Материалдар / Ашық ата-аналар жиналысы "Оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ата-аналар жиналысы "Оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығын, жанұядағы ата - ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, мамандық таңдауда түрлі ерекшеліктерін айқындап, дұрыс бағыт беру туралы түсінік қалыптастыру. Ата-ана, бала, мектеп үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету; Баламен дұрыс тіл табыса отырып, мамандық таңдауда оның таңдауын көңіл бөлуге ой салу; Сыныпта  ата-аналарын ынтымақтастықта, өзара сыйластықта бірлесе әрекет етуге, пікір алмасып, ой білдіруге шыңдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2020
6577
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады










« Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ



Ата – аналар жиналысы

Тақырыбы: «Оқушыларға кәсіптік бағыт – бағдар беру»













Сыныбы :3 «А»

Сынып жетекшісі: Балгабаева Гульмира Муратовна











2019-2020 оқу жылы


Ата-аналар жиналысының жоспары

Тақырыбы: «Оқушыларға кәсіптік бағыт – бағдар беру»


Мақсаты: 

  • Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығын, жанұядағы ата - ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, мамандық таңдауда түрлі ерекшеліктерін айқындап, дұрыс бағыт беру туралы түсінік қалыптастыру. Ата-ана, бала, мектеп үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету;

  • Баламен дұрыс тіл табыса отырып, мамандық таңдауда оның таңдауын көңіл бөлуге ой салу;

  • Сыныпта  ата-аналарын ынтымақтастықта, өзара сыйластықта бірлесе әрекет етуге, пікір алмасып, ой білдіруге шыңдау.

Әдіс-тәсілі: топтық жұмыс, пікірлесу, сұрақ-жауап, жедел тест.

Жоспар:

  • Күн тәртібімен таныстыру(1 мин)

  • Шаттық шеңбері «Амандасып алайық» жағымды ахуал туғызу; (2 мин)

  • Кіріспе (1мин)

  • Мұғалім мәртебесі туралы(3 мин)

  • 2019-2020 о.ж. І жарты жылдық қорытындысы (15 мин)

  • Берілген қима мақалдар арқылы топтарға бөліну; (2 мин)

  • Топтарға тапсырма беру; (1 мин)

  • Топтардың жұмыстары; (15мин)

  • Отбасы тәрбиесі туралы бейнеролик (5мин)

  • Ата – анаға арналған қысқаша тест (5 мин)

  • Қорытындылау. (3 мин)



Жиналыс барысы:

- Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!

Бүгінгі ата- аналар жиналысына қатысу керек 29 ата – ана;

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Себепті:

Себепсіз:

Жиналысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Күн тәртібімен таныстыру:

  • Мұғалім мәртебесі туралы.

  • «Оқушыларға кәсіптік бағыт – бағдар беру» топтық жұмыс;

  • 2019-2020 о.ж. І жарты жылдық қорытындысы;





І. Мұғалім мәртебесі туралы.

Слайд бойынша жұмыс


ІІ. 2 – тоқсан қорытындысы, 3 – тоқсандағы өзгерістер.


ІІІ. «Оқушыларға кәсіптік бағыт – бағдар беру»

«Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар болып атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.
Отбасы - өмірді кемеліне келтіретін, бақыт әкелетін қасиетті мекен. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді .Баламыз өмірден өз орнын тауып, қалаған мамандық иесі болып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.!

- Барлығымыз шеңберге тұрып, бір – бірімізбен амандасып алсақ. Шаттық шеңбері «Амандасып алайық» тренингі.

(Сары қолды көрсетсем, қол беріп амандасу. Жасыл – арқамен, қызыл – құшақтасу)

Барлықтарыңыздың қолдарыңызда сөздер жазылған қағаздар бар. Сол қағаздардан мақал – мәтел құрау арқылы топтарға бөлінеміз. (4 топ)

  • Баланың бас ұстазы - ата – анасы.

  • Талпынған бала – талпынған құстай,

Құмары қанбас аспанға ұшпай.

  • Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

  • Ағаштан ағаш сәнін алады,

Адамнан адам тәлім алады.


- Енді осы топтарға тапсырма беріледі:

1 – топ: Жойылып бара жатқан мамандық түрлері

2 – топ: Өзгеретін мамандықтар

3 – топ: Пайда болатын мамандықтар

4 – топ: Өз кәсібін ашу, жарнамалау

(Әр топ өз жұмыстарын қорғайды, сұрақтар қойылады)



- Отбасы тәрбиесі туралы бейнеролик. Отбасы тәрбиесі мен баланың бейімін байланыстыра отырып қорытынды жасау, ата – ана ойы.





Ата-аналарға арналған тест және сұрақтар

1. Өскенде балаңыз кім болғысы келеді?
А) Дәрігер

Ә) Әнші

Б) Сарбаз

В) ________________________________________


2. Балаңыз отбасында «кімнің баласы?»
А) Атасы мен әжесінің

Ә) Әкесінің

Б) Анасының

В) Бәрінің

__________________________________________________________________


3. Балаңыз неден қорқады?
А) Қараңғыдан

Ә) Иттен

Б) Жалғыз қалудан

В) Қорықпайды


4. Балаңыздың сыныптағы жақын достарын атап бере аласыз ба?

__________________________________________________________________


5. Балаңыз қазір жаныңызда болса не айтуға дайынсыз?

(Ата – аналарға шар таратып беріп, балаларға айтатын тілектерін шарға жазу)


Осы тілек жазылған шарларыңызды балаларыңызға беріп, қуантыңыздар.

Енді осы бүгінгі тақырыптан не алдық, нені басты назарда ұстау керек екен? (берілген парақтарға жазу, айту).

-Балалар біздің болашағымыз. Олар біздің айнамыз. Балаңыздың қылығын көргенде, бұл біздің, ата – анасының мінезі, әдет - дағдысы, - деп қабылдаңыз, соны түзеуге тырысыңыз. Осыдан біз баланы емес, бала бізді тәрбиелейді деуге болады. Рахмет!


Қортындылау: Сұлбаға әр топ бойынша өз қортынды сөздерін жазады


Шешім:

  • Мектепте және отбасында оқушыларды психологиялық тұрғыда өзгермелі өмірге дайындауда балаға дербес көзқарасты қалыптастыру, қажетті мамандықтың түрлерімен таныстыру. Баланың бейімін, қалауын басты назарда ұстау;

  • Оқушының білім сапасын, шығармашылығын арттыруда, ата-ана, бала, мектеп үштігі арасындағы өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету;



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!