400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "ҚЫС"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге мнемокесте технологиясы бойынша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Қыс».

Мақсаты: Қыс мезгілі,Н.Аманжолованың «Қыс»өлеңімен танысу, жаттау, табиғат көріністерін схема бойынша мазмұн құруға, сөздерді байланыстырып айтуға , затты зерттеп, алгаритм жасауға және аққала бөліктерін құрастыруды үйрену.

Түрі: Ашық оқу қызметі

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап топпен, мнемокестесі, тірек-сызба, алгаритм, тәжірибелік, көрнекілік, ойын.

. Көрнекіліктері: Қыс мезгілінің көрінісі слайд, схемалар, суреттер.

Үлестірмелі құралдар (пластмасс стакан, қағаз қиқымдары, түтікше, пазл карточкалары).

Ұйымдастыру кезеңі.

Билингвалды компонент: қыс-зима-winter ,Ақ-белый-white ,қар- снег- snow , қоян-заяц-hare, тиін-белка- squirrel ,шырша-елка-christmas tree ,аққала-снеговик-snowman

Барысы:  

- Балалар, көңіл-күйлерің қандай?
- Тамаша
- «Теремок» балабақшасы қандай?
- Тамаша.
-«Балапан» тобының балалары қандай?
- Тамаша.
Жарайсыңдар, балалар.
Әдептен озбай, бүгінгі келген қонақтарды құрметтеп, сәлемдесіп алайық. ( үш тілде амандасу)

Осы кезде есікті пошташы қағады.

Пошташының сөзі: Сәлеметсіздер ме балалар? Бұл «Теремок» бақшасы, «Балапан» тобы ма? Ендеше мен дәл келіппін. Сіздерге мен сәлемдеме әкелдім. Енді мен сізге тапсырамын.

Балалар бізге «Білгіштер» елінен тапсырмалар келіпті. Тапсырмаларды орындау барысында сиқырлы сыр сандық ашылады делінген екен, олай болса дайынбыз ба? (Балалардың назарын қыс мезгіліне қатысты суреттер топтамасына назарларын аудара тоқталып, балларды үш топқа карточкалар арқылы топпен отырғызу)

Осы жұмбақ тапсырмаларды шешу арқылы бүгінгі оқу қызметінің тақырыбын ашамыз.(әр жұмбақтың жауабын сиқырлы сыр сандық арқылы тексеріледі)

Алдымен үш топқа бөлініп отырайық. (Балалар үш топқа бөлініп отырады)

Сөздік (аққала-снеговик-снөумән, шырша-елка-крисмисс трш, қар-снег-снөу)

1.ТАПСЫРМА Жұмбақ:

1.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады. (қар)

2.Тісі жоқ,тістеп алады.

Қолы жоқ, сурет салады. (аяз)

3.Мені қардан жасапты,

Ойланып көр

Қолым-таяқ,

Мұрным-сәбіз,

Көзім-көмір. (аққала)

4.Қырға сүйреп шығам,

Ойғы мініп түсем. (шана)

5.Шана зырғып желетін

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын.

Бұл қай кез деп ойлайсың?
- Қыс мезгілі. ( Сөздік: қыс-зима-)

1-тапсырма слайд. (Қыс көрінісі).
-Ағаштар, шыршалар неге жамылған?
- Қар жамылған
. (қар –снег- )

- Дұрыс, қардың түсі қандай?
- Ақ
.( ақ-белый- )

- Ия, қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл. Ал, қардың үлпілдек екеніне көзімізді жеткізу үшін тәжірибе арқылы стакандағы түтікшені үрлеп көрейік.
(Балалар үстел үстіндегі  стакандағы түтікшені үрлейді, ондағы қағаз қиқымдарының ұшқанын көреді). Стакандағы қар ұшты ма? 

- Ия.
Қар ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауады екен.
Қарды жеуге болады ма?  

- Жоқ.
Қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл екеніне көзімізді жеткіздік.
Ендеше, қыс туралы тақпақ білесіңдер ме?
Дала қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастарқан жайғандай,

Көз тоймайды қараса.

Қыс мезгілінің ауа райы қандай болады?
- Қар жауады, аяз болады, боран соғады, мұз қатады.
Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
- Тон, малақай, етік, шалбар, жейде, қолғап, мойынорағыш, баскиім киеміз.

Ал енді, Н. Аманжолованың "Қыс" өлеңін мәнерлеп оқимын, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Қыс.

Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен.

Тоғайлар тон киеді,

Аяз беттен сүйеді.

Жиналып ап бар бала,

Тұрғызамыз аққала.

Тәрбиеші: -Жақсы, ал енді, балалар өлең жолдарын айтып , бір бойымызды сергітіп алсақ қайтеді?


Сергіту сәті:

Қар жауады,оң жақтан,

Қар жауады,сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ

Су болады қолғаптар.

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар, Енді балалар біз мнемокесте бойынша өлеңді

мына суреттерді пайдалана отырып тағы оқып беремін, ал енді сендер мұқият тындап жаттап алуға тырысыңдар.(тәрбиеші мәнерлеп оқу) Ал енді кім бізге айтып беремін дейді.

(Балалар өз еріктерімен айтады).

2-тапсырма. «Тақпақ айт» Тірек –сызбаны пайдаланып қыс туралы тақпақ оқу.

Бір топ бала далада

Соқты қардан аққала,

Мұрны сәбіз үп-үшкір.

Көзі көмір қап-қара.

Сергіту сәті

Ән:“Тоңса егер қолымыз”.

1.Тоңса егер қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сарт,сарт-сарт,

Шапалақтап соғамыз.

 2.Тоңса егер аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ,топ-топ,

Топылдатып билейміз.

 3.Тоңса егер денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Зу-зу,зу-зу,

Шанамен біз зулаймыз.

 

1-топ Аққала бөліктер құрастыру ( пазла түрінде)

2-топ «Аққаланы соғу ретімен орналастыр»

3-топ «Қыс мезгіліне қатысты затты тап»

Тәжірибе жасау : Заттың қасиетін зерттеу алгаритмі


Балалар мынау менің қолымдағы не?

Балалар жауабы: қар.

Олай болса осы қарды бөлме температурасына қойып, қардың қалай еруіне бақылау жасаймыз.

Балалар біздің қарымыз неге айналды? Қардың суға айналғанын көрсете отырып, оқу қызметін қорытындылау.

Балалар, бүгінгі оқу қызметіне белсене қатысқандарың үшін, сендерге мына смайликті сыйға тартамын.

 Рефлексия: -Балалар, бүгін біз қай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?

-Біз Н.Аманжолованың қай мезгіл туралы өлеңін жаттадық?

-Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнадыма?

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көңіл-кі-күйіміз қандай? Тамаша!

Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.

Ауа райы қандай? Тамаша!

Қысқы ойындар қандай? Тамаша.!

Келген қонақтарымыз қандай ? Тамаша! \

Қонақтармен қоштасу. –


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
06.02.2020
1111
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі