Сабақтың
мақсаты:
Оқушылардың кез-келген
жағдайда «көмектесу»
ұғымының
мәнін аша отырып,дұрыс әрекет құндылығын
дамыту.
Міндеттері:
1.Білімділік:Оқушыларға адами қасиет
туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық: Қамқорлық
жасау,ұқыптылық дағдыларын, жағымды ойлау қабылеттерін
дамыту.
3.Тәрбиелік:Айналасындағы адамдарға құрмет
көрсету, өзара әдеп сақтауға үйрету. Өзіне жақын адамдарға сенім
білдіруге, жауапкершілікті түсінуге,бір-бірлеріне адал болуға
тәрбиелеу.
|
|
Сабақтың
барысы:
Жағымды күйге
келу.
Тыныштық
сәтi.
Арқаларыңызды тік ұстап
отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әр тыныс
алғаныңызда өзіңізді тыныш сезінуге тырысыңыз. Сіз сыныптың есігіне
жақындадыңыз, есікті ашып, дәлізбен келе жатырсыз. Далаға шықтыңыз.
Таза ауаны жұтып, самал жел мен күн нұрының сіздің бетіңізді
жылытқанын сездіңіз. Орманға қарай жүріңіз. Абайлаңыз, жолыңыздағы
жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минутқа тоқтап, айналаңызға
қараңыз. Табиғаттың сұлулығы мен тазалығын сезініңіз. Жаныңыздағы
гүлдердің біріне келіп, сәл иіліп, мұқият қараңыз, қандай нәзік.
Оны иіскеп, хош иісін сезіңіз. Айналаңызға зер салып, ары қарай
жүріңіз. Гүлдер, гулдер мен ағаштардың хош иісі, құстардың әні және
жәндіктердің баяу үні. Орманда жүріп, ағаштардың көптігіне,
жақындаған сайын биіктей беретіндігіне назар аударыңыз. Күн көзі
сізге жапырақтар арасынан сығалап, жасырынбақ ойнағандай, оның
сылдырын естіңіз. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіз
сезінеміз. Жазыққа шығып, бірнеше минут тынығыңыз. Өзіңіз бір сәт
саясында отырғыңыз келген бір ағашты таңдаңыз. Ағаштың жанына
келіп, оны құшақтаңыз. Қандай мықты ағаш. Оның күштілігі мен ондағы
өмір қуатын сезініңіз. Енді оның түбіне арқаңызды сүйеп отырыңыз.
Көзіңізді жұмып, терең тыныс алып, сөзді қоршаған ішкі тыныштық пен
үнсіздікті сезініңіз Біз жеңілдік пен бақытты сезінеміз. Қандай
таңғажайып табиғат, біз барлық тіршілік иесін қалай аялап, сүюіміз
керек екенін түсінеміз. Енді бұл сіздің ағашыңыз, кез-келген
уақытта осында келе аласыз. Мектепке қайта оралуға әзірленіңіз.
Орныңыздан тұрып, айналаңызға тағы да мұқият қараңыз. Жәндіктерді
басып кетпей, келген жолыңызбен қайтадан мектепке оралыңыз. Міне,
мектептің ауласына жеттік. Айналаңызға тағы қарап, терең тыныс
алып, есікті ашып ішке кіріңіз де орныңызға келіңіз. Осы тыныштық
пен қанағат сезімін сақтаңыз. Көзіңізді
ашыңыз.
Сұрақтар:
1.Балалар,жаттығу барысында не
сездіңдер?
2. Қандай күйде
болдыңдар?
3. Жүректеріңмен тыныштықты
сезе алдыңдар ма?
Қорытынды:
Олай
болса, осы жақсылықтарыңды жүректеріңде орналастырып, тыныштық
қалпымызды сақтайық
Үй тапсырмасын
тексеру
Арыстан мен
тышқан
Бір күні арыстан келе жатып
қақпанға түскен тышқанды кездестіреді.Тышқан жалынып:
«Мені құтқара гөр,жақсылығыңды
қайтарармын»,-депті.Арыстан:
«Сенің қандай пайдаң
тисін»,-деп тышқанды босатып жөніне
кете береді.
Күндердің күні арыстанды аң
аулаушылар ұстап, аяғын байлап тастайды.Сонда тышқан көмекке
келіп,жіпті тісімен қиып арыстанды босатып алыпты.Арыстан қатты
ұялды.
Сұрақ:
1.Әңгіме не
туралы?
2.Арыстан неге қатты
ұялды?
3.Адамның күні адаммен дегенді
қалай түсінесіңдер?
4.Өз өмірлеріңде сендер кімге
көмектестіңдер немесе қамқорлық
жасадыңдар?
Қорытынды:
Ендеше, айналамыздағы қоршаған
ортамызды қорған,ешкімнен көмегімізді
аямайық.
|
«»
|
Дәйексөз.
«Жұмыла көтерген жүк
жеңіл»
Дәйексөзді жаттату,2-3 баладан
сұрау.
Сұрақтар:
1.Балалар,мақалды қалай
түсінесіңдер?
2.Бірлесіп атқарылған жұмыстың
адамға пайдасы қандай?
3.Дұрыс әрекет арқылы
өмірлеріңде жұмыла кірісіп жасаған істеріңді айта аласыңдар
ма?
Қорытынды:
Демек барлық жағдайда да
сабырлықпен, шыдамдылықпен, дұрыс әрекет ете отырып, бір бірімізге
көмектесіп, адал болайық.
|
|
-
Оқиға айту. Мұғалім
сыйы.
Сауысқан мен
көкек
http://balakai.kz/anyz_ertegiler/751-sauysan-men-kkek.html
Ертеде сауысқан мен көкек бір
орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап
күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя
керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан
көршісіне:
– Екеуіміз бірігіп бірік ұя
істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, -
дейді.
Көкек:
– Менің ұя салатын қуатым да,
құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі
ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, - деп
келіспейді.
Сауысқан көкектің көмегін
күтпей–ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас
бұтақтармен таспалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік
тамырларымен мықтап байланыстырды. Іші – тысын
саз балшықтармен сылады. Кішкентай бұтақтардан құрастырып, қақпалы
есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің
«керек, керек» деп қақсай – қақсай даусы қарлығып, тілі сақау
болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі «р» - ды айта
алмай, «керек» деудің орнына «көлек, көлек» дейді. Сондықтан жұрт
оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге
дейін өзімдікі деген ұясы да, үйі де
жоқ.
Сұрақтар:
1.Әңгіменің мазмұны не
туралы?
2. Көкек неге жұртқа күлкі
болды?
3. Сенің дұрыс әрекет арқылы
өз кемшілігіңді жеңген кезің болды
ма?
Қорытынды:
Балалар, әрқашан достарыңа
көмектесіп,дұрыс әрекет жасауға
талпыныңдар.
|
|
-
Топпен ән
айту.
Болайықшы
осындай Сөзі мен әні:
Серик
Қалиев
Көктем етіп көркейтсе де
маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің
талайын,
Өшігуді қояйықшы
өзгеге,
Кешірімді болайықшы,
ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де
жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де
дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен
тарылтпай,
Мейірімді болайықшы,
бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып
барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп
табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз
басымыз,
Кішіпейіл болайықшы,
халайық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша
көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап
ек,
Өзімізге қалайтұғын
нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса
деп.
Ұлттың қамын жүректермен
ұғынып,
Жұрттың жүгін көтерейік
жұмылып,
Қаратайық Қыбылаға
жүздерді,
Таратайық адамзатқа
жылылық!
Сұрақтар:
Қандай
әсерде болдыңыздар?
Қорытынды:
әрқашанда
осындай көтеріңкі көңіл күймен
жүрейік.
|
|
-
Сабақтың қорытынды
сәтi.
Балалар, денелеріңді түзу
ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар.
Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен
тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын
сезініңдер. Бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді қайталап
айтыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Ал енді
көздеріңді ашсаңдар болады. Үзіліске шығып
демалайық.
|
|