Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
География пәнінен «Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары» атты ашық сабақ
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
Геоэкономиканың негізгі категориялары
-
Геоэкономиканың мақсаты мен міндеттері
-
Геоэкономиканың негізгі категориялары
1-тапсырма: «Ой қозғау» әдісі
2-тапсырма: Кестемен жұмыс
ІІІ. Жаңа сабақ (25 мин)
Жоспары
1. Дүниежүзілік шаруашылық салаларын орналастыру факторлары.
2.Шаруашылық салаларын орналастырудағы аумақтық факторлар мен алғышарттар жиынтығы
3. Бейнебаян
ІV. Бекіту (30 мин)
1-тапсырма: «Сәйкестендіру» әдісі.
2-тапсырма: «Ғаламшарлар» әдісі
3-тапсырма: «Сергіту сәті» әдісі.
4-тапсырма: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
5-тапсырма: Кері байланыс «СМС» әдісі.
V. Бағалау (3 мин)
VІ. Үйге тапсырма (1 мин)
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (1 мин)
Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары.
Сабақтың мақсаты: Шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттар жиынтығын талдау.
1.Білімділік: Шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттар жиынтығын түсіндіріп талдау.
2.Дамытушылық: Шаруашылық факторларды сипаттап , ой өрісін дамыту.
3.Тәрбиелік: Алған білімін іс жүзінде қолдана білуге, ұжымдасып жұмыс істеуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнебаян, плакат,бағалау парағы
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: Экономика, математика
Сабақтың әдіс- тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
Геоэкономиканың негізгі категориялары
-
Геоэкономиканың мақсаты мен міндеттері
-
Геоэкономиканың негізгі санаттары.
1-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі. Тақтада сұрақтар жасырылады.Әр оқушы таңдап, ішіндегі сұраққа жауап береді.
-
Геоэкономика терминіне анықтама беріңіз?
Жауабы: Ғаламдық деңгейдегі экономикалық дамудың заңдылықтарын және мемлекеттердің халықаралық деңгейдегі экономикалық стратегиялары мен тактикаларын зерттейтін ғылым.
-
Геоэкономикалық стратегия дегеніміз не?
Жауабы: геоэкономикалық технологиялар көмегімен әлемдік нарықта экономикалық мақсаттарға қол жеткізу және болуы мүмкін жанжалдардың алдын алу жоспары.
-
Геоэкономиканың зерттеу салалары?
Жауабы: географиялық жағдайлар, экономикалық қуаттылық, бәсекеге қабілеттілік, саясат пен экономика.
-
Нарық сыйымдылығы дегеніміз не?
Жауабы: нақты әрбір сәтте нарықта бар немесе өндіріліп нарыққа жеткізілетін тауар мөлшерін айтады.
-
Нарықтың географиялық құрылымы нені көрсетеді?
Жауабы: нарықтың географиялық құрылымы сатушылар мен сатып алушылардың дүниежүзі бойынша таралып орналасуын көрсетеді.
-
Геоэкономиканың негізгі категориялары?
Жауабы: Нысандық, кеңістік, көрсеткіштік, үдерістік.
-
Геоэкономика саласының мақсаты?
Жауабы:біртұтас жүйе ретіндегі ғаламдық экономикалық кеңістіктегі үдерістер мен құбылыстарды даму тенденцияларын талдап , болжамдар жасау.
2-тапсырма: Кестемен жұмыс
Қазақстанның экономикалық дамуындағы географиялық орналасу рөлін анықтаңыз?
1 топ – климаттық тұрғыдан
2 топ- ландшафттық тұрғыдан
3 топ- саяси тұрғыдан / шекаралас мемлекеттермен қатынас/
4 топ – экономикалық тұрғыдан
Қолайлы жағын сипатта |
|
Қолайсыз жағын сипатта |
|
Қосымша мәлімет, мысал келтір |
|
|
|
ІІІ. Жаңа сабақ (25 мин)
Жоспары
1. Дүниежүзілік шаруашылық салаларын орналастыру факторлары.
2. Экономикалық географиялық жағдайдың дамуға ықпалы.
3. Бейнебаян
Шаруашылық салаларын орналастыруға әртүрлі факторлар ықпал етеді. Оларды шартты түрде байырғы және заманау деп екіге бөлуге болады. Байырғы факторлар қатарына аумақ , экономикалық – географиялық жағдай, табиғи- ресурстық, көлік, енбек ресурстары мен аумақтық шоғырлану факторларын жатқызуға болады.
Көлік факторы бұрынырақта өндірістің орналасуына шешуші ықпал ететін. ҒТР заманындағы көлік революциясы қатынас жолдары мен көлік құралдарын жетілдіруге алып келді. Дегенмен оның ықпалы аумағы үлкен елдерде әлі де сақталып отыр.
Еңбек ресурстары факторы өзінің маңызын ҒТР заманында да жойған жоқ. Еңбек ресурстары факторының ықпалы екі жақты көрініс табады: бір жағынан, өнеркәсіпке, өндірістік емес салаға басқа елдерден қосымша жұмыс күші бар жерлерге ығыстыруға болады. Бірақ жаңа жағдайларда еңбек ресурстары тек сандық жағынан ғана емес, сапалық тұрғыдан да бағаланады.
Халық саны көп, урбандалған аумақтар тұтынушы фактор тұрғысында да ықпал етеді. Қала тұрғындарының сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында тез бұзылатын және тасымалдауға онша жарамсыз өнімдер шығаратын өндірістер дамиды.
Аумақтық факторлар. Аумақ- қоғамның географиялық ортасының аса маңызды элементтерінің бірі. Біріншіден, елдің жер көлемі үлкен болған сайын алуан түрлі табиғат ресурстарына да бай келеді. Яғни , өндірісті орналастыру үшін мүмкіндіктер де соғұрлым көп болады. Екінші жағынан алғанда, үлкен елдерде алысқа тасымалдау , аумақтың әркелкі игерілуі өажетті инфрақұрылымды жасаудағы қиындықтар да бар.
Табиғи – ресурстық фактор. Индустрияландырудың бастапқы кезеңдерінде бұл фактор шаруашылықтың көптеген салаларының орналасуын анықтайтын. ҒТР заманында бұл тәуелділік едәуір азайып кетті.
Экономикалық-географиялық жағдай (ЭГЖ) факторы. ЭГЖ қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін , соған сәйкес ол өндірістің дамуына жағдай жасап немесе оны тежеуге мүмкін. Әйгілі географ Н.Баранский аумақтық ЭГЖ- ң басты төрт түрін бөліп көрсеткен, олар аумақ экономикасының дамуына түрліше әсер етеді. Тарихи тұрғыдан алғанда өндірісті орналастыруда экономикалық-географиялық жағдайдың үш элементі айрықша рөл атқарады. Олар: «орталық» , «көршілік», «теңізге шыға алуы»,мүмкіндігі. «Орталық» деп жақсы игерілген , экономикалық даму деңгейі салыстырмалы түрде жоғары аумақта орналасуын айтады. «Көршілік» жағдайдың қолайлы ықпалын Канаданың оңтүстік – шығыс аудандарының мысалынан көруге болады. Мұндағы өндірістер америкалық кәсіпорындармен біртұтас технологиялық тізбек құрап тығыз байланысқан.
Теңіз ежелден бері дүниежүзі аймақтарын бір бірімен жалғастырушы қызметін атқаратын. Теңіз маңындағы орын арктикалық теңіздерді есептемегенде , барлық уақытта да елдегі ЭГЖ – ң қолайлы белгісі болып табылады. ҒТР заманында оның рөлі одан ары артты. ХХ ғасырдың ортасынан бастап көп елдерде шаруашылық салалары теңізге қарай ығысты. Дүниежүзіндегі халық саны 1,5 млн адамнан асатын ірі қалалардың 2/3 ірі қалаларда орналасқан. Өзінің теңіз жағалауындағы орнын Қытай, Сингапур, Корея Республикасы, Нидерланд деген елдер тиімді пайдалануда.
Аумақтық шоғырлану факторы. Онымен өндірістік шоғырлану және шаруашылық пен халықтың аумақтық шоғырлануы байланысты болады. Әсіресе астаналық қалалар мен көмір алаптары маңында қалыптасқан байырғы өнеркәсіптік аудандар көзге түседі. Оларға өндірісті шоғырланудың кері салдарлары тән. Бұл ең алдымен қоршаған ортаға жүктеменіңартуынан көрінеді.
Глоссарий:
Шаруашылық саласын орналастыру факторлары- шаруашылық саласын орналастыруға неғұрлым тиімді орынды таңдау үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.
Аумақтық факторлар – аумақтағы шаруашылық саласын орналастыруға ықпал ететін мүмкіндіктер мен шектеулердің жиынтығы.
Экономикалық-географиялық жағдай факторы – аумақтың экономикалық – географиялық орнының шаруашылық саласын орналастыруға ықпалы.
Табиғи –ресурстық фактор- аумақтағы табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстардың шаруашылық саласын орналастыруға ықпалы.
Бейнебаян
ІV. Бекіту (30 мин)
1-тапсырма.
«Сәйкестендіру әдісі»
2-тапсырма. «Ғаламшарлар әдісі»
1 Дәстүрлі факторлар?
Жауабы: Аумақтық факторлар, көлік, еңбек ресурстары, тұтынушы
2 Заманауи факторлар?
Жауабы: Ғылым, экологиялық
3 Экономикалық географиялық жағдай?
Жауабы: Орталық, теңіз маңы, көршілік, шеткі
4 ЭГЖ-ң 4 түрін бөліп көрсеткен ғалым?
Жауабы: Н.Н.Баранский
5 Көлік факторы?
Жауабы: Аумақтағы көлік жүйесі дамуының шаруашылық саласын орналастыруға ықпалы.
6 Қалаларда халықтың көп шоғырлану процесі?
Жауабы: Урбанизация.
7 Аумағы үлкен 10 елді атаңыз?
Жауабы: Россия, Китай, Бразилия, АҚШ, Аргентина, Австралия, Индия, Судан, Казахстан.
8 Табиғи ресурстық фактордың 3 бағыты?
Жауабы: Шикізат, Отын, Энергия
9 Силикон алқабында қандай компаниялар орналасқан?
Жауабы: Жоғары деңгейдегі ақпараттық технологиялар өндіретін компаниялар орналасқан.
3-тапсырма. Сергіту сәті «Сурет салу» әдісі.
Мақсаты: Оқушылардың жылдамдығын арттыру және тапқырлығын дамыту.
Ережесі: Оқушылардың басына таза парақты қойдырып не сурет салу керектігін айтып тұрамын. Оқушылар соны қайталап соңында кандай көрініс шыққанын қараймыз.
4-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс».
Топтар Қазақстанның әр ауданының өнеркәсібі, шаруашылығы туралы деректер жинақтап, таныстырылым жасайды.
1 топ – Өңтүстік Қазақстан.
2 топ – Солтүстік Қазақстан
3 топ – Батыс Қазақстан
4 топ- Шығыс Қазақстан
Экономикалық географиялық жағдайы |
|
Табиғи- ресурстық жағдайы |
|
Шаруашылық дамуы |
|
Адами ресурсы /халқы/ |
|
5-тапсырма: Кері байланыс «СМС» әдісі.
Оқушыларға хат таратылып беріледі. Ұстазға смс жазу арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
V. Бағалау (3 мин)
№ |
Оқушылардың аты-жөні |
Үй тапсырмасын тексеру |
Бекіту |
Қорытынды бағалау |
|
||||
«Ой қозғау" |
Кестемен жұмыс |
«Сәйкестендіру» әдісі. |
«Ғаламшарлар» әдісі |
«Ойлан,жұп тас,бөліс» |
|
|
|||
1 |
Қулахметова Каракат |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Каримжан Жансая |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
Курманбай Мерей |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Молдабек Бекжан |
|
|
|
|
|
|
Материалды жүктеу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |