Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика –
математикалық
мектеп –интернаты
Тақырыбы «Ақтөбе облысына
саяхат»
(8 «б»
сыныбында өткізілген класс сағаты)
Өткізген Алдонгарова Толғанай
2019-2020 оқу жылы
Сабақтың
тақырыбы:«Ақтөбе облысына
саяхат»
Сабақтың
мақсаты: Ақтөбе облысы туралы
білімдерін
шыңдай отырып, ескерткіш
құндылықтарының маңызын дәріптеу.
Күтілетін
нәтиже: 1. Ақтөбе қаласы туралы
тарихын білу.
2. Ескерткіштер, тарихи
ғимараттарын дәріптеу
3. Талдау барысында
тақырыпқа
деген азаматтық
мәселелеріне
баға бере
алады.
Не
арқылы бағаланады? 1.Топқа
бөлу
2. Көңіл
көтеру
3. Постер
қорғау
4.
Сабақ
барысы
І Қызығушылықты
ояту.
Класс топқа бөлініп отырады.
Әр топқа мынадай аттар қойылады. I топ- «Ақтөбе тарихы», II топ-
«Ескерткіштері», III топ- «Жаңа заманға сай Ақтөбе». «Көңіл көтеру»
сергітуін өткізу мақсатында әр топ өз атауына байланысты өлеңдердің
бір- бір шумағын айтып көңіл
көтереді.
Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында
орналасқан Батыс Қазақстан өңіріндегі ірі әкімшілік бірліктерінің
бірі, шығысында Өлкейек аңғарынан батыстағы Қиылға дейін шамамен
800 шақырым, ал солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырымға
созылған, жалпы жер көлемі 300 мың
км 2 жерді алып жатыр.
Тарихи жағынан Ақтөбе облысы Еуропа мен Азия тоғысында
орналасқан мәдениеттердің шекаралық аймағы есебінде көпұлттылық,
мәдениеттердің байланыстылығы мен конфессияаралық байланыстар
сияқты өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасып дамыды. Аймақ
ерекшеліктерінің бірі, оның территориясы арқылы ежелгі заманнан
бастап тарих қозғалысының иірімінде ұйыған, жерсінген және
араласқан тайпалар мен рулар негізінде мәдениеттер мен этносаралық
байланыстарды анықтаған маңызды миграциялық бағыттардың күретамыры
(сауда, керуен жолы, жаулап алу бағыттары, қоныс аудару бағыттары
және т.б.) өтті.
Бүгінде Ақтөбе облысы батысында Атырау және Батыс Қазақстан
облыстарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен,
солтүстік-шығысында Қостанай облысымен, шығысы мен оңтүстік
шығысында Қарағанды және Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде
Қарақалпақстан автономиясымен (Өзбекстан Республикасы) шектесіп
жатыр. Қазақстан
жеріндегі киелі орындардың жүздігі жасалғаны белгілі. Міне,
орындардың қатарына Ақтөбе облысынан бірнеше кешендер мен қорымдар
кіріп отыр. Атап айтар болсақ, Абат-Байтақ қорымы, Қобыланды батыр
мемориалды кешені, «Хан моласы» қорымы және Есет батыр мемориалды
кешенi.
ІІ Мағынаны
тану
Постер қорғайды. Әр топ өз
кейіпкерлерінің образын ашады.
Постер қорғап болғанна кейін,
енді толғаныста мынадай
тапсырмалар
орындайды.
ІІІ
Толғаныс
Неге?Неге?Неге?
Шеңберді айналдыра тұрып, бүгінгі сабақтың
түйінді идеяларын еске түсір. Осы сабақта не үйренгеніңді айтып,
сөйлеміңді «неге?» деген сұрақпен аяқта. Келесі оқушы сол сұраққа
жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтауы
тиіс.
Үлгі:
1-оқушы: Мен Ақтөбе қаласының тұрғыны болғаны
үшін бақыттымы. Неге?
2-оқушы: Ақтөбе елі одан әрі
көркейуін тілеймін. Неге?
3-оқушы: --------
--------- ---------- Неге?
4-оқушы: -------- ---------
---------- Неге?
5-оқушы: -------- ---------
---------- Неге?
Рефлексия.
Не сәтті өтті?
|
Бүгінгі тәрбие сағатымыз өте жоғары денгейде
өтті. Сәтті жері көп болды. Сабақты мектебіміздің 8 «б» сыныбына
бекітілген практиканттары өткізді. Олар оқушыларға Ақтөбе туралы
толық мәлімет ұсынды. Білмеген тұстарын өздері толық жеткізді.
Сұрақ та қойылды, топтық жұмыста болды.
|
Не сәтсіз өтті?
|
Сәтсіз жері болмады. Оқушылар өздерінің
облыстарын жетік меңгерген.
|