Материалдар / Ашық оқу қызметі: "Көңілді сылдырмақтар"

Ашық оқу қызметі: "Көңілді сылдырмақтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Сылдырмақпен таныстыру. Ойыншық арқылы балалардың музыкаға деген сезімдерін ояту. Балалардың есту қабілеттерін арттыру. Сылдырмақ үніне ілесе ойынды белсенді ойнауға және қимылдар жасауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2021
703
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бөбек» балабақшасында «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша «Балдырған ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған ашық оқу қызметі


Тексерілді: _____________

Әдіскер: А. О. Каирова


Саз жетекшісі: Нурсаинова Айжан Талгатовна

Уақыты:

Тақырыбы: «Көңілді сылдырмақтар»

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: музыка

Мақсаты: Сылдырмақпен таныстыру. Ойыншық арқылы балалардың музыкаға деген сезімдерін ояту. Балалардың есту қабілеттерін арттыру. Сылдырмақ үніне ілесе ойынды белсенді ойнауға және қимылдар жасауға үйрету.

Қажетті көрнекі – құралдар: сылдырмақтардың түрлері, музыкалық балғалар, теледидар, синтезатор, музыкалық колонка, слайд.

Әдіс – тәсілдер: ән айту, музыка тыңдау, қимылдар жасау, ойын ойнау, түсіндіру, ақпарат беру, сұрақ-жауап, т.б.

Билингвальді компонент: сылдырмақ – погремушка – beanbag


Іс – әрекет кезеңдері

Саз жетекшісінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Балалар маршпен музыка залына кіреді, ортаны айналып шеңбер жасап тұрады. 3 тілде музыкамен амандасады.

-Сәлеметсізбе, балалар!?

- Здравствуйте, ребята!

- Good morning, children!

Сылдырмақтарымен кіреді.


Амандасады.

-Сәлеметсіз бе?!

-Здравствуйте!

-Good morning, teacher!

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

-Балалар, сендер қандай оқу қызметіне келдіңдер?

-Музыкада қандай іс – әрекеттер жасаймыз?

-Дұрыс, балалар. Ал сендер қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?

-Жарайсыңдар. Бүгін біз сылдырмақпен танысамыз. Кәне теледидарға назар аударайық.

(Сылдырмақтардың түрлерімен таныстыру)

Балалар, сендер білесіңдер ме, сылдырмақты тек музыкалық аспап ретінде емес, сонымен қатар кішкентай бөпелерді ойнатуға, алаңдатуға, есту қабілетін дамытуға арналған ойыншық ретінде де қолдануға болады..

Билингвальді компонент: сылдырмақ – погремушка – beanbag


-Балалар, мына сандықшаның ішінде сылдырмақтар бар. Сол сылдырмақтардың қазір қалай дыбысталатынын сендерге тыңдатамын. (сандықшаны ашқанда ішінде сылдырмақтар болмайды)

-Мындағы сылдырмақтар жоғалып кетіпті. Оларды кім алды екен?

(Осы кезде экраннан Малефисента көрінеді).


-Мен зұлым ханшайым Малефисентамын, сендердің сылдырмақтарыңды алып кеттім. Егер сылдырмақтарыңды қайтарғыларың келсе, менің тапсырмаларымды орындаңдар!Бұл тапсырмаларды ешкім орындай алмаған. Сендер де орындай алмайсыңдар!


-Малефисента, біздің балабақшаның балалары өте ақылды. Тапсырмаларыңды жақсы орындап сылдырмақтарды қайтарып алады деп ойлаймын. Орындаймыз ба балалар?

-1-тапсырма: Мына музыканы тыңдап, не туралы екенін айтып беріңдер.

Музыка тыңдау: «Сылдырмақ» әні.

-Бірінші тапсырмадан жаңылмай өттіңдер. 1 сылдырмақты қайтарамын. (1 сылдырмақтың суреті шығады)

Ал енді 2- тапсырма: мен сендердің дауыс ырғақтарыңды тыңдаймын. Ән айтар алдында дауыс жаттықтыра аласыңдар ма соны көрейін. Ха-ха-ха!

Дауыс жаттықтыру: Ку – ку, ку – ку, ля – ля – ля

-Жақсы бұл тапсырманы да орындадыңдар, енді екі сылдырмақтарыңды қайтарамын. (2 сылдырмақтың суреті көрсетіледі).

Ал енді, 3-тапсырмамды тыңдаңдар. Мына әнді айтып беріңдер.

Өткен әнді қайталау: «Топ – топ, балақан»

-Малефисента, біз сенің тапсырмаларыңды жақсы орындап жатырмыз.

-Иә, бұны да орындадыңдар. Міне сендерге 3 сылдырмақтарыңды қайтарамын. (3 сылдырмақтың суреті көрсетіледі).

Енді келесі 4-тапсырмамды тыңдаңдар! Мына музыкаға сай қимылдар жасаңдар.

Ырғақты қимыл: саусақ, бас, қол, аяққа арналған қимылдар жасау.

-Сендер, менің барлық тапсырмаларымды дұрыс орындадыңдар. Қалған сылдырмақтардың барлығын сендерге қайтарамын. Сау болыңдар! (4 сылдырмақтың суреті көрсетіледі).

- Малефисента енді сылдырмақтарымызды алмайсың деп ойлаймыз! Сау бол!

-Балалар, Малефисента сылдырмақтарымызды қайтарды енді осы сылдырмақтардың көмегімен әрі қарай оқу қызметімізді жалғастырайық.

Ойын ойнағыларың келеді ме?

Ойын: Ырғақты ажырату.

Ойынның шарты: әр бала қолына бір сылдырмақтан алады. Музыка жетекшісі кезекпен екі түрлі әуен ойнайды. Жай ойналатын әуенге сылдырмақтарды жайлап сылдырлатып жай жүріспен жүреді, көңілді музыка ойналғанда сылдырмақты ырғаққа сай тез – тез сылдырлатып, шеңбер бойымен жүгіреді.







Енді балалар, сендердің орындықтарыңның астында аспаптар жатыр, сол аспаптарды алып қонақтарға шағын оркестрімізді ойнап көрсетейік.

Оркестр: «Сылдырмақтар мен музыкалық кастаньетталар»

Жуан ноталарға ұл балалар кастаньетта аспабын ұрып ойнайды, ал жіңішке ноталарда қыз балалар сылдырмақтарын сылдырлатады.

-Музыка

-Ойын ойнаймыз, ән айтамыз, би билейміз, аспаптарда ойнаймыз.

-Домбыра, гитара, қобыз, барабан, т.б.

Теледидарға назар аударады.







3 тілде сөздерді қайталайды.












Теледидарға таң қалып қарайды.










-Иә.



Балалар музыканы тыңдап, не туралы екенін айтуға тырысады.



Балалар қолдарын шапалақтайды.





Дауыс жаттықтырады.







Әнді орындайды.











Балалар саусақ, қол, аяқ тапсырмаларын орындайды.




-Сау болыңыз!








-Иә.





Ойынға қызығушылықпен қатысады. Ырғақты ажыратуға тырысады.


Ойын аяқталысымен балалар сылдырмақтарды сандықшаға жинап салады.





Орындықтың астындағы аспаптарды алады.

Музыканың жуан жерінде кастаньетта, ал жіңішке жерінде сылдырмақтармен ойнайды.

Іс – әрекетті бақылау кезеңі

Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін мен сендерге ұялы телефонымнан ойын ойнатамын, ал келген қонақтар сендердің ойындарыңды теледидардан қызықтайды.


Ойын: «Көлеңкесін тап!»

Шарты: Телефонда көрсетілген музыкалық аспаптардың көлеңкесін тауып орындарына қою.


Жарайсыңдар, балалар! Бүгін қандай аспаппен таныстық?

Сылдырмақтың үш тілдік атауын қайталайық.


-Сау болыңыз, балалар!

До свиданья, дети!

Good bye, children!






Ойынға қызығушылықпен қатысады.



-Сылдырмақ.


- сылдырмақ – погремушка – beanbag

-Сау болыңыз!

До свиданья!

Good bye!

Күтілетін нәтиже

Нені біледі: музыканы тыңдап,есте сақтауды, әнді ілесе айтуды

Қандай түсініктерді игерді: музыка ырғағымен сылдырмақты ұстап сылдырлатуды

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: музыканы тыңдап,бірге қимыл жасай біледі.































«Бөбек» балабақшасының музыка жетекшісі А.Т.Нурсаинованың «Көңілді сылдырмақтар» атты ұйымдастырылып өткізілген ашық оқу қызметіне





Анықтамасы

Мен, Нурсаинова Айжан Талгатовна, «Бөбек» балабақшасының музыка жетекшісі «Көңілді сылдырмақтар» атты ұйымдастырылған ашық оқу қызметін өткіздім. Ашық оқу қызметінің мақсаты: Сылдырмақпен таныстыру. Ойыншық арқылы балалардың музыкаға деген сезімдерін ояту. Балалардың есту қабілеттерін арттыру. Сылдырмақ үніне ілесе ойынды белсенді ойнауға және қимылдар жасауға үйрету.

Барысы: балалар марш, жүгіру, жүру қимылдырын жасап, орындарына келіп тұрды. 3 тілде музыкамен амандасты.

Кіріспе бөлімінде балаларға сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашуға тырыстым. Балалар сұрақтарға жауап бере алды. Сылдырмақ аспабымен таныстыру барысында сандықшадағы сылдырмақтардың жоғалып кеткенін көрсетіп, оны зұлым ханшайым Малефисента алыпкеткенін біліп, оның тапсырмаларын бұлжытпай орындауға тырысып, сылдырмақтарды қайтарып алуға еңбектенді.

Малефисента теледидардан сөйлеп, балаларға «Музыка тыңдау», «Дауыс жаттықтыру», «Ән айту», «Ырғақты қимыл жасау» сынды 4 тапсырма берді. Балалар әр тапсырманы қызығушылықпен, ұқыптылықпен орындауға тырысты. Әр сылдырмақты Малефисентадан қайтарып алғанда қолдарын шапалақтап қызығушылықтары оянды.

Малефисентаның зұлымдығын жеңіп, барлық сылдырмақтарды қайтарып алған соң, сол сылдырмақтармен ойын ойнатылды. Ойынның аты: «Ырғақты ажырату». Берілген әуендерге сай қолдарындағы сылдырмақтарын әуенге сай ұрып ойнады және әуенге сай қимылдар жасады. Ойын аяқталысымен балалар сылдырмақтарды сандықшаға салып орындықтарына отырған кезде, орындықтарының астынан музыкалық аспаптарды байқады. Сол аспаптарды қолдарына алып «Сылдырмақтар мен кастаньетталар» оркестрін ойнады.

Балаларды мадақтау ретінде ұялы телефонды SMART теледидарға қосып, «Көлеңкесін тап» ойынын ойнатқыздым. Ойынның шарты: телефонда көрсетілген музыкалық аспаптардың көлеңкесін тауып орындарына қою. Ойынға барлық бала жеке-жеке қатысты. Барлық балалар қамтылды.


Ұйымдастырылған ашық оқу қызметін қорытындылау үшін балаларды мақтап, мадақтадым, сонымен қатар, сұрақтар қойып балалардан жауаптар алдым.


3 тілде музыкамен қоштасты, маршен шееңберді айнала музыка залынан шығып кетті.


Ашық оқу қызметіндегі құрылған жоспарыма сай қойылған мақсатыма жеттім. Балалар музыканы тыңдап, ырғаққа сай қимылдар жасауды үйренді. Сылдырмақ аспабымен танысты. Сылдырмақты тек музыкалық аспап ретінде ғана емес, сонымен қатар, сәбилерге ойыншық ретінде де қолдануға болатынын білді.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ