Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2021
455
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім:Уалиева Н.С

Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 3а

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік
: Өтілген тақырыпты бекіту. Зат есім туралы грамматикалық ұғымдарын кеңейту. Сөйлем ішіндегі зат есімді дұрыс танып, оларға сұрақ қоя білуге үйрету. Зат есім, олардың сұрақтары,жалқы және жалпы есім, жайлы алған білімдерін кеңейту. Негізгі және туынды зат есімнің айырмашылығын білу. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жасау жолдарын үйренудегі практикалық дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын мысалдар арқылы дәләлдеуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойын дамытып сөздік қорын молайту. Ұжымдағы шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау,іздену әрекетіне баулу.

Сабақтың әдісі: ой ашар, ой шақыру, топтастыру,  5 жол өлең.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, карточкалар, тест

Сабақтың барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі.
а) сынып тазалығын тексеру.
ә) түгендеу

 Психологиялық дайындық
а) Оқушыларды тұрғызып, сәлемдесу рәсімін орындау.
-Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр,амандасайық.

Сабағымыз былайша басталады:3-сынып оқушылары қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады да, бір –біріне жақсы сөздер,тілек айтады.
-Қайырлы күн!
-Мен сендерді көруге қуаныштымын!
-Сендерге сәттілік тілеймін. Тәртіпті бол. Шыншыл бол.

Топқа бөлу

Балалар  алдарында жатқан смайликтердің түстеріне қарай /сары, көк/ мына екі топқа бөліну керек. Топ басшыларын сайлау.

Ой толғаныс.

  • Зат есім дегеніміз не? Кәне осы зат есімге топтастыру әдісі арқылы тапсырманы орындайық.

«Зат есім» тақырыбы бойынша постер жасау. Постер қорғау.

Ребусты шеш.

Суреттегі заттардың атын үлгіде көрсетілгендей жаз. Оларға сұрақ қойып, мағынасын салыстыр.

-Қандай сурет көріп тұрсыңдар? (Көз)

-Осы сөз қай сөз табына жатады? (Зат есім)

-Осы сөзге жұрнақ қоссақ қандай сөз шығады? (Көзілдірік)

-Бұл қандай сөз? (Туынды сөз)

-Қандай сұраққа жауап береді? (Не?)

-Қай сөз табына жатады? (Зат есім)

-Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Негізгі және туынды зат есім».

-Көз деген сөз ол негізгі зат есім, ал көзілдірік деген сөз ол туынды зат есім.

-Туынды зат есім не арқылы жасалды?

 

Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз. Ыдыс, кілем, аяқ.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайды.

Дәптермен жұмыс.

Бүгінгі күнді жазыңдар

1-тапсырма.

-Негізгі зат есімдерді бір қатарға, туынды зат  есімдерді екінші қатарға жаз.

 Суретші, сый, сыйлық, қалам, сызғыш, ағаш, өнер, қапшық, сусын, су, балық, үйшік, мұз, сиыр, құлыншақ, асхана, көл, коньки, сазгер. 

-Туынды зат есімдердің түбірі мен жұрнағын белгілі.


Негізгі                                          Туынды

сый                                               суретші

қалам                                            сыйлық

ағаш                                              сызғыш

өнер                                               қапшық

су                                                   сусын

балық                                             үйшік

мұз                                                 құлыншақ

сиыр                                               асхана

көл                                                  сазгер

теңіз                                              жұмысшы 

2-тапсырма.

-Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып,туынды зат есім жаса.

1-топ.
Кітап, дос, егін, орын,                            — шы, — ші, — лық, — лік,
таза,  мал, шебер                                     — тық, — хана, -дық 

Кітапхана, достық, егінші, орындық, тазалық,  малшы, шеберлік.

 2-топ

Балық, заң, өнер, ұш,                              -гер, -шы, -паз, -қыш

тату, дәрі, ақын                                     -лық,-хана, -дық
Балықшы, заңгер, өнерпаз, ұшқыш, татулық, дәрігер, ақындық

3-тапсырма.

-Негізгі  зат есімдерге көп нүктенің орнына жұрнақтар жалғап, сөйлемдерді жаз.

 

Ақжанның ағасы – теңіз…. Алманың әпкесі тігін… Мамандығы бойынша жұмыс істейді. Теміржол… – құрметті мамандық. Димаштың әкесі күй… 

— Балалар дәптерлерімізді бір-бірімізбен алмастырып  тексереміз. 

Сергіту сәті.

   4-тапсырма

«Ойлан, тап» ойыны
Тақтаға бірнеше суреттер ілінеді. Сол суреттердің атын атап, жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасау керек. Туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
Суреттер: қой, етік, үй,  домбыра,  қобыз, қой, жылқы. 

5-тапсырма

Мақалдарды көшіріп жаз. Туынды зат есімнің құрамын тиісті белгімен белгіле.

1-топ

Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

2-топ

Диқаншы жерін мақтайды,

Балықшы көлін мақтайды.

6-тапсырма

-Берілген жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім жаса.

……………                            ……………..

……………                            ……………..

……………             шы         ……………..                лық

…………..                             ……………. 

Шығармашылық тапсырма.

  Дарынды оқушымен жұмыс.

Бес жолды өлең. (Синквейн)

1.сөз
2. сын есім (қандай?)
3. етістік (не істейді?)
4. сөзден құрылған сөйлем
5. жалпы мағынасын білдіретін сөз 

7-тапсырма

Семантикалық карта. «Сәйкесін тап» ойыны 

Жер

Орындық

Көз

Мүсінші

Емші

Дойбы

Күй

 

Қорытындылау. 

Тест


1.Зат есімді тап:
а) бала                   ә)шегеле           б)сулама
2.Зат есімнің көпше түрін тап:
а)аққулар             ә) аққумен         б)аққуым
3.Жалқы есімді тап:
а)өзен                   ә)Атырау            б)қала
4.Жалпы есімді тап:
а)Атырау              ә)қала                 б)Құтжол

  1. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім қалай деп аталады?

а) негізі              ә) туынды                    б) жекеше
Тесттің жауабы; 1 а; 2 а; 3 ә; 4 ә ; 5 ә;

Бағалау:  «Өзін – өзі бағалау» парағы бойынша бағалау.

 Рефлексия:

Оқушыларға алмалар таратылады. Бүгінгі өткен сабақта ұнаған тапсырмасы немесе сабақтың ұнағаны немесе сабақтың ұнамағаны туралы жазып себетке жапсырады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!