Материалдар / АШЫҚ ОҚУ ҚЫЗМЕТІ "БАЛАБАҚША-БІЗДІҢ ЕКІНШІ ҮЙІМІЗ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АШЫҚ ОҚУ ҚЫЗМЕТІ "БАЛАБАҚША-БІЗДІҢ ЕКІНШІ ҮЙІМІЗ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Тақырыбы: Балабақша біздің екінші үйіміз.



Мақсаты: балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту,өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін сіңіру, достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері: үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету,балабақшаға деген мақтаныш , құрмет сезімдерін дамыту,айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.

Әдістер: түсіндіру,әңгіме,ойын.

Көрнекілік :балабақша суреті,безендірілген бөлме.

Тәрбиеші:Сәлеметсіңдерме балалар Көңіл-күйлерің жақсы ма Балалар бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр,олай болса қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Балалар:

Сәлем беріп сіздерге,

Бас иеді ұл мен қыз.

Болашағы Отанның,

Азаматы біздерміз.

Мұғалім; Жарайсыңдар балалар!Балалар бүгінгі сабағымыз тақырыбы Балабақша біздің екінші үйіміз. Біз таңертең балабақшаға келіп күні бойы осы жерде тәлім-тәрбие аламыз, ойыншықтар ойнаймыз,тамақтанамыз,сондықтанда балабақшаны екінші үйіміз деп айта аламыз,солай ғой балалар! Ендеше балалар барлыгымыз бір-бірімізге,қонақтар мен ұстаздарға жақсы көңіл-күй сыйлайықшы. Қане шаттық шеңберін құрайық.

Балалар:

Еліміз тыныш болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Дастарханнан дәм кетпесін,

Көңілімізден сән кетпесін.

Тәрбиеші:Рахмет жарайсыңдар.Балалар,сендер күнде қайда келесіңдер

Балалар:Біз балабақшаға келеміз.

Тәрбиеші: Ертеңгісін балабақшаға келгенде достарымызға не дейміз

Балалар: Қайырлы таң!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Балабақшада сендер не істейсіңдер

Балалар: Балабақшада біз білім аламыз,тәтті тағамдар жейміз,ойыншықтар ойнаймыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ендеше сүйікті балабақшамыз туралы қонақтарға тақпақ айтып берейік.





Әсел: Әдіскері бақшамның,

Жайдары жүз, ай қабақ.

Самандаровна ханымымыз.

Жүреді бізді аймалап.

Әміржан: Балабақша есігін,

Сәби болып ашқанбыз.

Балапандай өсірген,

Тәрбиешіме мың алғыс.

Айдана: Тыңдауышы қолында,

Өлшеуіші қолында.

Ақ халатты дәрігер,

Әр қашан өз орнында.

Кәусар: Бала,бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Оңға солғаны үйреткен,

Спортшымызға мың алғыс

Әмина: Аспазшылық ақ жүзді,

Келбеттіде, мейірімді.

Бізге тамақ әзірлер

Тамақтары тәп-тәтті.

Раяна: Тұлпардай балабақшам бар,

Деп мақтанамын бәріне.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,балабақшаларың туралы әдемі тақпақтар біледі екенсіңдер.

Орнымыздан тұраық,

Олға,солға қарайық.

Тақпақ айтып шаршадық,

Біраз сергіп алайық.дей отырып біз сендермен сергіту сәтін өткізейік.

Балалар теледидарға қарап музыкалық сергіту сәтін өткізеді.



Қанекей балалар ойын ойнайық, ойынның аты Иә ма,жоқпа деп аталады.

Балалар бұл кім : Бұл дәрігер апай.Бізге дәрі береді, емдейді,тазалықты тексереді.

Ал мынау кім: - Ол аспазшы апай. Біізге тамақ пісіріп береді.

Ал мынау кім. –Ол тәрбиеші Райхан апай. Апай бізге сабақ үйретеді.

Мынау кім: Ол тәрбиешінің көмекшісі.Бізге тамақ береді,ыдыстарды жууады,шаң сүртеді,төсек жинайды.

Сендер сәби болып келгенен ересек болып мектепке кеткенше осы апайлар қызмет етеді.

Сергіту сәтін жасайық.

Балалар сендер балабақшада немен ойнағанды ұнатасың:-Қуыршақпен

Балабақшаның қандай тамағы ұнайды:-Котлет

Балабақшада нені ьтыңдап үйрендің:- ертегі, әңгіме.

Балабақшаның аты қалай аталады:- Тұлпар

Балабақшадан не үйрендің:-сурет салуды,ән айтуды,билеуді.

Жарайсыңдар балалар ақылды екенсіңдер.

Қорытынды: Ал енді балалар біз сендермен бүгінгі ашық оқу қызметін аяқтаймыз,Сабақтың соңында балабақшаға деген жақсы тілектерімізді айтайық.

Тәрбиеші:Ал осымен сабағымыз аяқталды.

Келгендеріңізге рахмет!

Сау болыңыздар!













Мұнайлы ауданы







Ашық оқу қызметі

Тақырыбы: Балабақша біздің-екінші үйіміз



















Өткізген: Нұрхан Жадра.



2021жыл



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!