Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
зорлық - зомбылық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2021
452
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мен тұрмыстағы зорлық - зомбылыққа қарсымын»


Сабақтың тақырыбы: «Мен тұрмыстағы зорлық - зомбылыққа қарсымын»

Мақсаты: Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін кеңейтіп, жағымды атмосфера қалыптастыру, қолдау көрсету.

Көрнекіліктер: түрлі - түсті беттер, смайликтер, ақ парақтар, музыкалар.
Әдістері: көңіл - күйлерін бейнелеу, ән айту.
Өткізу формасы: ойын - жаттығу.

1. «Танысу».
Ата - аналарға дөңгелектеліп қиылған түрлі - түсті смайликтер таратылады. Осы смайликтерге семинарға келген кездегі көңіл - күйлерін бейнелейді. Кейін өздерін таныстырып, көңіл - күйлерін білдіреді.

2.«Бумба - юмба тайпасы» ойыны.
Шарты: Ойыншылар шеңбер бойымен сағат тілінде айналады. Тоқта деп нұсқау берілгенде екі - екі ден жұп болады. Енді біз оң қолымызды қысайық, сол қолымызды қысайық, басымызды тигіземіз, құлағымызды тигіземіз, мұрынымызды тигіземіз, аяғымызды тигіземіз.

Түстер сөйлейді (түстер туралы кеңестер беріледі)
Қызыл түс - энергия түсі, ол адамды іс - әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез - құлқы батыл, мықты.
Қызғылт сары түс - шығармашылық, белсенділіктің түсі. Осы түсті таңдап алған адамдар жауапкершілігі мол, өз шешімдеріне мықты.
Сары түс - ақыл - ой, логикалық және аналитикалық түс, көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар - іскер, мінез - құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын.
Жасыл түс - адамның өз - өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Таңдап алған адамдар мейірімді, ақ, көңіл, табиғатты сүйеді.
Көк түс - байсалдылықтың, қанағатшылдықтың белгісі, жолдастыққа берік, философияға, психологияға, гуманитарлық пәндерге дарынды.
Көгілдір түс - сенімділік, үйлесімділік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап алған адамдар - өз өзіне сенімді, рухани байлығы мол.
Қоңыр түс - еңбекшіл, мейірімді, қолдарынан бәрі келеді.
Қара түс - ақ көңіл, шыншыл.
Ақ түс - өз мақсатына жетеді, дарынды, әр мәдениет саласында өнерлі.

«Интонация» жаттығуы.
Мақсаты:
оқушылардың коммуникативтік мүмкіндіктерін диапазонын кеңейту.
Топтың әр бір мүшесі балаға арнап бір мадақтау фразасын айту керек. Мысалы: «Жарайсың! Сенде барлығы дұрыс.» Бұл фразаның қатысушы бет әлпетін және интонациясын әртүрлі етіп кемінде 3 рет қайталауы қажет. Топқа қай фразасы сәтті және қайсысы сәтсіз болғанын анықтайды.
Психолог: әрбір балаларымен қарым - қатынаста мәнерлі және әсерлі интонациясын табуға көмектеседі.
Талдау: 1. Кімнің фразасы сәтті болды?
2. Кімнің фразасы сәтсіз болды?

«Бір сәт» жаттығуы.
Оқушыларға ақ парақтар таратылады. Осы ақ параққа өздеріңіздің отбасыларыңыз бен немесе балаларыңызбен таң қаларлықтай бір сәт немесе кеш ұйымдастырулары керек. Оны сурет арқылы бейнелейсіз немесе жазбаша түрде бейнелеуіңіз керек. Барлығыңызға 5 минут беріледі.

Рефлексия. (Киіз үй)
Ертегі терапия (Тәрбие жайында...)
Жас келіншек данышпаннан ақыл сұрап келеді.
- Данышпан ата, менің балама бір ай болды.
- Баламды қалай тәрбиелесем болды: қатал ма әлде мейірімділікпен бе?
- Данышпан келіншекті қолынан ұстап, жүзім сабағына алып барады:
- Мына сабаққа қарашы. Егер сен сабаққа аяушылық танытып қиып отырмасаң, сабақ жайылып кетеді. Сабақтың өсуіне бақылауды жоғалтсаң сен тәтті әрі дәмді жеміс жей алмайсың. Бірақ егер сабақты күн сәулесінің түсуінен қалқаласаң, егер күнделікті сабақ тамырын ұқыптылықпен суарып отырмасаң онда ол солып, тәтті әрі дәмді жеміс жей алмайсың...
Сол немесе басқа нәрсе ақылмен үйлескенде ғана тамаша жеміс алып, олардың тәттілігін сезуге болады. Яғни нені егіп, баптасаң соны орасың. Ата - аналарға ұсыныстар таратылады.

• Өз ұлыңызға, қызыңызға қуаныңыз.
• Баламен қамқоршы, құптаушы қалпында сөйлесіңіз
• Бала сізбен сөйлесіп жатқанда, оның сөзін бөлмей, зейін қойып тыңдаңыз
• Балаға нақты және белгілі бір талап орнатыңыз
• Баламен әңгімеде заттарды олардың белгілерін және олармен әрекетті көбірек айтыңыз
• Сіздің түсіндіргеніңіз қарапайым және түсінікті болуы керек.
• Ашық, нақты сөйлеңіз.
• Шыдамды болыңыз
• Бастапқыда «Не» деп содан соң, «Неге және не үшін» деп сұраңыз.
• Әр күн сайын балаға оқып беріңіз және оқылғанды талқылап отырыңыз.
• Баланың сұрақ қоюға талпынысын мадақтаңыз.
• Балаңыздың білім құмарлығын, қиялын мақтаңыз.
• Баланы жиі мақтаңыз.
• Басқа балалармен ойнағанын мадақтаңыз. Балада өзі айта алатындай жаңа әсердің бар болуын қадағалаңыз.
• Үйде сізбен бірге баланың бір нәрсе жасауына жағдай жасаңыз.
• Сүйікті әндер, өлеңдер және балалар ертегісінің жазбалары бар үн таспалар, кассеталарды алыңыз: ол қайта – қайта тыңдай берсін.
• Сурет салуды, коллекцияны және т. б. деген қызығушылығын көрсетуге тырысыңыз.

1. Бүгінгі тренингтен қандай әсер алдыңыздар?
2. Қандай ұсыныстарыңыз бар?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!