Материалдар / Ашық оқу қызметі .Сурет салу .Ересек топ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық оқу қызметі .Сурет салу .Ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы қысқы көріністі қағаз бетіне түсіре білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2020
3486
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы:Мойынбаева Гүлмира Құралбайқызы

Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы №30 «А-Айя»балабақшасының тәрбиешісі

Ересек топ.Ашық оқу қызметі.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу,Аппликация

Тақырыбы: «Қыс көрінісі»

Мақсаы: .Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту . Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы қысқы көріністі қағаз бетіне түсіре білуге үйрету. Берілген тапсырманы шыдамдылықпен аяғына дейін орындауға, жұмыс барысында икемділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Ұсақ саусақ маторикасын дамыту.

Технология: Монотипия әдісі.Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер .

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, слайд көрсету, сергіту сәті,зерттеу жасау, сұрақ-жауап, қорытынды.

Билингвальды компонент: Қыс – зима-winter , аққала-снеговик-white,суық-холодно-cold. қар –снег- snow , мұз –лед- ice .

Қолданылатын көрнекіліктер,құрал –жабдықтар: Қыс мезгілінің ерекшеліктерінің сурет- тері, қар, слайд, Видео ролик,гуашь, ПВА желімі,ақ жарма,дымқыл сүлгілер,қылқалам ,ас тұзы,балауыз,фольга.

Мотивациялық қозғаушылық.

-Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын!

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой,

Ал, кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Здравствуйте!

Good morning !

-Жарайсыңдар балалар!



Ұйымдастырушы-ізденушілік

-Балалар мен таңертең балабақшаға келе жатып,біздің топтың алдынан хат тауып алдым!Мен бұл хатты сендермен бірге ашамын деп шештім.Бұл хатта балалар жұмбақ беріліпті ,кәнекей балалар жұмбақты бірігіп шешіп көрейік.

Жұмбақ

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсын

-Дұрыс, қыс мезгілі

-Ендеше,балалар бейне көрініске назар аударайық.

Слайд: «Қыс көріністері»

-Бұл көрністе қай мезгілді көріп отырсыңдар?

- Балалар қыс мезгілінің белгілерін атап беріңдерші?

Қар жауады, боран соғады,аяз болады, жерде мұздар болады.

-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

Шанамен, шаңғы, коньки тебеміз, аққала жасаймыз, қар лақтырып ойнаймыз.


-Балалар, біздер серуенге шыққанда ағаштардан нені байқадық?Қарларды

-Балалар тәжірибе жасау үшін мен қар әкелдім .

-Алдымыздағы қарды ұстап көрейікші, түсі қандай?

-Жұмсақпа, қатты ма? Жұмсақ.

-Жылы ма, мұздай ма? Мұздай.



Билингвальды компонент: Қыс – зима-winter , аққала-снеговик-white,суық-холодно-cold. қар –снег- snow , мұз –лед- ice .

-Дұрыс айтасыңдар.Осы алдарыңдағы қарды мына ыдысқа жинаймыз.Шыны ыдыстағы қарды оқу қызметінің соңында қар неге айналатынын бақылайтын боламыз.


-Ендеше балалар, біз бүгін балабақша ауласындағы қысқы көріністерді,қарларды қалдық табиғи материалмен жасап үйренеміз.

Тосын сәт

Видео қоңырау соғылады.

-Балалар ,қараңдаршы бізге кім қоңырау соғып тұр?

Бізге Қыс ханшайымы қоңырау соғып тұр.

Қыс ханшайымы :Сәлеметсіңдер ме,балалар! Сендер бүгін «Қысқы табиғат» тақырыбында жұмыс жасағалы жатқандарыңды менің көмекшілерім жеткізді. Соны өз көзіммен көріп қандай әдістермен жұмыс жасайтындарыңды, қандай әдіс-тәсілдер білетіндеріңді біліп, аяз баламның жұмысымен салыстырайын деп қоңырау соғып тұрмын.

-Сәлеметсіз бе!

-Балалар біз қыс ханшайымына өз өнерімізді көрсетеміз бе?

-Әрқайсыларың берілген әдіс-тәсіл бойынша өз ойларыңмен қысқы табиғат көріністерін қағазға түсіретін боласыңдар.

-Жұмысымызды бастамас бұрын қыс мезгілінің белгілерін қимылмен жасайықшы.

-Боранның соққанын қалай көрсетеміз? Балалар қолдарын көтеріп, гуілдейді

-Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз? Қолдарын қусырап, аяқтарын топылдатады.

-Ал, күн шыққанда не істейсіңдер? «Алақай» деп қолдарын соғады.

-Ендеше балалар менің қолымдағы қарлардағы түстер бойынша орталықтарға бөлінеміз.

Жұмыс барысы:

1-орталық: (қызыл)Монотипия әдісімен шырша жасайды.

2-орталық:(жасыл) Терезедегі қырауды балауызбен және бояумен жасайды.

3-орталық:(көк)Қысқы көріністі ақ жармамен және тұзбен ПВА желімі арқылы жапсырады.


Сергіту сәті ( видео ролик)

Қыс ханшайым: Тамаша, Балалар сендердің сурет салудың әдістерімен бірге, логикалық ойлау қабілеттерің де жоғары екен.

-Балалар қыс ханшайымына өнерімізді көрсеттік, енді салған суреттерімізден көрме ұйымдастырайық.

Қыс ханшайымы: Сендердің жұмыстарың өте тамаша шықты. Менің балам сендердің жұмыстарыңа қарап үйренсін.Мен көмекшілерімді жіберіп көрмелеріңді алдыртамын егер рұқсат берсеңдер. Сау болыңдар балалар!

-Сау болыңыз !Қыс ханшайымы.

Қарды бақылау:

-Балалар қарымыз неге айналды?

Қарымыз суға айналды .

-Ал,бұл су аязда мұзға айналады екен.

-Міне, балалар қыс мезгілінде сулар,өзен,көлдер мұзға айналады екен.

Кар – аспаннан түсетін кристалдар.



Мұз – қыста қатқан су.

-Қыс мезгілінің ғажайып ерекшеліктері осындай болады.

Рефлексивті түзетушілік

-Балалар біз қандай тақырыпта жұмыс жасадық бүгін ?

-Қандай зерттеу жұмысын жасадық?


-Қарды немен жасап үйрендік?

-Қыс мезгіліне байланысты кім тақпақ біледі?

Балалардың жұмыстарын мадақтап,рақмет айту.

-Балалар, Қыс ханшайым түрлі- түсті мұздақтар беріп жіберіпті!!!

Қонақтармен қоштасу

-Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы.

Сау саламат болайық.


Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы қыс мезгілінің табиғат көрінісін шығармашылықпен қағаз бетіне түсіруді;

Түсінеді: Қардың жылы жерде еріп суға айналатынын,судың қыста мұз болып қатуын;

Қолданады: Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерінің жүргізілу техникасын және техника бойынша шыдамдылықпен ұқыпты жұмыс жасауды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!