Ашық оқу қызметі: "Жау, жаңбыр!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі: "Жау, жаңбыр!"

Материал туралы қысқаша түсінік
табиғи дауыспен ән айтуға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, әуенге ілесе қарапайым би элементтерін еркін орындауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы



МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай – бала бақшасы





Picture 1



Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: «Музыка»

Тақырыбы: «Жау, жаңбыр»



Музыка жетекшісі: Г. М. Смағұлова











2017-2018 оқу жылы

Бекітемін: _____________________

МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай –

бала бақшасының әдіскері: Н. Ж. Мұқанова


_____ технологиялық карта

Айы: Қараша Аптасы: IV Күні: 22.11

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Музыка

Өтпелі тақырып: «Дені саудың – жаны сау»

Апта тақырыбы: «Күн, ауа, су – біздің достарымыз»

Тақырыбы: «Жау, жаңбыр»

Мақсаты: табиғи дауыспен ән айтуға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, әуенге ілесе қарапайым би элементтерін еркін орындауға үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: автобус рөлі, жаңбырлы күн көрнекілігі, күн, қолшатыр.

Сөздік жұмыс: жаңбыр, тырс-тырс, тамшы, тоқ-тоқ, қолшатыр, шуақ.

Қос тілділік компанент: жаңбыр – дождь.

Қызмет кезеңдері

Музыка жетекшісінің қызметі:

Балалардың қызметі

Мотивациялық -

қоз ғаушылық

Жетекші балаларды көңілді әуенмен қарсы алады.

Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен және қонақтармен амандасады. .

Айналайын, балалар,

Маған қарап тұрыңдар.

Аяқтарды тік түзеп,

Амандасып алыңдар!

Сәлем, сәлем, балақай!

Сәлем, сәлем, балақай!

-Саламатсыздар ма, қонақтар?


  • Балалар біз бүгін ойыншықтар дүкеніне барамыз!

Дүкенге көлікке мініп, тез жетіп алайық. Көлікке тізіле орналасқан балалардың жол ережелерін сақтауын қадағалайды.

«Машина» әні (К. Қуатбаев) орындалып, жолға шығады.

Балалардың көңілді әнге қосылуларын сұрайды. «Бип-бип» сөздерін анық, таза айтуға үйретіп, дағдыландырады. Ән аяқталысымен көліктен түсіп, дүкен аралауға шығады.

Дүкенші: -Саламатсыңдар ма, балалар? Дүкенші ойыншықтар жөнінде мағлұмат береді.

Музыка залына көңілді әуенмен келеді.















Балалар көлікке жайғасады.



Балалар әнге қосылып, өз дауыстарымен, таза айтуға талпынады. Автобустан түскен балалар дүкен аралай бастайды.



-Саламатсыз ба, дүкенші апай?








Алдын ала қойылған түрлі ойыншықтарды көріп, атын атап, көрсетулерін сұрайды.


Балалар зал ішінде еркін жүреді, ойыншық қоян, аю, мысық, доп т.б, алып көріп, аттарын айтуға тырысады.

Ұйымдастырушылық –

ізденістік



Үнтаспадан жаңбыр дауысы естіліп, күн күркірейді.

  • Балалар жаңбыр жауғысы кеп тұрған сияқты, дүкеннен қолшатыр сатып алайық.

Біз көңілді балдырған,

Сескенбейміз жаңбырдан,- деп аяқтарын топылдатып жүруді талап етеді.

«Жаңбыр!» (Т. Сарыбаева) әні үнтаспадан орындалып, мазмұнына сай қимылдар көрсетіледі. Балалардың епті, жеңіл қозғалуына мән берілуі тиіс.

«Балалар мен жаңбыр» ойыны ұйымдастырылады.

«Жаңбыр» әні (Т.Сарыбаева) ойналып, зал ішінде еркін жүреді. Күн күркіреп, жаңбыр дыбысы естілгенде балалар қолшатыр астына жасырынып үлгеруі тиіс.

Қолшатыр астында отырып:

Жаңбыр, жаңбыр төк, төк,

Шықсын гүлдер көп-көп,-

деп айтады.

Музыка жетекшісі көңілді дауыспен:

Күннің көзі ашылды,

Алтын нұры шашылды!-

дегенде «Көңілді күн» (Б.Есебаев) әні ойналып, балаларға жүгіріп, секіруге еркіндік беріледі. Ойын екі рет қайталанады.

Жаңбыр жауып басылды,

Күннің көзі ашылды. (Ә. Дүйсенбиев)

-Балалар, енді қайта ауа райы бұзылып кетпей тұрғанда тобымызға жетіп алайық. Топқа бару үшін көлігімізге қайта мінейік.

Балалар жаңбыр дыбысын естіп, көңіл аударады. Әртүрлі қолшатырларды таңдап алып, қуанады.



Сөзді қайталап, аяқтарын топылдатып жүреді.



Ән мәтініне сай жеңіл қимылдар көрсетеді.




Көтеріңкі көңіл күймен шаттана жүгіріп, қолшатыр астына жасырынуға тырысады.



Жаңбырды шақырып, бірге қосыла әндетуге әрекет етеді.


Көңілді әуенді сезіне еріктерінше билеп, секіріп қуанады. Ойын соңында қолшатырларын жинап қояды.






Көлікке мініп, топқа оралады.








Дауыс қыздыру жаттығуын жасатып, ән үйретеді.

Ән үйрену: «Жаңбыр»

Әннің көңіл күйін түсіндіріп, сөзін жаттатып, әуенін үйретеді.

Ойын: «Күн мен жаңбыр».

Мақсаты: балаларды музыканың әр түрлі сипатын ажыратуға баулу (көңілді, ойнақы, сабырлы, мұңды). Шығармалардың көңіл күйін сезіне білуге үйрету. Көңілді күн мен бұлт суреттері бейнеленген суреттер таратады.


«Күннен қуат аламыз» психожаттығуы.

Жетекші балалардан кілемге жайғасып жатуларын сұрайды, өлең оқиды:

Жасыл кілем- көк шөпке,

Аунап біздер жатамыз

Алтын күнге арайлы,

Бетімізді тосамыз.

Күн шуағы арайлы,

Денемізге тарайды,-

деп балалардың денелерін бос, еркін ұстауын қадағалайды.




Жаңа әннің сөзін жаттап, әуенін үйренеді.


Балалар екі түрлі шығарманы тыңдап, әуен сипатына сәйкес суретті көрсетеді.






Балалар жерге жайғасып отырады. Терезеге қарап, күнге назар аударады. Шалқаларынан жатып аяқ-қолдарын созады, көздерін жұмады. Тыныш күйде жатып, әуенді тыңдауға, денелерін бос ұстап, бірқалыпты болуға тырысады. Балалар тақпақты қайталайды, әуенді тыңдап, көздерін жұмады. Күннен қуат алғандай сезініп, керіліп-созылады.


Рефлексиялық –

түзетушілік


Балалар күннен қуат алып, күш жинадық.

-Сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?

-Балалар, біз қайда бардық?

-Қандай ойын ойнадық?


-Ия, балалар! Сендер бүгін оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. (кейбір белсенді атсалысқан балаларды атап өту)

-Сендерге бүгінгі оқу қызметінен естелік болсын деп мынадай қолшатырлы баланың суретін қуанышты хабарлама ретінде таратамын!

-Қонақтармен қоштасайық!

-Сау болыңдар балалар!



Оқу қызметінен алған әсерлерімен бөліседі.










Қол шапалақтап, шаттана секіріп, өздеріне таныс қимылдарды орындап, көңілді билеп, топтарына оралады.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: ырғақты сезіне қимылдау - жүгіру, секіру, әуен аяқталғанда тоқтау, ән мазмұнын түсіну.

Игереді: әдемі әуен, жаңбыр қатты жауады, күн жарқырайды деген ұғымдарды түсінеді.

Меңгереді: қолшатырды ұстап, би қимылдарын өз беттерінше орындау, әннің сөзін анық, таза айтуды.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2018
1020
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі