Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Легенда о чу және өз ойын мәдени түрде жеткізуге болады ма екен деп ойлап тапқан жоқ па деген едім ғой деп ойлаймын және өз ойын мәдени түрде жеткізуге болады ма екен деп ойлап тапқан жоқ па деген едім ғой деп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
524
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2 В Кинетика

Мектеп: «Достық» жалпы орта мектеп

Күні: 3.12.19 ж

Мұғалімніңаты-жөні: Әбдікәрім Г.Ғ.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Химиялық реакция жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар.

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.2 химиялық реакция жылдамжығына әртүрлі факторлар згерісінің әсерін түсіндіру;

10.3.2.3 әрекеттесуші заттар концентрациясы және температурасы өзгеруі кезіндегі реакция жылдамдығының өзгерісін есептей алу;


Оқу мақсаты

Барлық оқушылар

Химиялық реакция жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар туралы білімдерін толықтырады, топпен жұмыс жүргізіп ортақ шешімге келеді

Басым бөлігі

Оқушылардың басым бөлігі, Химиялық реакция жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар туралы түсінік алып, олардың маңызына байланысты мәліметтерді тауып, хабарлайды

Кейбір оқушылар

Тақырып мазмұнына байланысты мәліметтерді талдайды, сипаттайды, өмірмен байланыстырып, дәлел келтіреді

Жетістік

критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:

Реакция жылдамдығы, қысымның әсері, катализатор мен ингибиторлар, температура әсері, қысым әсері, гомогенді және гетерогенді катализ ұғымдарын қалыптастырады

Ле-Шателье-Браун принципі мәнін түсінеді

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

Өз зерттеуін жоспарлау кезеңдерін ауызша және жазбаша нысанда талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Катализатор

Гомогенді

Гетерогенді

Диффузиялық қозғалыс

Әсер етуші фактор

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің зерттеуімнің кезеңдері … болады деп ойлаймын.

Бұлай айтуға … негіз болды.

Бұл … түсіндіріледі.

Менің түсіндіруім ...

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс жасау барысында оқушыларды өзара көмек көрсетуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға және өзара ақпарат алмасу барысында бір-біріне құрмет көрсетуге баулу

Пәнаралық байланыстар

Физика, математика

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында PowerPoint презентациясын және бейнебаян көрсету үшін интерактивті тақтаны қолдану, зерттеу жүргізу барысында Bilimland сайтын қолдану

Бастапқы білім


Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.

Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Басталуы

5 минут


Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Түрлі-түсті конфеттер» әдісі қолданылады Оқушылар себеттен қалаған түсіндегі конфеттерді таңдап алып, сол бойынша 1,2 топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушылардың сабаққа ынтасын ашып көңіл-күйін көтеруге «Жылы лебіз» әдісі қолданылады. Оқушылар ортаға шығып, шеңбер бойымен бір-бірімен қол алысып, жүрек жарды тілектерін білдіреді.

Сұрақтар қою.

Реакция жылдамдығына қарай қалай жіктеледі?

Реакцияның жүруіне қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін?

Оқушылармен бірлесіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.

Үй тапсырмасын сұрау:

«Химиялық диктант» Қай топ сұрақтарға көбірек жауап береді?

1. Химиялық реакция жүру бағытына қарай ..... және ..... реакция болып 2-ге жіктеледі. Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігі...... өрнектеледі. Ал, температураға тәуелділігі ....... ережесімен сипатталады.

Жаттығуды аяқтағаннан кейін оқушылар жұмыс нәтижелерін талқылайды.

Презентация

Конфеттер



Шаттық шеңбері












Жаңа білім

15 минут

















































Тәжірибе жасау

7 мин

Білу және түсіну

(А) Жаңа тақырыпты бейнебаян және презентация арқылы түсіндіру

Ле Шателье принципі. Жағдайды өзгертпесе тепе-теңдікке келген жүйенің күйі сақталады. Сыртқы жағдайдың (реагенттер концентрацияларының, қысымның, температураның) өзгеруінің тепе-теңдікке әсерін Ле Шателье принципін (жылжымалы тепе-теңдік принципін) қолдану арқылы анықтауға болады: Химиялық тепе-теңдік күйге келіп тұрған жүйенің жағдайының біреуін өзгерту, тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы әрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады:

Температура әсері. Температура көтерілгенде тепе-теңдік эндотермиялық реакция бағытына қарай, ал температура төмендегенде экзотермиялық реакция бағытына қарай ығысады (Вант-Гофф заңы – Ле Шателье принципінің жеке бір түрі ) 2СО + О2 ↔ 2СО2, ▲Н < 0; N2O4 ↔ 2NO2, ▲H > 0 .

Қысымның әсері. Тепе-теңдікте тұрған жүйенің сыртқы қысымын көбейткенде тепе-теңдік жүйедегі молекулалардың жалпы саны азаятын реакцияның бағытына қарай, яғни жүйенің ішкі қысымы кемитін жаққа қарай ығысады. Керісінше, сыртқы қысымды кеміткенде тепе-теңдік жүйедегі молекулалардың жалпы саны көбейетін бағытына қарай, яғни ішкі қысымның өсуі жағына қарай ығысады. Мысалы, N+ 3H↔ 2NHтепе-теңдіктің сол жағында 4 молекула, оң жағында 2 молекула, сонда сыртқы қысым артқанда тепе-теңдік оң жаққа, аммиак түзілетін жаққа ығысады. Тепе-теңдіктің екі жағындағы молекулалар саны бірдей болса, N2+O2↔2NO, онда қысымды өзгерту тепе-теңдікке әсер етпейді.

Концентрацияның әсері. Реакцияға түсетін заттардың концентрацияларын арттырса, тепе-теңдік сол концентрациялардың азаятын жағына, яғни реакция өнімі түзілетін жаққа ығысады (тура реакция жүреді). Керісінше, азайтса, реакция нәтижесінде түзілген өнімнің айрылуы жүреді, кері реакция жүреді. Реакция нәтижесінде түзілген заттар айрылмас үшін оларды (не біреуін) реакциядан шығарса, тепе-теңдік сол шығарылған заттың орнын толтыратын жаққа қарай ығысады, яғни реакция аяғына дейін жүреді.

(Б) Оқушылардың түсіндірмесі бойынша мұғалімнің бағалауы

Осы тапсырма арқылы оқушылардың қауіпсіздік техникасы шараларын түсіну және тәжірибе жасау барысында қолдану дағдылары бағаланады.


Жаңа тақырыпқа сәйкес тепе-теңдіктің ығысуына концентрацияның тәуелділігін тәжірибе жүзінде жасап көреді.

1 тәжірибе.

Пробиркаға 4-5мл темір (III) хлоридінің ерітіндісін және сондай көлемде калий роданидінің (KSCN) ерітіндісін құяды. Пробиркадағы ерітінділерді араластырып, оны екі пробиркаға бөледі. Бір пробирканы салыстыру үшін қалдырып, екіншісін ішінде ыстық суы бар стаканға салады. Ерітінділердің түстерін 2-3 минуттан кейін салыстырады.

Байқағандарын, температураны жоғарылатқанда тепе – теңдіктің қай реакция бағытына(тура немесе кері) ығысатынын түсіндіреді?

Реакция теңдеуін құрады?

Қайтымды реакциясы теңдеуі:

FeCl + 3KSCN→ Fe(SCN) + 3KCl; ∆Н˂0



https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/ximiyalyq-tepe-tengdikting-yhysuy?mid=00ec1487-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051


презентация




































Зертханалық приборлар, ерітінділер










Бағалау

Қорытындылау

10 минут





Кері байланыс

3 минут

Жеке жұмыс «Сиқырлы сандықша»

Стол үстіне әр түрлі сандықша қойылады. Әр сандықша

ішіне әр-түрлі деңгейде сұрақтар жасырылады. Сандықшадағы сұраққа дұрыс әрі нақты жауап берген оқушы сәйкесінше бағаланады. Әрі ынталандыру сыйлықтары беріледі.



Сабақ соңында оқушылар «Ашық микрофон» әдісімен қорытындылайды.

1.Тепе-теңдік күйіне қандай факторлар әсеретеді?

2. Ле-шателье принципінің мағынасы неде?

3. Тепе-теңдікке өршіткілер қалай әсер етеді?


Рефлексия жүргізеді:


Үйге тапсырма: Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері










Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылар: қарапайым қауіпсіздік техникасын атайды

Көпшілік оқушылар: тәжірибелер жасау барысында сақталуы тиіс қауіпсіздік техникасын сипаттайды

Кей оқушылар: қауіпсіздік техникасын әр түрлі тәжірибелер негізінде түсіндіреді

  • Ауызша сұрақ-жауап


  • Тәжірибелер жүргізу уақытында бет пен көзді қолмен ұстауға болмайды;

  • Заттардың дәмін татып көруге тыйым салынады;

  • Заттардың иісімен танысқанда сақ болу;

  • Тек таза ыдысты қолдану және оның тұтастығын тексеру;

  • Қолданылатын заттардың саны жөніндегі ұсынымдарды сақтау;

  • Заттарды қыздыру және зертханалық ыдыс сынықтарын жинау кезінде жұмыс ережелерін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!