Материалдар / Ашық сабақ 10 сынып «Шабуылдағы сарбаз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 10 сынып «Шабуылдағы сарбаз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 10 сынып «Шабуылдағы сарбаз»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2023
510
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Бекітемін»

С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің

директоры Тілеубай Б.К.











Ашық сабақ



Тақырыбы: «Шабуылдағы сарбаз»


10 - сынып





АӘД пәнінің мұғалімі: Қабиденов А.Б.



























Тақырыбы: Шабуылдағы жауынгер


Білімділік мақсаты: Шабуыл мәнін оқыту, түсіндіру

Дамытушылық мақсаты. Қарсы шабуылға шығу әдісін, қорғаныспен байланыстыра

отырып дамыту

Тәрбиелік мақсаты: Шабуылға шығу кезінде дұрыс шешім қабылдай білуге

үйрету

Оқыту әдістері. Түсіндіру, сұрақ-жауап, слайд

Көрнекіліктер. АӘД кітабы, интерактивті тақта


Кіріспе бөлімі:

сапқа тұру

взвод командирінің пәрмен беруі

сәлемдесуі

сырт көрнісін тексеру

өткен тақырыпты сұрау (сұрақ-жауап)


Негізгі бөлімі: (слайд, автомат макетін пайдалану)

Шабуылды ұрыс кезінде жауынгер бөлімше құрамында әрекет етеді. Жауынгер іс-әрекеттерінің қимылы табысты болуы оның шабуылға дайындығына байланысты.

Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше және взвод шабуылының объектінің және шабуылдағы қарсылас қимылының, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс.

Осыдан кейін жауынгер: қарудың жарамдылығын және оны ұрысқа дайындау, оқ-дәрінің болуы жеке қорғаныш құралдары мен жабдықтарының болуын және олардың жарамдылығын тексереді.

Түнде шабуылға дайындалған кезде басқа да қозғалыс бағытын зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді.

Егер шабуыл оқпана немесе ордан, яғни қарсыласпен тікелей түйісу жағдайынан басталса, жауынгер тез секіріп шығу үшін өзіне бейімдеулер дайындап алады. Бұл үшін оқпананың алдыңғы тіктігінде қазан шұңқырын немесе астылар жасалады.

«Шабуылға» дайындал пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін оқжатарды біріктіріп, алынған оқжатарды сөмкеге салады. Содан соң, жауынгер автоматқа сүңгі пышақ қосып «П» не «З» көздеуішті белгілейді, гранатты дайындап, керек-жарағын қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді.

«Шабуыл алға!» пәрмені бойынша жауынгер оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен не жеделдетілген адыммен алға жүреді.

Ядролық жарылыс ұшқынын байқаған сәтте жарылысқа қарама – қарсы жаққа, бетті жерге қаратып жата қалуы керек.

Қарсылас орналасқан орға 25-30 м жақын барған жауынгер қаруын сол қолға ұстап, қозғалысты тоқтатпай, орға граната лақтыру керек. «Ура!» деп айғайлай отырып, ары қарай қарумен қозғалыс жасайды, сүңгі пышақ, дүммен тірі қалған қарсыласты жояды.

Шабуыл барысында жауынгер ұрыс алаңын үнемі бақылап, байқағандарын командирге хабарлау қажет.

Нысананы көрген сәтте жауынгер атыспен, пулеметпен, гранатаатқышпен, зеңбірекпен жояды.

Қарсылас жаппай жою қаруын қолдану нәтижесінде ұрыс алаңында зақымдалған жер учаскелері пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге шегінуші қарсылас шабуылдаушыларды ұстап тұру үшін, олардың жолдарына улағыш заттармен зақымданған жер учаскелерін әдейі жасап қоюы мүмкін. Сондықтан шабуылдай отырып, дер кезінде осындай жер учаскелерін байқап, ол туралы командирге баяндау қажет.

Басып алынған шепте тұрақтану үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп және таса үшін қолданып, өзіне көрсетілген жерге орналасады. Таса жоқ болған кезде жауынгерлер орланады да, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады.


Жаңа сабақты бекіту: (сандар сөйлейді)

Қорытынды бөлім: бағалау, үйге тапсырма

Бекіту сұрақтары:













































«Бекітемін» 28.11.2013.

С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің

директоры Тілеубай Б.К.


Алғашқы әскери дайындық 10 - сынып

Тақырыбы: Ұрыстағы ату атыс жүйесі.


Білімділік мақсаты: Атыс жүйесі және түрлерін оқыту.

Дамытушылық мақсаты. Ұрыстық қару-жарақпен, атыс жүйесін байланыстыра

отырып дамыту

Тәрбиелік мақсаты: Ұрыс кезінде қарсыласты жеңіліске ұшырайтындай соққы

беруге үйрету

Оқыту әдістері. Әңгімелеу, сұхбат, көрсету.

Көрнекіліктер. АӘД кітабы, слайдтар


Кіріспе бөлімі: 7 мин.

сапқа тұру

взвод командирінің пәрмен беруі

сәлемдесуі

сырт көрнісін тексеру

өткен тақырыпты сұрау


Негізгі бөлімі: 35 мин

Қарудың барлық түрлерінен ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады. Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдары арқылы (ЖҰМ, пулемет, гранатаатқыш) және шоғырланған атыс арқылы жояды.

Шоғырланған атыс- бірнеше атыс құралдарынан бөлімшені бір маңызды нысанасын немесе учаскесіндегі нысаналар тобын ату.

Атыс бағытына қарай жаппай, қапталдан, бойлата ату болуы мүмкін.

Жаппай ату – нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі.

Қапталдан ату – нысанан қапталынан ату. (автоматтан пулеметтен жүргізіледі)

Айқастыра ату – бір нысанаға екі не оданда көп бағытта жүргізілетін атыс.

Бойлата ату – жақын қашықтықтанғ кенеттен пулеметтен немесе автоматтан жүргізілетін атыс.

Атыс жүйесін деген – бөлімшенің атыс құралдарын командир жоспарымен ұрыста дұрыс пайдалана білу.

Ұрыста атыс маневрін қолданусыз жеңіске жету мүмкін емес.

Атыс маневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Ол үшін ұрыс алаңын үнемі бақылап нысананы анықтау, бір нысанадан екіншісіне ауыстыра отырып жою.

Қамту – қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр.

Айналып өту – қарсылас қапталы мен тылына барынша терең маневр жасау.

Кенеттілік – қарсылас үшін күтпеген қимылдар, ол қарсыласты аңдаусыз қалдырып дүрбелең тудырады және оны ұйымдасқан түрде қарсылық көрсету қабілетінен айырады.


Қорытынды бөлімі 3 мин.

Бекіту сұрақтары:

  1. Атыс жүйесін деген не?

  2. Атыпен маневр жасау деген не?

  3. Атыс бағыттары қандай?







«Бекітемін» 01.04.2014.

С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің

директоры Тілеубай Б.К.


Алғашқы әскери дайындық 10 - сынып

Тақырыбы: Жүріп келе жатып ату тәсілдері


Білімділік мақсаты: Қарудан жүріп келе жатып атудың әдіс-тәсілдерін оқыту

Дамытушылық мақсаты. Жүріп келе жатып ату тәсілдерін, атысты тоқтатумен

байланыстыра отырып дамыту

Тәрбиелік мақсаты: Атуды жүріп келе жатып атуды дәл, нақты жүргізуге үйрету

Оқыту әдістері. Әңгімелеу, сұхбат, көрсету.

Көрнекіліктер. АӘД кітабы, слайдтар


Кіріспе бөлімі: 7 мин.

сапқа тұру

взвод командирінің пәрмен беруі

сәлемдесуі

сырт көрнісін тексеру

өткен тақырыпты сұрау


Негізгі бөлімі: 35 мин

Жүріп келе жатып автоматтан (пулеметтен) ату – көтеріп немесе дүмді бүйірге қысу арқылы жүргізіледі. Көтеріліп атуды қысқа аялдамамен және жүріп келе жатып жүргізуге болады.

Қысқа аялдама жасап автоматты көтеріп алып ату үшін – тоқтап және сол аяғын жерге қойып, сонымен бірге уақытта дүмді иыққа тіреп көтереді, оң аяғын қоймастан көздеп кезекпен бір – екі атыс жүргізеді де автоматты түсіріп, қозғалыс жалғастырылады.

Жүріп келе жатып автоматты көтере ату үшін автоматты иыққа көтеріп, оны нысанаға бағыттай отырып, қозғалысын жалғастырады.

Дүмді бүйірге қысып ату, аялдамасыз жүргізіледі. Ол үшін оң қолмен дүмді оң жаққа тіреусіз немесе қолдың иық бөлігіндегі шытаққа ілмегін тірей қысу керек.

Пулеметтен ату кезінде, сонымен бірге бауды сол иыққа асыра тастайды.

Автоматты нысанаға бағыттап, қозғалысын тоқтатпастан атады.

Жүріп келе жатып ату кезінде автоматты қайта оқтауды қозғалысты тоқтатпастан жүргізіледі.

Әуе нысаналарын ату тәсілдері:

Әуе нысаналарын автоматтан ашық жерлерде ату жатып, тізердеп және түрегеп тұру жағдайларында жүргізіледі.

Жергілікті жердегі заттар артынан ату үшін мүмкіндігінше жергілікті затты тіреу ретінде қолданады.

Орда тұрып әуе нысаналарын ату былай жүргізіледі:

- сол қолдың иығымен автоматты ордың алдыңғы қырына немесе байланыс жолына тірейді;

- арқаны тірей ату және сол аяқты ор қырына тірей ату, сол сияқты мейілінше жоғары көтеріп, табанын ордың қарсы жақ қырына тіреп, жеңіл отырады. Автоматты (пулеметті) тұрып атқан кездегідей ұстайды, бірақ сол қолдың шынтағын сол жақ аяқтың жамбасына тірейді немесе аздап алға қояды.


Қорытынды бөлімі 3 мин.

Бекіту сұрақтары:

  1. Жүріп келе жатып ату қалай жүргізіледі?

  2. Әуе нысаналарын ату қалай жүргізіледі?

  3. Орда тұрып әуе нысаналарын ату қалай жүргізіледі?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!