Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
ашық сабақ "1986ж Желтоқсан оқиғалары" 9 сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақта топтық жұмыс жасап, қорғады. Бекіту кезеңінде Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпағы" әдісін қолдандым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1410
6 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыныбы: 9Тақырыбы: 1986ж Желтоқсан оқиғаларыМақсаты: 1. Білімділік: Тәуелсіздіктің бастау бұлағы болған, ата – бабаларымыздың аңсап күткен еркіндігі, ғасырлар бойы күресінің нәтижесі,1986 жылғы желтоқсан оқиғасы екенін түсіндіру,оның тарихи маңызын ашып, оқушыларға жеткізу. Желтоқсан оқиғасының бүгінімізге, келешек күндерімізге сабақ болатын тағылымдарын тиянақтап,оқушылар санасына жеткізу 2. Дамытушылығы: Өзіндік ізденісін, шығармашылық әрекетін дамыту, тақырып бойынша қосымша құжаттармен, әдебиеттермен жұмыс жасату.3. Тәрбиелік: Елінің тағдыры мен, бостандықты талап еткен жазықсыз қаны төгілген қазақ жастарының ерлігін болашағы үшін алаңға ақ пейілімен шығып, саяси сауаттылық, адамгершілік пен адалдықты насихаттау, құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: 2 Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кинодан үзінді, Power Point –та дайындалған презентация-слайдтар, суреттер, бағалау парағыСабақтың әдісі: топпен жұмыс, баяндау, сұрақ - жауап, т. бСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: (тілек айту)ІІІ. Білімді жан-жақты сұрау.(сұрақ-жауап)ІҮ Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.1. Топқа бөлу.(түстер арқылы бөлу)2. Құрал жабдықтарды дайындау Ү. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі. Жаңа сабақ жоспары:1.1986 жылғы Желтоқсаннның әлеуметтік-экономикалық және саяси астары.2. Желтоқсан оқиғасының сипаты3. Желтоқсан оқиғасының себептері, тарихи маңызыЭпиграфы: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті».1. Пострмен жұмыс.І топ. Желтоқсан қозғалысының себептерін сарала (сызба)ІІ топ Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын 1916ж. Ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызымен салыстыр (Венн диаграммасы)ІІІ топ 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған оқиғаны әңгімелеп, үзінді келтіру. Бұрқасын-86 операциясын түсіндірІV топ. Желтоқсан оқиғасының мазмұнын сатымен көрсет.V топ. Осы көтеріліске сен қатысар ма едің?Топқа бөлінген тақырыптарды қорғап шығады.VІ Жаңа сабақты меңгергенін текеру. Тарихи тұлғаны таны, суреттермен жұмысVІІ Бекіту.Енді осы тақырыпты қорытындылау үшін Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпағы" әдісін қолданамыз."Ойлаудың алты қалпағы" әдісі мынадай болады:• Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру• Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру• Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”• Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»• Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар• Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайдыІ топ – Ақ қалпақ (Жалпы Желтоқсан оқиғасы туралы қандай мәлімет алдыңдар?). 1986 жылы желтоқсанның 16 күні таңертеңгілік Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Ү пленумы болды. Пленумда КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.Разумовский жүргізді. Пленум бар болғаны 18 минутқа созылды. Республиканы ширек басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселе осыншалықты қысқа мерзімде шешілді. Д.А.Қонаевтың орнына Г.Разумовскийдың ұсынысы бойынша бұған дейін КОКП-нің Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс Г.В.Колбин тағайындалды. Желтоқсанның 17-сі күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталды. Қозғаушы күші студент жастар болып, кейінгі күндері әр түрлі мамандық иелері мен оқу орындарының, мекемелердің басшылары болды. Бұл оқиғалардың негізінде тұтас тарихи, әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлар жатыр. Мұның тарихи тамыры патша үкіметінің отаршылдық саясатында жатыр, большевиктер оны индустрияландыру, ұжымдастыру, тың және тыңайған жерлерді игеру барысында одан әрі жалғастырды. 70-80 жылдардағы ұлттық санадан гөрі Кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді.ІІ топ – Қара қалпақ (Желтоқсан оқиғасының жағымсыз жақтарын айту.)1. 8,5 мыңға жуық адам ұсталып, қаланың сыртына әкетілді.2. 1720 адам жарақат алды.3. Ұсталған жастарды аязда бірнеше сағат бойы қар үстінде жатқызды. Жастарды қаладан алысқа әкетіп, жұқа және су киімдерімен түнгі аязда ұстады.4. 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылды. (46-сы кейін ақталды)5. 2 адам ату жазасына кесілді.6. 83 адам-1,5 ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.7. 52 адам партия қатарынан шығарылды.8. Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.9. 246 студент оқудан шығарылды.ІІІ топ – Сары қалпақ(Желтоқсан оқиғасының тек қана жақсы жақтарын айту.)Желтоқсан оқиғасы - бұл ерліктің тарихы, - республикадағы халқымыздың рухани жеңісі, - демократияға жол ашу, - тәуелсіздіктің алғашқы беті.Тіліміз бен дінмізді сақтап қалдық.Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді. Алматы қаласында орталық алаңға Желтоқсан көтерілісінің құрметіне Тәуелсізді таңы деп аталатын ескерткіш орнатылды.ІVтоп – Қызыл қалпақ (Желтоқсан оқиғасы туралы естігенде, көргенде қандай сезімде боласыңдар?)1. Намысты ояту.2. Ұлттық рухқа жігерлендіру.3. Жанашырлық сезімін ояту.4. Қамқорлыққа жетелейді.5. Патриоттық сезімін ояту.6. Ұлтжандылық сезімін ояту.V топ - Жасыл қалпақ (Желтоқсан оқиғасына қосар үлесің) 1. Ең бірінші елімді сүйер едім. 2. Басшылық аппараттағы жүйені өзгертер едім.3. Ішкі саясатты өзгеше құрар едім.4. Ауызбірлікті күшейту керек дер едім.5. Халқыма қарсы шықпас едім.6. Ұлттық намыс үшін күресер едім. Желтоқсан оқиғасы- ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық-коммунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси-әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы Қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.VІ өзім –Көк қалпақ(Жалпы қорытынды жасау.) Қазақстандағы 1986 жылғы қазақ халқы жастарының серпілісі азаттық қозғалысы шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. «Желтоқсан көтерілісі- ғасырлар бойы жиналғанашу-ыза жарылысы. Яғни біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі осының бәрінің қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді. Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс – Желтоқсан көтерілісі»,- деді ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов. Қазіргі таңда 16-17 желтоқсанды тәуелсіздік мейрамы етіп жариялайды. Сондықтан 16 желтоқсанды қасіретті күн екендігін жадымызда сақтап әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың ақталған күн екендігін сезінуіміз қажет. Сол себептіде әрі арманға қол жеткізген күн деп шаттық ретінде атап өттіп, екінші жағынан Желтоқсан құрбандарына тағзым ету керек. Біздің арманымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да – Желтоқсан.VІІІ Үйге тапсырма: §44 оқу, тест құрау.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)