Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып көркем еңбек пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі Т.Каденова


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Сәндік қолданбалы өнер

Күні:

Сынып: 5 сынып

Мектеп: № 113 Қаракөл орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Тоқбаев Ринат Бекетович


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Нобай дайындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау.

5.1.4.1-Шығармашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып жоспар дайындау

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:

Болашақ бұйымның нобайын орындай алады.


Оқушылардың басым бөлігі:

Нобайдағы түстік шешімді, жұмыстың орындау кезеңдерін анықтап жоспар құра алады.


Кейбір оқушылар:

Жұмыстың орындалу кезеңдерін анықтап жоспар дайындап қорғай алады.

Бағалау критериі


  • Түстік шешімдерді, пропорцияны, пішіндерді дұрыс қолданып нобай орындайды.

  • Бұйымның жасалу кезеңдерін анықтап жұмыс жоспарын құрады, қорғайды.

Тілдік мақсаттар


Диалогке арналған тармақтар: Нобайды сипаттай алады. Жұмыс жоспарын түсіндіреді. Жұмыс жоспарын қорғайды.

Жазылымға арналған тіркестер:

Бұйымның орындалу реттілігі.........

..........нобайы бойынша қажетті құралдар............

Терминология:

Нобай, бұйым, өру,тоқу, құрал-жабдық

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамын баулу, өзгенің еңбегін бағалау.

Пәнаралық байланыс

Сурет, әдебиет, сызу.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта: бейнеролик, презентация, суреттер

Алдыңғы білім

Өру (тоқу) өнері, өру түрлері, материалдар мен құрал жабдықтарын, шартты белгілерін біледі


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру.

Кабинетте өзін өзі ұстау техника қауіпсіздік ережесін ұстану мақсатында нұсқаулықты еске түсіру.

«Біреуі артық» суреттер бойынша сабақтың тақырыбын ашу. Сабақтың оқу мақсатымен оқушыларды таныстыру.

Топқа бөлінбестен бұрын «Бисерден гүл» жасаудың жұмыс барысы бойынша бейнеролик көрсету арқылы оқушыларға жоспар дайындаған кезде қай жайды ескеруі туралы ақпарат беру.

Топқа бөлу: Оқушылар 3 түрлі суреті бар карточкалары арқылы 3 топқа бөлу. Топ басшысы сайланады.




Презентация



Бейнеролик




Топқа бөлуге арналған суреттері бар карточкалар

Сабақтың ортасы

12 мин






















3мин




12 мин



















3 мин





Тапсырма №1. Топтық жұмыс

Топтар сабақ басында көрсетілген бейнероликке, алдын ала дайындалған суреттерге сүйене отырып бисерден жасалған гүлдің түстік шешімін, пішіндерін, пропорциясын дұрыс қолданып нобай орындайды. Бұл тапсырманы орындауда «Идеялар тақтасы» әдісі қолданылды. Әр топ мүшесі өз идеясын ортаға салады. Топтар берілген уақыт ішінде, нобай салу барысында төмендегі тапсырмаларды орындап шығады.

  1. Нобайдың эстетикалық (көркемдік) жағынан тартымдылығын көрсет.

  2. Түс шешімінің үйлесімді таңда.

  3. Болашақ бұйымның шынайылыққа жақындығы, пропорцияның, пішіннің дұрыс сал.

Бағалау критериі

Дескриптор

Түстік шешімдерді, пропорцияны, пішіндерді дұрыс қолданып нобай орындайды.

Эстетикалық (көркемдік) тартымды салды

Түс шешімінің үйлесімдігін таптыы

Шынайылыққа жақындығы, пропорцияның дұрыстығын көрсетті

Қалыптастырушы бағалау: «Галереяны шолу» әдісі бойынша топтық жұмысты мұғалім бағалайды. Яғни дискрипторлар бойынша нобайға шолу жасап шығады. Ұсыныстар мен түзетулер айтылады.

Тапсырма №2. Топтық жұмыс

Топтар нобай бойынша бұйымның жасалу кезеңдерін анықтап жұмыс жоспарын құрады.

Әр топ болашақ бұйымның жасалу кезеңдерін анықтап жұмыс жоспарын жасайды. Жұмысты аяқтаған соң қысқаша қорғайды.

  1. Жұмысқа қажетті құрал жабдықтар, материалдар таңда

  2. Жұмыстың орындалу реттілігін қадағала (1,2,3, т.с.с.)

  3. Жұмыс жоспарын аудитория алдында қорға

Бағалау критериі

Дескриптор

Бұйымның жасалу кезеңдерін анықтап, жұмыс жоспарын құрады, қорғайды

Жұмысқа қажетті құрал жабдықтардың дұрыс таңдады

Жұмыстың орындалу реттілігінің дұрыс орындады

Жұмысты қорғауы, аудиторияға жеткізді

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір бірін бағалайды. Жасыл түс – түсінікті жоспар. Сары түс - қосатын немесе түзейтін жерлері бар. Қызыл түс - мүлде түсініксіз жоспар. Сары түс пен қызыл түсті көрсеткен оқушылар ауызша себебін айтып кетеді.

Суреттер, түрлі түсті ұарындаш, карындаш, өшіргіш, скечбук,













«Галлереяны шарлау» әдісі


Плакат, фломастер, стикерлер және т.б.
















«Бағдаршам» әдісі

Сабақтың соңы

3мин


1мин




Үй тапсырмасы

1мин

Топ басшысы топ мүшелеріне мадақтаулар, жігерлендіру сөздерін және себебін айтады. Мысалы: Мариям нобайды жақсы салғаны үшін жарайсың деймін. Солай кеудесіне стикер смайликтерді жабыстырады

Кері байланыс

«Көңіл күй» әдісі

3 түрлі көңіл күй суреттелген смайликтер арқылы сабақты бағалайды.

Нобай бойынша қажетті құрал жабдықтар мен материалдарды әкелу.

Стикер смайликтер


«Көңіл күй» әдісі


Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, назарын аудару үшін түрлі әдістер, бейнеролик пен суреттерді презентацияға салып қолдандым. Тапсырмаларды оңайдан қиынға қарай орындаттым. Мысалы № 1 тапсырмада барлық оқушылар нобайды әдемілеп сала алады, оқушылардың басым бөлігі түстік шешімді дұрыс қолданады. Ал кейбір оқушылар нобайды сапалы, яғни шынайы етіп, пропорцияларын дұрыс келтіреді. №2 тапсырмада оқушылар өз білімдерінің байланысты тапсырмаларды орындап шықты. Оқу мақсаты орындалды

Тапсырмалар оқу мақсатынан алынған бағалау критерилері арқылы құрылды. Сол бағалау критерийлеріне дескрипторлар құрылды. Кері байланыс арқылы оқушылардың меңгеру деңгейін тексеріп, қателіктер түзетіліп отырды.

1 тапсырма: топтық жұмысты «Идеялар тақтасы»әдісі жақсы қолданылды, әр оқушы өз идеясын ортаға салды. Топтар берілген уақыт ішінде, нобай салу барысында төмендегі тапсырмаларды орындап шығады.

  1. Нобайдың эстетикалық (көркемдік) жағынан тартымдылығы

  2. Түс шешімінің үйлесімді таңдалуы

  3. Болашақ бұйымның шынайылыққа жақындығы, пропорцияның, пішіннің дұрыссалынуы

2 тапсырмада топтар нобай бойынша бұйымның жасалу кезеңдерін анықтап жұмыс жоспарын құрды.

Көмек қажет оқушыларға ұсыныстар беріп, мадақтамалар айтып отырдым.

Көркем еңбек кабинетінде өзін өзі ұстау нұсқаулығы қадағаланды. Сабағымда презентация, бейнероликті қолдандым. Сабағым сурет-нобай салуға, әдебиет – жұмыс жоспарын құруға, қорғауға, сызу сабағы нобай құру уақытында пропорцияны еске түсіруге көмек берді.

Сабақ бойынша рефлекция




Қорытынды бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.


2.



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.


2.




Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2021
384
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі