Материалдар / Ашық оқу қызметі "Дыбыстық және тыныс алу жаттығулары"

Ашық оқу қызметі "Дыбыстық және тыныс алу жаттығулары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед мамандарға арналған Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
251
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



168 бөбекжай-балабақшасы













Ашық оқу қызметі



Тақырыбы: Дыбыстық және тыныс алу жаттығулары









Логопед: М.Б. Жолдасбекова

















Алматы 2020ж



Бөлімі: Логопедиялық түзете-дамыту

Тақырыбы: Дыбыстық және тыныс алу жаттығулары

Мақсаты:

Білімділік: Қалыптасқан дыбыстарды буын, сөздерде қолдануды үйрету. Сөздік қорын молайту. Дұрыс сөйлеу тілін қалыптастыру. Дұрыс тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, ойын арқылы ойлау қабілетін сурет арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру .

Көрнекілік құралдар: Суреттер жиынтығы, ойыншықтар, айна, салфетка.

Тыныс алу жаттығулары: Допты стақанға үрлеп түсір, Кімнің добы биікке ұшады, Мақтаны үрлеп қар ұшырамыз.

Тіл жаттығуы: «Сусиыр», «Бақа», «Піл», «Жылан», «Сағат», «Ат шауып келеді».

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Балалармен сәлемдесу

Шаттық шеңбері:

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Сәлемдесіп алайық,

Алақанды ұрайық

2. Күнделікті сөздер, матиралдар.

- Жылдың қай мезгілі

- Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады

-Аптаның қай күні

Тыныс алу жаттығуы. Допты үрлеп стаканға түсіру.

Негізгі бөлім

Ертегі: «Зообаққа саяхат».

Ертеде тіл болыпты. Бір күні тіл хайуанаттар бағына баруға жолға шығады. Тіл зообаққа автобуспен барады. Автобус қалай жүреді: В-В-В деп жүреді. Тіл зообаққа келгенде автобус Би-бип деп тоқтоды. Зообаққа кіре бергенде тоған судың ішінде үлкен, ауызы кең ашылған біреу отыр екен. Бұл сусиыр еді. ("Сусиыр" жаттығуы. Ауызды кең ашу, жаттығуды 3 - 4 рет қайталау). Тіл әрі қарай жүре бергенде бақылдаған дауысты естиді. Артына бұрылып қараса, тоған судың шетінен бақаны көреді. ("Бақа" жаттығуы. Үстіңгі және астыңғы тістерімізді қабыстыру). Оның жанында биік ағаштар көрінді. Ағаштың жапырақтары қалай шытырлайды. Ш-Ш-Ш деген дауыс шығады. Қолымызды жоғары көтеріп Ш-Ш-Ш дейміз. Бірден жел соқты Ф-Ф-Ф. Зообақтың шетінде пойыз жол бар екен. Алыстан пойыздың Т-Т-Т деген даусы шықты. Пойыз тез-тез жүрген сайын оның дөңгелегі ТА-ТА-ТА деген дауыс шығады. Тіл сусиырды, бақаны тамашалап болған соң, тұмсығы ұзын, өзі үлкен тау тәрізді жануарды көреді. Бұл тұмсығымен денесіне су шашып тұрған піл еді. ("Піл" жаттығуы. Ерінді алға қарай жиыру). Тіл тор ішінде ұзына жатқан түтікшені (шланг) көреді. Бір кезде әлгі түтікше қимылдайды. Бұл ұзын жылан екен. ("Жылан" жаттығуы. Күлімсіреп, ауызды ашып, тілді алға шығарып, кейін жасыру). Жаттығуды 3 - 4 рет қайталау. Зообақта тіл көптеген жануарларды көреді түлкі, қасқыр, аю, маймыл, арыстан, көптеген құстардың түрлерін, балықтар т.б жанурларды көреді. Қасқыр У-У-У деп ұлыйды. Аю А-А-А деп айқайлайды. Тіл хайуанттар бағын аралап жүріп, кештің қалай батқанын білмей қалады. Үйге қайту керек екенін біліп, тіл сағатына қарайды. ("Сағат" жаттығуы. Тілді алға шығарып, оңға – солға қимылдату (сағат тілі тәрізді). Тіл сағатына қарап, үйге қарай бет алады. Тіл хайуанаттар бағын аралап щығып қатты шаршап тынығып алайын деп тал түбіне отырса, көгалда жайылып жүрген үйір аттарды көреді. Тіл аттардың біреуіне жақын келіп, жалынан ұстап, атқа мініп, үйіне қарай шабады. ("Ат шауып келеді" жаттығуы. Таңдайды тоқылдату). Тіл үйіне кіріп, есігін жауып алады. Осымен зообаққа саяхатымыз бітті.


Сергіту сәті. «Кішкентай аю»

Дауыспен жұмыс:

Ас-ас-ас қандай тәтті ананас

Са-са-са ызыңдайды маса.

Сат-сат-сат сартылдайды сағат

Се-се-се кішкентай кесе

У-у-у бұл таза су

Ұс-ұс-ұс самғады құс.


Ойын: Кімнің добы биікке ұшады

Балалар арнай түтікшеден жасалған ойыншықпен допты үрлеп тұрады. Доп ауада ұшып тұру керек.

Шығармашылық жұмыс: Қарды бояймыз

Ойын жаттығу: “Қар жауды” Бұл жаттығу барысында мақтадан домалақтап немесе жұлып-жұлып “қар түйіршіктерін” жасаймыз. Балалармен бірге “қар” жаудырамыз. Бала “қар түйіршіктерін” дұрыс үрлеу керек.

Қар ұшқыны аспанда

Қиыршықтап ұшады

Қанатты аппақ құстардай

Жердің бетін құшады.

  • Қазір қай мезгіл?

  • Далада не бар?

  • Ол қандай түсті?

  • Кәне, біз қарды үрлеп көрейікші! (мақтадан жасалған қарды үрлеу)

Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабағымызда дыбыстарды ойын жаттығулары арқылы пысықтап алдық. Сонымен қатар сөздік қорын молайтық. Баланы мадақтау арқылы сабақты қортындылау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ