Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "1917-1941 жылдардағы Қазақстан тарауын қайталау" 9 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ жоспары
Пәні:Қазақстан тарихы Тақырыбы: 1917-1941 жылдардағы Қазақстан тарауын қайталау |
Мектеп: № 60 жалпы орта білім беретін мектебі Мұғалімнің есімі: Г.Ахметова |
|||||
Күні: 14.12.2018. |
Сабақ №27 |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||
Сынып: 9 «ә» |
||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Қазақстандағы 1917-1941 жылдардағы индустрияландыру мен «Кіші Қазан» бағытын біледі |
|||||
Оқушылардың басым бөлігі: Қазақ халқы үшін ұжымдастыру науқанының зардаптарын және «Сауатсыздықты жою» туралы реформасын анықтайды |
||||||
Кейбір оқушылар: Қазақстанның 1917-1941 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайларын талдай отырып саралайды |
||||||
Бағалау критерийі |
Қазақстанның 1917-1941 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайын саралау барысында тұжырымдайды. |
|||||
Әдіс-тәсілдер |
Жаңғақ шағу, топтық жұмыс, тест тапсырмасы, жылдар сөйлейді |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет, география |
|||||
Құндылыққа баулу |
«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылығын индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өсу. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және өмір бойы білім алу. |
|||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика және терминология: Урбанизация, колхоз, совхоз, индустрияландыру |
|||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: 1.Қазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыру бағыты қолға алынды 2.1930 жылы 5 қаңтарда «Ұжымдастыру қарқыны мен колхоздық құрылысқа көмек көрсету шаралары туралы» қаулы қабылданды. 3.1919жылы Халық Комиссарларының Кеңесі «Сауатсыздықты жою туралы Декретке» қол қойды. |
||||||
4.1937 жылы Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қайта құрылды |
||||||
Оқушылар: Мәтінді оқиды, бір-біріне айтып өзара ортақ шешім шығарып, түйінді ойды айтады, яғни айтылым болады |
||||||
Алдыңғы білім |
1917-1941 жылдардағы Қазақстан |
|||||
Жоспар |
||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||||
Басталуы 2-минут 2-минут 5-минут |
- сәлемдесу - кезекші мәліметін тыңдау -Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылар шаттық шеңберге тұрып бір-біріне қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тілек айтады. - топқа бөлу - конверт тарату арқылы топ мүшелерін анықтайды, Үй тапсырмасын «Жаңғақ шағу» әдісі арқылы сұраймын. Жаңғақтарға үйге берілген тапсырмаға байланысты сұрақтарды параққа жазып, іліп қоямын оқушылар алып, жауап береді. 1. Автономия жарияланған соң Қазақстан іс жүзіндегі өзін-өзі басқаруға ие болды ма? жоқ 2. Қазақстан аумағындағы саяси құғын-сүргінге ұшырағандарға арналған қандай концлагерьлерді білесіңдер? Алжир, Карлаг, Степлаг. 3. Жазықсыз қудаланған азаматтарға қандай айыптар тағылды? «халық жауы», «тыңшы», «халық жаулаулардың сыбайластары». 4. Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қашан құрылды? 1937жыл 26 наурыз. 5. Соғыс қарсаңында Қазақстан экономикасы қалай дамыды? Индустрияландыру бағытында дамыды. 6. 1931-1954 жылдар аралығында КСРО-да қанша адамды ату жазасына кесті? 3 млн 777 мың адам. 7.Қазақстанда 1940 жылы қанша ірі кәсіпорын жұмыс істеді? 2580 ірі кәсіпорын. 8.Қазақстанда 1940 жылы колхозбен совхозда қанша трактор жұмысы іске қосылыды? 41000 9.Ашық сот отырыстары 1937 жылы республиканың қай аудандарында өтілді? Үржар, Преснов 10.1936-1938 жылы Қазақстанда қанша адам партиядан шығарылды? 25833 адам 11.1937 жылы қарашада Қарағанды облысында кімдердің сот ісі жан-жақты талқылауға алынды? Н. Нұрсейітов, Ә. Асылбеков, М. Ғатаулин 12.Қай жылы қазақтың ұлы ақындары М, Жұмабаев, С. Сейфуллин, Ғ. Жансүгіров, Б. Майлин ату жазасына ілінді? 1937-1938ж 13.1940 жылы Қазақстанда мал басы қаншаға өсті? 3,5 млн-ға жетті. 14. Ф.Голощекиннің билік басына келген жылы? 1925ж 15.1940 жылы Қазақстанда колхоздың саны қаншаға жетті? 6901 16.Қазақ елінде халықаралық жағдай шиеленісе бастаған жыл? 1930ж Оқушылар бір-бірлерін бағалайды. |
Сандар арқылы топқа бөлу: тарихшылар, саясатшылар, әдебиетшілер, сарапшылар Жаңғақ Сұрақтар топамасы |
||||
Ортасы 15-минут 3-минут 3-минут |
«Ой қозғау» әдісі арқылы сабаұты ашамын «Қуғын-сүргін» бейнебаянын көріп жаңа тақырыптың атын ашады. 2. «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі арқылы жаңа сабақты бөліп беремін, оқушылар тақырыпқа байланысты өз пікірлерін айтып түсіндіріп өтеді. 1-топ Тарихшылар Қазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыру мен «Кіші Қазан» бағыты қалай жүргізілді? Елді ұжымдастыру мақсатында аштықтың орын алуы және «Халық жауы» деп қуғын сүргінге ұшырауы туралы не білесіздер?. Қазақ елінде «Сауатсыздық жою» барысы қалай жүргізілді? 2-топ .Саясатшылар 1.Қазақстанның 1917-1941 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайларға қандай баға бересіздер? Қазіргі таңда латын әріпіне өту туралы не айтар едіңіздер? 3-топ. Әдебиетшілер 1917-1941жылдар аралығындағы Қазақстан еліне еңбегі сіңген ұлт қайраткерлерінің қысқаша өмірбаяны туралы және жазған шығармалары туралы не білесіздер? 4-топ. Сарапшылар 1917-1941жылдар аралығындағы Қазақстан еліне Кеңес үкіметінің жүргізген саясатының зардаптары мен елге тигізген үлестері туралы пікіріңіз қандай? Топтық жұмыс. Тапсырманың мазмұнымен танысады. Оқиды, түсіндіреді, талқылайды. Оқушылар бір – бірін бағалайды. 3. Тест. Оқушыларға тест парақшасын тарата отырып, тест аламын. Оқушылар бір-бірін тексеріп бағалайды. 1. Индустрияландыру жылдары республикада мына өндіріс саласы дамыды? А. Металлургия Ә. Машина жасау Б. Тамақ және жеңіл өнеркәсіп В. Өндіруші және химия Г.Энергетика 2.Индустрияландыруды бастау туралы шешім қабылдаған БК б П-ның ХІV съезінің болған уақыты? А. 1921 жылғы желтоқсан Ә.1923 жылғы желтоқсан Б. 1925 жылғы желтоқсан В. 1924 жылғы желтоқсан Г.1926 жылғы желтоқсан 3. Индустрияландырудың негізгі қаржы көздері? А. Шетел инвестициясы Ә. Жұмысшы еңбегіне ақы төлемеу Б. Еңбек құралын ортақтандыру В. Жауаптардың бәрі дұрыс Г.Ауыл шаруашылығы 4. «Кіші Қазан» идеясының авторы. А. Т. Қазыбеков Ә. Т. Рысқұлов Б.В. Шатов В. Ф. Голощекин Г.Н. Нұрмақов 5. «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулы қабылдаған жыл? А. 1927 жыл Ә. 1921 жыл Б. 1925 жыл В. 1930 жыл Г.1928жыл 6. 1932 жылы шілдеде республика қайраткерлерінің бір тобы жазған «Бесеудің хаты» кімге жолданды? А. Ф. И. Голощекинге Ә. И.В. Сталинге Б. И. Құрамысовқа В. Л. Берияға Г.Л.Кагановичке 7.БК ХV съезі ұжымдастыру бағытын жариялаған жыл? А. 1927жыл Ә. 1921 жыл Б. 1925жыл В.1930жыл Г.1919жыл 8. Күштеп ұжымдастырудың нәтижесінде шетелдерге қоныс аударған қазақтардың саны? А.1.5 млн адам Ә.3.5 млн адам Б.500 мың адам В.1 млн адам Г.3 млн адам 9.Ұжымдастыру кезеңіндегі қазақ халқы «Ұлы аштық» жылдары: А.1932-1934 ж Ә.1927-1930 ж Б. 1928-1932ж В. 1931-1933ж Г.1930-1934ж 10. Созақ ауданындағы шаруалар көтерілісі басшыларының бірі ? А. С. Шолақов Ә.Ғ.Сатырбаев Б.Т.Мұсабаев В. Ж. Баяметов Г.Д. Қараев Жауаптары: 1в, 2б, 3б, 4в, 5а, 6ә, 7а, 8а, 9в, 10а, Терминдік сөздермен жұмыс. « Шыбын ұрғыш» әдісі арқылы сұраймын. Тақтаға сөздерді жазып қоямын, екі оқушы екі шетінде тұрып, мен айтқан сөздердің мағынасын ашатын сөзді ұрып отырады. Губерния-облыстық ауқымдағы әкімшілік аймақ. Станица-елді мекен. Тоталитаризм- қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандықтары мен құқықтары жойылатын басқару түрі. Комиссар-мемлекеттен арнайы өкілдік алған, қызмет бабындағы адам. Үндеу-белгілі ұрандар, іс-қимыл төңірегінде халыққа мәлімдеу. Позиция-белгілі бір мәселе жөніндегі көзқарас, беталыс. Реквизиция-азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз, құнын төлей отырып мемлекеттің меншіктенуі. Паек- белгілі бір мерзімді күнге арнап, тиісті мөлшерде берілетін азық-түлік. Геноцид-халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою. Колхоз-Кеңес өкіметі тұсында құрылған ұжымдық шаруашылық нысандарының бірі. ГУЛАГ-лагерьлердің Бас басқармасы. ОГПУ-Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма. Репрессия-мемлекет органдары қолданатын азаматтардың құқықтарына нұсқан келтіру, жазалау. Карлаг-Қарағанды лагері. Степлаг-Жезқазған маңындағы Кеңгір болған лагерь атауы |
Проектор, ноутбук Үлестірмелі материалдар, деңгейлік тапсырмалар. Проектор, ноутбук Тест таратпалары Шыбын ұрғыш, сөздер |
||||
Аяқталуы Бекіту Құзырлылық қалыптастыру 5-минут |
«Жылдар сөйлейді» әдісі арқылы оқушылар жылдарға байланысты оқиғаларды айтып шығып, пысықтаймыз.
31-33ж 37-38ж
19
19-31ж 37ж 26.03.
29-31ж
25ж 18-20ж |
Проектор, ноутбук |
||||
Бағамдау-бағалау Рефлекция 2-минут |
Кері байланыс. «БББ» әдісі арқылы табыс ағашына кері байланыс жүргіземін. Стикерге өз ойларын жазып, табыс ағашына жапсырады. |
Стикер, табыс ағашы |
||||
Бағалау 2-минут |
Жүйелеп нақты бағалаймын |
Топ басшылары бағалау парағын толтырып мұғалімге тапсырады |
||||
Келесі оқу 1-минут |
Үйге тапсырма беру: 1917-1941 жылдардағы Қазақстан тарауын қайталау. |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады |
||||
Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау- Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгерген тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері |
||||
|
Әр тапсырма сайын кері байланыс аламын. |
Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстырады |
||||
Сабақ бойынша рефлекция Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? -Бүгін оқушылар не білді? -Сыныптағы ахуал қандай болды? -Мен жоспарлаған саралау шаралары сәтті болды ма? -Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? |
|
|