Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қоршаған ортадағы ауамен таныстыру және тәжербие жасауға үйрет. Ауа қасиеттері мен пайдасы жайлы қысқаша түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2021
498
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Таным .Жаратылыстану.

Тақырыбы : "Бізді қоршаған ауа»

Мақсаты: Барлық балалар:Ауаның не екенін біледі.

Көпшілік балалар:Ауаның қасиеттері жайлы қысқаша түсінікке ие.

Кейбір балалар:Ауаның қасиеттері мен пайдасы жайлы біледі.

Қолданылатын құралдар: шар, түтікше, салмағы бар әр түрлі заттар, полиэтилен пакеттері. Пенопласты шарлар салынған ыдастар,жел диірмен ,таразы.

Ұйымдастыру сәті

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін мен сіздер үшін топта шағын зертхана ұйымдастырдым. Ал біз зерттеуші ғалымдар боламыз. Балалар айтындаршы зерттеуші ғалымдеген кім?

Ал қазір мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін, жақсылап ойланындар!

Көзге көрінбейді,  

жұтсан білінбейді. (Ауа)

Негізгі бөлім.

Тәрбиеші: Бізге ауа не үшін қажет? ауа адамдарға, құстарға, аңдарға ғана емес, өсімдіктерге, балықтарға да қажет. Ал терең тыныс алып, дем шығарайық.

- Балалар, ауа туралы көп қызықты білгілерін келе ме?

- Бүгін біз сіздермен нағыз зерттеуші ғалымдар ретінде ауа туралы сөйлесеміз. Ғалымдар тәжірибе мен эксперименттерге арналған көптеген аспаптар бар үй-жайда жұмыс істейді, ол үй-жай зертхана деп аталады. Зертхана-тәжірибе мен эксперимент жүргізетін үй-жай.

- Ал бүгін біздің топ "зертханаға" айналады, ал біз жас ғалым боламыз.

  • Ал балалар менің қолымда не бар? Дұрыс шар қандай түсті?

  • Балалар енді осы шарларды үрлеп қойындар. Міне қандай әдемі шар. Шардың ішінде не бар екен?

Тәрбиеші: Дұрыс, оның ішінде ауа. Бүгін біз сіздермен ауа қасиеттері туралы сөйлесеміз.

1 Эксперимент " Ауаны қалай ұстап , сезінуге болады»

Тәрбиеші:Балалар, сендер қалай ойлайсындар, ауаны ұстап, оны көруге бола ма? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші: Үстелдегі заттарға қарап шығындар. Біз осылардың ішіндегі қадай зат арқылы ауаны ұстап ала аламыз ?

Тәрбиеші: Үстелден полиэтилен пакеттерін алып оның ішінде не бар екенін көруді ұсынамын?

Тәрбиеші: Иә, ол бос, оны бірнеше рет бүктеп салайық. Қараңдаршы, ол қандай? Енді біз оны кеңейтеміз, ауаны пакетіне жинап , оны бұраймыз. Пакетпен не болды? (Пакетті жинайды. Содан кейін пакет алады да ауаны "ұстайды". Нәтижеге сүйеніп жауап береді.)

  • Балалар біз ауаны ұстап ала алдық па?

Тәрбиеші:Балалар, сендер қалай ойлайсындар, ауаны сезінуге бола ма? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші: Тексерейік. Өткір таяқшаны алып, пакетті ақырын тесіп қойындар. Оны беттің алдына қойып, қолмен басыңдар. Сендер не сезінесіндер? (Ағаш шпажканы алады, пакетті теседі, оны бетке жеткізеді.)

Тәрбиеші:Бұл эксперименттен біз не білдік?

2 Эксперимент " Ауаның салмағы бар ма»

Тәрбиеші: Балалар менің қолымда екі түсті шар. Біз осы шарлардың көмегімен ауаның салмағын өлшейміз . Бір шарға су құйып,бір шарды үрлеп ауамен толтыру керек. Шарларды таразыға салып өлшейік . Балалар не байқадыңдар, қай шардың салмағы ауыр екен? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші:Ішінде суы бар шардың салмағы ауыр . Бұдан біз қандай қорытынды жасай аламыз? (ауа суға қарағанда жеңіл)

Дидактикалық ойын: «Ауыр-жеңіл» (балалар кезекпен әр түрлі заттарды алып оларды кезекпен таразыға қойын өлшеп көреді).

3 Эксперимент «Біздің ішіміздегі ауа »

Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсындар , ауа барлық жерде бала ма? Адам ішінде ауа бар ма? Мұны қалай тексеруге болады?

Тәрбиеші: Үстелдің үстінде жеңіл пенопласты шарлар толтырылған стақан және түтік бар. Енді жеңіл жеңіл пенопласты бар стақанға түсірілген түтіктің ішіне үрлеп көрейік. Не болып жатыр?

Тәрбиеші: жеңіл пенопласты орнынан қозғалды, олар қалай қозғалды? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші :Біз не істедік? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші: Түтікшенің ішінде ауа қалай пайда болды? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші: Дұрыс! Бұл біздің ішіміздегі ауа. Біз түтікшеге ауаны жібергенде шарлар орнынан қозғалады. Үрлеу үшін біз алдымен жаңа ауаны жұтып, оны түтікше арқылы шығарып, салмағы жеңіл заттарды қозғай аламыз.

4 Эксперимент «Ауаны үрлеу арқылы заттың ішіне ауа толтыра аламыз ба?»

Тәрбиеші: Балалар үстелдің үстінде пенопласт ыдыс,шар ,түтікше тұр . Осы жабдықтарды қолдана отырып үрлеу арқылы ауа толтыруға болады ма?

Тәрбиеші :Балалар біз шар ішіне ауа толтыра аламыз ба екен? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші: Түтікшені үрлеу арқылы біз қандай да бір заттардың ішіне ауа толтыра алады екенбіз.

5 Эксперимент «Жел қалай пайда болады? Тәрбиеші:Балалар мына жел диірменін көріп тұрсыңдарма ? Осы жел диірменімен ауаны қозғау арқылы жел жасауға боладыма? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші:Ал қане кім айтады ауаны қозғау арқылы жел жасай алдық па? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші : Әриене ауаны жел диірмені көмегімен қозғау арқылы жел жасауға болады .

Қорытынды бөлім

Тәрбиеші:Жарайсындар балалар, сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстындар. Балалар сабағымызды аяқтау үшін мен сендерге "сиқырлы шар" деп аталатын қызықты ойынды ойнап көруге ұсынамын. Бәріміз үлкен шеңбер жасайық, шарды кезектесіп алып, бүгінгі сабағымызда ауа туралы білгендерімізді айтайық.

Күтілетін тәтеже:

Біледі: Ауанның түссіз екенің.

Меңгерді: Тәжірибе арқылы ауа қасиеттерінің өзгеріп отыратынын меңгереді.

Жасай алады: Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!