400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 10-сынып "Екі сөйлеу-ерге сын"

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып өзін-өзі тану мұғаліміне ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: 18

Сынып:10

Тақырып: Екі сөйлеу - ерге сын

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: адамгершілік, адалдық, шыншылдық


Сабақ мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

  • «шындық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру;

  • адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

  • адалдыққа,шыншылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Дәйексөз, ұнтаспа, аңыз, әндер жинағы.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

5 «Т»- ұстанымын еске түсіру:

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тазалық

4.Тыныштық

5.Татулық

1.Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»

Оқушылар алған әсерлері туралы айтады.

Үй тапсырмасын тексеру

18 сабақ. М.Мақатаевтың «Шындық туралы» өлеңін оқып келу.

Сұрақтар:

  • Шығармадағы шындыққа қатысты сөз тіркестерін теріп алып,оның мағынасын түсіндіріңіздер.

Ой түйіндеу:

 Шындық асыл тас секілді. Оны көркемдеп, күш салмасақ та, жарқырап, жайнап тұрады. Бірақ оны жұрттың көзіне көрінетін, ашық жерге қоя білу асыл тасты тағу секілді үлкен өнер.

 Д.Сантаяна

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.

«Өтірікші бірінші өзін алдайды»

Мақал

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар дәйексөздің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасайды.

Дәйексөзді оқушыларға 3 рет қайталатып оқыту.

Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру.

Ой түйіндеу:

 Жалған сөз дәл сол уақытта пайда келтірсе де, уақыттың өтуімен түбімізге жететін сол өтірік.


Әңгiмелеу (сұхбат).

Бейнеролик «Шыншыл бала»

https://www.youtube.com/watch?v=qMGpYAqDuQU

- Өмірде шындық болмаса не болар еді деп ойлайсыз? 
- Шындық әр уақытта қажет пе?
- Неліктен шындықты «ащы»болады деп айтады?
- Басқалар өтірік айтып турғанда қандай сезімде боласыз?

- Өз - өзіңізді алдаған кезіңіз болды ма?
-Болса, ондай кезде қандай сезімді басыңыздан өткіздіңіз?
-Адамдар неліктен өзін алдайды деп ойлайсыз?

-Сіз өздеріңіз өтірік айтып көрдіңдер ма?

- Сол әрекетіңіз үшін ұялдыңдар ма?

Оқушылар өздерінің ойларын айтады


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 топ.

Төмендегі кейіпкерлердің қасиеттеріне сәйкес, өзара диалог құрастырып, «Өтірікшіге сылтау көп……» тақырыбында шағын қойылым қойыңдар.
1. Уәде бергіш оқушы;
2. Ақталуға дайын тұратын оқушы;
3.
 Жалқау оқушы;
4. Жігерлі оқушы;
5. Адал оқушы.
2 топ.

Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, «Екі сөйлеу - ерге сын» тақырыбында шағын әңгіме құрастырыңыздар.
Тірек сөздер: уәде, ант, серт, ар - намыс, шындық, азаматтық, қымбат, өмір, жеңіл, ой, пейіл, ниет, ақиқат, өтірік, ұят, абырой, артық сөз, мақтаншақтық.
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар тақырып бойынша түйінді сөздерді пайдалана отырып, өз бетімен мәтін құрастырады.

3 топ.

«Мен білетін ең әділ адам» тақырыбында очерк жазыңыз.


Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


Үй тапсырмасы.

19 сабақ. І.Омаровтың «Жастарға хат» мәтінін оқып келу.


Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар енді бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді есімізге  түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық!

Қатысқандарыңызға рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1105
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі