Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық әрбие сағаты : М. Арын- даналық дариясы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие деген тәңір бар...
Тақырыбы: М. Арын- даналық дариясы.
Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілік, моральді құндылықтарға баулу. 2. Халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеп, рухын ояту.
Көрнекілігі: Дана ұстаз Мұхтар Арын туралы ойлар.
Ашып жастар жанының қазынасын,
Әрқашан да адамға жаны жақын
Досы көрсе, ағынан жарылатын
Парасатты Мұхтарды сағынасын.
Е.Жақсылықов
Өзін сол ұлттың өкілімін деп санайтын адам сол ұлттың дінін де жақсы білуі керек.Дінде рухты құраушы , соған белгілі бір мазмұн беруші , тәртіпке салушы күш бар.Мұның өзі - ерекше күш.
Мұхтар Арын
Безендірілуі: М. Арынның портреті, естелік суреттер, нақыл сөздер, цитаталар.
Сабақтын барысы: “Нар қазақ”, ”Бес анық”- М.Арын атамыздан қалған ғибрат.
-
бөлім. Мұхтар Арынның өмір жолы.
Өмірбаяны: М.Арын 1936 жылдың 20-шы мамырында Талдықорған облысы Ақсу ауданының Ақсу ауылында дүниеге келген . Мұхтар Арын да бұл жалған дүниенің ащы-тұщысын бірдей татты. 1920-1930 жылдары Талдықорған облысының Ақсу, Қапал , Бөрлітөбе аудандары аймағында оқу-ағарту жүйесін ұйымдастырып алғашқы басты болған әкесі Арын 37-нің нәубетінде кезекті « Халық жауы» деген жасанды жала Мұқаң дүниеге келер – келместен асқар тау әкесінің басын жұлса , өз сонына « Халық жауының баласы» деген түртпек талай жылдарға дейін ілесті.
Анасы Қанипадан 10 жасында айырылды . осылайша әкеден де, анадан да ерте көз жазып қалған бала Мұхтарды әкесінің ағасы Ғали бауырына басып , тәрбиелеп өсірді. Бұл кісі кезінде медреседе оқыған, сәждеге жазылған, иманды , діндер жан еді. «Халық жауы» деген жанжалға ұшырап, 5 жыл қиыр Шығысқа айдалып , денсаулығын жоғалтып қайтты. Ұстамдық , барға қанағат ету, төзімділік сияқты басты қасиеттер Мұхтарға сол кісіден жұққан болуы керек. Тегінде, Мұқанның халық тарихы , оның салт-дәстүрге деген ерекшк педагог , тума тәрбиелі тұғын. Орта мектепті үздік бітірген Мұхтар 1953 жылы Алматы Мемлекеттік педагогикалық шет тілдер институтына түсті. 1957 жылы күзде үздік бітіріп, сонда оқытушылық қызметке қалдырылды.
Рухы күшті Мұқаң қарапайым оқытушыдан іргелі оқу орнынан ректорна дейін көтерілді. Қоғам жұмысына белсене , білек сынба араласып , егемен еліміздің тұңғыш парламентіне депутат болды. Әрине, Мұқаң ең алдымен ғалым еді. Өзінің негізгі мамандығы филология болса, өз бетімен ізденіп басқа салалардан оқып – түйгені нағыз мамандардан кем соқпайтын . Соның арқасында тіл мен тарих , философия мен дін , әдебиет пен өнер мәселелеріне қатысты тың пікірлер айтып , батыл болжамдар жасай білетін. Ғалымға тән қарапайым , беймәлім құбылыстардың өзінен қорытынды түю , қыр-сырына таңдандыратын.
Мұхтар Арын 1995 жылдың 10-шы қыркүйегінде Ақтөбе педагогикалық институтының ректоры қызметінде жүріп, кенеттен қайтыс болды.
Ұлы тұлға туралы біраз естеліктерге кезен берейік:
1 оқушы- “Есімде” Қуандық Шанғытпаев
Есімде күлгенің де сөйлегенің
Үйіне барғаным да кейде менің;
Оңаша отырғанда немерене:
“Абайжан, тентек болма, қой”,- дегенің.
Есімде барлық мінез, бар қылығың,
Ақ пейіл адалдығың, арлығың,
Арының алаш десе ақтарылған,
Қазақтан аямайтын барды бүгін.
Есімде ел дегенде емірендің,
Елді ойлап, емірендің де тебірендің.
Қос десе, қосарысып қалған қатып,
Шар болат, шамырқанған болат едің.
2 оқушы- “Жүрегімде жүресіңдер барлығың”
Тұрсынзада Есімжанов
ос қолына ай мен күндей шам ұстап,
Қайран уақыт бара жатыр қарыштап.
Аруақтарға айналуда Ағалар
Арамыздан бірте- бірте алыстап.
Құдіреттер қолдасын деп ұрпақты,
Дәм татамыз дұға жасап, Бағыштап.....
Мұхтар аға, ашқан дүние есігін,
Жетісуың- болды мәңгі бесігің.
Ақтөбе де еріп келді соңынан,
Ұлы жолға ұзатқандай өз ұлын.
Таба алмаппын топырақ та салуға-
Аруағынан өтінемін кешірім.
-
бөлім. Топтық жұмыс
1-і топ “Бес анық” Ендігі кезек 2 топқа беріледі.
2-і топ “Нар қазақ”
1) ”Бес анық” кітабынын шығу тарихы 1-і топ
“Бес анық”
Мұхтар Арынның артынан қалдырып кеткен тәлімді, тәрбиелік мәні зор “Бес анық” атты еңбегі бар.
Бес анық, өзі 5 бөлімнен тұрады:
-
Тіл , 2- Дін, 3-Дәстүр, 4-Тарих, 5-Атамекен
Бірінші анық. Тіл.
«Ұлттын ең бірінші, ең қасиетті, сипаты- тіл. Бұл туралы толып жатқан ғалымдар, хәкімдер, кешеңгер адамдар айтып кеткен. Тіл дегенің өзі бүкіл бірхалықтың жинаған рухани қазынасының жиынтығы, соның бәрін сақтайтын қоймасы сияқты. Қойма дегенде ойға оралады сол жиналған рухани байлықты ұрпақтан ұрпаққа тіл жеткізіп беріп отырмаса, әр ұрпаққа өзінің рухани өмірін жоғалтқан болар еді.
Тіл- ең әуелі ойды құрап беруші, қарағанда ұлттын ерекшеліктерін ескеріп барып құрап беруші орган. Басқа тілді білу- өнер. Өз тілінді білу- парыз.»
Екінші анық. Дін.
«Өзін сол ұлттың өкілімін деп санайтын адам сол ұлттын дінін де жақсв білу керек. Дін деген нәрсенін ұлттық рухқа тікелей қатысы бар. Қарап отырсан, дін де ұлттық рухты құраушы соған белгілі бір мазмұн беруші тәртіпке салушы күш бар. Мұның өзі ерекше күш.
Діннің арқасында мұнау кең далада шашырап жатқан көшпенді халықпыз белгілі бір тәртіпке келіп жинақталған. Дінге байланысты жақсы сезімдеді бойына мықтап, қуат қып жиаған еш уақытта ұмтылмайды.»
Үшінші анық. Дәстүр.
«Ұлтты рухтандырып тұратын, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттардың бірі- дәстүр. Ол тіл сияқты, ең негізгілерінің қатарына жатады. Ұлттың қанында, жанында, рухында жүретін, ол үшін аса қажетті, қасиееті нәрсе. Сондықтан да тіл мен дәстүр әрдайым бір бірімен тығыз байланыста болып, біріне- бірі күш береді, бірін-бірі байытады.
Дәстүр ұғымында жаңаша көз қараспен қарасақ онда ол үш нәрсемен сипатталады:
Дәстүр дегенің- жалпы халықтық
Дәстүр тағы бір сипаты- тұратылығында.
Дәстүр ұрпақтан ұрпаққа беріледі.»
Төртінші анық. Тарих.
«Өзін белгілі бір ұлттың өкілімін деп санайтын адам сол ұлттың тарихын білуі тиіс.
Ұлттың тарихы туралы сөз қозғалғанда біраз мәселелердің басын ашып алмай болмайды. Олай демуіме себеп- қазақ халқы «тарих» деген деген ұғымды өзінше түсінген.»
«Тарих дегеніміз- бір халықтын тек қана еркіндікке қарай ұмтылысың тарихи ғана емес, сол халықтың тәрбиесінің де тарихы.»
«Адам дегеніміз- тарихи құбылс. Өз ұлтының тарихи дамуын сезінген адам өзінің қалай дамып келе жатқаннан да сезінеді. Сол арқылы өзінің қалыптасуын, ұлтының қалытасуынын бір деңгейге, бір жүйеге көтере білген адам сол ұлттың толық қанды мүшесімін депсанайды.>
Тіл. Ұлтының ең біріншісі, ең қасиеттісі – тіл.
Дін. Дінеде ұлттық рухты құраушы, саған белгілі бір мазмұн беруші, тәртіпке салушы күш бар. Мұның өзі – ерекше күш.
Дәстүр. Дегенін халықтық, ұлттық психологиясын дүниетанымының деңгейімен, басқа да әлуметтік жағдайлармен байланысты болады.
Атамекен. Егер жерімізді, атамекенімізді қастерлейтін болсақ, онда ұлтымыздың күшін күшейте түсеміз.
2) “Нар қазақ” кітабынын шығу тарихы 2-і топ
Нар қазақ
М.Арын туралы естеліктер
1) Дара тұлға. 2) Ісі өнегелі, есімі ардақты азамат, 3) Даналық дариясы.
4) Абай ұлылығына құштарлық., 5) Өнерді өнеге тұтқан.
Дара тұлға.
Ол егеменді қазақ Елінің ертенгі жарқын болашағына шын жүрегімен қуана үлес қосты. Өз ұлтын жанындай жақсы көретін, өзгені бөлектемейтін. Елді, жерді бөлмейтін, бөлуге жол бермейтін. Сондықтан да болар, ол Ақтөбе облысының да туған ұлы, ортақ асылы болып кетті. Абай тойы үстінде қала, аудандарда” Мұхтар Арынов- біздің Абайымыз” десіп жатты. Бұлайша ағынан жарысу- Мұханды терең тану деген сөз.
Ермұхамет Жақсылықов
Қазақстан Журналисттер одағының мүшесі.
Ісі өнегелі, есімі ардақты азамат.
Оның ғалым ретінде неміс тілінің маманы бола жүріп, қазақ тілінің белгілі бір проблемасына бойлап бара білгеніне, ол жайында өзінің соны пікірін ұсынғанына қайран қалдым. Ол- қай жерде қалайша сөйлей білетіндігі және қазақ тілінде еркін, шешен, қисынды етіп сөйлегендігі. Мұқанның орысшасына мінсіз екендігін былай қойғанда, неміс тілін өте жақсы білетіндігі, бұл тілде сөйлей де, жаза да алатындығы тағы да дауа. Ал ешбір бөгде тіл сөздерін қоспай, іркілемей қоспай қазақ тілінде ойын жеткізу бұл күнде екінің бірінің қолынан келе бермейтін “шаруа” болып қалғаның да жасырмасын.
Рабиға Сыздықова
Филология ғылымының докторы.
Даналық дариясы.
Жанында жүріп, әріптес, пікірлес боп, ойға алған идеяларын, жоспарларын жүзеге асыруға қолдан келгенді аямай қосшы болсаң деп тырысқан жылдары Мұхан тарапынан көрген- білген, естіген, түйсінген, бір адамға ғана емес, барша ұлтқа, халыққа ортақ ұлағаттылықтың үлгісі ұшан-теңіз.
Абылай Мұхаметжанов.
Абай ұлылығына құштарлық.
Жан- жақты ғалым Мұхтар Ғалиұлы терең ойшыл да еді. Халқымыздың рухани әлеміне үңілу, жалпы әдебиет саласындағы түсінік, толғаныстарын айтпағанда, Абай мұрасы, абайтану мәселелері жөніндегі ой пікірлерінің өзі шексіз, танқаларлық болатын.
Тәрбие деген тәңір бар...
Өнерді өнеге тұтқан.
Мұхан апа тіліміз бен әдебиетімізді насихаттауға ат салысқан, сол жолда қыруар істі өз қолымен атқарған азамат.
3) Тапсырмалар: 1) 2 топ өз кітаптарын қорғайды( мазмұны, желісі, негізгі ойлары)
2) 2 топ бір- біріне сұрақ қояды.
3) Қазіргі жастарға деген М. Арынның үлгі-өнегесі, тәлім-тәрбиесі.
4) (толғаныстар, сұхбаттар)
2 топқа Тәрбие-Тәңір сөзінің мағынасын аштыру (пікір талас)
3- бөлім.Қорытынды: (оқушылардың М.Арынға деген тарту сыйы)
Сабағымыздың қорытындысы ретінде кейбір оқушылар бүгінгі сабағымыздың қоржынына өз сыйларын тарту еткелі тұр, қабыл алыңыздар!
Айдарханова Сандуғаш (эссе) Мұхтар Арын- қйталанбас тұлға
Мен Мұтар атаны көзіммен көрмесем де , ол кісі жайлы теледидардан естімесемде, газет-журналдан оқымасам да кітаптың көмегі арқылы; №24 лицейдің сол кісі жайлы көрсетілген сабақтары арқылы бұрыннан білмей келген бос «қоржынымды» толтырдым.
М.Арын –қайталанбас тұлға деп отырғаным: болашағы жарқын адамдар «бұл фәнидің жүзінде» қазіргі кезде саусақпен санарлық қана. Мұндай адамдар енді қайталанып келмейді, алайда соның ізімен жүретіндер аз емес: бұндай «терең дарияның» орны толмас, бірақ әр арнамен ағып келіп сол дарияның орнын толтыратындар көптеп кездеседі. «Жақсы адамдар бұлақтай: жан-жағын гүлдендіріп, жайнатып жүреді» деп бекер айтылмаған екенін енді түсіндім. Дәл осы нақыл Мұхтар атамызға айтылған екен.
М.Арын атамыз шәкірт жүрегінде мәңгі сақталады:
Бөлмейтұғын халықтың, жақындардың іргесін,
Әр жүректе Мұхтар деген ізгі есім.
Сұхбат құрып, ғибаратты кештерде,
Сен әрқашан біздерменен біргесің.
( Е.Жақсылықов)
Арапова Мөлдір. Н.Қалауов (айтыскер ақын, профессор М.Арынның шәкірті)
Көшелі оймен тұлғасы дара басқадан,
Өрісті іске Ақтөбе көшін бастаған.
Мұхтар аға дарқан тұлға болатын,
Ғибраты мол, жаны ізгі жақсы адам.
Ақын еді, жүрегі жырлап тұратын,
Тыңдаушы ұқса, ойлары дәурен құратын.
Қайсысын айтып, несіне бәрін қозғаймын,
Тап болдық кезге, аһ ұрып іштен тынатын.
Атыңды айтып, жанарларға шық тұрып,
Қазір ғана келетіндей күттіріп.
Пәниден кетті ағамыз суыт бақиға,
Бұл өмірдің жалғандығын ұқтырып.
Біз қалғанмен қайғы-торға қамалып,
Жадымызда жазылды аты жаңарып.
Бақалыдан жанған шырақ кетті енді,
Жабасақтан «Абай жолын» әрі алып.
Жақсыларда шапағат –нұр, жарық бар,
Шарапатқа мәңгі ынтызар халық бар.
Мұхтар атты алыптар көп қазақта,
Арыновпен ажарлы сол алыптар.
Закир Үміт. «Шапағат нұр»(өлең)
Мұхтар аға, ашқан дүние есігін
Жетісудың-болды мәңгі бесігің
Ақтөбеде еріп келді соңыңнан,
Ұлшы жолға ұзатқандай өз ұлын.
Табылмаппын топырақ та салуға-
Аруағыңнан өтінемін кешірім.
Ел деп қана соғатұғын жүрегің,
Мұхтар аға, көп ағадан ірі едің,
Ақтөбе де-Ақсу менен Сарқандай
Болып кеткен, әмбеге ортақ ұл едің
Бауырыңды баулағандай бауладың
Байтақ жатқан Қазақстан түлегін.
Көшеде аймен тұлғасы дара басқан,
Өрісті іске Ақтөбе көшін бастаған
Мұхтар аға дархан тұлға болатын,
Ғибраты мол, жаны ізгі жақсы адам
Бүгінгі “М.Арын- даналық дариясы” атты тәрбие сағатымызда қандай ғибрат, үлгі өнеге
алдыңдар?!
Бүгінгі сабақ сендерге несімен қызықты болды?!
Тәрбие сағатына зейін қойып тыңдағандарына көптен –көп рахмет! Хош сау болыңыздар !
Мұхтар Арын әулеті
Балдай тәтті Абай!... ҚазПИ-дегі әріптестерімен бірге (1957 жылда
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Ректор Мұхтар Арын