Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыстап қалатын құстар (торғай, кептер, сауысқан, қарға). Сабақтың мақсаты: Құстар, қыстап қалатын құстар туралы түсінігін жан – жақты кеңейте отырып баланың танымдық қабілеттерін, математикалық түсініктерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: Қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін жан – жақты кеңейту. 2. Түзете – дамытушылық: Баланың танымдық процестерін дамыту, математикалық түсініктерін дамыту, сөздік қорын молайту. 3. Тәрбиелік: Баланы табиғатты аялай білуге , құстарға қамқорлық көрсете білуге баулу, адагершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
612
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 26.02.2021 жыл

Бала: Қуанышбай Аяулым

Жасы: 6 жас

Аңғарымы: Туа біткен екі жақты вывых, РЦЖ негізіндегі ПДТ, ЖТК ІІ -деңгейі.

Сабақтың тақырыбы: Қыстап қалатын құстар (торғай, кептер, сауысқан, қарға).

Сабақтың мақсаты: Құстар, қыстап қалатын құстар туралы түсінігін жан – жақты кеңейте отырып баланың танымдық қабілеттерін, математикалық түсініктерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: Қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін жан – жақты кеңейту.

2. Түзете – дамытушылық: Баланың танымдық процестерін дамыту, математикалық түсініктерін дамыту, сөздік қорын молайту.

3. Тәрбиелік: Баланы табиғатты аялай білуге , құстарға қамқорлық көрсете білуге баулу, адагершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, дидактикалық ойындар.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Жұмыс түрі: жеке жұмыс

Құрал – жабдықтар: тақырыпқа байланысты және құстардың суреттері, қима қағаздар, ноудбук.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Баламен сәлемдесу, сабаққа назарын аудару

- сәлеметсіңбе Аяулым

- көңіл – күйің қалай?

- Аяулым бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді, қане қонақтармен сәлемдесеміз

- енді қонақтарға өзіміздің қандай ақылды екенімізді көрсетеміз, жарай ма?

ІІ. Өткен сабақты қайталау: Ыдыстар

1. Сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты еске түсіру

- қане өткен сабақта не туралы білгенімізді еске түсірейік

- кесе, шәйнек, қасық, шанышқы, пышақ, қазан, тәрелке бұлардың жалпы атауы қандай?

- ыдыстар бізге не үшін керек?

2. Үйге берген тапсырманы сұрап, баланы мадақтау

- үйге қандай тапсырма берілді?

- қане жаттап келген жұмбақтарымызда қонақтарға жасырайық.


Басынан буы шығады,

Аузынан суы шығады

(Шәйнек)


Қарны тоқ, денесі жоқ,

Басы жоқ, құлағы бар.

(Қазан)

ІІІ. Жаңа тақырып: Қыстап қалатын құстар (торғай, кептер, сауысқан, қарға).

1. Жаңа тақырып туралы түсінік беру.

- Аяулым қазір жылдың қай мезгілі?

- қыс мезгілінде ауа – райында қандай құбылыстар болады?

- дұрыс айтасың күн суытады, қар жауып, айнала аппақ түске енеді, адамдар жылы киімдерін киеді, балалар шанамен сырғанап, аққала жасап ойнайды.

- далаға назар аударсақ бұрын жаз мезгілінде қаптап ұшып жүрген құстарды көре алмаймыз, олардың барлығы қайда кеткен?

- дұрыс айтасың, құстардың көбісі қыстың суығынан қорқып жылы жаққа ұшып кетті.

- бірақ мына бейнеге назар салайықшы, жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- әрине қыс мезгілі.

- мұнда құстар жүр, олар неге жылы жаққа ұшып кетпеген?

- бұл құстар қыс мезгілінің суығынан қорықпайды, сол себептен олар жылы жаққа ұшып кетпей қыстап қалады. Бұл құстардың қауырсындары тығыз, әрі қалың , аяқтарының қабыршақтары қатты, суыққа төзімді болады, сондықтан олар қыстың суығынан қорықпайды.

- бұл құстарды біз «Қыстап қалатын құстар» деп атаймыз.

- қане қыстап қалатын құстардың атауларымен танысайық: торғай, кептер, сауысқан, қарға (сурет арқылы).

2. Суретпен жұмыс.

Бала қыстап қалатын құстардың суреттерін көрсетіп атайды.

3. Құстарға тән ерекшеліктер.

Құстардың өздеріне тән ерекшеліктері болады, солар туралы айтып өтейік

Қанаты – қанатымен ұшады

Тұмсығы – тұмсығымен өзін қорғайды, азығын тауып жейді

Денесін қауырсын қаптайды

Ерекше аяқтары болады, бұтақта еркін отыру үшін.

4. Бейне үзінді көру.

Ноудбуктан құстардың өз азықтарын тауып жегендері туралы бейне үзінді көрсетіп, сол бойынша әңгімелеу.

- Аяулым құстар қыста азықтарын қалай тауып жейді екен?

- қане екеуміз мына құстарға тары шашайық, олар тамақтанып алсын.

5. Құстар қалай дыбыстайды?

Балаға құстардың дыбыстарын естірту.

Құстар қалай дыбыстайды екен?

Торғай – шиқылдайды

Кептер – гуілдейді

Сауысқан – шықылықтайды

Қарға – қарқылдайды.





Сергіту сәті

Торғай, торғай, торғайсың

Жақын келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда қыста тоңбайсың.


ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту:

Математикалық түсініктерін дамыту:

- Аяулым біз бүгін қыстап қалатын құстармен таныстық, қане ойланып санап көрейікші біз қанша қыстап қалатын құсты білеміз?

- менде бұл құстардың суреті көп, соларды санап, сандарын жазып қояйық.

1. Санау, сандарды жазу ( құстарды санап, санын жазамыз).

2. Салыстыру, көп, аз, тең ұғымы ( құстарды санап, салыстырамыз, көп, аз, тең белгісін қоямыз).

Ү. Сабақты қорытындылау:

Дидактикалық ойындар арқылы танымдық қабілеттерін дамыта түсу:

1. «Төртінші артық» әдісі

Бала қиама қағаздағы суреттердің ішінен артық суретті табады.

2. «Кубизм» әдісі

Кубик лақтырып түскен бейне туралы айту.

Сұрақ – жауап

  • Бүгін қандай тақырып өттік?

  • Қыстап қалатын құстарды атайық

  • Қандай тапсырмалар орындадық?

  • Сабақ саған ұнады ма?

  • Баланы мадақтау.

ҮІ. Үйге тапсырма:

«Торғай» тақпағын жаттау.

Сауысқанның суретін үлгіге қарап бояп келу.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!