келді және қандай әсер берді адамдарға?

  6. Улотрикстің хроматофоры қандай?

  7. Қызыл және қоңыр балдырлар кайда өседі?

  8. Балдырдағы сілемейлі қабықшаның рөлі

  9. Қоңыр балдыр жасушасындағы қор заты

  10. Қоңыр балдырларды ата

  11. Жидекке ұқсас, іші ауаға толы көпіршігі бар балдыр

  12. Теңіз жүзімі деп аталған балдыр

  13. Қызыл балдырлардың жасушасының қор заты

  14. Теңіз орамжапырағы деп аталған балдыр

  15. Балдырлардың адам өміріндегі маңызы

  16. Ламинария су түбіне қалай бекінеді?

  17. Мүктерді зерттейтін ғылым

  18. Мүктер қандай жерлерде өседі?

  19. Ризоидтың тамырдан айырмашылығы

  20. Көкек зығыры деп аталған мүк?

  21. Жасыл мүктің биіктігі

  22. Жасыл мүктің сабағында қандай ұлпа бар?

  23. Жасыл мүктің аталық және аналық мүшесінің атауы

  24. Шымтезек мүгі неге ақ мүк деп аталады?

  25. Ризоиды болмайтын мүк?

  26. Мүктердің пайдасы

  27. Көкек мүгінің жынысты көбеюі

  28. Жасыл мүктің жыныссыз көбеюі


Оқушылар тақырып бойынша білетін мәліметтерін ортаға салады,бірінің жауабын бірі толықтырады.

Жылдам жауап беруге тырысады.

Өздерінің дұрыс жауаптарын тақтадағы ұяшықтан көреді.

1-топ 2-топ 3-топ





Түсіну

"Неге? Неліктен? Не үшін?"

Ресурс бөлемін. Бейнеролик көрсетемін, оқушыларға өздеріне оқуға беріледі.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер аналық жыныс мүшелерінің құрылысына қарайархегонийлер және аталықтылар (антеридий ) деп екі үлкен топқа бөлінеді.

Біріншісінемүктер,палуандар,қырықбуындылар,қырықжапырақтәрізділер және ашықтұқымдылар бөлімдері кіерді;

Екінші топқа жабықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер бөлімдері кіреді.

Жоғары споралы өсімдіктер былай жүйеленеді:

Мүктәрізділер бөлімі (27000 түрі);

Палаундар бөлімі (1 мың түрі);

Қырықбуындар бөлімі (30-35 мың түрі);

Қырықжапырақтәрізділер бөлімі (10 мың түрі)

Қырықжапырақтәріздестер-жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы.

Мекені: Тропиктік ормандарда кездеседі.

Ағаш,лиана (басқа өсімдіктерге оралып өсу) түрінде өседі.

Суда өсетіндері де бар

Аустралия және Жаңа Зеландияда ағаш болып өсетін түрлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді.

Қазақстанда кездесетін қырықжапырақтәрізділер-көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Кең тараған өкілі-еркек усасыр қырықжапырағы.

Жыныссыз көбеюі: Жыныссыз көбею жаз кезінде усасыр қырықжапырақ жапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай қоңыр төмпешіктер түзіледі.

Оларды сорустар деп атайды. «Сорус» дегеніміз спорангийлердің жиынтығы. «Спорангий» – споралар дамып жетілетін орын – қалта. Спорангийлері жапырақтың астыңғы бетінде ұзын аяқшалары арқылы негізгі жүйкеге бекініп тұрады. Сорустың үстін жауып тұратын бүйрек тәрізді жарғақша жамылғысы болады. Пісіп жетілген споралар спорангийдің қабықшаларының жыртылуының нәтижесінде жерге шашылады. Қолайлы жерге түскен споралар өніп, өскіншелер береді.

-споралар пісіп жетілген кезде,спорангийдің қабықшалары жарылады да,споралар сыртқа шашылады;

-қолайлы жерге түскен спорадан өскінше пайда болады;

-өскінше жүрек пішінді,көк жасыл түсті,тең табақшалы болады,ризоидтары арқылы жерге бекінеді;

-өскіншенің астыңғы бетінде аталық және аналық жыныс органдары жетіледі;

Жынысты көбеюі:

-антерийде түзілген аталық гаметалар(сперматазоидтар) және архегонийде түзілеген аналық гаметалар арқылы жүзеге асады;

-ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан зигота түзіледі,одан ұрық пайда болады;

-ұрықтан тамырабақ және жапырақ қалыптасып,біртіндеп нағыз қырықжапырақ пайда болады.

Маңызы:

Сәндік өсімдік ретінде өсімдікжайда өсіреді;

Жұмыс орындарын көгалдандыруға жиі пайдаланылады;

Кейбір түрлері дәрілік өсімдік;

Ағаш тәрізді жойылып кеткен қырықжапырақтар тас көмірідің түзілуіне қатысқан.




Оқушылар ЖИГСО әдісімен тақырыпты өздері меңгереді.

Алдарындағы парақтарға топ болып ең негізгі мәліметтерді жазады.

Әр топтан 1-2 оқушы өз оқығандарын айтып, қорғайды.

Бірін – бірі тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.


Қолдану

Өз бетімен жұмыс:


Ботаниктер: ПЛАУНТӘРІЗДІ ӨСІМДІКТЕРГЕ СИПАТТАМА.

Геологтар: ҚЫРЫҚЖАПЫРАҚТӘРІЗДЕС ӨСІМДІКТЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ.

Дәрігерлер: ҚЫРЫҚЖАПЫРАҚТӘРІЗДЕСТЕРДІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ.


Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.

Анализ, синтез

Салыстыру,

айырмашылығын табу.

Алынған ақпарат

негізінде қорытынды

жасау.

Венн диаграммасы арқылы жұмыс жасау

Қырықжапырақтәрізділердің, қырықбуындардың, плаундардың айырмашылығын және ұқсастықарын табады


Оқушыларын сұрақтарға жауап береді, сын тұрғысынан ойлай отырып шешімін табады

Бағалау

"Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?"

Мұғалім топтық және жұптық жұмыстарды, кейбір оқушыларды жеке бағалайды. Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге қол жеткенін айта өтіп, бағалайды.

Оқушылар бағаларымен танысады.

Үйге тапсырма

Қырықжапырақтардың, қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жалпы сипаттамасы, көбеюі және дамуы.

Хабарлама: «Таскөмірдің пайда болуы»

Рефлексия

Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектерін жазады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!