Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2023
267
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім:Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес 

Мектеп:

Күні:

Сынып: 8-А Мұғалімнің аты-жөні: Акбанов А

Сабақ тақырыбы: Секіруді дамытуға арналған іс-шаралар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

- секіруді дмытуға арналған қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіреді

Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті:

- секіруге дамытуға арналған қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін көрсете біледі

Бағалау критериі

- кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіреді және көрсете біледі

Тілдік мақсаттар

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Қауіпсіздік ережесі

  • адымдар, секірулер, екпін алу

  • лақтыру

  • сөре, мәре

  • секіру және лақтыру кезкңдері

  • жүгіру, секіру, лақтыру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Осытапсырмақандайденеқасиеттердідамытады?

  • Сізде, ұсынылғанойынкезінде, қандайпайдалықасиеттербайқалды?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Секіру техникаларын АКТ арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Секірудің техникасын біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7







7-8

  1. Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-секіру техникасын түсінеді.

-техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.;

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20





20-30


(Ж, К, ҚБ) (Т, ТӘЖ, ф) Оқушылар топта төрт адамнан жұмыс істейді. Жүгіру, секіру немесе найза лақтырумен жаттығып жатқанекі немесе үш топты таңдап, оларға үш шара белгілеңіз. Олардың әрқайсысы жүгіру, секіру немесе найза лақтыру әрекеттерін тоқтатып, денені суыту жаттығулары жасау керек. Оны сыныпқа көрсетіп, бір-бірімен ой бөліседі. сыныптың әрекеті: екі жұлдыз(дененні суытуда олар ұнатқан екі нәрсе) және тілек (суыту жаттығуында дамытылуы тиіс нәрсе).


Б, ЖЖ, Ж, Ф) Сыныпты шағын топтарға бөлу, секіру жаттығуларын орындау:

- жылдам жүгіру кезінде әрбір бесінші қадамда жоғары итерілу;

- қолды сермеп екі аяққа қонумен оң (сол) аяқпен итеріліп орнынан ұзындыққа секіру;

- қолды сермеп, 10-12 см биіктікке (гимнастикалық мат) орнынан ұзындыққа секіру;

- қолды сермеп, бір аяқпен итеріліп, үш қадамнан екпін алып ұзындыққа секіру;

- қолды сермеп, екі аяққа қонумен екпін алып қосарлы секіру;

- қолды сермеп кейіннен ұзындыққа секіруді орындаумен тереңге секіру (гимнастикалық орындықтан);

- қолды сермеп, бір аяқпен итеріліп, кейіннен ұзындыққа секірумен тереңге секіру.

Орындалған тапсырмаға талдау жасау.

Дескриптор :

- жылдам жүгіру кезінде әрбір бесінші қадамда жоғары итеріле алады;

- қолды сермеп екі аяққа қонумен оң (сол) аяқпен итеріліп орнынан ұзындыққа секіреді;

- қолды сермеп, 10-12 см биіктікке (гимнастикалық мат) орнынан ұзындыққа секіре алады;

- қолды сермеп, бір аяқпен итеріліп, үш қадамнан екпін алып ұзындыққа секіреді;

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Біздің ағзаға икемділік не үшін керектігін айта аласыңдар ма?

- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Үлкен, бос кеңістік, нығыздалған доптар, жеңілатлетикалық кедергілер. Гимнастикалық маттар(ұзындыққа секіруге арналған ор), орындық, гимнастикалық орындық, секіртпе жіп, ысқырық.

Секіруді дамытуға арналған жаттығу интернет ресурсына сілтеме:

http://sportfiction.ru/articles/uprazhneniya-dlya-razvitiya-pryguchesti/

Сабақтың соңы





35-40

VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейіндіжәнетынысалудықалпынакелтіружаттығулары.

Оқушылармұғалімніңкөрсеткенінжәнеайтқаныністейді (жалпыдамытушыжаттығулар), қателескеноқушыорнынаотырады. Ергежейлілер алыптар (Ергежейлілер отырды, алыптар тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғыжаттығу, кеуденіжерденкөтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.

  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

  • Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?

  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы




Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!