Материалдар / ашық ойын іс әрекеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық ойын іс әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
балалар қойылымы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2023
254
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегі қойылымы

Мақсаты:

  1. Дыбыстарды тауып, оларды ажырату дауысты және дауыссыз дыбыс екенін біліп белгілеу.

  2. «Математикалық санамақтар» сандарды тани білу және шапшаң жылдам ойлап орнын табу.

  3. Мақал-мәтелдерді білу, айту және жалғастыру.

  4. Қазақ ертегілерін атап, ертегі кейіпкерлер танып айту.

  5. Ертегінің мазмұнын түсіндіру, берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау және есте сақтау ойлау зейін қабілеттерін дамыту сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету. Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу.

  6. Балаларды қазақша жыл санау ретімен таныстыру.

Балалар музыка залына әуенмен кіріп келеді.

Тәрбиеші балалардың көңілін қонақтарға аударады, барлық балалар амандасады.

Енді балалар бізге балапан тобына қонақтар қандай білімді, әдепті, тәртіпті өнерлі балалар екнін көруге келіпті

Олай болса, сауат ашу негіздері бастайық

  1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп бар).

  2. Оларды не істейміз? Естиміз, жазамыз, айтамыз, дауыстаймыз

  3. Олар нешеге бөлінеді (Дауысты және дауыссыз дыбыстар) олардың түстері: көк, қызыл түстер болады

  4. Дауысты дыбыстар екі түрге бөлінеді. (жіңішке, жуан). Дауыссыз дыбыстар үш түрге бөлінеді (қатаң, ұяң, үнді)

Олай болса, менде тапсырма бар келіңдер

Дауыссыз дауысты тауып белгілеңдер, бұл сөздерді кім оқи алады екен? олай болса оқып беріңдер (түйе, қой, барыс, сиыр, қоян, тауық, маймыл, ит)

  • Балалар біз қандай сөздер оқыдық. Осы сөздерге байланысты қазақ ертегілерін білесіңдер? Маған атап беріңдерші




Балалар: «Мақта қыз бен мысық», «Алдар Көсе мен бай», «Қошқар мен теке», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», т.б.

Біз бұл ертегілермен таныспыз ғой, олай болса қонақтарға қойылым көрсетейік.

Балалар осы кейіпкерлердің бас киімін кейік

Балалар өз бетінше бас киім киеді

автор – Аймира

түйе – Гауһар, Анар

тышқан – Іңкәр

сиыр – Алинұр

барыс – Алисұлтан

қой – Кәусар

жылан – Ж.Аяла

ұлу – М. Аяла

жылқы – Димаш

ит – Әбілмансұр

тауық – Аружан

қоян – Эльнара

доңыз – Айлин

маймыл - Мерас


Автор: Ерте, ерте, ертеде орман тұрғындары жыл басына таласып дауласыпты, ал тышқан болса інінде жатып, оны естіп қалыпты.

Тышқан: Ой, ой хайуанаттаардың бәрі жиналып жатыр екен, біз қалып кететін болдық қой, енді қайттым түйе досымды іздейін

Тышқан: - Түйе, түйе қайдасын?

Түйе: - Не болып қалды

Тышқан: - Не болып қалды? Не болып қалды? Барлық хайуанаттар жиналып қалыпты, олар жыл басына таласып жатыр екен.

  • Олай болса барайық?

Автор: Әрқайсысы өзінің ерекшеліктерін айтып мақтаныпты. Бұл оқиға былай болған екен.

Ортаға барлық жануалар жиналды.



Барыс:

Төзімім таусылды

Жылды қарап тұрмайық,

Жылды беруге бастайық

Ол екеуіне екі орын тастайық

Жылан: Сабыр Сабыр, түйені күтейік

Түйе мен тышқан келеді

Тышқан: қарашы түйе сенің кесірінен кешігіп қалыппыз

Түйе-:

Түйе, түйе түйемін,

Жыл басына иемін.

Жан – жағыма қараймын

Күн мен түнді санаймын.

Мен өзімді даланың

Кербезіне балаймын

Жылқы-: Димаш

Алысқа шауып барамын.

Адамның бабын табамын,

Пайдасы мол жылқының.

Жыл басы мен боламын,

Қой-:

«Бә,бә,бә» мен қоймын,

көк шөпке тойдым.

Жыл басы болуға кетіп тұр ойым.

Қараңдаршы қандаймын

Жер Ана:

Сиыр-Алинұр

«Мө» деп мөңіредім

Молшылық төңірегім

Көгалда тұрағым

Етіммен, сүтіммен Адамға ұнадым

Ит-Әбілмасұр:

Абалап үремін,

үйді қарап жүремін ,

Адамның көмекші,

Досының бірімін

Барыс-Алисұлтан:

«Ырр, ырр» барыспын, барыспын,

Бәріңе де таныспын.

Күшіме сенемін, бәріңді де жеңемін.

Жыл басы болуға шіреніп келемін

Жылан- Ж.Аяла:

Жыл басына лайық сұлу жыланмын,

Күштімін де, жылдам десе жылдаммын.

Шағады деп бекер жала жабады,

Адамды мен умен емдей аламын.

Жер Ана: Сабыр,Сабыр жылан

Маймыл-Мерас:

Эй, достарым,

Бекер дауды қойыңдар,

Бір шындықты мойында,

Бәрінің ішінен - мен ұқсаймын адамға.

Сергіту сәтті: «Математикалық санамақ»

Мақсаты: сандарды бағыт бойынша, жылдам ойлап, орнын тауып тұру.



Қоян- М.Аяла:

Қардай аппақ қоянмын,

Жазда сұрға бояндым,

Жылды өзім бастайтын боп,

Соған билеп, қуандым.

Ұлу- : М.Аяла

Ұлу деген мықтымын,

Жарқын – жарқын шықты үнім.

Ойым озар өзімнен,

Ақыл, ой бар сөзімде.

Тауық-: Аружан

«Қо,қо, қо, қоқ» жыл әлі неге жоқ.

Жыл басы болған жоқ

Жұмыртқамды жеген соң,

Барлық бала болар тоқ

Доңыз-Айлин:

Қорс, қорс етемін,

Қорсылдақпын онсы рас,

Жылдың басы мен болмасам,

Сонда өзі кім болмақ?

«Мақал -мәтелдер ойыны»

1.«Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».

2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».

Күлдіртіп жылатып

3. «Жаңылмайтын … жоқ, сүрінбейтін тұяқ …….».

4. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».

5 . « … … … . а қ ш а ң болғанша, көп досың …».

6. «Досы көппен …. ,

Досы жоқпен … ».

7. «Досы … , өзі де жақсы».

8. «…. басқа қарайды,

аяққа қарайды».

Жауаптары

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

6. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

Жер Ана дауысы: О жаратқандар неге таласасындар, кім бірінші таудың арасына күн саулесін жоғарыдан көреді сол жыл басы болады.

Тышқан: Ал енді не істесем болады екен? Мен кішкентаймын ғой, енді қайтсем екен деп, қулығым асырайын түйе үстіне мінейін – деп мініп алады.

Баяу әуен ойналады. Жарық сөніп, қараңғы түседі. Аңдардың барлығы ұйқыға кетеді. Тышқан түйенің үстіне шығып ұйықтайды.

Әуенмен күн шығады. Күнді алғаш болып тышқан көреді.

Тышқан-

Пи-пи-пи Алақай, алақай, күнді көрдім алақай.

Қулығыммен, ақылыммен бәрін жеңдім алақай

Сиыр-

Мөөө – мөөөө Күнді көрдім

Барыс-

Ррр-ррр Мен де көрдім күнді

Қоян-

Күнді көрдім алақай!

Ұлу-

Күнді көрдім, күнді көрдім

Жылан-

Ссс-сссс Мен көрдім күнді

Жылқы-

Иооо-иооо Мен де көрдім күнді

Қой-

Бәәә-бәәәә Күннің көзін көрдім

Мешін-

Ия- ия – ия Күнді, күнді мен көрдім

Тауық-

Ку-ка-ре-кууу Алақай, күнді көрдім

Ит-

Ав-ав-ав Күнді мен де көрдім

Доңыз-

Қорс-қорс Мен де күнді көрдім

Хормен:

Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой

Мешін, тауық, ит, доңызды санап жаттап біліп қой

Ал түйе болса аузы ашылып ұйықтап қал,ан екен, барлық хайуанаттар оны оятады ештеңені түсінбей қалған түйе

Түйе: Ой, ой мен ұйықтап қалдым ба?

Хайуанаттар: иә, сен ұйықтап қалдың.

Түйе: Жыл басы мен болмасам, онда мүлдем болмаймын – өкпелеп кетіп қалады.

Сөйтіп жыл атауларынан құр алақан қалыпты.

Достық тақпақ:

Димаш: Достар бірге жүреміз,
бірге ойнаймыз,күлеміз.
Бірге балық аулаймыз
міне,біздер қандаймыз!

Алинұр: Мұңайсаң да қасыңда,
Қуансаң да қасыңда.
Жақсы достан ешқашан,
Сырларыңды жасырм

Хор: «Жануарлар достығы» әні

Тәрбиеші:

Барлығың да қараңдар,

Енді үйге тараңдар,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!