Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2018
386
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Ақшұқыр мектеп-лицейі»

мемлекеттік мекемесі









Shape1

Ашық сабақ







Shape3 Shape2

«Өнерлі адамдар»



Тақырыбы:





















Сынып жетекшісі: Кощжанова Шолпан

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ү. Бисенова


Күні: 5.02.2015 ж.

Сыныбы: 3 «Б»

Пәні: Ана тілі


Сабақтың тақырыбы: Жәнібек Кәрменов «Әке тәлімі»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Ж. Кәрменовпен таныстыра отырып, әңгімедегі негізгі ойды ұғындыру, өз бетінше талдау, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру және белсенді, ынталы білім алуға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, сыпайы, әдепті-арлы болуға, кішіпейіл болуға, адал достыққа, мейірімділікке, өнерге деген сүйіспаеншілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өз ойларын, пікірін еркін айтуға, өз кһзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру, өз бетінше жұмыс жасату арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. Зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту. Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қызығушылығын ояту, проблемалық, салыстыру, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену, талдау, ой қозғау, топпен жұмыс, өзіндік жұмыс.


Сабақты үйымдастыру түрі: дамыта оқыту, іздену, өзіндік жұмыс.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, музыка

Сабақтың көрнекілігі: Ж. Кәрменовтың шығармалары, фотосуреттер

Қажетті құралдар: интерактивті тақта, үнтаспа


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Оразбек Бодықов «Аққұс туралы аңыз»

  1. «Аққұс туралы аңызды» үйден cалынған сурет бойынша әңгімелеп беру

  2. «Шәмші әнінің құдіреті» тақырыбында шағын шығарма оқыту

  3. «Аққұс туралы» аңызды үйден салынған сурет бойынша әңгімелеп беру.

  4. Шығарма оқыту


Өткен тақырыптар бойынша сұрақ «Сиқырлы сұрақтар» ойыны

  1. Құрманғазы мен Дина кәрі Атырау жағасында қай жылы кездесті ?

  2. Бойжеткен Динаның Құрманғазыға орындап берген күйі қалай аталады?

  3. Әбілхан Қастеев кім ?

  4. Әміре Қашаубаев кім ?

  5. Ә.Қастеевтің анасы қай істің шебері болған ?

  6. Тау мүлгіп сөзін қалай түсінесің ?


Балалар, өткен тақыраптарда біз кімдер жайлы өттік. Бұл адамдарды бір сөзбен қалай атауға болады ? Өнер адамдары. Ендеше, бүгін біз тағы да бір өнер адамымен танысамыз. Сол себепті де мен бүгінгі тақырыбымызды «Өнерлі адамдар» деп ортақ тақырып ретінде алғым келіп отыр. Қалай келісемізбе ? Онда тақырып бойынша топқа бөлінейік.


4-топқа бөлу. 1. Әншілер. 2. Домбырашылар. 3. Күйшілер. 4. Жыршылар (қағаз суырту арқылы)


ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Оқушылар үй тапсырмасы ретінде алдын-ала автор жайлы мәлімет жинастырып келеді. (Ж.Кәрменов). Мен өзімде қысқаша толықтырып кетемін.

Жәнібек Кәрменов 1949 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан, бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Әнші, жазушы, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген әртісі. Алғашында Алматы эстрада-цирк өнері студиясының (қазіргі колледж) әншілік бөлімін, одан кейін Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. Жәнібек "Өнер" баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында халық әндері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті. Көптеген халық композиторларының шығармашылық өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне зор үлес қосты. Кезінде Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар жүргізді. Өнер тақырыбына арналған кітаптары («Ақылбайдың әні», «Ғашықтың тілі», «Махаббат әні») жарық көрді. 1984 жылы концерттік-орындаушылық, зерттеу қызметтері және жастар арасында халық өнерін насихаттаудағы жұмыстары үшін оған Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) музыка мектебіне берілді.
Жәнібек 1992 жылы көлік апатынан қаза тапты.


Оқулықпен жұмыс: 1. 4-топқа бөліп беріп, 5 мин оқыту. Ішінде түсінбейтін, қиын сөздер болса, түртіп отырыңдар.

Сөздікпен жұмыс: қолқа салатын- ұсыныс айту

зейінмен тыңдау- ықыласпен тыңдау, көңіл бөлу

Әр топтан 1 оқушы түсіндіреді.


Қалған оқушылардың түсінгендерін білу мақсатында « Сан сұраққа ұтымды жауап» ойыны. Әңгіме желісі бойынша.

  1. Ермектің әкесі Бекмұхамед кіммен жолдас болды? Атақты Ыбыраймен

  2. Бекмұхамед ән салғанда оның тыңдармандары қандай күйде болады? Ойға шомып, үнсіз қалады.

  3. Ұзақ жыр-өлеңнің ырғақтары қандай болып келеді? Әр түрлі

  4. Ермектің әкесі қай ақындардың өлеңдерін аузынан тастамайды? Ыбырай мен Тайжан

  5. Бекмұхамед әннің сұлулығын білу үшін баласына қандай кеңес береді ? Көзіңді жұмып, зейінмен тыңдап көр.

  6. Әкесі Ермекке қай әнді орындады ? Қараторғай

  7. Ермек қандай оқуға түседі? Алматыдағы музыка училищесіне.


Топтық жұмыс: 1-топ. 1-ші сызба. 2-топ. 2-ші сызба. 3-топ. Сөйлем құрау. 4-топ. Сөйлем құрау.

Сергіту сәті:

Н. Өнербаев «Ауылым» әні. Бұл-сергіту сәті, әрі орындалатын тапсырмасы бар. Мұқият тыңдау қажет.

Тапсырмасы: Өлеңнен алған әсерлерін постерге түсіру.


Ал, балалар барлығың өте жақсы қорғап шықтыңдар. Әңгімеде аты аталған бала Ермек осы күнге дейін тірі болып келді, балалар. Ол атақты музыкант, әнші, вокалшы- Ермек Серкебаев. Осы адамды бұрын-соңды естігендеріңіз барма, әлде теледидардан көргендерің болса. Мен сендерге таныстыру мақсатында қосымша мәлімет бере кетейін.


Қосымша материал: Ермек Серкебаев кім ? Бейнеролик көрсету.


ІV. Қорытындылау: Оқушылар, бүгін біз кімдер жайлы қандай мәлімет алдық ? Өздерің бүгінгі сабақтан не білдіңдер, қандай әсер алдыңдар ?


V. Үй тапсырмасы:

  1. Әңгіменің мазмұнын айту

  2. «Әкеге қарап ұл өсер» шығарма жазу


Оқушыларды бағалау. Топ басшысына бағалау парақшасы таратылады. Өзін, өзгені әділ бағалау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!