Материалдар / Ашық сабақ 10 сынып ҚМЖ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ 10 сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінен 10 сыныптарға арналған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
1215
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар.

86 жалпы орта білім беретін мектебі

Мұғалім: Байрбекова Б

Күні:6.03.2020ж

Қатысқандар саны:26

Қатыспағандар саны:

Сынып:10

Сабақтың тақырыбы

Географиялық аудандастыру әдістері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сәйкес)

10.1.1.5 - зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:География аудандастыру әдістерінің ерекшеліктерін сипаттайды, аудандастырудың басты мақсатын айқындайды.

Басым бөлігі: Қазақстан ірі физикалық-географиялық аудандарының таралу аймақтарын картадан көрсете алады, оларды талдайды.

Кейбірі: Зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады, географиялық аудандарды талдайды және өмірмен байланысты мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері

  • Аудандастыру ареальдарының негізгі ерекшеліктерін сипаттайды;

  • Қазақстан ірі физикалық-географиялық аудандарының таралу аймақтарын біледі және оны картадан көрсетеді;

  • Аудандастыру әдістері географиялық аудандарды топтастырады,және мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар

  • Тыңдалым –жазылым

Оқушылар «Қазақстанның физгеографиялық аудандастыруы» деген тақырыбы бойынша бейнеролик көреді, бейнероликтегі роликтен көргендерін ортаға салып талқылайды,қорғайды.

  • Оқылым –айтылым

Әрбір топ өзара оқулықтан мәтінді оқиды,бірлесіп ортаға салып талдайды,пікірлерін білдіреді. Қазақстан ірі физикалық-географиялық аудандарының таралу аймақтары анықтайды.

  • Оқылым- жазылым

Әрбір топ тапсырманы ортаға салып талқылайды, және геоэкологиялық факторлар негізінде Қазақстанның аумағындағы 9 физикалық-географиялық аймақтарын картаға түсіреді

Пән бойынша сөздер мен терминдер:ареал,жинақтамалы аудан,

таңдамалы аудан.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік,өңірлік мәселелелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы»-мемлекетіміздің белсенді,теңестірілген,сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні.Құндылыққа баулу арқылы еліміздің физгеографиялық ерекшеліктерін анықтап оларды ескере отырып құрметтеуге баулу.Сонымен қатар сыйластыққа ауызбіршілікке үйренеді.

Пәнаралық байланыс

Биология -өсімдіктер мен жануарлар дүнесі

Экология –Табиғатты пайдаланудағы экологиялық жағдайлар

Алдыңғы білім

Табиғат кешендері

Географиялық қабық

Жоспар

Сабақтың жоспарланған уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дерексөздер, ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен салемдесу, түгелдеу.

«Шаттық шеңбері» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады . Ол арқылы оқушылар бір -біріне жақындасады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын орнайды.

Сыныпта жағымды психологиялық ақуал қалыптастыру . «Мені тап»әдісі арқылы дөңгелек пішіндегі қағаздарды алады, Қағаздың астында Алтай ,Мұғалжар, Тянь –Шань тауларының суреті жасырылады.Оқушылар суретке қарап өздерінің қай топта екендігін ажыратып, сурет бойынша 3 топқа біріктіріледі олар:

1 топ-Алтай

2 топ-Мұғалжар

3 топ-Тянь-Шань




Алтай тауы Мұғалжар тауы Тянь-Шань тауы


Алдағы білімді «Конверт сұрақ» әдісі арқылы еске түсіреді. Әр топқа бір-бір конверт беріледі.Конверт ішінде 2-3 сұрақ болады,олар;

1.Аудандастыру дегеніміз не?

2.Ірі табиғат кешендеріне не жатады?


















Сабақтың ортасы 28 минут

«Кинометафора әдісі» арқылы жаңа сабақты ашу мақсатында «Географиялық аудандастырдың әдістері» туралы бейнеролик көреді.

Бейнероликтен не байқадыңызлар?

1.Аудандастырудың негізгі қағидалары қандай?

Аудандастыру ерекшеліктері дегеніміз не?

Оқушылар өзара ақылдасып сұрақтарға жауап береді.




1 тапсырма «ДЖИГСО» әдісі арқылы оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды.Әр топ өздеріне берілген тапсырманы келесі топқа түсіндіреді,нәтежесінде топтар арасында ынтымақтастық орындайды.

1 топ .Аудандастыру ареалдары

2 топ.Жетекші фактор әдісі

3 топ.Беттестіру әдісі

Әр топ оқушылары өздеріне берілген мәтінді талқылап, ақылдасып постер қорғайды.

Дискриптор

-География аудандастыру әдістерінің ерекшеліктерін сипаттайды.

- Аудандастырудың басты мақсатын айқындайды.

-Жетекші фактор әдісі арқылы физгеографиялық аудандарды жіктейді.

-Беттестіру әдістері арқылы шекарасын анықтап ажыратады.



ҚБ оқушылар бір –бірін қол шапалақтау арқылы бағалайды.



2 тапсырма.

«Елестету көрінісі әдісі» арқылы Қазақстанның физгеографиялық аудандарын картадан көрсетеді,және олардың шекарасын кескін картадан белгілейді.

Қазақстанның физгеографиялық аудандары картасы.

Кескін карта


Дискриптор

-Қазақстанның физгеографиялық аудандарын картадан көрсетеді.

-Шекараларын кескін картадан анықтайды және оларлы белгілеп картаға түсіреді.



ҚБ Оқушылар бір-бірінің тобын «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.




3 тапсырма

«Атаулар кестесі»әдісі арқылы аудандастыру әдістерін қолданып геоэкологиялық аудандардың ерекшеліктерін кестеге толтырады, және пайдалы қазбаларын карта бетінен бейнелейді, сонымен қатар өзі тұратын жерінің қандай геоэкологиялық ауданға жататынын анықтап кестеге толтырады.

Аудан атауы

Жер бедері

Пайдалы қазбалары

Өзендері

Көлдері

Біз тұратын физгеографиялық аудан









Қазақстанның пайдалы қазбалары




Дискриптор

-Физгеографиялық аудандырдың жер бедерін анықтайды.

-Пайдалы қазбаларды картадан анықтап жазады

-Геоэкологиялық аудандағы өзен көлдерді айқындайды.

-Өзі тұратын аймақтың қандай геоэкологиялық аудан екенің анықтайды.

ҚБ оқушыларға «Мадақтау сөздер» әдісі арқылы «кереметсің», «жарайсың», «тамашасың» деген сөздермен бағалайды.

https://yandex.kz/video/preview/?filmId=14929071453314988617&reqid=1583000528790469-599661555712857119100067-sas1-7926-V&suggest_reqid=182994419156925555205792355202834&text=%D0%B3%D0%B5%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B+%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D1%80%D1%83


3 минуттық көрсетілім.

Оқулық География 10 сынып жаратылыстану математика бағыты.

Каймулдинова К.,Әбілмәжінова С.,2019 Мектеп баспасы 24-25 бет












































Сабақтың соңы 5минут

Кері байланыс«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі арқылы жүреді.

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

  • бүгін сабақта қуантқаны.....

  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.

  • маған ерекше ұнағаны.....

  • сабақтан соң маған........келді.

  • бүгін маған..........сәті түсті.

  • қызықты болғаны.....

  • ......қиындық тудырды.

  • менің түсінгенім.....

енді мен......аламын


Саралау- сіз оқушыларғақандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз

оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану

Сабақта саралап оқыта отырып оқушылардың қажеттілігіне қарай қарапайымнан күрделіге қарай тапсырмалар құрастырдым.

Жолдастарының көмегіне мұхтаж оқушыларға ««ДЖИГСО» әдісі арқылы оқулылар мәтінмен жұмыс жасайды, әр топ өздеріне берілген тапсырманы келесі топқа түсіндіреді оқушылары өздеріне берілген мәтінді талқылап, ақылдасып постер қорғайды.

Мұғалімнің көмегін аздап қажат етпейтін оқушыларға «Елестету көрінісі» әдісі арқылы кескін картада Қазақстанның физгеографиялық аудандарың картадан көрсетіп олардың шекараларын белгілейді.Ойлау қабілеті жоғары дамыған ешкімнен қолдауды қажет етпейтін оқушыларға арнап «Атаулар кестесі» әдісі арқылы геоэкологиялық аудандардың жер бедерін,пайдалы қазбаларын өзен көлдерін және өмір қажеттілігі бойынша жауаптар береді, және оларды кестеге түсіреді.

Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері қалыптастырушы бағалау жиынтық бағалауға ықпал етеді. Оқушылар оқу жетістіктерін қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.Критериалды бағалау негізінде оқушылар дискрипторларды негізге ала отырып бағаланады.

1 тапсырма бойынша Калыптастырушы бағалау оқушылар бір –бірін қол шапалақтау арқылы бағалайды.

2 тапсырма бойынша«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

3 тапсырма мадақтама сөздер бойынша«кереметсің», «жарайсың», «тамашасың» деген сөздермен бағалайды.Кері байланыс жүргізгенде

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы жасайды. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

-бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

-бүгін сабақта қуантқаны.....

-мен өзімді.....үшін мақтар едім.

-маған ерекше ұнағаны.....

-сабақтан соң маған........келді.

-бүгін маған..........сәті түсті.

-қызықты болғаны.....

-......қиындық тудырды.

-менің түсінгенім.....

енді мен......аламын

оқушылар өздеріне жақын сөздерді тауып сөйлемді аяқтайды.

Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, оқу құралдарын ұқыптылықпен пайдалануын қадағалау. Оқушыларға АКТ-ны қолдану кезінде электр көздерін дұрыс қолдануда сақ болуы қатар үнемі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертіп отыру арқылы жағдай жасау.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болады ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізеді ме ?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!