Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
АРТ – терапиясының бөлімдері: сурет салу, құм, ертегі терапиясындағы жаттығуларын таныстырып орындауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


МКМ «Енбекшіқазақ ауданының №14

педагогикалық- психологиялық түзеу кабинетінің»

I санатты педагог-психолог: М.К.Иманкулова.

Топтық психологиялык түзету - дамыту іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Маманның аты-жәні:

Педагог-психолог: Иманкулова Мадина Курбанжановна

Күні:

20.05.2022 жыл.

Баланың аты-жөні:

Балнұр

Аңғарымы:

РОП ЦНС ЗПР ЦОП ОНР 3 уровня.

Туған жылы:

30.03.2011 жыл.

Баланың аты-жөні:

Ернур

Аңғарымы:

РОП ЦНС ОНР 1 уровня

Туған жылы:

09.05.2025 жыл.

ТД іс-әрекет типі:

Жаңа білімді меңгеру, аралас сабақ.

ТД іс-әрекет түрі:

Топтық.

Сабақтың тақырыбы:

«Ғажайып көбелектер»

Мақсаты:

Балаларға АРТ терапия туралы түсінік қалыптасыру арқылы түзете-дамыту жұмысына ынталандыру.

Білімдік міндеті:

Балаларға АРТ – терапиясының бөлімдері: сурет салу, құм, ертегі терапиясындағы жаттығуларын таныстырып орындауға үйрету.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жақсарту. Қолдарының ұсақ саусақ моторикасын дамыту.

Өзіне деген жағымды көзқарасты қалыптастыру. Әсемділікті сезінуге тәрбиелеу.

Түзетушілік дамытушылық міндеті:

Тәрбиелеушілік міндеті:

Технологиялық қамтамасыз ету

А4 қағаз, түрлі түсті бояу, су бояу, құм, ертегілер.

Түзете-дам. іс-әрекетінің кезеңдері

Түзете-дамыту іс-әрекетінің барысы

I.Мотивациялық – оятушылық


Мен сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма өте қуаныштымын. Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук - тук дейді. Енді осы кішкене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір - бірімізді жылытайық. Бір – бірінің қолдарыңнан ұстаңдар. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болуымыз керек.Ол үшін біз жаттығу орындап жіберейік.

Қимыл-қозғалыс жаттығуы: «Жаңбыр»

1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек - кезек алдыға созу).

2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).

3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).

4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып - тұру).

5. Жан - жануарлар да оянабастады. (Жергетізементұрыпаяқтарынсозу).

6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)









II.Ұйымдастырушылық-ізденушілік

-Балалар, мен сендерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.(Видео)

Мына әдемі көбелектер біздерді қайда шақырып тұр екен? Кәне арттарынан барайықшы. Құмсалынған үстелге жақындайды.

-Балалар бұл не?(құм).

Құмменойнауережелері:

1.Аузыңызға құмды апаруға болмайды!

2.Бетке құмлақтыруға болмайды, көзімізді зақымдап алуымыз мүмкін!

3.Құммен ойнағаннан кейін-қолымызды сабындап жуамыз!

Құм терапия жаттығуы.

- Қолды құмға салу.

- Саусақтарының арасынан құмды уқалау.

- Қолды құмға жасыру.

- Құмды себелеп құю.

-Құмның арасында жасырылған көбелекті табу.

-Көбелектер туралы не білесіндер? (Балалардың жауаптары).

Видео ролик көрсету. Көбелек жайлы мағұлмат беру.

Балалар, жәндіктер көктем мезгілінде, күн жылынғанда шыға бастайды. «Көбелектер жазық далада, гүлден гүлге қонып, өсімдіктердің жапырақтарына жұмыртқалайды. Жұмыртқалары жұлдызқұртқа айналады. Олар жұпты аяқтарымен қозғалады.Жіпке оранып, қуыршақ пайда болады. Ол көбелектің үйі.Біраз уақыттан соң көбелек шығып, қанаттарын кептіріп, ұшады.Мұрттарымен иіс сезінеді.Көбелектер гүлдің шырынымен қоректенеді, көздерімен айналаны бағдарлайды». Көбелектер гүлдерді тозаңдандырады, талшығынан жібек мата алынады.

Дәстүрлі емес техникасымен көбелекті бояу жұмысы:

Мақсаты: жаттығу шығармашылықты дамытады,қиялын оятады.

Материалдар:парақ, су құйылған құтылар,сулы бояу (акварель).

Өтілу барысы: Балар отырады. Балалар өз қағаздарын екіге бүктейді бүктелген бір бөлігіне қылқаламен көбелектің бір бөлігін салады содан соң оны бояйды. Боялған көбелектің жарты бөлігін екінші қағаздың жарты бөлігімен біріктіреді. Сонда қағаз бетіне түгелдей көбелектін бейнесі түседі.

Суретке байланысты сұрақтар қою:

- Көбелегіңді қандай түсті бояумен боядың?

- Неге?

«Ғажайып көбелектің түсі» ертегісі:

- Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан - жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді.

-Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сендер қандай түстер көрсеттіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?

Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.

Психолог: Міне, біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. -Балалар сендер мына көбелектерді қандай түсте көргілерің келеді? Осы көбелектерді бояйық. Балалар сурет бояйды.

-Ал, енді балалар кішкене сергіп алайық.

«Болады, болмайды» ойыны.

Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса - онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді - алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр - аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.

Тренинг: қорқыныш Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік. Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай ғана қояндар екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, қоянмен дос боламыз, енді қорықпаймыз.

ІII. Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау немесе өзін бағалау:


Үй жұмысы:

Бүгінгі сабақ ұнады ма, қандай әсер алдың?

Бүгінгі сабақта саған не жаңалық болды?




«Көбелек» тақпағын жаттау.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек

Балалар АРТ – терапиясының бөлімдері: сурет салу, құм, ертегі терапиясындағы жаттығуларын білуі керек.

Болу керек

Балалар көбелектер жайлы білімі болу керек.

Үйрену керек

Қорқыныш сезімін жеңе білуге үйрету.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2022
668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі