Материалдар / Ашық сабақ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоқыма мозаика техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2023
365
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар тақырыбы: Дизайн және технология

Мектеп: № 15 орта мектеп, қостанай қаласы

Күні: 27.02.2019

Мұғалімнің аты – жөні: Бисекенова А.С.

Сынып: 5 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Тоқыма мозаика техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт және т.б.).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.5.1 Өзінің және өзгенің тәжірибесіне (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:құрақ құрау технологиясымен танысады;

Көбі:құрақ түрлері мен технологияларын, идеялары мен түстерін ажырата біледі.

Кейбірі: тәжірибелік дағдыларын, өз бетінше жұмыс жасай білу жолдарын және шығармашылық қабілеттерін дамытады;

Бағалау критерийлер

Жұмыстың орындалу реттілігі, ұқыптылығы, жауаптардың дұрыстығы

Тілдік мақсат:

Дизайн – дизайн – disain. Ой – идея – idea. Құрақ құрау – лоскутное шитье – quilting. Түрлі түсті қиықтардан құралған көрпе – пэчворк - patchwork. Сырылған көрпе – квилт - quilt.

Түпнұсқалық оқыту

Практикалық тапсырмалар арқылы даралық, өзіндік қасиет қабілетін білдіру

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, тарих, сызу, технология

Алдыңғы тақырып

Дизайн, киім макеттеу (қағаз, тоқыма және басқа да материалдар).Костюм құрастыру (шағын сәнмүсінге немесе қуыршаққа)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1мин

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

5 мин





Үй тапсырмасын тексеру

«Қандай жұмбақ болса да шешпей оны қоймайық»

Сұраққа жауап беру.

І.Ою-өрнек сұрағы:

1) Ежелгі ұлттық ою? (қошқар мүйіз)

2) Өсімдік тектес оюларды ата (үшжапырақ, жауқазын, шыңгүл, жапырақ, жетігүл)

3) Бұл ою «Г» және «Т» әріптеріне ұқсас, және қандай да бір ру таңбаларынан пайда болған. Қандай ою? (Балта)

4) Магиялық ою қалай аталады? (тұмарша)

ІІ.Жұмбақтар

1)Бар екен бір дүниеде жалғыз көзі,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді 18 мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді (ине)

2) Дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды (дастархан)

3) Арық ат қарны қабысқан,

Бір көлді ішіп тауысқан (қасық)

4) Құрғақ жерде сақтаймыз,

Онсыз тамақ татпаймыз (тұз)

ІІІ. Ұлттық тағамдар

  1. Ұйытылған сүт қалай аталады? (Айран)

  2. Торта дегеніміз не? (Сары май тұнбасы)

  3. Бие сүтінен ашытылған сусын (қымыз)

  4. Езілген құрт қалай аталады? (малта)

Сұрақтар, жұмбақтар

Жаңа сабақ

10мин

Жаңа сабақ құрақ түрлерін еске түсіріп, топтастыру әдісімен басталады.

Құрақ түрлері: Сегізжапырақ, Аққу, Жұлдызша, Тырнақтар, Ши құрақ, Оюлы,

Топтастыру

Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат:

Құрақты қандай мақсатта құраймыз?

-Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.

-Екіншіден,әдемілікке,ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.


«Қоржын» ойыны. Қоржын ішінен құрақ суреттері беріледі. Шарты бұл құрақ атауын атау: Аққу құрақ, Гүл құрақ,Тырнақатар, Шахмат құрақ, Сегізжапырақ

Құрақты қандай бұйымдарда қолданамыз?

1. Майлық. 3. Әмиян. 5. Көрпе. 7. Жастық тыс. 9. Сәндік сөмке.

2. Дастарқан. 4. Қолғап. 6. Қазан ұстағыш. 8.Аяққап.

Құрақты қалай,қай жерде қолдануға болады?.

1. Жапырақ,сегіз жапырақ құрақтар-қонақ бөлмелерде қолданылады.

2. Гүл жапырақтар салынған құрақ-жас жұбайларға дайындалады.

3. Ши құрақтар көбіне төсекте қолданылады.Қыз жасауларында қолданады.

4. Аққу жас жұбайлардың шымылдырығында қыздың төсек жапқышында және шымылдырықтың тұсына ілінетін тұс киіз өңірінде қолданылады.

«Құрақ құрау» өнерінің тікелей үй жиһаздарының сәнділігі, мата түрлерін пайдалануда үнемділігі, адам баласы күнделікті тұтынатын төсеніш, түн ұйқысы келсе жаурамайтын жамылғысы болған.

Қосымша мағлұматтар беріледі.

Қазақ халқында құрақ құрау өнері ХV-ХVІ ғасырда дамыған

-Құрақ құрау Еуропада «Пэчворк техникасы» деп те аталады.

-Орыс халқында «Лоскутная техника» немесе «Лепочиха».

-Жапон халқында «Сашико» дейді

Пэчворк-(patchwork» ағылшын тілінен аударғанда, «құрақ құрау, құрастыру»)

Қазіргі кезде қазақ халқының ежелгі қол өнері жаңғырып сәнге енуде. Сол қазақтың қол өнерін ұмыттырмай алып келе жатқан сәнгер дизайнерлеріміз Ая Бапани. Бұл дизайнер көбіне оюлы мозаикасын көп қолданады, жұмыстарында оюларды симметриялы және ассиметриялы орналастырады. Көбіне киізбен жұмыс істейді. Аида Кауменова көбіне барқыт матасын жібек матамен безендіру арқылы сәнді киімдерін орындайды. Жұмыстарында ұсақ мозаиканы қолданғанды жөн көреді. Құралай Нуркадилова Қазақтың сән әлеміне еңбегі сіңген дизайнер. Ол киімлеріне қазақтың ши құрағын қолданып тұрады.

Презентация






Құрақ түрлері

























Слайдтар





Сарамандық жұмыс

15 мин

Мағлұмат: қазіргі заманда мозаика техникалары өте көп: айрис фолдинг, кинусайга, крейзи.

Соның бірі айрис фолдинг техникасында тапсырма орындаймыз.

Айрис фолдинг техникасы - мата немесе қағаз қиындыларын шеңбер жасай отырып бұрыштап жабыстыру арқылы орындалады.

Айрис фолдинг техникасында оқушылар құрақ құрайды

Оқушылар бірін бірі Бағалайды

Түстік шешімі: 5 балл

Орындалу реттілігі: 5 балл

Ұқыптылығы: 5 балл

Қатырма қағаз, қайшы, желім, түрлі түсті қағаз, Қайшымен жұмыс жасау техника қауіпсіздік ережесі.

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру


Жұмыс барысындағы қауіпті жағдайлар:  қайшымен жұмыс жасауда саусақты, қолды не көзді жарақаттап алудан сақтану керек. Жұмыс басталғанда: -инешекте қанша ине, қанша түйрегіш бар екенін санау;-құрал – жабдықтарды арнайы бөлінген жерге қою;Жұмыс барысында: -мұқият болу;-саусақты инемен не түйрегішпен шаншып алмау үшін оймақ кию;-инені, түйрегішті пайдаланғаннан кейін қайтадан инешекке қадау:-қайшының ұшын өзіңнен бұрып, оң жаққа қою;-қайшының ұшын жабылған күйінде және тұтқасын алға қаратып беру қажет.Жұмыс соңында: -инешектегі ине мен түйрегішті санау (жұмыс басталғанда нешеу болса, жұмыс соңында сонша болуы тиіс);-жұмыс үстелін жинау.

Сабақты қорытындылау

Сегізжапырақ құрағын сұрақтарға жауап беру арқылы құрау. Дұрыс жауап берілсе құрақ құрала бастайды.

  1. Құрақ құрау ағылшын тілінде – quilting

  2. Еуропада құрақ ұрауды қалай атайды – Пэчворк техникасы

  3. Жас жұбайларға арналаған құрақ – Аққу құрағы

  4. Қазақ халқында құрақ құрау өнері қай ғасырда дамыған – 15-16 ғасырда

  5. Құрақты қандай мақсатта құраймыз – мата қиындыларын кәдеге жарату

  6. Айрис фолдинг қалай орындалады – мата немесе қағаз қиындыларын шеңбер жасай отырып бұрыштап жабыстыру

  7. Ши құрақ көбіне қайда орындалады – қыз жасауында

  8. Құрақтарды қандай бұйымдарда қолданады – төсек орындарында, әмиян, киімдерде

  9. Құрақ түрлерін ата – ши ұра, аққу, сегізжапырақ, т.б.

  10. Құрақпен байланысты тілек – Отан болып құрылып кетсін, өніп өнсін.


С егізжапырақ құрағы

Сабақтың соңы

Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастыру

Үйге тапсырма

Мата қиындылары, ине, жіп, қайшы.











Оқушының Ааты-жөні:

Сыныбы:

Білемін

Білдім

Білгім келеді
















Оқушының Ааты-жөні:

Сыныбы:

Білемін

Білдім

Білгім келеді
















Оқушының Ааты-жөні:

Сыныбы:

Білемін

Білдім

Білгім келеді





















Үй тапсырмасын тексеру

«Қандай жұмбақ болса да шешпей оны қоймайық»

І.Ою-өрнек сұрағы:

1) Ежелгі ұлттық ою? (қошқар мүйіз)

2) Өсімдік тектес оюларды ата (үшжапырақ, жауқазын, шыңгүл, жапырақ, жетігүл)

3) Бұл ою «Г» және «Т» әріптеріне ұқсас, және қандай да бір ру таңбаларынан пайда болған. Қандай ою? (Балта)

4) Магиялық ою қалай аталады? (тұмарша)

ІІ.Жұмбақтар

1)Бар екен бір дүниеде жалғыз көзі,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді 18 мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді (ине)

2) Дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды (дастархан)

3) Арық ат қарны қабысқан,

Бір көлді ішіп тауысқан (қасық)

4) Құрғақ жерде сақтаймыз,

Онсыз тамақ татпаймыз (тұз)

ІІІ. Ұлттық тағамдар

  1. Ұйытылған сүт қалай аталады? (Айран)

  2. Торта дегеніміз не? (Сары май тұнбасы)

  3. Бие сүтінен ашытылған сусын (қымыз)

  4. Езілген құрт қалай аталады? (малта)


ІІ.Жаңа сабақ

Жаңа сабақ құрақ түрлерін еске түсіріп, топтастыру әдісімен басталады.


Shape1 Сегізжапырақ



Аққу Shape2

Құрақтың түрлері

Жұлдызша



Тырнақатар


Ши құрақ Оюлы


Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат:

Құрақты қандай мақсатта құраймыз?

-Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.

-Екіншіден,әдемілікке,ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.

Құрақ құрау-халқымызд

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ