Материалдар / Ашық оқу қызметі Тақырыбы: «Үй жануарары».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық оқу қызметі Тақырыбы: «Үй жануарары».

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарбиешиге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2018
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы:"Қатынас"

Бөлімдер:"Сөйлеуді дамыту"

Күні:

Тақырыбы:"Үй жауарларлары".

Мақсаты:

Білімділік: Төрт түлік және оның төлдері туралы алған білімдерін толықтыру,олардың пайдасы ,маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылық:Жануарлардың төлдерін ажырата білуге үйрету және сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл-ойларын дамыту.

Тәрбиелік мәні: Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға,
айтқандай зейін қойып тыңдауға үйрету.Үй жануарларына байланысты мақал мәтелдер айтқызу сұрақ – жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд,үлестірмелі суреттер(үй жануарлары мен төлдері)


Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалушылық

І.Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу рәсімі:

Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Күннің көзі ашылды.

Көкке шуақ шашылды

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу  үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал,кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме,

Құрметті қонақтар

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?
- Өте жақсы. Жарайсыңдар!



















-Қыс

-3 ай

-Күн суытып жер дүние аппақ қарға оранады.Біз қалың қиінеміз.

-Шана теуіп,сырғанақтебеміз,қармен ойнаймыз.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

ІІ.Негізгі бөлім

- Бүгінгіоқу іс –әрекетімізде төрт түлік мал яғни, үй жануарлары туралы болмақ. Үйде бағылып, еті, сүті, жүні, терісі, күші арқылы адамға пайда келтіретін жануарларды төрт түлік мал деп атаймыз. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Енді төрт түлікті слайд арқылы таныстырамын,сендер мұқият тыңдаңдар.Мынау –Жылқы.оның біз қымызын ішеміз.Келесі жануарымыз ол-Сиыр. Сүтін ішемі,сүтінен май,
құрт, айран, ірімшік жасайды.Мынау-қой.Бұл өте момын жануар. Жіп аламыз одан сендерге қалың киімдер тоқимыз. Келесі жануарымыз ол-Ешкі.Оның жүнінен аяғымызға жылы нәски,шәлі тоқимыз.

Ойын:«Не артық».

Шарты:Балалар берілген суреттердің ішінен төрт түлікті тауып,артық суреттерді алып тастайды.

Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
- Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!

Төрт түліктің төлдерімен де таныс болыңдар. Жылқының төлі - құлыншақ ,сиырдың төлі- бұзау, қойдың төлі - қозы, ешкінің төлі - лақ.

(Осы кезде боран соғып, есік ашылып бақташы кереді)
Бақташы ата: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
- Мен сендердің үй жануарлары туралы айтып жатқандарыңды естіп,білімдеріңді тексерейін деп әдейі кірдім.
Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз!
Бақташы ата: Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.

Екеуі елеңдеп келеді
Төртеуі төбелесіп келеді

Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Бірақ тағы сақалы бар
Жарайсыңдар,балалар енді менімен бірге Үй жануарларының қимылдарын келтіріп сергіту жасайық
Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы
Құлын былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын
Лақ былай жүреді.
Алға созып мойынын
Ойнақтайды қозым
Көкке қарай мұрынын
Шүйіреді бұзауым. Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым. Рахмет, балаларым өздерің білімді,өнерлі тапқыр екенсіңдер,мен сендердің білімдеріңмен тәрбие тәртіптеріңе риза болдым.Жақсы сау болыңдар!

Балалар төлдермен танысқандарына қуанады.





















Балалар қызығушылықпен ойнайды.

-Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.









-Сәлеметсіз бе?











Қой - мә - мә маңырайды


Жылқы - е - е - е кісінейді


Ешкі - бе - бе бақырады







Балалар бақташы атамен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды.









-Сау болыңыз, ата!

Рефлекциялық түзетушілік

ІІІ.Қорытынды бөлім

Сұрақтар бере отырып,оқу іс-әрекетін қорытындылайды. - Балалар, сонымен төрт түлікке нелер жатады?
- Төрт түліктің төлдерін атайықшы ?
- Мен сендерге төрт түліктің дыбысталуын тыңдатамын,сендер соны табыңдар?

"Төлдерін тап!"дидактикалық ойыны.

Суреттен төлдерін табады. Тәрбиеші балаларды мақтап,мадақтайды.Жұлдызша береді.

Тәрбиеші: Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық

.



Сиыр, жылқы, қой, ешкі

Бұзау,құлын,қозы,лақ.

Жылқы - кісінейді
Сиыр - мөңірейді
Қой, ешкі - маңырайды




Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:үй жануарларының төлдерін; сурет бойынша әңгіме құрауды;

Игереді:үй жануарлары төлдерін бір-бірінен ажырата білу дағдысын; Үй жануарларына байланысты мақал мәтелдер ,сұрақ – жауап, жұмбақ шешуді;

Меңгереді:төлдер туралы жалпы түсінік болады. олардың бізге тигізер пайдасын , ұлттық тәрбие негізін;




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!