Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балалардың сөздік қорын отбасы мүшелерінің атауларын білдіретін сөздермен байыту. Қол икемділігін дамыту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ооооооо» ортаңғы тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту», «Сурет салу»

Тақырыбы: «Менің отбасым. Әжемнің жіп шумақтары»

Мақсаты: Өзінің отбасы туралы әңгіме құрауға үйрету.

Дөңгелектердің суретін салуды үйрету.

Білімділік: Тілде сын есімдерді (мейірім, тату), етістіктерді (қамқорлық жасау, жұмыс істейді, көмектеседі) дұрыс қолдана білуді үйрету.

Дамытушылық: Көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балалардың сөздік қорын отбасы мүшелерінің атауларын білдіретін сөздермен байыту. Қол икемділігін дамыту.

Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, кішіні құрметтеуге үйрету, тәрбиелеу; Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: Отбасы мүшелері, ата, әже, ана, әке, әпке, сіңлі, аға, бауыр.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, мнемотехника, сұрақ-жауап

Қолданылатын көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреттері, тақырыптық слайд, ойынға қажетті материалдар

Сабақтың түрі: кіріктірілген, жаңа

Сабақтың құрылымы:

1.Кіріспе (шаттық шеңбері)

2.Негізгі бөлім («ғажайып сәт», түсіндіру, тапсырма, сергіту сәті, ойындар)

3.Қорытынды бөлім («Сұраққа жауап» , шығармашылық жұмыс арқылы қорытындылау)



























Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті







Уәждемелік-қозғаушылық

Кел, достарым, келіңдер,

Шеңбер құрып беріңдер.

Ортаға түскен жүректі

Бір-біріңе беріңдер.

Балалар бір-біріне жүректі сыйлау арқылы жылы сөздер, жақсы тілектер айтады.

Ақнұр, сен әдемісің. Алан, сен батылсың.

Ендеше,балалар, орындарыңа жайғасыңдар.

-Қане, балалар, сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер!

Жұмбақ:

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдаршы, олар, кім?

- Отбасы.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады.

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне шаттық сезімін сыйлайды.


Балалар жұмбақ шешуге қызығушылық танытады.


  • Отбасы









Ұйымдастырушы

лық-ізденушілік

Ғажайып сәт:

- Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметімізге Алдиярдың әжесі келіпті. Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып, үлкен әжемізге құрмет көрсетейік.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендердерді көргеніме қуаныштымын. Мен Алдиярдың әжесі боламын.

- Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз.

Алдияр: - Достар, маған мына суретті салуға әжем көмектесті, менің әжем суретші.

- Жарайсың, Алдияр, сурет әдемі шығыпты. Бізге суретте не бейнелегенін айтып бересің бе?

- Бұл суретте мен өзімнің отбасымды бейнеледім. Мынау – атам, мынау – әжем, мынау – әкем, мынау – анам, мынау – әпкем, мынау – бауырым. Мен барлығын жақсы көремін.

- Жарайсың, Алдияр.

- Балалар, ата, әже, әке, ана, аға, әпке, сіңлі, қарындас – отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер. Олар бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді.

- Қане, отбасы мүшелерін білеміз бе? Атап көрейікші. Ата, апа, әке, ана , аға, әпке, іні, сіңлі, қарындас.

- Өте жақсы, отбасы мүшелері туралы тақпақтар айтып үйренейік.

«Осындай біздің отбасы»
АТА-үлкен, кәріміз, 
Қуат берер дәріміз. 
Әулиедей аялап, 
Ардақтаймыз бәріміз. 
ӘПКЕ 
Таудай менің талабым, 
Айна мен ақ тарағын. 
Алып беріп тартпадан, 
Әпке көңілін табамын. 
АПА 
Мейірімді апалар, 
Балалар кеп бата алар. 
Қалтасына кәмпит сап, 
Немереге апарар. 
АҒА 
Қиындықтан қынбайды, 
Атам сөзін тыңдайды. 
Жұмсап мені жұмысқа, 
Үлкендігін бұлдайды. 
Тәрбиеші тақырыптық слайд арқылы балаларды дене мүшелерімен таныстырады. (Көрсете отырып, жеке сөздерді қайталауды сұрайды)

- Қане, балалар, барлығымыз қайталайық.

Сөздік жұмысы: Отбасы мүшелері, ата, әже, ана, әке, әпке, сіңлі, аға, бауыр.

- Балалар, жарайсыңдар, сендер ақылды екенсіңдер, барлығын үйреніп алдыңдар.

- Олай болса, келіңдер, ойын ойнап көрейік.

Дидактикалық ойын: «Отбасы мүшелері»

Мақсаты: Отбасы мүшелерін атап, көрсете білуге үйрету, олардың атқаратын қызметімен таныстыру.

Ойын шарты: Балалар мнемокесте арқылы сөйлемдер құрастырады, реттілік сақтай отырып, тәрбиешінің көмегімен баяндап береді.

Сергіту сәті:

Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)

Дидактикалық ойын: «Бұл кімнің заты»

Мақсаты: Отбасы мүшелерін, олардың отбасындағы алатын орнын, қолданатын заттарын атай білуге үйрету.

Ойын шарты: Балалар көрсетілген суретте кімнің заты бейнеленгенін және ол затты не үшін қолданатынын айтады.

Алдиярдың әжесі: - - Жарайсыңдар, балалар, сендер ақылды екенсіңдер. Мынау менің жіп шумақтарым. Мен бұл жіптерден қолғап, жылы шұлықтар тоқимын. Жіптің пайдасы көп.

Сендерге осындай жіп шумақтары арқылы сурет салуды үйретейін.

- Балалар, Алдиярдың әжесін мұқият тыңдаймыз, қауіпсіздің ережесін есте ұстаймыз.

Ол үшін бізге гуаш, қылқалам, су, ақ парақ қажет.

Ең бірінші ақ парақтың ортасына дөңгелек саламыз.

Енді қылқаламды гуашқа батырып, жіптің үстінен жүргізіп шығамыз.

Енді боялған жіпті дөңгелектің ішіне бастырып, із түскен соң алып тастаймыз.

Енді бізде әдемі жіп шумақтары пайда болды.

Ғажайып сәтке еніп, қоянды қызықтайды.










Қоянға көмектесуге ниет білдіреді.



Суретті мұқият қарайды.



























Өлең шумақтарын қайталайды.















Жеке сөздерді қайталайды.



Ойын ойнауға ниет білдіреді.



Балалар ойын әрекетіне белсене қатысады.




Сергіту сәтін орындайды.










Ойын ойнауға ниет білдіреді.













Қауіпсіздік ережесін есте сақтайды.


Жіп шумақтары арқылы сурет салуды үйренеді.






Рефлексивтік-түзетушілік

«Сұраққа жауап» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу.

Балалардан бүгінгі оқу қызметінде нені білгендерін, түсінгендерін сұрайды.

Оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларды мадақтап, бағалайды.

Балалар шығармашылық жұмыстарын өнер орталығына орналастырады.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Жетістікке қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: отбасы мүшелерін атап, олардың не істейтінін айта біледі;

Қандай түсініктерді игереді: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін игереді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:жаңа сөздерден сөйлем құрастыра білу, көркем сөйлеу арқылы жеке сөздерді қайталау, сұрақтарға жауап беру.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!